... Сонымен сөйтіп, нөмері бесінші Мәжілістің алғашқы сессиясынан (20 қаңтар, Парламент үйі, Астана) кейін, 2-ақ депутат қарсы болып, 105-і қолдаған соң қызмет орнында қалған Мәсімов «халық қалаулыларына» рахметін айтып шыға сала өз кабинетін қайта жасақтауға кірісті. Үкіметбасшысы ауыспаған соң үкіметтің құрамындағы ішінара ауыс-түйіс пәлендей қызықты емес сияқты. Әйткенменде атап өтуге тұрады. Неге десеңіз, шаруашылықта ісі шамалы Қайрат Қожамжаров сияқты жігіттер облыс әкімі болып шыға келді де, бұрынғы байланыс және ақпарат министрлігі бөлініп, тарап тынды. Сондай-ақ жалпы елге беймәлім адамдар аймақ басшылығының екі тізгін, бір шылбырын қолға алуда. Алайда атқарушы биліктің негізгі құрамы ілгеріде лауазымды қызметтер атқараған тұлғалардан тұрады. Соған қарағанда олар Назарбаев пен Мәсімовтың әлемдік қаржы дағдарысының кезекті толқынына сақтап келген адамдары болса керек. Министрлер мен облыс әкімдері Президент жарлығы бойынша тағайындалғанымен тағайындау барысындағы таңдауды Мусин-Мәсімов тандемі жүзеге асырды дейтіндер бар. Президент әкімшілігінен кетеді-міс деген Аслан Мусиннің позициясы әзірге мықты көрінеді. Батыс Қазақстан облысын басқаруға аттануы ықтимал дескен Мусин Нұрлан Асқарұлы Ноғаевты атқа қондырды. Білетіндердің айтуына сенсек, Нұрлан Асқарұлы батыс өңірі үшін басты тұлғаға айналған Аслан Есболайұлының етегінен ұстап, есейіп келе жатқан жігіт көрінеді. Ал, БҚО-ның 2007 жылдан бастап күні кешеге дейінгі әкімі атыраулық әм Иманғали Тасмағамбетовтың алқауындағы Бақытқожа Ізмұхамбетов болған еді. Тосын пәлеге ұрынбай, өңірдің экономикасын дамыту үшін барын салған ізетті Ізмұхамбетов (өте кешіпейіл, қазақы жан) Мәжіліс төрағасының орынбасарлығына сайланды. Беріге дейінгі қоршаған ортаны қорғау миниситрі - Ізмұхамбетовтың алдындағы БҚО-ның тағы бір әкімі - Нұрғали Әшім Мәжіліске өтіп, еліміздің бас экологы Нұрлан Қаппаров атанды. Қазақстандағы ең ірі ұлттық компаниялар - Қазтрансойл мен Қазақойлды (қазіргі Қазмұнайгаз) қаршадайынан басқарып тісқаққан Қаппаровтың ісі енді қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан инвесторлармен болмақ. Қоршаған ортаның мәселесі бізде жетіп-артылады, алайда, ең бастысы табиғатқа тигізген кесапатын түкке тұрмайтын өтемақымен жуып-шайып жылмаң қағатын шетелдік компаниялардың қызметін қатаң бақылауда ұстау болса керек. Қаппаровтың білімі мен тәжірибесін үкімет шамасы, осы мақсатта пайдалануды құп көргенге ұқсайды.
Жер ресурстары басқармасы Агенттігінің тізгіні Қадырхан Отаровтың қолына тиді. Әділет министрі Берік Имашев болып кетті. Имашевтің алдындағы министр Рашид Түсіпбеков қаржы полициясынан Қайрат Қожамжаровты ауыстырып, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлардың сыбағасын бермек болып отыр. Еңбек жолын өрт сөндіретін автокөлікті жүргізумен бастаған Рашид Төлеутайұлы Қазақстанда қабындаған қаржылық қылмыс өртімен қалай күресетінін алдағы уақыт көрсетеді. Ұрлық-қарлықпен алысып аты шыққан Қайрат Қожамжаров Ақмолла облысына аттанды. Әкім болып. Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев экономикалық даму және сауда министрілігінің төріне жайғасты. Ал, Керекуге әкім болып қазақтың айбоз ұлдарының бірі, үлкен парасат иесі, дегдар азамат, атақты ғалым Ерлан Арын мырза тағайындалды! Бәрекелді, Ерлан мырза, Сіздің өнегелі істеріңіз бен қайрат жігеріңізге қанық жұрт жақсы хабарды ести салысымен бірінен бірі сүйнші сұрасып жөнелді. Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы да тілеулес ағайынның қуанышына ортақтығын білдіреді. Өңірге тың серпіліс, соны бағыт әкеліп, көрші көлеңнің қас-қабағын бағып, жалтақтап қалған әкім-қараларға үлгі етерліктей ерен тірілік жасайтыныңызға біз бек сенімдіміз. Жаратқан хақ жар болсын!
Ерлан Мұхтарұлы Арын - экономика ғылымдарының докторы, профессор. Тоғыз томдық «Қазақтар» және «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі» атты энциклопедиялық анықтамалықтар мен Мәшхүр Жүсіп мұраларын жинақтап, құрастырушы. 1997 жылы «жыл адамы» атанған тұлға. Ұлт мәдениетінің жанашыры, ұлт жоқшысы. Президент жарлығымен әкімдік қызметке тағайындалардан бұрын Павлодар облыстық мәслихатының мүшесі, С. Торайғыров атындағы педагогикалық университеттің ректоры болды. Ерлан Арынның облыс басшылығына тағайындалуы атқарушы билікке алдағы уақытта бәрібір өзгеше пайымдағы адамдардың келетіндігін, дәл сондай адамдарға деген қоғамдық сұраныстың жоғары екендігін аңғартады.
Серік Ахметов осыдан екі жыл бұрынғы вице-премьерлік орынтағына қайта отырып, Қарағанды облысына танымал азамат Әбілғазы Құсайынов облыс басшысылығына көтерілді.
Министрлік қызметін БАҚ ісінен гөрі қоғамдық қызмет түрлерін ақпараттандыруға арнаған Асқар Жұмағалиев байланыс пен ақпаратты арқалап транспорт пен коммуникация саласына аттанды. Транспорт және коммуникация министрлігінің бүгінгі министрі - Асқар Жұмағалиев. Байланыс және ақпарат министрлігі тағы да тарап, оның мұрағат ісі Мәдениет министрлігінің құзырына қарады. Бір қызығы Лондон олимпиадасының қарсаңында Туризм және спорт министрлігі де жабылды.
Атқарушы биліктегі қандай да бір ауыс-түйістің аужайын бағып отыратын сарапшылар мен болжаушылар «болашақ премьер» деп ен тағып үлгерген Әсет Есекешев вице-премьерлік посты тастап Индустрия және жаңа технология дейтін жаңа министрліктің жұмысын жолға қоюға кетті.
Есекешеевтің тұғыры «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорын басқарып, Тимур Құлыбаевтан ығысқан Қайрат Келімбетовке бұйырды.
«Абай-ақпарат»


















Сайын Арын деген аты жөнінен қазақылықтың исі бар екен деп қуанып қалып едім. Үмітім бекер емес екен ау ә! Ендеше Ереке іске кірісіп Керекуді қазақыландыра бергейсің...
Жана жумысын бастамай жатып Ерлан Арынды коп мактап жiберген екенсiндер.Ендi сол Ерлан Арыннан Павлодардын атын озгерту туралы талап етiп корiндершi,сонда гана онын казакка жакын жанашыр екенiн бiлесiндер.Менiн ойымша бул iстi Ерлан Арын аткара алмайды.Тiптi сол ушiн ол казакка карсы шыгады. Акбаян
Осы жолғы президенттің ауыс-түйістегі ең дұрыс шешімі біреу-ақ болды.Ол Ерлан Арынды тағайындауы.Қалғаны оттаубай деуге толық болады.ҰЛАН.
Ақбаян, "асатпай жатып құлдық демейік" дейсің ғой. Сенікі дұрыс. Бірақ, Ерлан Арын ректор болып отырып-ақ облыстың ұлттық саяси, мәдени ахуалына ықпал етіп келе жатқан-ды. Енді сол қарқынын үдетпесе, кеміте қоймас деп ойлаймын. Абайшылдар бекерге адамды мақтай бермейді. Ерлан өте сауатты жігіт, өз ісіне жұртты сендіріп, үйіріп әкететін қабілтке ие. Ол әлі көп нәрсені дәлелдейтін болады.
Ғалым
Асқар Жұмағалиев байланыс пен ақпаратты арқалап транспорт пен коммуникация саласына аттанды. Жоқ, олай емес, Асқар ақпаратты емес, ақпараттандыруды арқалап кетті. Ақпарат тағы да"қайтып келген қыздай болып" немесе "қайтқан мал болып" Мәдениет министрлігіне өтті. Енді ақпаратпен тағы Мұхтар айналысады
28 қаңтар күні Алматыда әділесіз сайлауға қарсы наразылық шарасы болады.Бұғып қалмай келіңіздер.
2-ші қонақ, Мәсімов Павлодар активімен кездескенде Ерлан Арын өз сөзін "Біздің Кереку,яғни Павлодар өңірі..." деп бастаған болатын.
Абай кз, Есекешев емес, Исекешов!!!
Арында айналайын Арыным. Біз өзіңнен көөөөп үміт күтеміз.
Негізі Кереку облысына басында айтылған орыс бобровты қоя тұрып, соның қолымен павлушаның атын алғызып тастау керек еді (шенеуніктерде улт бомайды, фас десе бәрін орындауға дайын болады), сонда шовивнстер аса абалай алмас еді. Арынды сосын қоюға да болар еді.
Ендi сол Ерлан Арыннан Павлодардын атын озгерту туралы талап етiп корiндершi,сонда гана онын казакка жакын жанашыр екенiн бiлесiндер.Менiн ойымша бул iстi Ерлан Арын аткара алмайды.
------------------------------------
Ерланды бұл өтке айдап салмаңдар, ол оның міндеті емес! Әуелі сол орынға мықтап бекіп алсын. 20 жыл бойы ай қарап келдіңдер ме?
Павлодар атын өзгерту негізінде мемелкеттік-аумақтық бөліністі қайта қарайтын парламент пен президенттің құзырында! Солар облысты құрарда атауын да бекітеді, тек сол жұмысқа әкімдерді жаманатты қылып, нәннің өзі бұғып отыр.
Ереке, оған алаңдамаңыз! облыс атауын өзгерту өзінен өзі жүретін жағдай, бастысы аумақ жұртының санын қазақыландырсаңыз болды! 70-ке жетсе, өзінен өзі қурап қалады ол атау!
ЕРЕКЕ! ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! АЛЛА АБЫРОЙ МЕН САУЛЫҚ, АМАНДЫҚ БЕРСІН! ҚЫЗМЕТ ЕЛГЕ ДЕ, ӨЗІҢІЗГЕ ДЕ ҚҰТ БОЛСЫН! ҚУАНЫШТЫМЫН.
Серік Ерғали
Ерлан Арын ұлтжанды азамат. Оның барлық істерін тізбелемей бір екі ісін айтсақ та жеткілікті. біріншісі, Қаныш Сатбаевқа тура мағынасымен айтқанда маслихатта кыркысып отырып Дзержинский көшесінің атын алып берді. Орыстар қарсы болып отырып алғанда, "Кто вы такие срвнить ученного с мировым именам К.Сатбаева с большевиком Дзержинским" деп тіке тартып, орыстардың аузын жапты. екіншісі, МәшҺүр Жүсіпке университет оқытушыларын студенттерін жұмылдырып, өзі басы қасында жүріп керемет мазар салғызды. Осы жолы президенттің соны жаналығы осы Ерлан Арын. Ертеңінен үміт күтейік. Ел азаматтары қолдасын. Университет оқытушылары Е.Арынның ректорлық орынына карьерист, екі жүзді, жағымпаз, мақтаншақ, қол астындағыларға дөрекі Жасулан Шаймарданов келмесін деп тілеп отырмыз.
Ерлан Арын ұлтшыл ғалым. оның жасаған істерінен хабарым бар.Өңірде оның әкім болуы елбасының ең ұтқыр стратегиясы болды. себебі мәселені жүйе емес, бізде көбіне кадр шешетіндігі белгілі.Ол жай ректор болған жоқ. ол тұлға ректор болды. еенді жай әкім емес тұлға әкім болады деп сендіргім келеді. Досай Түркістаннан
Ерлан Арынның әкім болғанына мен де қуаныштымын. Алайда, оны ҚР Білім және ғылым министрі ретінде көргім келуші еді.
Алтайшы
Әкімдердің қолында тұрған билік өте көп. Олар көп нарсені өзгерте алады.
Біздін Жамбыл облысында Амалбек Тшанов арка салып, жолдарды жөндеп, агаштардын басын қырқып, қураған талдарды жасартып, сосын орыс-еврей-шешен билігіне қарсы куресіп елдің есінде қалды.
Сарыбай Құлмұрзаев орыс тілді журналистерді кушейтіп, орыс-еврей-шешен билігін қайта қалпына келтіріп, сатылмай калган мемменшіктерді сатып есте қалды.
Серік Үмбетов Амангелдігаз, тараздың 2000 жылдығы, қазақ батырларына, Бәйдібек бабаға ескерткіш салғызып, қазақ тілін мемлекеттік мекемелерге енгізіп, бітпей қалған құрылыстарды түгел бітіртіп, орталықтан мейшіт құрылысын бастатып есте қалды.
Борібай Жексенбин Умбетов бастап кеткен 12-микрорайонды бітіріп, жаңа микрорайон құрылысын бастатты. мешітті бітіртті, тараз металлургия заводы сияқты бірнеше ірі кәсіпорындар ашқызды. жаңатаста цемент заводы салынды. Облыста осы кезде ондаган мектептер мен ауруханалар салынды.
Қанат Бозымбаев келді. Сөз, уаде, мақтану мен у-шудан басқа нарсе жасалмады. Жексембин салған құрылыстарды қайта ашумен шектелді. Қазірше ол енгізген жаңалық тендерден 20 процент сындыру технологиясы ғана. басталған құрылыстардын барі тоқтап тұр. айтпакшы қаланың орталық алаңындағы биік шыршаларды тугел копартып тастады.
аким деген жай тулға емес. Оларда улкен билік бар. Ерлан Арын ұлтшыл азамат болса одан көп нарсе кутуге болады. Тек өзінін қара басынан артыққа миы жетпейтін біздін комерсант Бозымбаев сияқтылардан кудай сақтасын.
Елбасының,биліктің халқымызды кейінгі айларда қуантатын,өмірге,шындыққа жылт еткен үміт ұшқынын тұтатқан біреуі бірегейі Тұлпардың тұяғы, Ерлан Мұхтарұлы Арын мырзаны Кереку өңіріне өкім қоюы.Қалғандарына өз білгендері бар шығар,сенімі болар ол жағы биліктегі пысықтарға байланысты ғой. Қайткен күнде де, орындары құтты болсын ең бастысы халқына адал болсын!!!!Аса құрметті Ерлан мырза,сізге Алладан денсаулық тілеймін орныңыз құтты болсын сізге халқыңыз сенеді,сіз басқарған облыс бар облысқа үлгі болады деп сенемін. Оған сіздің Азаматтығыңыз,Ақыл-парасатығыз,Білім,Мәдениетіңіз,Адамгершілік,кішіпейіл,ізеттігіңіз,кішілігіңіз,кісілігіңіз,еңбекқорлығыңыз бір ғана өз бойыңыздаға бар қасиетіңіз,бар екенін осы қасиетіңізді өзгертпей халқыңызға қызмет етедігіңізге еш күмәнім жоқ. Себебі сіз ҰЛЫ ҰСТАЗДЫҢ ТҰЯҒЫСЫЗ мен сол ұстаздан дәріс алғанымды мақтан етемін! Сәуле Мешітбайқызы
Қазаққа тұлға болған ұлдың ұрпағысыңыз мына өзіңді қолдап жатқан ниеттестеріңнің тілегін әрдайым орындауға талаптан,не дегенмен орысқол орта қиын,түсінеміз бірақ ұлтыңның намысын жоғары қоюға тырыс.Тек қана ұлтжанды қазақ қана Пабылдың сыйға берген жерін қазақиландыра алады.Есіктің алдындағы итің қазақша үріп бастаса,кірген адам қазақша сөйлеп кіреді,әрине егер сен өзің оған қызығушылық танытсаң.Болмаса ана мектептегі ұстаз атын жамылып жүрген Давид Ганелин сияқтылар басына береді.
Ереке,жана кызметиниз кутты болсын !Сизге улкен жетистик,мыкты жигер тилеймин !Маркум Акениз ойлагандай бес аныкты Кереку жериндеги халыкка синдире бериниз ,сизге сенемиз жане де бари колыныздан келетинине анык сенемин ! Изги ниетпен бауырыныз !
Ерлан Арынның тегі мықты. Оның әкесі марқұм Мұхтар Арын Ақтөбе пединститутын, "Қазақ тілі" қоғамын көп жыл басқарды. Зор тұлға болатын. Оның атында облыс орталығында көше де бар.
Ақпарат пен байланыстың бөлінгені дұрсы болыпты. Шынында да, кітап шығаратын комитеттің ақпаратқа, байланысқа не қатысы бар еді? Тараған министрліктің ақпарат саласын жауаптанғандардың білімі де, этикасы да, тәжірибесі де өте төмен еді. Берсебаев,Танысбай,Арпабаев дегендер. Олардың далада қалғаны обал болды ау.
Бари тусиникти болды. Ерлан Арыннын туган жери Актобе болгандыктан да ол аким болып тагайындалган шыгар.Ол енди улттын мудесинен кори озин осы орынга усынган Актобеликтердин айтканын орындайтын болады. Дегенменде казак азаматы болгандыктан ол анда санда казак екенин умытпайды деп ойлаймын. Кайда журсе де аман болсын! Тараздан Талгат.
Ерлан Арында бiрак максат болу керек- Павлодар атын озгерту! Калганын бюджеттiн каражаты реттейдi.
маңдайының соры бес елі болған байқұс қазақ, басыңды артыңа тығып, отыра бер омалып, біткенше әбден тоналып. өңкей ұрты майланған, көздері шелденген сұмпайны жақтап, анау аталас, мынау жерлес деп, бөлініп, бүлініп, күйніп нелерің кетті! бұлар келсе, өзі үшін, сатып алған, ақшасы жеткен орнына отырады, сенің қамыңды жейді ғой дейсің бе? тек, Ерлан Арын үшін ішім ашиды, жап-жақсы жігітті құртатын болды.....
Бари тусиникти болды. Ерлан Арыннын туган жери Актобе болгандыктан да ол аким болып тагайындалган шыгар.
------------------------------------
Тараздық бауырым, Талғат! Ерлан Ақтөбелік емес, туған жері Алматы-Талдықорған. Тегінің де Алшынға қатысы жоқ. Бірақ ұлтшылдығы Алшыннан артық болмаса кем емес! Енді Ақтөбенің оның есеюіне қатысы бар.Әгәрәки, Ерекең шақырып жатса, керекуге поткіреплениеге ақтөбеден 150 мың қазақты іріктеп өзім апарам. Алшын Жалаңтөс Ардақ қыз
ЕРЛАН АРЫН БІР АДАМҒА ҚЫЗЫМЕТ ЕТЕТІНДЕРІҢІЗДІ БІЛЕМІЗ ТЕК ЖҮРЕГІҢІЗ ҚАЗАҚ ДЕП СОҚСА СОҒАН ШҮКІРШІЛІК ПОВЛОДАРДЫ ҚАЗАҚЫЛАНДЫРУҒА АТСАЛЫСАДЫ ДЕП СЕНЕМІЗ БІЗ ХАЛЫҚ КІМГЕ СЕНБЕДІК
ЕЕ. азаматтар. Абай ақпарат алдымен мақаладағы ақпаратты оқу керек.Дұрысы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Екінші. Е.Арынның азаматтық көз қарасы, іскерлігіне сөз жоқ бірақ, білім саласында, мәдениетпен өнер саласында болар.Білім министрі болса сөз жоқ еді.Индустриялды облысты басқару онын қолы емес. Тек Мусин акеп отыр. Мусин не айтса соны истейтин болады.Мусин өз позициясын мықтап жатыр.Уйткени Мусин Актобелик Ерланнын акесимен жаксы карым катынаста болган.Казактын сози "жаксы аке .... мын жыл азык" Е.Арыннында өзиндик пендешилиги бар азамат.Универде касына жыйып, жаксы кызметке отыргызган жигиттери килен жагымпаздар.Өзине жагынып тургандарды жаксы кореди. Басын имегендермен кас болатын.Павлодар Мемлекеттик Университетине жагымпаздыкты акелген Ерлан Арын. Аздап ис истеп, онын ози алгашкы ректор болып келген жылдары.Жарнамасы мыкты жумыс аткарды.Ел алдында абырой жыйган болды. 11 жыл ректор болды.Облыс ол 20 мын студенти бар универ емес.Ешбир алеуметтик жауап кершилиги жок, тек акылы окыйтын студенттерден акша жыйып отыру емес.Павлодар облысы республика бойынша алдынгы катардыгы доннор облыстардын бири.Бир жыл бурын облыс акиминин орынбасары болып былайша айтканда облыстын тым болмаганда ишки кухнясын билуи керек еди. Арине исине саттилик тилеймиз.Облыстын багы болсын демекпиз. Един жагдайы жалган ураннан емес алеуметтик маселелердин шеми, турмыстык жагдайынын жаксаруы болса керек.
Ерлан Арын жоғарыда жазылғандай С. Торайғыров атындағы педагогикалық университеттің ректоры болған жоқ, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры болып қызмет істеді. Қысқаша өмірбаяны мынадай:
Ерлан Арын ҚР Президенті жанындағы Менеджмент, Экономика және Болжам Қазақстан институты (КИМЭП), ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институты, Қазақстан дамуы институты тәрізді Қазақстанның ғылыми-зерттеу орталықтарын алғашқы ұйымдастырушылары мен басшыларының бірі болып табылады.
Білім, ғылым және денсаулық сақтау салалары бойынша ҚР жаңа заңнамалық актілерін дайындау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі болып, аса маңызды іске қомақты үлес қосты.
Ғылыми және педагогикалық қызметі кезеңінде Ерлан Арынның 200-ден астам ғылыми жұмыстары жарық көрген, бірталай еңбектері шетелдерде жарияланған. Е.М. Арынның жетекшілігімен және редакциясымен 9 томдық «Қазақтар» энциклопедиялық сөздігі, «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі» энциклопедиялары баспадан шығып, ғылыми жұртшылық пен педагогтар ортасында жоғары бағаланды.
Оның жетекшілігімен 30 шақты жас ғалым докторлық және кандидаттық диссертация қорғады, төрт шәкірті «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
Е.М. Арын бірқатар республикалық және халықаралық академиялар мен институттардың құрметті академигі, профессоры болып табылады. Ерлан Мұхтарұлын 1997 жылы бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанның 5 қоғамдық-саяси қайраткері арасында «Жыл адамы» деп атады.
Ол «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының және «Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясының» вице-президенті болып еңбек еткен. Ғалым әрі қоғамдық-саяси қайраткер ретінде қазақстандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуда.
ҚР Білім, мәдениет және денсаулықсақтау вице-министрі, Білім және ғылым бірінші вице-министрі, С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры қызметіндегі үздік еңбегі үшін Ерлан Мұхтарұлы Арын «Дарын» мемлекеттік сыйлығымен, «Құрмет» орденімен және бірқатар медальдармен, атақтармен марапатталған.
Арман ҚАНИ,
Павлодар қаласы.
Ерлан Арын Кереку өңіріндегі қазақ тілі және т.б. ұлттық мәселелерді нақты қолға алса екен.
Саяси қайраткер, ғалым Ерлан Арын облыстық мәслихаттың депутаты ретінде де Ертістің Кереку өңіріндегі аса елеулі істерді жүзеге асыруда жетекшілік рөл атқарды. Мысалы, Павлодар қаласындағы Дзержинский атындағы орталық көше атауын академик Қаныш Сәтбаевтың атына ауыстырылуына айрықша еңбек сіңірді! Ал бұл мүддеге қол жеткізу үшін қазақтың бүкіл ғылыми элитасынан бастап жергілікті зиялылар 6 жыл бойы империялық пиғылдағы топтармен алысқан еді...
Ел мандатын иеленген Ерлан Арын
Кей депутат Парламенттiң есiгiн
Жапқанда ертең,
Ел есiнде сақтай ма оның есiмiн?...
Мен ол үшiн арланамын!
Қауыштырған халық және
қалаулылар шешiмiн,
Рахмет саған, Ерлан Арын!
Қанекеңнiң даңқын көкке самғатып,
Сәтбаевтың салтын көпке жалғатып,
Ғаламшарға абыройын халықтың
Қайтадан бiр таныттың!
Дән риза ендi Отанына
Дәл өзiңдей ұл туған,
Ғарыштағы ұлы рухы алыптың!
Дәл өзiңдей ай маңдайлы марқасқалар барында,
Самғай бермек Қыран Бүркiт,
Жасай бермек Жарық Күн!
Дәл өзiңдей ұлағатты ұстаздардың жанында
Қанаттанған, талаптанған дарынға,
Тау басынан бұлт ыдырап бұлыңғыр,
Көкжиектен сырғып көшер сағым да!
Мәслихат пен Парламент те ынтық-ау
Дәл өзiңдей парасатты ғалымға!
Ел де құмар қаҺарманға дәл сендей
Ұлтжандылық қайнап жатқан қанында.
Тек депутат мандатынан
Халықтың
Мандаты артық!
Бұл сөзiмдi қабылда.
Түйiнделген мәселенiң барлығы
Шешiлмейдi Мәжiлiстiң залында.
Ау, халайық!
Өзiңдi-өзiң сыйласаң,
Көтер көкке Елдiгiңдi,
Тәңiрiңе табын да!
Сәтбаевтың жұлдызына бас иiп,
Алғысыңды бiлдiр Ерлан Арынға!
2002 жыл, желтоқсан.
Арман ҚАНИ
Ерлан Арындай ұлтшыл азаматтың Павлодар сияқты орысы ормандай сыңсып отырған, қандай мәселеде болмасын солардың мүддесі басымдық алып тұрған облысқа басшлыққа тағайындалуы стратегиялық шешім болды. 27 қонақ, Е. Арын ақтөбелік емес, Талдықорғанның тумасы. Әкесі Мұхтар марқұм Сарқант ауданында туып-өскен. "Жақсыда жаттық жоқ" деген сол: Мұхаң Ақтөбеде Жұбанов атындағы универде ректор болды. Ақтөбенің бай рухани мұрасын жаңғыртып, ғаламат жұмыс жасап, Ақтөбе жұртының алғысына бөленді. Мұхаң Ақтөбеде көп шәкірт тәрбиеледі. Солардың бірі бүгінгі ұлтшыл азамат - Ерлан Карин. Ерлан Арын да әкесінен көрген өнегесін жалғастырып, Керекуде кемел іс тыныдырып келе жатыр. Е. Арынның әкімдікке тағайындалуына А. Мусин ықпал еткен болса, әбден жараған екен. Азамат екен Аслан Мусин.
Адамды бүлдіру осы ода жазудан басталады. Халыққа қызмет етсе халық ондай адамды ешқашан ұмытпайды. Ерлан Арын әкім болса заман жүктеген міндетті ғана істейді. Сондықтан алдын ала шашбауды көтермеңдер, адамды істер ісімен бағала, егер халқы үшін қызмет еткен болса бір үлкен сауап істеген екен.
НҰРЛАН АСҚАРҰЛЫ НОҒАЕВ ТА ҚАЗАҚ ДЕСЕ ҚАЛТҚЫСЫЗ ЕҢБЕК ЕТУГЕ ДАЙЫН ТҰЛҒА.БҚО-ҒА ӘКІМ БОЛУЫ ОНЫҢ ОСЫ КЕЗГЕ ДЕЙІНГІ ЕҢБЕГІНІҢ АРҚАСЫ ДЕП БІЛЕМІЗ.3-4 ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ЖАС ЖІГІТ БОЛА ТҰРА ЖИНАЛЫСТАРЫ ТЕК ҚАЗАҚША ӨТЕДІ ЖӘНЕ ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫП СОЛ ТАЛАБЫН ОРЫНДАТА БІЛЕТІН САЛҚЫНҚАНДЫ САЯСАТКЕР.АЛДЫ СУЫҚ БОЛҒАНМЕН ЖҮРЕГІ ЖЫЛЫ АЗАМАТ.СОНДЫҚТАН НҰРЕКЕҢНІҢ КЕЛГЕНІНЕ ДЕ ОРАЛДЫҚТАР БЕК ҚУАНЫШТЫ.АЛ, ОНЫҢ КІМНІҢ АДАМЫ, ҚАЙ ЖАҚТАН ЕКЕНІНДЕ БІЗДІҢ ШАТАҒЫМЫЗ ЖОҚ.ЕҢ БАСТЫСЫ ЕЛГЕ ЕҢБЕК ЕТСЕ- СОЛ БІЗГЕ АБЫРОЙ!!!
Е. Арынды ақтөбелік, талдықорғандық деп беталды таласа бермеңдер. Ерекең өзіміздің Баянауылдың тумасы.
Баянбек.
Арман Қани осыдан 2-3 жыл бұрын Ерлан Арын сырттан келіп Керекуді бүлдіріп жатыр ,маңына өзіне жағатындарды жинайды.Елді бүлдіріп жатыр деп арыз жазып шауып жүретін еді. Павлодардағы талай қазақ жайын көтерген азаматтардың үстінен арыз жазып, құдайдан безгендігінен жеңіп жүрген біреу.ендігі сайрау-қай сайрау,әкімге жағам дегендік пе?!
Кереку деп айта бермеңдерші, айтсаңдар қораға кіріп кеткен әтеш елестейді. Оданда Кенесарының атын қойыңдар, ол болмаса Қазақстан, ол болмаса Ертіс деп қойыңдар. Бірақ кереку деп өздеріңді қорламаңдаршы. Оданда кереге деп айтыңдаршы.
Оу, абайлықтар! Саудабаевтың саудасы біткенін неге жазбай жатырсыңдар?
Арман Қани осыдан 2-3 жыл бұрын Ерлан Арын сырттан келіп Керекуді бүлдіріп жатыр ,маңына өзіне жағатындарды жинайды.Елді бүлдіріп жатыр деп арыз жазып шауып жүретін еді.
----------------------------
Өтірігіңе болайын! Интернетбатырсымақ маған ашық шық, әуселеңді көрейін!!!
kaniar@mail.ru
Арман Қани осыдан 2-3 жыл бұрын Ерлан Арын сырттан келіп Керекуді бүлдіріп жатыр ,маңына өзіне жағатындарды жинайды.Елді бүлдіріп жатыр деп арыз жазып шауып жүретін еді.
----------------------------
Өтірігіңе болайын! Интернетбатырсымақ маған ашық шық, әуселеңді көрейін!!!
C/н: Арман ҚАНИ
kaniar@mail.ru
ЕХ! КОЗОХТор.Вот почему НАН говорит о КАЗАХСТАНцах! Трайбали, басбас би, конечном итоге кикымы.Уровень феодализма с западным орнаментом. Видали мы таких в кино!
--------------------------------
Әлі де көрсетеміз саған трайбалдың қалай болатынын! Сендер қазақтың ұлттық құрылымын құртқыларың келеді, соны алашқа жау етіп, содан айырғыларың келеді, рулық-тайпалық қазақтың осалдығы емес, артықтығы, оның қанының тазалығы, ішкі демократия мен бәсекенің ұлт пайдасына шешілген керемет үлгісі! Өзге ұлттарда мапия мен құпия топтар ғана, қазақта ол біртұтас жарғыға бағындырылған, ұлттық танымға қаныққан тәңірлік супер ҚҰРЛЫМ!
Қырта бер, қырта бер тағы да қырта бер!
Қазақ ешқашан ру болып соғыспаған, тарихынан таба алмайсың! Қазақ бірігу үшін жіктеліп, жіктелу үшін біріккен! Ондай ұлт бұл заманда шашылмауының өзі сол алтын құрылымның мықтылығынан! Қазақ - адамзат баласының іріктелген ҰРЫҒЫ! Бұдан былай жұрттың бәрі сол ұрыққа құмартып, тұқым алуға ұмтылатын болады. Әсіресе, сен сияқты мәңгіүрттерге керек сол ұрық! Қазақ - кешегі ұлы түркінің кез келгенге сарып қалдырған ұрықтан пайда болған жұрнағы емес, Қасиетті шаңырағына қалдырған Самұрық жұмыртқасы!
Алшын - АШИНА!
#10-нның комментінде мән бар,тезекті біреуге қалатып,тамызықты біреуге құйдыру керек сияқты,шоқ көсейтін әйел табылар.Тап осы кәзірдің өзінде сол әкімшікке кіргенде қазақшалап барсаң сәлеміңді алмайтын жағдайда тұрғаны өтірік емес,олда өзге ұлт өкілі емес өзіміздің қазақ,енді қайтеді өмірінше орысша сөйлеп,орысша жазып келеді.Олда болса КПСС-тің сындарлы саясатының жемісі.Былай тартсаң өгіз өледі,былай тартсаң арба сынады,өгізді жемдеп,арбаны майласаң, жолын дұрыстатсаң (оныда сол мұжықтың өз қолымен жасау керек)шөп тасылады.Әрқашан мұжықпен айқайласып,өсіріп,көтеріп,қатты айтып берекет таппаймыз,жәй сөйлесеңде басынып кетеді,сол себепті анық-батыл,сенімді саяси жүйелі сенімді ой мықты қадам қажет.
Асықпай-ақ қой ағайын. Ерлан Арын Павлодардың атын өзгертпеймін деп елдің аптығын басты: Университеттегі соңғы жиналысында
Арын туралы білгенімді айтайын. Алдына 2-3 рет бардым, қоғамдық қозғалыс өкілі ретінде, тілге қатысты шаруалармен. Бір ретте қабылдаған жоқ. Басқа адамдардан еститінмін, өте бюрократ жігіт деп. 3 рет ПМУ-дың қабылдау комиссиясында болдым. 2 қызым сонда оқыған. 1 рет басқа баланың жұмысымен. Қабылдау комиссиясында барлық ақпарат рек орыс тілінде болды. Соны жазып кеңсесіне, мынаны ректорға беріңізші дегенімде: "Говорите на русском" деген, шовинистік пиғылдағы кеңсе басшысы қарсы алды. Ол әлі сонда отырған шығар. Ал көшелерді өзгертуге атсалысты деп естиім. онысына рахмет. Әкім болып павлодардың атын өзгертуге батылы жете ме, уақыт көрсетеді.
Руза Бейсенбай тегі Керекуден. Абай кз, шындықты өшірмеуіңізді өтінемін. Кінәлі емеспін жағымпаз емес екеніме, өтірікті жек көретініме
Мактаган Ерлан Арыннын арыны осымен таусылды. Келмей жатып коркактык корсеткен, Павлодардын атауын озгертпеймин деп орыстарга уаде берген Ерекен казак халкына колдау корсетпейтiнiне барiнiн козi жеткен шыгар. Ерлан Арын коп казактын намысын жерге таптады. Ерлан Арынсыз да Омiр жалгасын табады. Елбасымыз аман болсын ! Павлодар атауы ал-ак озгередi. Болат
Осы қызметке тағайындалардан екі-үш күн бұрын Ерлан Арынды "Хабардан" көріп қалдым. Өршелене сөйлеп, Жаңаөзендік мұнайшыларды айыптап отыр екен. Түңіліп кеттім. Биліктің нағыз құйыршығы. Одан ұлтымызға опа болады деп ойламаймын.
Жұмысына кіріспей жатып, мен Павлодардың атын өзгертпеймін, дегені қызық екен. Қамқоршысы А.М. қатты тапсырған, сірә. Қазақтардың аузын жап!, деген ғой. Қиялға беріліп үміттенбей-ақ қоялық. Бізде бәрән бір адам ғана шешеді. Арын әйтеуір қолынан келген жақсылығын істесе болды.Мына билік,лауазым дегендер пәле жаман ғой. Адамды адам танымастай өзгертіп жібереді. Аз-мұз билікке іліккен қаншама жолдастардан, достардан, туыстардан айрылдық.Қызметтерінен босап, қартайғанда қайтып оралар деп жүрміз.
Абай кз, және пікір оқитын барлықтарыңыздың алдында ыңғайсызданып отырмын. "Кінәлі емеспін жағымпаз емес екеніме, өтірікті жек көретініме" жазғаным ұшін, басқалар тек өтірік жазатындай.. Ғапу өтінемін
Бейсенбай тегі Руза.
Айтпақшы Арынға қатысты тағы біреуін ұмытып кетіппін. Әділдік ұшін жазып отырмын. Желтоқсанның 25-ін атап өту мақсатында мүшәйра, футбол қорытындыларын өткізу үшін зал сұрап хат жазғанбыз, бір деканы арқылы. Бергені үшін рахмет. Енді барлығын жазған сияқтымын.
Алшын Машина дейсің бе? супер құрдым сен айтқан жол! мамандығын жыныстық қатынасқа қатысы бар ау! Ей бейшара!Ұрығын арақпен темекіден шіріп кеткен баяғы да! Жұмыртқаң да күмәнім бар! Әйтпесе қыз келіндерің кетпес ед көрінгенмен!Қазақ бірігу үшін жіктеліп, жіктелу үшін біріккен дейсің бе? Не деп қуып кеттің оу! Түк түсінсем бұйырмасын? Ым да!Сөз жоқ айтар менде басқа!
Бизнес ашудың құпиясы мен ЖШС-ті тіркеу тәртібін білесіз бе?
Пікір қосу