Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE MicrosoftInternetExplorer4
/* Style Definitions */
table.MsoNormalTable
{mso-style-name:"Обычная таблица";
mso-tstyle-rowband-size:0;
mso-tstyle-colband-size:0;
mso-style-noshow:yes;
mso-style-priority:99;
mso-style-qformat:yes;
mso-style-parent:"";
mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt;
mso-para-margin-top:0cm;
mso-para-margin-right:0cm;
mso-para-margin-bottom:10.0pt;
mso-para-margin-left:0cm;
line-height:115%;
mso-pagination:widow-orphan;
font-size:11.0pt;
font-family:"Calibri","sans-serif";
mso-ascii-font-family:Calibri;
mso-ascii-theme-font:minor-latin;
mso-fareast-font-family:"Times New Roman";
mso-fareast-theme-font:minor-fareast;
mso-hansi-font-family:Calibri;
mso-hansi-theme-font:minor-latin;
mso-bidi-font-family:"Times New Roman";
mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}
БАХЫТГҮЛ ИСЕНБАЕВА БАҚЫТЫН БАЙЛЫҚТАН ІЗДЕП ЖҮР МА НЕМЕСЕ
АҚЫР ЗАМАННЫҢ БАЛАСЫ ЖАҒАДАН АЛЫП ТУАДЫ
Соңғы кездері Бақытгүл Исембаеваның әкесі Марат Исембаевқа қарсы шығуы, және әкесінің аппақ абыройына барынша нұқсан келтіруге тырысуы жеке басымның зығырданын қайнатты. Себебі мен Аулиені және оның қайырымдылық қоры «Аулетті» жеті жылдан бері жақсы танимын. Осы жеті жыл ішінде менің отбасымның Аулиеден көрген жақсылығы ұшаң теңіз. Осы жақсылықтарды рет-ретімен айтып берейін.
Ең бірінші, менің 1972 жылғы апамды дәрігерлер осыдан 6 жыл бұрын сырқатың жазылмайды, бір-екі жылдың ішінде өмірден өтесің деген. Бірақ, АЛЛАның құдыретімен, Аулиенің емінен кейін ол кісі бұл күнде тірі, ауыруынан толығынан айыққан және бала-шағасының қамымен зыр жүгіріп жүр. Екіншіден, осыдан 1 жыл бұрын дәрігерлер анамыздың бүйрегінде жеті жерден шыққан киста барын және оны бүйрекпен қоса алу керек екенін айтқанда, анамыздан айырылып қалуымыз мүмкін екенін ойлап зәреміз ұшты. АЛЛА сәтін салып, анамыздың бүйрегіндегі киста Әулиенің емінен бір күн ішінде ғайып болды. Екінші рет УЗИ-ден өткен кезде біз де, дәрігерлер де қатты таң қалдық. Біз, әрине, анамыздың Әулие емінен жазылатынына кәміл сенгенбіз, бірақ, мұншалықты тез жазылып кеткені АЛЛАның караматының жер бетінде бар екенінің тағы бір ашық дәлелі еді. Бұл жағдайды мен медициналық құжатпен дәлелдеп бере аламын.
Енді, Әулиенің менің отбасымның мүшелеріне берген рухани тәрбиесі жайлы айтсам деймін. Біздің үйде, ұят та болса айтайын, арақ ішу қарапайым жағдай болатын. Тіпті жаңа жыл мейрамында менің өзім, қыз басыммен, міндетті түрде аққайнар ішетінмін. Бірақ, Әулие мың адамнан астам адам қатысқан үлкен сеанстарының бірінде былай деп айтты: «Бір қасіретті заман туады. Бір қол жоғарыдан, екінші қол төменнен бір-біріне созылады. Ол арақ құйылған стақанды ұстап тоғысқан әке мен баланың қолы. Міне бұл қасірет. Себебі АЛЛА Тағаланың ең жек көретін ісінің бірі пенделерінің харам етілген суды ішуі.» Және айтты: «Сіздер қалай балаларыңызды ізгі ұрпақ етіп тәрбиелейсзідер, егер тойлардан іштеріңізге ащы судан құйып алып, екі беттеріңіз қызарып, көздеріңіз ойнақшып келсе. Немесе қалай сіздер жарық дүниеге дені сау сәби әклесіздер, егер шәуіттеріңіз араққа уланған болса». Осы сөздер бізге үлкен рухани азық болды. Менің ағаларым бұл күнде арақты татып алмақ тұрмақ, тіпті шырын құйылған стақанды ырымын жасап соғыстырмайды да, себебі ол шайтанға еліктеу болып табылатыны бізге жақсы түсіндірілген.
АЛЛАм саған мың да бір шүкір, үйімізде береке және тыныштық. Және Әулиенің жүрген жерінің бәрі де солай. Береке, тыныштық, алтын дағуаттар, айықпас дерттен емделген бақытты жанарларына қуаныш жасы үйірілген көздер. Әулиенің қазақ халқы үшін жасап жүрген зор еңбегінің мен де бір куәгерімін және сол үшін бақыттымын. Әулие бақыт дегенді былай деп түсіндіреді: «Бақыт дегеніміз - ол жанның тыныштығы, сезімнің тазалығы. Және барлық нәрседен бұрын АЛЛА Тағаланы шын сүйіюді білетін адам әрқашанда бақытты болады.»
Ал, Әулиенің қызы Бақытгүлге келетін болсақ, ол жанының тыныштығын жоғалтқан, шын мәнісінде өзін бақытсыздыққы душар еткен адам. Себебі, ол асыл тәрбиені ала тұра, бойына сіңіре алмаған. Өз нәпсісін тыя алмағандықтан әке қаһарына ұшыраған. Оның жігітқұмар, маскүнемдікке әуес болғанын, және жылпыс, өтірікті судай ағызатын қасиетінің бар екенін оны көзбе –көз таныған талай адамнан естігенмін.
Ол өзінің ғаламтордағы сөздерінде қазіргі отбасында өте бақытты екенін, сүйікті жары, сыйлы ақсақал атасы бар екенін айтады. Егер ол шын мәнісінде бақытты болса, жаны тыныш болса, неге өзгелерге тыныштық бере алмайды? Және, мені таңқалдыратыны, неге оның атасы мен күйеуі оған әкесін сотқа беруге тыйым салмайды? Әлде, олар да келінінің, әйелінің әкесінің дүниесінің арқасында пайда көргісі келе ме? Бұл нағыз намыссыздық емес пе? Ол: «Жарайды мен жазықтымын, онда неге менің жазықсыз сіңілім жазаланады?» - дейді. Себебі, ол сіңілісін өзі алып кеткен. Әулиенің: «Ажаргүлді маған бер және ол сенімен ешқашанда араласпайтын болады» - деген шартына келіспеген. Негізі Бақытгүл әкесінен осы уақытқа дейін өткен қылықтары үшін кешірім сұрап, Әулиенің кешіріміне ие болған болатын. Бірақ, кешірім алғаннан кейін еш қаржылай көмек ала алмағандықтан кейін ашуланып, дереу сотқа берген. Себебі, оны қызықтыратын нәрсе тек қана дүние. Көп адамдар алқаш әкелерін адам қыла алмай қамығып жүрсе, Бақытгүл асыл әкесін абақтыға тыға алмай әлек. Ол тек әкесіне опасыздық жасап отырған жоқ, барша халыққа опасыздық жасап отыр. Сары Әулиенің әлі халыққа берері көп. Ал қарғадай қыз халықтың Әулиеге деген сенімін шайқап, оларды АЛЛА ның ақ нұрымен келетін емнен, баға жетпес тәрбиеден айыруға әрекет жасап отыр. АЛЛА Әулиелерді қай елді жарылқағысы келсе сол елге береді. Ел АЛЛА ның сол мейірімін түсінбей Әулиесін қадірлемесе, жарқын болашаққа жетуі екіталай. Автор: Ардақ Бекназарбекова


