Сайлау науқаны қалай өтіп жатыр? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Сайлау науқаны қалай өтіп жатыр?

Жәрдемші


Қаңтардың 15-і күні болатын Мәжіліс сайлауына әдеттегідей халықаралық бақылаушылардың  қатысатыны анық. Үйреншікті тәсіл бойынша, олар Қазақстан билігіне сын-ескертпе жасайды. Содан Еуропаға барып бізде өткен Мәжіліс әм жергілікті Мәслихат сайлауының қортындысын тапсырады. Қортынды жария болғанша, Қазақстан тағы бір сайлауға кірісіп кетеді. Оның үстіне бақылаушылардың ортасы да ала-құла. Мысалы, ТМД елдерінен келген бақылаушылар Қазақстандағы демократияның дәуірлеп кеткеніне таң қалып, бас шайқап аттанса, Батыстан келгендер басқаша пікірмен қайтады. Олардың пікірі содан соң саяси саудаға түседі. Батыс пен АҚШ: «Әй, Қазақстан, сендегі сайлау қашанғыдағыдай дұрыс өтпепті ғой?!», - десе  Қазақстан: «Әке, Бәке, біздегі жағдай осы енді. Сіздер сияқты демократияға жеткен жоқпыз. Ойбооой, сіздердегідей демокартияға иек артсақ бар ғой, бәрін қатырар едік.  Сондықтан бізге, батыреке, мұрсат бер. Кішкене есейіп алайық. Үйрене түсейік. Оған дейін сіздер де мына мұнай мен газды арзанға тұтына тұрыңыздар.  Сіздерге керек көп дінділік пен көп тілділікті әлімізше біз де дамыта, далита түсеміз. Моноұлттылықты еш танымаймыз, біз қашанда көпұлтты Қазақстан болып қала береміз», - деп ләппайлайды. Көрдіңіз бе, бақылаушылар беретін бағаның арты неге саятынын?  Демек, қандай науқанның да бас бақылаушысы, қалт жібермес қадағалаушысы халықтың өзі болуы керек. Былайғы уақытта саясатқа салғырт қарағанымен, тап сайлау кампаниясының қазаны қайнай бастаған тұста халықтың қалғымай жүргені абзал. Оқы, қара, құлақ түр. Әр үміткер не деп жатыр? Нені уәде етпек? Өзіңе не керек? Алаңсыз өмір сүруің үшін қара басыңа не қажет? Осының бәрін сарапқа сал. Сен сайлауда - электоратсың. Сенің дауысың қымбат. Сенің нарқыңның өсетін кезі - осы кез. Ендеше, өзіңді өзің бұлдап қал. Алдағы бес жылдың бедеріндегі сенің заңдық, құқықтық еркің таяу күнде өтетін Мәжіліс сайлауының нәтижесіне барып тіреледі. Ұлт болып жаңа сапаға көтерілеміз десек, сайлаудың да сапасын өз қолымызға алуымыз керек. Ендеше, есті жұрт, айнала төңірегіңнен көрген-баққаныңды ортаға сал, ашық айт: сайлау науқаны қалай өтіп жатыр?

«Абай-ақпарат»

 

Прикрепленный файлРазмер
photo_38623.jpg92.62 кб

 




Мәжіліс пен мәслихат сайлауынан байқағаным қатыным үйде қонбайтын болды. Бұл өзі немене қатындар қатыспаса өтпей қалатын сайлау ма? Менің қатыным мұғалім. Байқұс екіетек болып елдің үйін аралап шауып жүр, қой десем қоймайды. Құтырып алған әбден. Әлде робот болып кеткенбе білмеймін.

Қарақожа



бүгінгі аспанымыз бұлынғыр болғанымен ертенде басымыздан бұлт сейілер қыран тектес қазағымның қырағы ұлдары мен қылықты қыздары тәуелсіз елімізді азуынайға білеген айбатты қасқыр тектес тумысынан тектілік дарыған елге айналдырар деп сенемін,
11-сынып оқушысы Ырысбек самғат талғар қаласы18-мектеп



Әй, Ырысбек қалқам, айналайын, жазуда үтір, нүкте деген болады. 11 сыныпта оқисың ғой, дұрыстап жазшы. Жалпы, ниетің дұрыс, рухың мықтың жігітке ұқсайсың. Қайнап тұрсың. Тек, мынау жазудағы сауат жағына көңіл бұрғайсың жарайды ма? Сайлау алды науқаннан менің де көріп жүргенім көп. "Нұр Отан" қазір тізгінді сәл тежеп жарнаманың бәрін "Ақ Жолға" беріп қойған сияқты. Демек, мәреден "Ақ Жол" екінші болып өтеді. Оған күмән жоқ. Енді осы партия шын мағансында алашордашылардың ізбасарлары бола білсе, онда "Ақ Жол" ұлттық, халықтық партияға айналады.
Сыбай



Сыбай, перуашевқа көзіңізді ашыңқырап қарамайсыз ба? Қоғамдық орыстілді мемлекеттілікті көздейтін, және беріліп жатқан тәуелсіздікке тосқауыл болғысы келмейтін НО нақтылы баламасын көрмеуіңіз қызық екен?
Кешіріңіз, ойымдағысы сол, Руза



31 желтоқсан күні, түнгі сағат 23:30 да, Тараз қаласының орталық "Достық" алаңында Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентіне үміткер Момышев Болат Амангелдіұлы және "АҚ ЖОЛ" партиясының жергілікті Маслихат депутаттығына үміткерлері бастаған бір топ мүшелері "Жаңа жылға АҚ ЖОЛМЕН" деп аталатын спорт жарысын ұйымдастырды.
Жарыс 1километр аралыққа жүгіру түрінде өткізілді.
Жарыстың мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау және келіп кірген 2012 жылда жұртшылықтың жақсы көңіл күйін қалыптастыру.
Жарыс қызықты өтті. Жарысқа қатысқан азаматтарға дипломдар мен "АҚ ЖОЛ" партиясының логотипі бар шоколадтар берілді...
Осы кезде "Достық" алаңында демалып жүрген Тараз қаласының тұрғындарына "АҚ ЖОЛ" партиясының облыстық сайлау штабының үгіт-насихат тобы "АҚ ЖОЛ" партиясының сайлауалды үгіт-насихат материалдарын таратты, жұртшылықтың сұрақтарына жауап беріп, тұрғындардың барлығын "АҚ ЖОЛ" партиясына дауыс беруге шақырды...
Жамбыл облыстық сайлау штабының пресса қызметі



Астапыралла!
Мені таң қалдырып, талдырып түсіріп жүрген бір ғажап бар. Ол- Нығматуллин!
Алла-ай, Алла-ай, қалай-қалай зуылдатады десейші! "Нурсултан Абишулы" дегендегі дауысын-ай, және осы атты атамаса сөзі аузынан шықпай қалатын сияқты.
Қайтсін-ай енді, тез-тез, зу-зу болсын дейді де бәрін!
Қысып-қысып, сүйіп-сүйіп алғың келеді екен жүдә!



Мен сайлауға барып, блютенді бүлдіріп тастаймын Наразылығымызды бүкіл әулетімізбен осылай білдірмекпіз.



7ге!!

Мен қандастырымды сайлауға міндетті түрде барып, бірақ бюллетеньді шимайлап кетуге шақырам.
Себебі сайлауда дауыс беретін қазақты ойлайтын есі дұрыс партия жоқ.
Нұр отан, ақжол, әділет, патриоттар – бәрі бір партия.
Биліктен еш айырмашылығы жоқ Азат деген партия бар. Кезінде бәрі билікте болған, сол билікпен бірге халықты аямау тонаған, тура біздің сияқты шала қазақтар.
Дауыс беретін жалғыз партия бар еді, билік оны да сайлаудан шеттіпті. Ол партияға тек Шаханов үшін дауыс бермекші болғам...

Ал сайлауға бармай қойсақ дауысымыз автоматты түрде нұр отан, ақжол немесе әділетке жазылады. Соған жол бермеу ушін бюллетеньге өзіңіздің риза болмай жүрген нәрсеніңізді жазып кетіңіз.
Ең болмаса осындай жолмен қарсылығымызды білдірейік!



Жүргеміз сол жыл сайын сайлау. Рахат.



Жаппай заңсыздық жайлаған біздегі сайлауларды.



8 дұрыс айтасыз! Ертең бюллетендерді бүлдіруге шығайық жаппай....



Сайлау біздін жақта сайлау жақсы болып жатыр сендерді қайдам



неге олай дейсіндер Нұр отан жаксы ғой,Жаңаөзендегі жағыдайды реттеген сол Нұр Отандағы Біздін ағамыз Н.Назарбаев емеспа.



You've really irpmessed me with that answer!



4TWwy4 , [url=http://uaawwthczpgr.com/]uaawwthczpgr[/url], [link=http://xhlfsxjvbuba.com/]xhlfsxjvbuba[/link], http://cpxcmpfydgcr.com/



http://www.accuratelifeinsurance.com/ affordable life insurance 07197 http://www.homeownerscover.com/ home owners insurance quote =]]



http://www.car-insur-online.com/ car insurance 223837 http://www.insurersplans.com/ auto insurance quotes :[[[ http://www.gethealthinsurers.com/ cheap health insurance 229



http://www.quotesmanager.net/ affordable car insurance :-]]] http://www.lifeinsurquotes.com/ life and health insurance 481137 http://www.affordinsurance.net/ buy car insurance online jkrwsa



http://www.carinsurtoday.com/ cheap car insurance %-D http://www.healthprovidersdeals.com/ health insurance quotes tyurwq http://www.autoinsurdeals.net/ car insurance qoutes 131391



http://www.allhealthinsurers.net/ cheap health insurance keaojl http://www.allstatesquotes.com/ nj car insurance dltsmz http://www.carinsurplace.com/ free car insurance quotes ggcen



http://www.allhealthinsurers.net/ affordable health insurance ibna http://www.car-insur-online.com/ car insurance >:O http://www.healthprovidersdeals.com/ health insurance quotes %-[ http://www.findmedicationeasy.com/ buy accutane %-))



http://www.allhealthinsurers.net/ cheap health insurance 9789 http://www.searchinsur.com/ insurance auto hnzd http://www.takepills.net/ apothecure and colchicine and ajj http://www.lookformeds.net/ cialis 4763



Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
8 + 8 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>