- Тұрсын аға, елімізде Абай, Мұхтар Әуезов мұраларына терең бойлап жүрген санаулы ғалым бар десек, соның бірі - Өзіңіз. Жалпы Абайға қарап бой түзейтін қазақ үшін мұндай зерттеулер, деректер құнды екені белгілі. Сіз осы Құнанбай, Абай, Мұхтар Әуезов туралы деректерді қалай жинадыңыз?
- Бұл үш тұлғаның өмір тарихын, шығармаларын, көзқарастарын бала кезімнен құлағыма құйып, бойыма сіңіріп, естіп өстім. Мен сөзге ден қоя бастаған алпысыншы жылдары Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың көзін көрген қариялар бар болатын. Естияр тарта бастағаннан солардың әңгімесін тыңдап өстім. Сирақбай Досмағамбетов деген Абаймен Өскенбайдан барып қосылатын қария сол жылдары Айпара анадан бастап Тоғжанға дейінгі аталарынының қорымын екі-үш жыл қатарынан түгендеп, басына белгі қойып шықты. Бүкіл ауылдағы жалғыз құдықты сол кісі өзінің үйінің алдында қаздырған болатын. Су ала барғанда менімен бір сыныпта оқитын Нұрғазы атты баласымен қатар отырғызып қойып Ырғызбайдың шежіресін, кімнің ауылы қай жерде, ол қай жерде жерленді, оның басына қандай белгі қойылды, соның бәрін айтып беретін. Сөзге үйір тартып, алғашқы мақалам газетке басылған соң, жетінші-сегізінші сыныптардан бастап кейде сондай сапарға мені де бірге алып шығып жүрді. Біз белтемірге дәнекерленген, адам аттары жазылған қаңылтырларды орнатамыз. Мысалы, Тоғжан ұзатылған Аққозының ауылы мен қорымын, Еркежанның қыстағын, Қоңырәулиені, Оразбайдың Майқұдығы, Бейсенбайдың тірідей көмілген құдығы, Мырзашоқыны, Барлыбайдың жазығын, Қодардың Қаражартасын, Шәкәрімнің қыстауын, Ырғызбай тұқымының ата қорымын, Нысан Абыздың зиратын, Өскенбайдың асы берілген Көкшетауды, Еңлік-Кебектің қорымын, «Қорғансыздың күніндегі» Ғазизаның зиратын, Ақшоқыны, Шұнайды, Жидебайды, Бақанасты, Шилі кезеңді, Хан биігін сол жылдары көріп, сырын білдім. Бұлар Шаған-Қарауыл-Семей күре жолынан онша қашық емес мекендер болатын. Сонымен қатар Тоқтамыс батырдың туын сақтаған Әбіш ақсақалдың әңгімесін тыңдауды және ол үйден дәм татуды исі тобықты баласы өзіне үлкен құрмет санайтын. Ал, сол кісінің ұлы Нұғыман аға мені жанына тартты, немересі Несіпбай, Бекендермен қатар оқығандықтан, қонақ келген кезде құлақ та бұйырып қалып жүрді. Шәкір Әбенов марқұм айлап жататын. Леймен деген ақын қария да әңгімеші адам еді. Бір сөзбен айтқанда, өз үйіңнің табалдырығығынан сыртқа аттасаң болды Абай, Шәкәрім, Мұхтар ғана емес, сонау Рыспетектен бастап Құнанбайға дейінгі адамдардың тұқымына жолығасың, әңгімесін тыңдайсың. Ақсақалдардың әңгімесін айтып беремін деп «ру араздығын қоздырған бала емес, пәле» ретінде тоғызыншы сыныпта мектептен бір ай шығарып жібергені де бар. Менің бүкіл ғұмырым осы үш тау тұлғаға арналды десем де болады. Енді осынша жинаған дүниеден қорытынды жасау керек.
- Құнанбайды әдебиетші қауым зерттеп, әділетті, дана адам екенін таныды. Алайда «Абай жолының» әсері болу керек, жалпақ жұрт Құнанбайды қатігез тұлға ретінде біледі. Қалың қазаққа Құнанбайдың шынайы тұлғасын айтатын уақыт келген шығар...
- Уақыты келген жоқ, өтіп кетті және ондай шығармалар, зерттеулер бар. Тек соны оқитын, оқып қана қоймай Құнанбай айтқандай ішіне тоқитын адам жетпейді. Ал, «Абай жолы» роман-эпопеясы - көркем шығарма. Құнанбай қажы образы түгілі романдағы Абай бейнесі өмірдегі Абай емес. Бояуы қосылған көркем шығарма. Біздің оқырмандарымыздың талғамы төмен. Сондықтан да олар, өкінішке орай кейбір әдебиеттанушыларымыз да өмірлік шындық пен көркемдік шындықты ажырата алмайды. Өмірлік шындық біткен жерден шығарма басталады. Онсыз көркем шығарма жазылмайды. Ал біз осы уақытқа дейін «Абай жолындағы» Абай бейнесі арқылы - Абайдың, Құнанбай бейнесі арқылы - Құнанбайдың өмірін түсіндіріп келеміз. Бұл сауатсыздыққа пара-пар түсінік.
- Ал, Құнанбайдың шын бейнесі қандай?
- Осы орайда Құнанбай қажы, Хәкім Абайға қатысты бір қызықты деректі баяндап өтейін. Біз Құнанбайды өз заманының оқымыстысы, ғұламасы, қайраткері деп білеміз. Ол жастайынан билікке, дүние ісіне көп араласады. Сондай тұлға өмірінің соңында тіршіліктен баз кешіп, тақуа болып, ілімге бас ұрады. Бірде болыс Абай 2-3 айдай жер жауы, жесір дауымен сыртта жүреді. Әкесі кітап оқып, ой құшағында жүр дегенді естіп, ауылға келеді. Абай Құнанбайдың әлгі кітабын күніне екі-үш беттен ғана оқып, терең ойланып жүргенін байқап жүреді. Бір апта өткесін Абай сұрайды: «Тәте, мына кітапты ұзақ оқыдыңыз ғой, мағынасы терең кітап па?». Құнанбай қажы: «Иә, бұл кітаптың мағынасы терең, тариқат қой», - дейді. «Тәте, сізді дін ғылымының данышпаны ғой деп жүрсем, әлі «Тарихатта» жүрсіз бе? «Ақиқаттың» алдында тұр екен десем», - дейді Абай. Құнанбай сәл кідіріп, басын шайқап былай деді: «Әй, Абайжан, мен сені де толық сауатты екен десем, әлі кемеліңе жетпепсің ғой. Танымның негізі осы тариқат емес пе?! Тариқатсыз шариғат та, мағрифат та, ақиқат та жоқ. Осыны ұқпаған екенсің ғой, Абайжан!», - дейді. Сонда Абай үнсіз қалыпты. Сыртқа шыққан соң ұзақ басын шайқап тұрып: «Тәтемнің ғылымы неткен терең еді. Орынсыз сұрақ қоюға болмайды екен. Мен бетін ғана қалқып кетіппін ғой. Шындығында да «Тарихатсыз» - «Шариғат» та, «Мағрифат» та жоқ емес пе. Ал «Ақиқат» Алланың ісі емес пе. «Ақиқаттың» алдында тұрсыз дегенім - өлім тілегенім екен ғой. Әттең, сауатсыздық-ай!» - деп қатты өкініпті.
Төрт кітаптың шындығына көзі жеткен дана Абайдың өзін орынына қойып, жүрегін суытқан Құнанбайдың білім дәрежесі сонда қандай деңгейде болғаны? Абайға: «Мектеп көрмеген мен білгенде, үш жыл медреседе оқыған сен не тоқығансың?» - деп тұр. Расында, Құнанбай оқыса қазақ ақыл-ойы қандай дәрежеге көтерілген болар еді, өздеріңіз ойлап көріңіздерші! Ал осында айтылған «Шариғат», «Тарихат», «Мағрифат» және «Ақиқат» Алланы танудың ғылыми-танымдық, ақыли сатылары. Яғни, Шәкәрім айтқан «әуелгі, ең алғашқы қозғалыс иесін санамен сезіп, ар білімін біліп, танып, сол арқылы мағрифаттанып, яғни, тәніңді де, жаныңды тазартып, ар жолын ұстана отырып «Ақиқатты» тану. Демек, «Ақиқат» бұл дүниенің емес, о дүниенің сыйы. Шындығын айтқанда, қазіргі біздің философ-теологтарымыздың өзі де жеріне жетпеген танымдық сатылар, мұсылмандық ойлау жүйесі. Өйткені біз «Шариғатты» діни заң деп қана қабылдаймыз. Ал діни заң - фикх. Шариғат дегеніміз мынау он сегіз мың ғаламның жаратқан алғашқы қозғалыс иесінен, яғни, себепкерінен бастап сол он сегіз мың ғаламдағы әрбір құбылыстың, ғаламдық үйлесімнің, жеті қат аспанның, жеті қат жер астының табиғи, биологиялық, жаратылыстық, физикалық заңдылықтарын білу. Ал фихк дегеніміз соның ішінде жердің бетіндегі адамдардың арасындағы үйлесімділікті, сыйласымдылықты, тіршілік қозғалысын қалыпта сақтауға мүмкіндік беретін заңдық ережелер. Сондықтан да «Шариғатты» білетін ғұлама дегеніміздің мағынасы кең. Ал бізде заңдық құқықтарды білетін профессор - жаратылыстануды, философ профессор - діни танымды, әдебиеттанушы профессор - тарихты, тарихшы профессор - археологияны білмейді. Ал «Шариғаттан» өтіп, «Мағрифаттанып», «Тарихатты» талқыға салған және оқымаған әкесінің білім деңгейі оқыған және дана ұлынан асқан Құнанбай мен Абайдың сана деңгейі сонда қандай деңгейде болғаны? Ақыл жетпейтін деңгейде. Демек ол екеуі, Абай жазғандай, «ғылымға сүйене отырып ақылымен мына дүниенің сырын білгендер».
- Хәкім Абай: «Көксеген арманымды Шәкәрім арқылы орындаймын», - деп еді. Ол не арман?
- Абай аңсаған мұраттарға Шәкәрім жетті. Ол ең алдымен - арлы, жаны таза, ақ жүрек (мағрифаттанған) ғұлама дәрежесіне көтерілді. Екіншіден, Абайдың өтініші бойынша ол жат жұрттарды аралап, ел көрді, жер көрді, ең бай кітапханалардың сөресін ақтарды. Түрік, араб, парсы, орыс мұрағаттарымен танысты. Әлемді шарлап келіп, ғылыммен айналысты. Сол Абай аңсаған Ар ілімінің негізін толық түйсінді, жүрегіне бекітті, өзінің поэзиялық және философиялық шығармалары арқылы қазаққа жеткізді. Шәкәрімнің қазақ тарихын, шежіресін зерттеуіне де, қажылыққа баруына да Абай себепші болды. Ақын, шәкірт, інісі ретінде де екі ғұлама арасында терең байланыс бар. Шәкәрім бағындырған руханият шыңы - Абайдың орындалмаған арманы.
- Осы «Жайнар көңіл, Қайнар өмір, Ар ілімі оқылса» деген Шәкәрім Құдайбердіұлының Ар ілімін қайдан табамыз?
- Ар ілімі - ол сенің жүрекке ұйыған иманың. Шәкәрімнің айтуынша: Ең әуелгі қозғаушы күш - бір Жаратушы. Осыдан барып жаратылыстың құпия білімі мен рухани білім тарайды. Адамзат осы екі ілімді де меңгеруі тиіс. Сол арқылы дүниенің сырын біліп, Алланың сана иесі үшін жасырып қойған құпия сырын меңгеріп, Хаққа көзі жетеді. Шәкәрім осы екеуінің ішінде Ар ілімін насихаттайды. Ар ілімі - руханият, рухани өмір. Абайдың: «Кім ғылыммен көзі жетіп, Алланың бір екенін таныса, соншалықты кәмілдікке жетеді», - деуінің астарында біз жоғарыда меңзеген танымдық сатылар - шариғат, тарихат, мағрифат, хақиқат жатыр. Ар ілімі де Жаратушыны тануда осы жолдар арқылы өтеді. Ар ілімін игеріп, «көңіл кірі тазарғасын» (мағрифаттанғаннан соң) «көңіл жайнап, өмір қайнайды».
- Айтып отырған Ар ілімінің оқыту, меңгеру методикасы қандай?
- Ар ілімі дегеніміз - иман, эстетиканың және көркем ойлау жүйесінің негізі. Мұның барлық жолы шариғат, мағрифат арқылы ашылуы керек. Шәкәрім білімнің мақсаты ар ілімін игеруде деген. Ал, мұнда рухани салаға қатысты қоғамтану ғылымдарының барлығы қамтылған. Оның жолдары қандай? Бұған оқып, түсініп, сезініп, бейімделу жолымен жүріп те мағрифаттық арнаға түсуге болады. Менің ойымша, оның түп-тамыры тал бесіктен жер бесікке дейінгі өміріңдегі руханиятың мен алған тәрбиеңде. Ал, осындағы ең басты мәселе - бір Жаратушы. Дүние бір қозғалысқа түскен. Алғашқы қозғаушы кім? Он сегіз мың ғалам үйлесіммен, жарасыммен жаратылған. Әр ғаламның, құбылыстың өз жүйесі, қозғалысы бар. Егер сол үйлесімділікке сәл ғана өзгеріс енетін болса, он сегіз мың ғаламның быт-шыты шығады, яғни заман ақыр болады. Осы ғаламдардағы үйлесімділікті, жер, шөп, су, ауа т.б. барлығын ардың тазалығымен сақтап қалуға болады. Адамның жан-дүниесі таза болса, бүкіл жаратылысқа көзқарасы таза ақниетпен қарайды. Өзім лекция оқыған кезде екі түрлі бағытта салыстырамын: пейіл және пиғыл. Біріншісі - дүниеге адалдық, жақсылықпен қарау. Біреуге сүрініп кетсе де, жамандық ойлаған жауың болса да, «әттеген-ай» деп, соған жаны ашып немесе демеуге тырысқан адамды ақниетті, ақжүректі деп айтады. Екінші - пиғылға жеңгізгендер, қараниеттілер. Мәселен, адам сүрінсе, неге қатты сүрініп кетпеді немесе біреу бір жағдайға түсіп қалса, өзіне соны мазақ қылып, рахат табу пиғылды танытады. Онда қанша білімді болса да, Ар ілімі оның бойына қонбаған. Тіпті, ғалымдардың зерттеуі бойынша, бір үйдегі адамдардың психологиясын сондағы өсіріліп гүл арқылы білуге болады. Тазалықпен, жарқын жүрсең, гүлдің де өсуіне жақсы әсер етеді. Егер адам бір-біріне ақниет, ақжүрекпен қараса, онда оған бүкіл әлем нұрланып көрінеді. Атом бомбасын игілікке пайдалансақ, қазіргі кезде мұхиттың ар жағы мен бері жағы аңдысып, атысып, шабысып отырмас едік. Шәкәрімнің ғылымды, дүниені түсінуде Ар ілімді игер дегендегісі міне, осы. Мұның барлығы адамның ішкі пиғылы мен пейілінде жатыр. Ақ пейіл болсаң, елдің игілігі үшін қызмет істейсің, өз пайдаңды ойласаң, Абай айтқандай «бақастық ғылым» болып шығады. Бақастық ғылым адамның жүрегін ағартпайды, санаңды кеңейтпейді, шайтанның азғыруында болады. Шайтан деген адамның ішіндегі қара пиғыл. Сол пиғылды пейілге айналдыру керек. Сонда ғана адамгершілік жеңеді. Кейде Абай айтқан бір сөзіндегі жұмбақтың жауабын бірнеше ай, жыл бойы таба алмай жүріп, түсінген кездер болған. Ар - тазалық, иман. Мұны үгіт-насихатпен ала алмайсың. Ар ілімі ананың ақ сүті, атаның текті қанымен келеді, яғни пейілі мен пиғылынан.
Ар ілімі туралы айтып отырған мына менің өзім, Ар ілімінің жолын ұстамаймын. Бір өкінішім - осы. Көңілімде бар, сезінем, бірақ ұстанбаймын. Жартысы пейіл, адамдарға жамандық жасамаймын, жақсы болсын деймін, бірақ пиғылымды жеңе алмаймын. Өйткені, ол пиғыл менің өмір сүру «дәстүріме» айналып кеткен. Ішу, жеу, балағат сөз айту, өзіңнің ашуыңды ұстай алмау және т.б. Ниетім ақ болса да, пиғылымды жеңген адам емеспін. Егер әрбір адам өзінің бойындағы пейілі мен пиғылын салыстырып, пиғылдың жеңуінен сақтандырып отырса адамдық дәрежесі өсе береді. Кейде орта ақ пейіліңді қара пиғылға айналдырып жібереді. Мысалы, сен әуелдегі арың таза өзен болса, жолда орналасқан зауыттың қалдығы өзенге құйылып жататыны сияқты.
Кей кезде жұма күні мешіттен уағыз тыңдаймын, бірақ төгіліп, жетеңе жеткізіп айтатын уағызшы жоқ. Мәселен, мешіт, медреселерде Құран, хадис оқытқаны дұрыс, ал неге ғұлама Шәкәрімнің Ар ілімін оқытпасқа?! Ол Құдайды тануға қарапайым қазақ болмысында, қазақ тілінде түсіндіріп, жол салды ғой. Қазір басына сәлде тағып, бір-екі сүре білсе молда боп шыға келеді. Олай болса менің де молда болуым оп-оңай. Мәселе - жүректе. Мықты адам өзінің пиғылын жеңген адам. Біздің қоғамның арын жаппай тазартуымыз керек.
- Енді жүйеленіп келе жатқан қоғамдық институттар отбасы институты мен болашақ ұрпақ тәрбиесі және ұлттық болмысымызды сақтап қалу үшін нені басшылыққа алу керек?
- Осы Абай мен Шәкәрім айтқан Ар ілімін игеру керек. Дүниенің ғылымын оқып тауыссаң да, ол білімің арға, иманға, руханиятқа қызмет етпесе, ондай «жүрегі суық» ғылымның еш пайдасы жоқ. Ар ілімі әрбір адамның жүрегінде, кеудесінде санасында жүру керек. Сонда ғана адамның шынайы болмысы қалыптасады. «Техникалық ғылым», «рационалдық ғылым» деп насихаттап жүрген ғылымымыз осы «суық ғылым». Өкінішке орай, Қазақстанның қазіргі ұстанып отырған ғылыми бағыты осы «суық ғылыми» бағыт. Профессор Нұрлан Темірғалиев айтқандай, «Ең өкініштісі Қазақстан ғылымы жалған ғылыми тұжырымға ғана бойын үйретіп бара жатқан жоқ, сол жалған тұжырымды ғылым деп түсінуге бет алды». Бұл ең қауіпті бағыт. Біз шындықтан алыстап барамыз. «Шындықтың көзін жалғанмен бояймыз» (Абай). Қазіргі оқытып жатқан пәндер сол жалған тұжырымға құрылған жасанды ғылыми қондырғы. Және бұл «жалған саясаттанған тұжырымды» қоғамның шындығы ретінде оқытуға тиіс деп ойлаймыз. Оқымаған оқымысты, білімсіз білімпаз, тәжірибесіз ұстаз көбейді.
- Көркем әдебиетті қойып, әдебиет зерттеушісі, ғалым болуға не түрткі болды?
- Бала жастан Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі» арқылы қазақтың тыныс-тіршілігі, алашорда қайраткерлері идеясы, кеңес үкіметінің саясатымен етене таныс болдым. Университетте жүргенде де тарихымызды білуге ұмтылыс жасадық. Алашордашылардың еңбектерін мектеп, университет қабырғасында жүріп оқыдым. Оған ықыласымды ұстазым Рымғали Нұрғали аударды. Атын атау қылмыс боп есептелетін М.Дулатовтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың кітаптарын үйінде жасырын оқытты. Міне, жүрегімізге ұлттық рухтың дәні осылай егілген-ді. Ал профессор Қайыржан Бекхожин ұлт қайраткерлерінің еңбегімен танысуға одан әрі жол ашып беріп, терең бойлата бастады. Ұлттық кітапхананың сирек қорына да кіргізіп, мұрағатты ақтартты. Осыдан кейін әдебиетті, тарихты зерттеуіміз, зерделеуіміз заңды да. Зерттей жүріп, Құнанбай, Абай, алашорда азаматтарына қатысты мұраларды бүгінге жеткізуге мүмкіндік туды. Ал үш ұйықтаса ойымда жоқ ғылымға Ләйлә Мұхтарқызы Әуезованың: «Егер Әуезовтің әруағын сыйласаң, өтінішімнен бас тартпа», - деген өтініші мәжбүр етті. Одан кейін академик Серік Қирабаевтың ықпалы болды.
- Қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматы Рымғали Нұрғали ағамыз дүние салды. Шоқтығы биік тұлға еді. Ол кісінің әдебиеттегі орны қандай?
- Рымғали Нұрғали - қазақ сөз өнерінің көркем ойлау жүйесінің жаңа мектебін қалыптастырған тұлға. Сын жанрының қарымы да, алымы да, ойлау жүйесі де оған дейін мүлдем басқаша болатын. Ол үш толқынды тәрбиелеп шығарды. Ол мектептің түлектерінің ықпалы ендігі 50 жылға дейін жойылмайтынына көзім анық жетеді.
Сұхбаттасқан:
Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫ
«Үш қиян» газеті, 04.03.2010




Бәрі шындық, бәрі ақиқат.
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
денгейі өте жоғары сұқбат екен.
жалпы осы Ар ілімінің методикасын "Ынсап" қоры жаксы меңгерген. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын еліміздегі мектеп оқушыларына жаттатып, магынасын ашып, түсіндіріп жүр. алгаш рет. көптеген ғалымдардың тісі батпаған мұраны меңгерген.
Тұрсын ағаның тегі, қызметі, ғылыми атағы, тұрағы жөнінде мәліметтер берілмепті. Соның салдарынан ол кісінің нақты кім екенін біле алмай отырғаным. Бірақ сұхбатынан өте білімдарлығы байқалады. Сонсын Шәкәрім қажының діни ғұламалығы Абайдың діни білімінен басым екенін ашып көрсеткен жүректілігі де бар екен. Бұдан ұлы ақынның атақ-даңқы төмендеп қалмаса да, дау-дамай іздеушілер байбалам салуы мүмкін ғой...
Шәкәрімнің: "Көңілді жайнататын, Өмірді қайнататын" Ар ілімі Исматулла Мақсұм Маймақ ишан немересі негізін қалаған Шәкәрәм медресесінде оқылады. Ар ілімін меңгергісі келген адамдар сол кісінің медересесінің табалдырығынан аттасын. Басқа баратын жер, басатын тау жоқ. Айнала анталаған қазақтың жаулары...
"Ынсап" қоры барын алғаш естіп отырмын. Шәкірттерге ақын бабамыздың өлеңдерін жаттатып жүр екен. Ал сол өлеңдердің көпшілігінен түпнұсқасындағы: алла, құдай, дін, мұсылман, жазмыш, тағдыр тәрізді діни сөздердің алып тасталғанын біле ме? Шәкәрім толық ақталғаннан кейін 1988-жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген "Шәкәрім. Шығармалары" жинағы солайша жарымжан кітап болды.Одан соң Семейде Роллан Сейсенбаев сол жарымжан кітапты қайталап басумен жүр. Ақын баба аруағына сөйтіп қиянат жасалғанына Қайым Мұхамедханов бас бола сыншылар қауымы қатты дабыл қағып,мақала жазды. Шәкәрімнен атеист жасалғаны жайында мен де төрт мақала жаздым, төрт гәзетке. Министрге, Жазушылао одағы басшылығына хат та жолдадым. Сірә, рухани сорлылығымыз шығар, мақалаларыма үн қосу, хатыма жауап қайтару болмады. "Ынсап" қоры шәкірттерге "атеист" Шәкәрімнің өлеңдерін жаттатып жүрсе, жетіскен де, жетістірген де екен! Қор басшылары, егер Шәкәрім бабамыз "атеист" күйінде қала берсін демесеңіздер, менімен хабарласыңыздар. Ғаббас Қабышұлы.
"ынсап" корынын жумысын шарасы мен оз басым зор багалаймын. менин 6 сыныпта окитын балам Шакаримнин олендерин жатка согып, талдайды. баламнын журыс-турысы салмактана бастаган сиякты. Турсын агага риза болып отырмын. осындай ілімді насихаттап отырганына.
Уш киян газетін кайдан алуга болады? Азат Усен деген авторымен сойлеским келеді
Алматыда болсаныз "Дауыс" деген газет сататын киоскілерден газетті ала аласыз.
ushkiyan@mail.ru - поштасына хат жазсаныз, хатыныз Азат Үсенге беріледі.
адамдык борышын халкына кыхмет кыл
ак жолдан айнымай ар сакта оны бил
талаптан да билим мен онер уйрен
билисиз онерсиз болады акыл тул.
Шакарим Кудайбердиулы
Кей кезде жұма күні мешіттен уағыз тыңдаймын, бірақ төгіліп, жетеңе жеткізіп айтатын уағызшы жоқ. Мәселен, мешіт, медреселерде Құран, хадис оқытқаны дұрыс, ал неге ғұлама Шәкәрімнің Ар ілімін оқытпасқа?! Ол Құдайды тануға қарапайым қазақ болмысында, қазақ тілінде түсіндіріп, жол салды ғой. Қазір басына сәлде тағып, бір-екі сүре білсе молда боп шыға келеді. Олай болса менің де молда болуым оп-оңай. Мәселе - жүректе. Мықты адам өзінің пиғылын жеңген адам. Біздің қоғамның арын жаппай тазартуымыз керек.
осыган келисем, дурыс. Турсын ага Рымгали ургалиландан кейнги мыкты тулга гой.
Тұрсын Жұртбайдың "Алашым-ұраным" үш томдық ғажап еңбегі кез келген марапатқа, кез келген сыйлыққа - сойның ішінде Мемлекеттік сыйлыққа татитын еңбек. Ол әр зиялы қазақтың төрінде тұруға тиіс. Мен біреуден сұрап алып оқып едім, енді Алматының бүкіл кітап дүкендерін аралап шықсам да, таба алмадым. Қайдан алуға болар екен...
Қабыл
Ар ілімі туралы айтып отырған мына менің өзім, Ар ілімінің жолын ұстамаймын. Бір өкінішім - осы. Көңілімде бар, сезінем, бірақ ұстанбаймын. Жартысы пейіл, адамдарға жамандық жасамаймын, жақсы болсын деймін, бірақ пиғылымды жеңе алмаймын. Өйткені, ол пиғыл менің өмір сүру «дәстүріме» айналып кеткен. Ішу, жеу, балағат сөз айту, өзіңнің ашуыңды ұстай алмау және т.б. Ниетім ақ болса да, пиғылымды жеңген адам емеспін. Кейде орта ақ пейіліңді қара пиғылға айналдырып жібереді.
Турсын ага, сізбен келісем, мұндай мойындауды әлі ешкімнен естімеппін. Керісінше, бәріміз "мен ақпын, мен жақсымын" дегенді айтуға шебермін.
Ағалар, азаматтар! Осылай мойындай алатын, шын сөйлей алатын қайсың барсың?!
Тұрсын ағаның, шынымен, мойындағаны ерлік екен.
Турсын аға, сіз дурыс айтасыз!!! Ардайым. Бір журналдан Туркияга барган сапарыныздагы, Хасен Оралтаймен кездескеніңізді оқыдым. Жақсы,керемет есткелік екен. Бірақ, түрікшілдерден сақ болңызшы. Бауырлық өтінішім. Олар коп шабуыл жасап жур, қазақ зиялыларына. былтыр Жұмабек Кенжалин бастаған бір топ азаматтарды қыдыртып келіпті. Анкара, Стамбул керемет курык болган. Мунын көбісін ұйымдастырып жүрген қазақ-түрік лицейінің түлектері. Олар - ҚАЗАҚ, бірақ жүректері Фетхулла Гүлен деп соғады. Біздің зиялы қауым түркішілдік идясы үшін бауырластыққа дайын болғанымен, болашақтағы жастарымызды Гүленнің аранына тығып жатқанын білмейтіні өкіншіті. Гүленшілер қазаққа хайыри емес. Көп қақпанның бірі.
турсын ага мыкты гой, ризамын ол кісіге. адамшылығы да мол. өз-өзіне баға қоя біледі. тұрсын аға, кемелдікке жол сала беріңіз.
Тұрсын аға туралы білгім келеді депті бір оқырманымыз. Ол кісінің әкесі Құдагелді Абыралы өңіріндегі Таңат атты елді мекенде жатыр. Тұрсын Жұртбаев сол топырақта түлеген адам.
Гүленшіл деп жазған азамтқа айтар уәжім көпке топырақ шашпаған дұрыс. Бүгінде исламның өзін саясиланған сан түрлі ағымдарға бөлініп, бірінің жағасынан бірі алып жатыр. Әрине, Шәкәрімнің ар ілімі жақсы. Бірақ, қазақтың діндарлығы, имандылығы Абай мен Шәкірімнен де тереңге кетеді. Мәселен, Шал ақын
"Иман-қой, ақыл-қойшы, нәпсі-бөрі,
Бөріге қой алдырман ердің ері.
Қатты ұстап таяғын қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле, шайтан-пері" дейді. Иманның дәл осы испаты туралы Имам Ғазали жазған екен. Ғазали 1144 жылдары қайтыс болған адам. Осыдан-ақ, қазақ ғұламаларының ислам дінін терең меңгергенін байқауға болады. Шәкәрім солардың жалғасы. Ал, Гүленге келер болсақ бүгінде қазақ үшін дінді ұстанудың тиімді тәсілі осы Гүленнің жолымен жүру. Әрине, ол мазхаб емес, тек методика. Орыстарда "екі жамандықтың,зияны азын таңдаймын" дегенге саятын мақал бар. Салт-дәстүрге, қазақы құндылықтарға қарсы шығатын салафилер, тәкфир жамағаты, уақабистер сияқты топтардан гөрі Гүленнің тәсілі тиімді шығар. Негізі бізде қазақтың дін ұстанған дәстүрін жаңғырту мүмкіндігі азайып кетті. Қазақты діннен айырған орыстың Екатерина ІІ патшасы жіберген миссонер татар молдалары. Бұқар жырау Абылайға "атаң қазақ қол берген қожадан неге қол үзесің" деп сол дәуірдегі ноғай, татар молдадардың қаупін ескертеді. Исматулланы жақтаушылардың қателігі шийттерге тән зікірді көп насихаттайды. Меңгерілуі өте қиын сопылықты көпшілік ұстанатын тәсіл ретінде көрсетеді. Абай да осы сопылықтың қиын екенін 38 қарасөзінде айтады ғой. Сондықтан, бұл мәселеге байыпты көзқарас керек. Орыстың, қытайдың, таза араб пен парсының ықпалында кеткенше түбі бір түрікпен жақын жүргеннің айыбы болмас сірә.
Түбі бір түрікпіз деп жүргенде түбімізге түрік жетер. Біз неге түрік тектес боламыз
монғол тектес екеніміз айдан анық. Алғашқы дініміз-ТӘҢІРІМІЗ бір еді. Егемендігімізді
бірінші қолдады деп "түрік тектес" бола шықтық. Енді монғол деген ұлт жоқ, "мың қол" деген әскери құрама ғана болған деп бір ұлтты,мемлекетті жоймақ ниеттеміз. Шыңғысханды қазақ екен деп дәлелдеуге тыраштанамыз. Шыңғысханның өмір баянын,соғыс жорығын жазған,сол оқиғаның ішінде болған, ғұламалардың жазғанын жоққа шығарып не опа табамыз. Шыңғысханды қазақ жасағаннан НӘН-нің жүйесі өзгере ме? Шыңғысхан турлы жазылған еңбектерде НАЙМАН, КЕРЕЙ, ЖАЛАЙЫР рулары кездеседі.Неге алты арыстың ағасы АРҒЫН ру ретінде кездеспейді? Әлде Шыңғысхан Арғын ба? Осыған кім жауап береді? Құрғақ рақыметімнен басқа сыйлығым да бар. Құрметпен, Салмырза
Тұрсын аға! Ар іліміне терең ене беріңіз!
Тұрсын ағаның пікірі, сөз жоқ, жақсы! Білетіні көп, өте көп. "Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз" деген даналық бар. Сол рас. Дінге, оның ішінде суфизмге тісім батады деп Тұрсын ағамыз да айта алмас. Ар ілімін оқыған ғой Шәкәрімнен. Тарихат та, мағрифат та, ақиқат та сопылық жолы, оның деңгейлері болса керек. Шариғатқа шала қазақтың басын тарихатпен, мағрифатпен қатырғанымыз қалай болар екен?! Тұрсын аға сияқты аузы дуалы адам сөзіне ие болу керек.
"Айтып отырған Ар ілімінің оқыту, меңгеру методикасы қандай?" дегенге
- Ар ілімі дегеніміз - иман, эстетиканың және көркем ойлау жүйесінің негізі. Мұның барлық жолы шариғат, мағрифат арқылы ашылуы керек.- деп тақ еткізгені қалай? Тура бәрін сөзбен қатыра қоятын шенеуніктің стилін қайдан игеріп жүр?! Артық сөйлегеннен ұтарымыз не? Абайдың өзі: "Кейде есер көңіл құрғырың махаббат іздеп сандалар, Ішем деп бейнет сусынын асау жүрек алқынар" - дегендегі "махаббаты" осы тарихат пен мағрифат. Абай оған саналы түрде барған жоқ. Неге? Елі үшін, қазақ үшін. Ол жолға түсу үшін дүние ісін тәрк ету керек. Қанша жыл елден жырақ, ғылым соңында жүрген Шәкәрімнің өзі тарихатқа бойласа да, мағрифатқа жете алды ма екен?! Оның байыбына баратын бізде білім де жоқ. Бізге Абай айтқан деңгейде шариғатты біліп алу көп олжа. Одан әріге барамыз десек, адасамыз. Себебі наданбыз. Мойындауымыз керек. Қазіргі көсемсіп жүрген ғалымдарымыз да солай. Ал біз жай наданбыз. Өркениетті адам - нәпсінің құлы. Сопылық ілім бойынша, әрине. Ал өзімізше, бізден ақылды ешкім жоқ. Кеңестік атеизм кезінде доктор, академик болғандар шариғатты қойып, тарихатты да місе тұтпай, мағрифатқа қол созғаны ақылдылықтың белгісі емес шығар. Тарихат пен мағрифат езіп құятын қатық емес қой. Болса да, саңылау бар ма, бос жер бар ма оны да ойлау керек. Тариқат оңай болса, Шәкәрім иен тауда сонша жыл арқар атып жүріп пе?! Ауыз өзіңдікі болса да, естір құлақ елдікі екенін ойлаңдар ағалар! Бәріміздің "Н" екеніміз рас, бірақ саңылауы барлардан ұят болмасын. Біз өзіміз ғой. Шалықтап сөйлеуді қояйықшы.
Бөлек Қан
Қашанға дейін надан болып жүре береміз, Абайдан кейін қанша заман өтті, сол білімді бізге кім жазып береді тағы қанша ғасыр күту керек, ең болмаса біздің ұрпағымыз сол білімді оқып танып біле ала ма? Мағрифатты айтам...
Қаны Бөлек, оттама, оттама, оттама! Не деген сөздер кім айтады, мундай сөзді? Гигок, гигок, арида-аридаш "НАДАНБЫЗ" ДЕЙДІ. Көрініп тұр. Сөздің мәнісіне барып сөйлемейсің бе? Тұрсын ағаға сын айту үшін айнаға қарап ал! Ай-на-ға! Дәридаш, қарағым. Бәрібір шаңына ілесе алмайсың. Тұрсын аға білмеймін дегенімен қадірлі. Сен ше? Сен сияқтылар құртып жүрген қазақты. Махамббеттің басын алған да сен сияқты қаны бөлектер?
Тұрсын ағаның тегі, қызметі, ғылыми атағы, тұрағы жөнінде мәліметтер берілмепті. Соның салдарынан ол кісінің нақты кім екенін біле алмай отырғаным.
------------------
Басына киген алтайы тұмағына қарап ол кісіні солтүстіктің суық өңірінің қазағы дай бер, Аздап шоқша сақал, үлбі мұрт қойғанына қарап ол кісіні қазақтың бір ақсақалы дей бер, сосын қыранша қарап тұрғанына қарап жүректі ағалардың бірі дей бер, көзіндегі отқа қарап ол кісі арғы тарихқа үңіле білетін терең тарихшы екен дей бер, Дуылға делінетін әйгілі кітабы бар, онда қазақтың 100 ден артық атақты адамдарының ғұмырнамасы берілген, ішінде әйгілі сақ Анахарсис те, Күлтегін де бар. Ол кісінің суретіне қарап аңға шығуға әзірленген қарт аңшы деуге де болады. Тек ол кісінің атақ-мәнсәбін білмей-ақ қой, бүгіндері атақ-мәнсәп көрінген ит пен битте де бар және осынау атақ-мәнсәп "қалпағымен" Тұрсын жұртбай секілді сұңғыла тарихшы ағамызды тіпті де өлшеуге болмайды. Ал Шариғат, тарихат, мәрипәт, ақиқат мәселелеріне келсек, Қара қазақ баласына шариғат сатысы құба құп, Ауыл, қала моллаларына тәрихат ең дұрыс, ал арабиядан, персиядан, түркиядан оқып келген білімдісымақтарға мәрипат ең дұрыс, ал ақиқат тек Нысан абыз, Бекет ата, т.т. ғұламалардың жолы. әркім өзі жүре алмайтын жолда жүремін деп бүлінеді, бүлдіреді. АЛ Тәңірішілік жолы ақсүйек тектілердің жолы. АЛ маған ең дұрысы иен таудың арасында мал бағып жүрген қазақтың діни сенімі. сол ең таза, ең дұрысы. Қалғандары "езедұр!"
Атаңа нәлет, ит қалмақ,
ТҰрысатын жеріңді айт...
бұл Ар ілімі уаххабизмге, гуленшілерге қарсы тұратын бірден-бір ілім. Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің өлеңдерінде мұндай ағымдарды "шатақ дін" деп атаған. сол себепті ғұламаның өзі айтқандай Ар ілімін игерде ғана қазақ, тіпті адамзаттың "өмірі жайнайды". Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнайды.
Гүленді білмей, оның шығармаларын оқымай, айтқан идеялардың таза исламдық екен түсінбей қалай жамандайсыздар?! Мұсылман болсаңыздар неге ғайбат айтасыздар?! Ол өзге ағымдар жайлы бірдеме деді ме? Қанша басылымда шыққан сұхбаттарын оқыдым. Таза ислам ғұламасы екені көрініп тұр. Мұсылман бауырлар ешкім ешкімді жамандамасын!
аға сұқпатқа жақсы жауап верыпсз
Шын ғалымдардың асыл сынығы осындай адамдар. Сіздің осы білімділігіңіз үшін басқа күнәларыңзды кешіруге болады.
"қаны бөлек" деген қайдан шыққан сөз? Байыбына барсаңдаршы.Мұны кезінде Жошы ханға байланыстырып айтқан. Біз неге өз арамызда қолданамыз? Қай руға жатсақ та маңызды емес, "қанымыз бөлек" емеспіз. Ру мәселесіне қыз алысқанда ғана мән берілмей ме...
Айып көрмесеңіздер, материалды көмекші құрал ретінде алдым.
Тұрсын ағаның лекциясын тыңдаған студенттер бақытты, уақытым зая кетті демейді екен.Қай ВУЗ-да сабақ береді?
Tamasha galim, tamasha tin derekter
тамаша әнгіме екен
маған шәкәрімнің тақбақтары керек болып тұр
маган адамнын борышы туралы матин керек болып тур
Пікір алынып тасталды!
Гүленшілер мен тәңіршілдер - құмаңдаршы, өтінем
22-қонаққа. "Негізі бізде қазақтың дін ұстанған дәстүрін жаңғырту мүмкіндігі азайып кетті" депсіз. Бірінші Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін оқыңыз. Сосын Сүлеймен Бақырғани, Мәшһүр Жүсіп, Базар Балқыұлы, Ақмырза Дамолла ишан, Маңғыстау ақын-жырауларын (абыл Тілеуұлы, Қашаған Күржіманұлы, Сәттіғұл Жаңғабылұлы, Ұзақбай Қазжанұлы, т.б.), Әбубәкір Кердеріні оқыңыз. Содан соң барып "азайып кетті" деген қорытындыңызды айтарсыз. Өз басым сол нұршылардың "кәрдәшлар, бауырлар" деген сөздеріне сенбеймін.
тауып берш плиз
Пікір қосу