Сенат отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлері мәселелері жөніндегі заң жобасын өздерінің түзетулерімен мәжіліске қайтарды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Сенат отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлері мәселелері жөніндегі заң жобасын өздерінің түзетулерімен мәжіліске қайтарды

Жәрдемші


Aстана. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР парламентінің сенаты бейсенбі күні алқа отырысында «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлері мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын редакциялық түзетулермен  мәжіліске қайтарды.

Заң жобасын талқылау барысында сенаттың тұрақты комитетінің ұсыныстары мен ескертулерін ескере келіп, мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

Атап айтқанда, сенат депутаттары заң жобасында оның жекелеген ережелерінің ішкі үйлесімсіздігін жоюды ұсынды. Заң жобасының бірқатар жаңалықтарын қабылдау «Неке мен отбасы туралы» ҚР заңына өзгертулер мен толықтыраулар енгізуді қажет етеді. Одан басқа, сенаторларда нақтылау және редакциялық сипаттағы ескертулер мен ұсыныстар туындады.

Еске салсақ, мәжіліс мақұлдаған түзетулерге сай балалар ауылының әкімшілігі мен тәрбиеші-аналары жетім балалардың есепшотына келіп түсетін алименттер мен басқа да әлеуметтік төлемдерді алуына құқығы жоқ.

Заң жобасы сондай-ақ, балалар үйі мен мектеп-интернатты бітірушілердің, жетім балалар мен ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар арасынан жас өспірімдер үйлерінде әлеуметтік адаптациядан өтетін тұлғалар категориясын кеңейтуді қарастырған.


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
7 + 7 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>