«Алаш айнасынан» әйгілі әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің «Қателіктен сабақ алу үшін ақиқатты айта білуіміз қажет» деген тақырыппен берілген сұхбатын (http://alashainasy.kz/person/30212/) сүйсіне оқып шықтым (11.01.2012, №1). Қоғамымыздағы, тарихымыздағы, рухани әлеміміздегі «әттеген-айларды» ашық айтқан ақсақалдың пікірлерін толығымен құптай отырып, ол кісінің бір ғана сөзіне байланысты өз уәжімді ұсынғым келеді.
Ол сөз мынау - «Ағылшындардың отаршылдығын бастан кешкен Үндістанның мемлекеттік тілінен айырылып отырғаны бізге де сабақ болуы тиіс».
Бір қарағанда, бұл сөйлемде тұрған ештеңе де жоқ сияқты. Қазақ тілі әлі де шын мәніндегі мемлекеттік тілге айнала алмай отырған қазіргі уақытта әлемдегі әлеуеті әлсіреген, мәртебесі төмендеген, тіпті жойылып бара жатқан тілдердің қасіретті мысалын қашанда жадымызда ұстап, олардың тағдырын қайталамауға барымызды салуға тиіспіз. Әйтсе де, түпкі ой дұрыс болғанымен, бұл жерде мысал мүлде сәтсіз алынып отыр: Үндістан - тіпті де мемлекеттік тілінен айырылған ел емес.
Ең алдымен, халқының этникалық құрамы, елдегі ұлтаралық ахуал жөнінен Қазақстан мен Үндістанды салыстырудың қиын екенін ескерген жөн. Біздің елде бір ғана тұрғылықты ұлт (коренная нация) бар, ол - қазақ. Біз «130-ға жетеді» деп әспеттеп жүрген қалғандары - әрқайсысының түпкі тарихи Отаны бар, бұл жерге кейінгі бірер ғасырда ғана келген диаспоралар. Әу баста сол диаспораның бірі ғана болған орыс ұлтының тілі 300 жылдық отарлық езгі нәтижесінде қазақ жерінде басым тілдің біріне айналды да, бүгінде нағыз жер иесі саналатын жергілікті ұлттың тілімен жағаласып, қоғамдық өмірдің бүкіл саласын билеп-төстеген мәртебесін сол күйі сақтап келеді. Үндістанда да жатжерлік отаршылдардың тілі - ағылшын тілі әлі өз қуатынан айырылған жоқ.
Бірақ ұқсастық осы арада аяқталады. Өйткені, Үндістанда тұрғылықты ұлттардың (демек, тілдердің де) ұзын-ырғасы 2 мыңнан асады. Және бәрі дерлік - еш жақтан көшіп келмеген жергілікті этностар. Олардың ішіндегі әрі сан жағынан басым, әрі өз есімін ел атауына берген басты ұлт - хиндустандықтар. Сондықтан да қазір бүкіл ел көлеміндегі негізгі мемлекеттік тіл - хинди тілі. Бірақ әр штаттың өз ресми тілі бар: Батыс Бенгалияда - бенгал, Махараштрада - маратхи, Андхра-Прадеште - телугу, Тамилнадта - тамил, Карнатакада - каннара, Кералада - малаялам, Ассамда - ассам тілі және т.с.с. Штаттардағы бүкіл қоғамдық өмір, қайнаған тіршілік сол өз тілдерінде өтіп жатады.
Хинди тілі елдегі осы 28 штаттың сан алуан халқын біріктіретін ортақ мемлекеттік тіл саналады. Қазір ол бүкіл ел көлемінде оқытылып, үйретіледі. Бірақ әлгі сан алуан ұлттар оны оқуды, үйренуді онша қаламайды. Одан гөрі ұлтаралық қатынастарда ағылшын тілін қолданғанды жөн көреді. ХХ ғасырдың 60-70-жылдары үнді ұлтшылдары ағылшын тілінен мүлде бас тартып, тек бір ғана хинди тілін мемлекеттік етуді ұсынғанда, оған манағы бенгал, маратхи, телугу және т.б. халықтар үзілді-кесілді қарсы шыққан. Тамилнадта тіпті «хинди тілін бізге қинап үйретуге жол бермейміз!» деп екі адам өзін-өзі өртеген жағдай да болған. Сөйтіп, ағылшын тілі Үндістандағы ресми тілдің бірі есебінде өз маңызын сақтап қалды. Ел Конституциясында оның қызметі «көмекші ұлтаралық қатынас тілі» деп көрсетілгенімен, экономика, банк, бизнес, білім салаларындағы іс қағаздары хиндимен қатар ағылшын тілінде де жүргізіле береді.
Қазақстанда орыс тілін білмейтін адам бар ма? Былай қарасақ, жоқ та сияқты. Алайда, ауылдарда, қазақы аудандарда, тұрғылықты ұлт өкілдері тығыз қоныстанған өңірлерде орыс тілін шала-шарпы ғана білетін, тіпті біршама түсінгенімен, сөйлей алмайтын жандар жеткілікті-ақ. Сол сияқты, Үнді елінде де екінің бірі ағылшынша сайрайды екен деген ой тумауға тиіс. Оларда да ағылшын тілін атүсті ғана білетін, нан сұрап жерлік қана сауаты бар, тіпті мүлде білмейтін адамдар, қауымдар, тұтас ауылдар жетіп-артылады. Тіпті таяуда 70 жасқа толған атақты киножұлдыз Дхармендраның өзі бір сұхбатында «сол күйі ағылшын тілін үйренбегенін, өйткені, күнделікті өмірінде оның аса қажеті де болмағанын» айтыпты. Демек, «ағылшынша білмесең, күн көре алмайсың» дегізерліктей қиындық оларда болмаған-ау.
Қазір Үндістанның мемлекеттік мектептерінде ағылшын тілі тек шет тілі ретінде ғана оқытылады. Ал жекеменшік білім ордаларында (бұлар елдегі бүкіл мектептердің жартысына жуығын құрайды) ағылшын тіліне айрықша басымдық беріледі. Кейінгі жылдары үнді жұртшылығы балаларын сондай жекеменшік мектептерге жиі беретін болыпты. «Өйткені, заман өзгерді, - дейді әлеуметтанушы Гурчаран Дас. - Бүгінгі үнділер ағылшын тіліне баяғы отарлаушы басқыншылардың тілі деп қарамайды, оны әлеммен байланыс құралы, өзге ұлттармен қарым-қатынас кілті санайды».
Яғни, ағылшын тілінің Үндістандағы қазіргі орны, маңызы бөлек. Бірақ бұл - «үнділер өз тілдерін ұмытты, хиндиден және тағы басқа тілдерінен бас тартты» деген ұғымды білдіре ме? Тіпті де олай емес! Біріншіден, үнділер - әлемдегі өз діліне, тіліне, салт-дәстүріне ең адал ұлттардың бірі. Екіншіден, олардың сан жағынан көптігінің өзі тілге төнер қауіптің жоқтығын аңғартады. Мәселен, бенгалдар Үндістанда 110 миллионнан асады, бұған қоса осы елден кейін бөлініп шыққан Бангладеште 152 миллионы тағы бар! Бұған қарап бенгал тілінің мұртын балта шабады дегенге сенесіз бе? Телугулер 88 млн., маратхилер 80 млн., тамилдер 77 млн., каннаралықтар 50 млн., гуджараттар 46 млн., малаяламдар 35 млн., пәнжабтар 30 млн... Әлем тілдерінің «Ethnologie» атты анықтамалығына жүгінсек, бұлардың бәрі - өз тілдерінде сөйлейтін ұлттар. Және бәрінің сан ғасырлардан бері келе жатқан төл әліпбилері сол күйі сақталған. Үнді елінде бір жылда шығарылатын 800-дей кинофильмнің 500 шамалысы - осы халықтардың өнері. Олар титрда тек фильмнің аты мен режиссердің тегін ғана ағылшын қарпімен жазады (жат жұрттар да хабардар болсын дегені шығар), басқасының бәрі - өз тілдерінде. Демек, бізді алаңдатып отырған жаһандануыңызға олар пысқырып та қарамайды деген сөз.
Ал енді Үндістанның әлгі «айырылып қалған» мемлекеттік тіліне келейік. Мың жыл бұрынғы деванагари атты жазу үлгісін сақтаған хинди тілі бүгінде 497 млн. адамның ана тілі саналады (дөңгелектегенде - жарты миллиард!). Бұған қоса оны екінші тіл ретінде меңгерген адамдардың саны 182 млн.-нан асады. Бұл - кей лингвистер «біршама айтылу-жазылу ерекшеліктері бар екен» деп бөлек тілдер санап жүрген, шын мәнінде хиндидің әр аймақтағы диалектілері боп есептелетін догри, конкани, бихари, бходжпури, майтили секілді «тілдерде» сөйлейтін миллиондарды есептемегендегі көрсеткіш. Мәселен, бір ғана майтили диалектінде сөйлейтін адамдар - 45 млн., яғни, қазақтан үш-төрт есе көп! Мұның бәрін хиндиге қоссақ, қанша болмақшы?..
Мұны «Encarta» энциклопедиясы да есептепті. Сөйтіп, «әлемде жалпы саны 800 миллиондай адам хинди тілін біледі» деген қорытынды шығарыпты. Міне, үнділердің мемлекеттік тілінің мерейі!
Қазір БҰҰ-ның ресми алты тілі бар екені белгілі: ағылшын, араб, қытай, испан, француз және орыс тілдері. Жетінші етіп хинди тілін енгізу туралы әңгімелер сонау 1985 жылдан бері айтылып келеді. Бұл ұсыныс 2013 жылы өтетін БҰҰ конгресінде тағы да талқыланбақ. Яғни, үнділеріңіз хиндиді тек өз шекарасында қолданумен ғана шектелгісі келмейді.
Жоғарыда аталған «Encarta» энциклопедиясы әлемдегі ең көп таралған тілдердің тізімін жасапты. Мұнда олар адамдардың қай тілді «өз ана тілім» деп есептейтінін ескерген. Тізімдегі алғашқы ондық мынау:
1. Қытай тілі (мандарин, ву, йу, жиңиу, мин-нам секілді бүкіл диалектілерін қосқанда) - 1 млрд. 213 млн. адам. Қытайда, Тайваньда, Сингапурде, Малайзияда мемлекеттік тіл мәртебесіне ие;
2. Хинди тілі - 497 млн. адам (бұған әлгі диалектілерді қосса, 800 млн.-ға жетеді), негізінен Үндістанда таралған;
3. Испан тілі - 368 млн. адам. Испаниядан бөлек 20 елдің - Аргентина, Боливия, Венесуэла, Гватемала, Гондурас, Доминикан Республикасы, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мексика, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Сальвадор, Филиппин, Уругвай, Чили, Эквадор және Экваториалды Гвинеяның мемлекеттік тілі;
4. Ағылшын тілі - 341 млн. адамның ана тілі. Ұлыбританияда, АҚШ-та, Канадада, Жаңа Зеландияда, Австралияда және т.б. елдерде мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Бұдан бөлек бүкіл әлемде 870 млн. адам ағылшын тілін меңгерген;
5. Араб тілі - 320 млн. адам. Бұл да 20 елдің - Сауд Арабиясы, БАӘ, Иордания, Палестина, Сирия, Ливан, Ливия, Ирак, Кувейт, Оман, Катар, Бахрейн, Йемен, Египет, Алжир, Судан, Сомали, Тунис, Марокко және Мавританияның мемлекеттік тілі саналады;
6. Бенгал тілі - 250 млн. адам. Бангладеш пен Үндістанда таралған;
7. Португал тілі - 176 млн. адам. Португалия, Бразилия, Мозамбик, Ангола және т.б. елдердің мемлекеттік тілі;
8. Орыс тілі - 167 млн. адам. Ресейде және онымен шекаралас елдерде кеңінен таралған;
9. Жапон тілі - 125 млн. адам. Негізінен Жапонияда таралған;
10. Неміс тілі - 110 млн. адам. Германия, Австрия, Швейцария, Лихтенштейн, Люксембург секілді елдерде таралған.
Бұдан кейінгі орындарға француз, корей, ява (Индонезиядағы халық), телугу (Үндістандағы халық), маратхи (Үндістан), вьетнам, тамил (тағы да Үндістан), итальян, түрік және урду (Үндістан, Пәкістан) тілдері жайғасыпты. Қазақ тілі 10 миллиондық көрсеткішпен 70-орында тұр.
Әлемде қазір 6 мыңға жуық тіл бар екен. Олардың көпшілігі - сөйлеушілер саны өте аз ұсақ ұлыстардың тілдері. Ғалымдар «Кемінде 100 мың сөйлеушісі болмаса, ол тіл көп ұзамай құриды» деген болжам айтады. ХХІ ғасырдың соңына дейін әлгі 6 мың тілдің тең жартысы жойылады деседі. Қазірдің өзінде 400 тіл мәңгіге жоқ болудың аз-ақ алдында тұр. Ол тілдерді тек санаулы шал-кемпір ғана біледі. 1996 жылы АҚШ-та Қаһарлы Қызыл Бұлт есімді кісі қайтыс болды. Ол - жергілікті үндістердің сиу тайпасының соңғы өкілі екен. Көз жұмар алдында байғұс Смитсон университетінің өнертанушыларына өз тілінің ерекшеліктерін, ғұрыптық әндерін жаздырып кетіпті. Ал Нигерия мен Камерун мемлекеттерінің шекарасында бикья тілінде сөйлейтін соңғы адам - 87 жастағы кейуана өмір сүріп жатыр. Ертең ол өлсе, бикья тілі де жойылады деген сөз.
Қазақ тілінің тағдыры - өз қолымызда. Ел барда, ұлттық ар-намыс барда ана тілімізге ондай қауіп төнбейді деп сенеміз.
«Абай-ақпарат»




Билмейтин нарсемиз коп екен, билип алдык, авторга рахмет
Жақсы мақала екен
- «Ағылшындардың отаршылдығын бастан кешкен Үндістанның мемлекеттік тілінен айырылып отырғаны бізге де сабақ болуы тиіс».
--------------------------------
хинди тілі Үндістанның мемлекеттік тілі болып қалыптасқан емес, Ағылшындарға дейін моғолдар билеген елде хинди тілі қашан мемтіл болып жүр?
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi,
жиһанкез Реналью Гаспирин
3-конакка! Моголдарга дейин ундиде тил болган жок деп ойлайсыз ба? Алде оган дейин Ундистан мылкаулар ели болып па? Сосын Моголдар заманында да Унди ели моголша сойледи деп ким айтты сизге? Моголдар саны оте аз болган, олар унлилерге жутылып кеткен.
авторга сурак: Ундистандыктар оз диалектилеринде сойлер болса бир-бирин тусинеди ме? Жауабынызды кутемин.Мысалы кытайлыктар туссинбейди.
Мааа, біреулердің арам ойы болса Үндістанды быт-шыт қылып бөліп тастау оңай екен ғой
Сұрақ қойған оқырманға автордан жауап: ия, диалектілер өзара өте ұғынықты. Мысалы, Үндістанның солтүстігінде көп таралған догри диалектін елдің орталық бөлігіндегі бихари диалектінде сөйлейтіндер ешқандай қиналыссыз түсінеді. Аздаған айырмашылық тек лексикада ғана: солтүстік жақта араб-парсы сөздері жиірек қолданылады, ал қалған өңірлерде көне тіл (үнді тілдерінің арғы тегі) - санскриттен алынған сөздер молырақ. Басқа пәлендей айырмашылық аз. Жазуда да солай. Мұның үстіне, урду, бенгали, маратхи, пәнжаби секілді тілдер хиндиге өте ұқсас. Қазақ тілі мен қырғыз, өзбек, татар тілдері секілді. С.СЫБАНБАЙ
9-шы кешірерсіз, Моғолдар (З.Бабыр негізін салған) Үндістанды түгелддей билеген жоқ. Солтүстік Үндістан мен Пәкстан, Бангадеш жерін биледі. Кейін Ағылшындар Үндістанды бөлшектеп, оның құрамынан Пәкстан мен Бангладешті бөліп тастады. Үндістандағы дін араздығын пайдаланды. Яғни мұсылман мемлекеттері ретінде Индуистік және Буддистік Үндістаннан бұл екеуі бөлініп шықты. Бангладеш алғашқыда Шығыс Пәкстан атанған. Мемлекеттік діні - Ислам. Қытайлық диалектілер бірін-бірі түсінбейді. Ал Хинди тілінде сөйлейтін жарты млрд адам бірін-бірі жақсы түсінеді, бұл - біртұтас тіл. Оған қоса Үндістандағы Урду деп аталатын тағы бір тіл Хинди тіліне туыс, бұл екі тілде сөйлейтіндер бірін бірі еркін түсінеді. Ал басқа тілдегілер (Телугу, Маратхи, Тамиль, Каннара, Гуджарати, Малаялам т.б.) Хинди тілін түсінбейді.
Ал Моғолдар Үнділерлерге сіңіп кетті. Түркі тілі Ұлы моғолдар империясының халқына мемлекеттік тіл бола алған жоқ. Моғолдар Қытайды да жаулап алды ғой, алайда Қытайда монғол тілі мемлекеттік тіл ретінде орныққан жоқ. Бұл жақта да солай. Ұлы Моғолдардың жасағаны - Үндістанға Ислам дінін сіңіріп кетті. Қазіргі Пәкстан мен Кашмир, Бангадеш халқы солай мұсылмандаған. Ұлы Моғолдар Исламның тек қана "Суфизм" (сопылық) деп аталтын тармағын ғана қолдаған. Әмір Темірдің немересі болып табылатын З.Бабырды Орталық Азиядан (Самарқан мен Бұхарадан) қуып шыққан Шайбани әулетінің хандары (көшпелі өзбектер) болатын. Ал Шайбаниды Қыпшақтар даласынан қуып шыққан Қазақтар (Қасым хан) болатын. Өзбектер Қазақтардан қазіргі Өзбекстанға қашып барып, ондағы Әмір Темірдің немересі З.Бабырды Үндістанға қуып жіберген. Ол қашып барып Үндістанның солтүстігі мен қазіргі Пәкстан, Ауғанстан, Бангадеш жерін жаулап алған. Орталық Азиядан З.Бабыр Суфизмді Үндістанға алып барды. Сондықтан, қазір Пәкстан мен Кашмирде суфизм дінін ғана ұстанады. Үндістанда 150 млн, Бангладеште 160 млн, Пәкстанда 180 млн мұсылман бар. Үшеуін (Бұрынғы Үндістан бұның бәрі) қосқанда, жарты млрд мұсылман тұрады. Бұл барлық Араб, Түркі, Иран мұсылмандарын қосқндағыдан да көп. Бұл жарты млрд мұсылман - Исламның суфизм тармағын ұстанады. Суфизмді З.Бабыр алып барған, Үндістандықтар суфизмді жылы қабылдады. Себебі, суфизм дінінің жергілікті Будда дініне ұқсастықтары бар. Медитация мен аутогендік гипнозға сүйенетіні ұқсас. Жалпы суфизмге терең бойлаған адам Үндістандықтардың Иогаларына ұқсас келетіні тағы бар.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
жақсы танымдықдүние екен. Сәкеннен тек осындай материал күтуге болады.
ЕКІНШІ СУРАК: ЖОГАРЫДА "ия, диалектілер өзара өте ұғынықты. Мысалы, Үндістанның солтүстігінде көп таралған догри диалектін елдің орталық бөлігіндегі бихари диалектінде сөйлейтіндер ешқандай қиналыссыз түсінеді. Аздаған айырмашылық тек лексикада ғана: солтүстік жақта араб-парсы сөздері жиірек қолданылады, ал қалған өңірлерде көне тіл (үнді тілдерінің арғы тегі) - санскриттен алынған сөздер молырақ. Басқа пәлендей айырмашылық аз. Жазуда да солай. Мұның үстіне, урду, бенгали, маратхи, пәнжаби секілді тілдер хиндиге өте ұқсас. Қазақ тілі мен қырғыз, өзбек, татар тілдері секілді" ддеиниз. Провакация жасайын деп турганым жок, маманы ретінде айтынызшы, сонда сіз корсеткен турки тилдери озара диалекти ме??? жане де оларда санскрит тилди халыктар деген угым бар ма? биздеги турки тилдес халыктар дейтугындай??
Біздің қазақ тілінде 200 миллион адам сөйлейді!!!
№16-конакка, 200 милионнан да коп десей!!!!
ЕКІНШІ СҰРАҚ ҚОЙҒАН ОҚЫРМАНҒА ЖАУАП: сіз диалектілер мен тілдерді шатастырып алдыңыз. Мен мақалада (және 1-жауабымда) хиндидің негізгі 5 диалектісін айттым (атап көрсетейін: догри, конкани, бихари, бходжпури, майтили). Сосын "мұның үстіне, урду, бенгали, маратхи, пәнжаби секілді тілдер хиндиге өте ұқсас. Қазақ тілі мен қырғыз, өзбек, татар тілдері секілді" деп бөлек айттым. Яғни, кейінгі айтқандарым - диалектілер емес, толыққанды тілдер. Бұл жерде әлгі түркі тілдері де диалекті деген ойды қайдан тауып алғаныңызды түсінбедім. Сосын хинди, урду, бенгали және т.б. тілдер өз бастауын көне санскрит тілінен алғанымен, ғылымда "санскрит тілдері" деген ұғым жоқ, оның орнына "үндіарий тілдері" (индоарийские языки) деген термин қолданылады.
Cәкен мырза осылай жиі-жиі жазып тұрыңыз
ағылшын тілінде сөйлейтіндер 341 миллион адам деп жазыпты автор. ал тек қана ақш та 300 млн. адам турады и агылсынша сойлейди. плюс Британияда 8о млн. плюс 20 млн австралияда , плюс 10 млн. жана зеландия., тагы англиянын коптеген аралдарындагы адамдар бар. каазхтар алем боиынша 15 млн. болады и 14.5 млн. казахша сойлейди. короче кате коп бул статьяда.
Қазақтелеком» АҚ жаңа жылдық мерекеге орай ағымдағы жылдың 29 желтоқсанынан бастап 2012 жылдың 3 қаңтарына дейін қалааралық телефон қосылыстарына мерекелік жеңілдіктерді ұсынады
http://kazbin.kz/
Менен жоғары тұрған қонаққа!
Біріншіден, 341 миллион болғанда "ағылшын тілін ана тілім деп есептейтіндер" деп жазылып тұр ғой. Міне, қараңыз: "4. Ағылшын тілі - 341 млн. адамның ана тілі". Соған мән беріңіз. АҚШ-тағы 300 миллионның қаншасы итальян, қаншасы голланд, қаншасы мексикалық екенін кім біліп жатыр? Олар ағылшынша сөйлейді, бірақ олардың ана тілдері басқа ғой. Британияда қанша миллион ирланд, шотланд, кельт, уэльстіктер, үнділер, арабтар бар екенін ойлаңыз. Мақалада 341 миллионнан бөлек әлемде қазір 870 миллион адам ағылшын тілін меңгерген деп көрсетіліп тұрған жоқ па? Яғни, бәрін қоссаңыз (341+870) әлемде ағылшынша сөйлейтіндер миллиардтан асып түспей ме? "Ана тілім деп есептейтіндер" мен "сөйлей алатындар" - екеуі бір ұғым емес қой, бұған келісетін шығарсыз? Екіншіден, мұндағы деректерді автор ойдан құрастырып немесе калькулятормен есептеп отырған жоқ шығар. Бұл "Encarta" энциклопедиясының мәліметтері екен. Үшіншіден, 15 миллион қазақ түгел қазақ тілінде сөйлейді деп кім айтты сізге? Так что, әжептәуір мақаладан ши іздеп, шүйліге бермей, әуелі түсініп алыңыз.
Сәкен мырза,осы бізде өз ұлтымыз нақты қанша пайыз деп ойлайсыз мен мына 63 ПАЙЫЗ дегенге келіспеймін маган 70 ке келген сияктымыз және біздің Ақтөбеде қазір орыстарды қайда болсын өте сирек көреміз
Өзге тіл өле ме өлмей ме? Ол маңызды сұрақ емес. Ең маңызды нәрсе қазақты қаза тілінде сөйлету. 2000 бәленшесінші жылы қазақстандықтардың 95 пайызы қазақша сөйлейді деген мақсат ол да маңызды емес. Егер біз осы жылы қазақтың 95 пайызы қазақша сөйлейді десек сол маңызды. Басқа ұл өкілдері қазақша үйрене ме, үйренбюей ме, онда шаруамыз не? Неге "қазақ тілін білмейтін бір қазақ қалмасын" деп мақсат қоймаймыз. Неге Елбас, әкімдер,ректорлар, директорлар, аталар, әкелер қазақ қазақ тілін білсін деп талап қоймайды. Орыс тілі құриды, керегі жоқ деген сөзді қою керек. Ол туралы мәселе көтерудің қажеті жоқ. Тек қазақ болып туылған адамға шарт, талап қою керек, тіл білмесе соларды жазалау керек. Жұмысқа алма, қызметке қой ма және т.с.с. Ол үшін бізге кім ұрсады? Кім орыс тілін құртып жатырсың дейді?
Яғни тіл мәселесі о бастан дұрыс қойылмай отыр. Неге қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдерін теледидарға шығарып, марапаттайды, конкурстар өткізеді? Қандай қажеттілік бар. Білсе өзіне жақсы. Керісінше қазақ тілін жаңа үйренген қазақты шығарып дәріптеу керек. Мысалы, "Маси-ты". Путин өте дұрыс істеп отыр. Ол орысша білетін чукчаны, қазақты марапаттап отырған жоқ қой. Неге біз сол орыстардан үлгі алмаймыз.
Бәрін айтта бірін айт, тіл жөнінде кері саясат жүргізіп отырмыз. Қымбатты саясаткерлер орыс тілі туралы, орыстар туралы ауыз ашпай қазақтарға тиісу керек.
Сәке
тоғайбай нұрмұратұлы: Сәке! Хинди тілінің болашағы жоқ. Қазіргі хинди немерелерінің санасында хинди тілінде сөйлеу ге араланады. оқу да білім де тек ағылшын тілінде деген қағида миларына мықтап енді. енді елу жылда хинда тілінде сөйлесе 20 пайыз адам қалуы мүмкін. сосын арты құрдым.Сіздің беріп отырған мәліметіңіз нағыз үндістердің зерттеуі емес.шынайы емес.
Ия, орыста нең бар? Алдымен өз қазағыңды сөйлетіп ал. Таза қазақы жерде тұратын, өмірінде орысша сөйлемеген менің 60 - қа таяп қалған келінім орысша сөйлей бастады. Қазақта сана төмен.
Қандай бақытты халықтар! Тіл деген үлкен бақ, Алла Тағаланың берген несібесі!
Семей еліндегі немістер қазақша таза сөйлейді, сағынып ауылына алыстан келіп тұрады. Қазаққа үйленеміз дегені бар.
Қазекең көп болғанда санасы да жоғары болады.Көп келінді болыңыздар, оларға да қамқоршылық көрсету керек. Ертеңімізді ойлайық, қазақ бауырларым!
Тоғайбай нұрмұратұлы! Онда биздин жагдайымыз, аз гана казак тилинин жагдайы типти мушкил десенши...
Пікір қосу