Соңғы кезде оралман мәселесі "мәйектеніп" алды. Сөйтіп, оралмандар тақырыбына қайта оралып отырмыз. Мемлекеттің заңы бойынша «оралман» заңды мәртебесі тарихи Отанына қоныс аударған қазақтарға Қазақстан азаматтығына өткенге дейінгі белгілі бір уақыт аралығында ғана беріледі. Азаматтық алу - мемлекеттің толыққанды мүшесі, құқылы азамат болып табылады.
Сонда кейінгі кезде биліктің әр бұтағына бұт артып отырған кейбір мырзалар «оралмандар» деп қыңыр сөз, қыли көзқарасты кімге таңып отыр? Атамекеніне жаңа көшіп келіп, азаматтыққа құжатын өткізіп жүрген қазақтарға ма? Әлде республика азаматтығын қабылдаған қазақтарға ма? Егер соңғысына қаратып айтса, бұл - қылмыс. Өйткені, мемлекеттің бұқарасы оның территориялық, саяси тұтастығы секілді бөлшектенбейді. Бөлуге жол берілмейді. Алғашқысына айтса, алыстан келген ағайынның алдынан ақсарбас алып шыққанның орнына айғайлап, «басыма бәле болып келе жатырсың» деп дүрсе қоя қарсы алғанмен бірдей. Сонда оралмандарды оңдырмай сыбағандар екі топтың қайсысына кәрін төгіп жүр?
Айтпасқа болмас. Оралман мәселесінен бизнес жасап жүрген топ та бар. Бұл қалай? Мүмкін мемлекеттің көші-қон саласы бақылаусыз қалдырғанының кесірі ме? Кесір демекші, көштен көп ақша табуды меңгерген түрлі жауапты орындардағы жемқорлар да бар. Бірі - пара алса, екіншісі, көшті кәсіп көзіне айналдырса, соңында «Атамекенім» деп келіп жатқан ағайын жаман атты болып шығып жатқан жоқ па? Жоғарыдағы екі топ бар кінәні Атажұртына аяғын енді басып, «Оралман» мәртбесіне ие болып, азаматтық алсам деп жүрген ағайынға аударып отырған жоқ па? «Қазағым» деп қабырғасы қайысқан түрлі көші-қон ұйымдарының атқарған қызметі, бағдары қандай? Олар немен айналысады? Мысалы, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық бөлімі жетекшісінің орынбасары Санжар Боқаев «Елбасымыз айтқандай, келген қандастарымыздың бойындағы масылдық мінез-құлықты құртуымыз керек» (Азаттық радиосы) депті. Бұл не сөз? "Оралман" бауырларымыз мемлекеттік ерулік ретінде қолына тимеген квотасының қарымтасына жер мен үй сұраса, несі айып? «Елбасымыз айтқандай» дейді, сонда Елбасы не депті? Партия шенеунігі партия басшысының көші-қонды реттеу, ағайындарды аймақтарға орналастыру жөнінде берген тапсырмаларын, сөздерін неге айтпайды? Заң бойынша белгілі бір жер телімін тегін алуға құқылы Қазақстан азаматтары да Боқаевтың басындағы ойға бақсақ «масыл» шығар мүмкін? Бұл - Санжардың сандырағы ма, саясат па?
Талқы-Форум осындай басы ашық сауалдарға жауап іздейді.



Нұротан қатарында мәңгүрт кареристер отыр, және олар уақытша отыр оны өздері біліп отыр
Қайта оралмандарға масылдықты жұқтырып отырған осы жергілікті өңірдің қазақтары емес пе! Кезінде советке масыл болды. Советтің қойшысы болды. Енді мұнайға масыл болып бір тал сіріңке жасап отырған жоқ. Масыл! масыл! Оралмандарды ҚР да масылдыққа билік өзі үйірлестіріп, әдеттендіріп, қарапайым көші-қон жәрдемінің өзін дұрыстап бере алмай, не заң жоқ, не мән жоқ, бірін бірі білмей бұтып-шатып жүргеніміз өтірік пе! Масылдық Совет одағының, орыстардың жұқтырған дерті. Олар қазаққа масылдықты жұқтыру арқылы өзінен өзі құритын етті. Егер қазақтар белсенді жұмыс жасаса онысы есін жию деп шошыды. Нағыз масылдық қайда жатқанын түсінбейітн бұл неткен кещелік.
Қазақстан ауылдарындағы қазақтар әкімге масыл. пенсияға масыл. Қаладағы қазақтар жалақыға масыл. кредитке масыл. жылтыр киініп аш жүруге масыл! Қазақстан билігі параға масыл. Қазақ бастықтары ел бюжетіне масыл! Қазақстан университетіндегі студенттер оқытушыға масыл. Оқытушылар лекцияны кітапқа қарап оқып, тоқтамай жаздыра береді. Түсіндірмейді. Врачтар өтірік қағаз толдыруға масыл. Жұмыс істемейді. Білік жоқ, білім жоқ. Масылдықты тіпті ҚР туалеттерінен де табасың.
халықты масыл деп шаршап отырғандар биліктің адамдары шығар, бүл күнде өмір бойы жұмыс істеп жүрсең де байымайсың
Оралмандарды орыстардан санымыз бір талай артыламай тұрып ойынға қосуға болмайды.
Оралмандармен ойнағандардың мәнгі урпағы оңбай кетсін..
Оралмандар іскер де, әділ. Олар әділетсіздікке төзе алмайды. Шетте жүрсе де, олар өздерінің хақын ешкімге жегізбеген. Талап қоя білген, сондықтан олар елінде Тимур айтқандай, екінші сортты емес, әруақытта алдыңғы шепте болған. Аузы аңқиып, қарап тұрып, өзіне тиесілі несібеден айрылу- ынжықтық, сорлылық. Ондай мінез оралман қазақта мүлдем жоқ.Бұл- жақсы қасиет. Екіншіден, "жыламаған балаға емшек жоқ" деген бар.
Келген оралмандардың көбі өз жанын өзі бағып жүр , осы квата дегенді қойып көшін келгендерге ел аттап жүрген жапасына жол шығын ғана беріп, оның есесіне қа,аз қиыншылығын жеңілдетсе жөн еді, осы квота жемеңқорлығы қазақ көшін бұлдірген үлкен себеп болды.
Қазақ немене немістен ия басқа ұлттан кем бе? Олар өз еліне оралғандарға қандай жағдай жасайтынын бәріңіз де білесіңіз ғой. Дұрыс айтасыз, оралман өз жанын өзі бағады, алақан жайып, қарап отырмайды.
Меніңше мына "Қайта оралмандарға масылдықты жұқтырып отырған осы жергілікті өңірдің қазақтары емес пе! Кезінде советке масыл болды. Советтің қойшысы болды. Енді мұнайға масыл болып бір тал сіріңке жасап отырған жоқ. Масыл! масыл!" деген сөздерді оралмандардың бірі айтып отыр. Мүмкін ашынғандықтан шыққан шығар бұл сөз. Алайда, ағайын, бүкіл халыққа бұлай сөйлеуге болмайды. Оралмандардың аяғына тұсау болып отырған қалың қазақ,бүкіл жұрт емес, халқының емес, қарнының қамын ойлап жүрген азғантай ғана үркердей топ. Онымен бар қазақты шатастырмау керек.Байқап сөйлеген жөн болар.
10-қонақ! дұрыс айтасың. Халықта кінә жоқ, бар пәле биліктегі азғана топта ғана.
танымадық,жарымадық,жақсыға бір іргелі.қолына алып,пәле салып,аңдығаны өз елі.(abai)
Он же оралман! поэтому я уволю его от должности!
Ректор КазНУИ Айман Мусаходжаева
Санжардың бұл сөзін өз құлағыммен естідім, өткен аптада бір отырыста, бұл ақылдысымақтың осынша ойы болатыны меніңше, орысбайлығынан және тым біржақты ұстанымнан шығып отыр. Мәселе бюрократияшылдық емес, мемлекетшілдікте. Екіншіден, оған Нұр отанның мүшесі болып отырған және Дүниежіүзілік қазақтардың ұйымында орынбасарлықта жүргеннің сөзіне өз партиялас басшылықтарының үнсіздігі, жауапсыздығы, немқұрайлығын танытуында, ал мына жас сарапшылықтан бюрокартияның ортасына барған Санжар батыр, бұған үстінен ақыл айтпраған соң, өзінің жеткен жерімен ойланған тірлігі болып отыр. Сол отырыста Ислам Кәрімовке 6 жыл кеңесші болған Үкібай ағамыздың азаматтық намыспен Санжарға және соның үстіндегілерге қатумен айтқаны нағыз қазақтың үлігісі болды. Сол отырысты былжыратып, не болса соны айтып, тез шамданып қоя беретін Нұртөре Иманғали шоу жасап жіберуі немесе өзінің авторлық кездесуінің форматында өткізуі мүлдем қазіргі оралмандар проблемасының тақырыбын кеңінен ашылуына кері әсерін беріп отырды. Мен соңына дейін отыра алмадым, Санжарлар мен шоумендер отырғанда көзден жас емес қан ағызып жібере жаздайды.
Жанашыр!
Ол дуб ғой.
бұл жай халықты бір-біріне айдап салып арандатушылық.
Пікір қосу