Рим Папасы Бенедикт ХVI | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Рим Папасы Бенедикт ХVI

Жәрдемші


Саудабаев министрлігінің әлі суып үлгермеген жаңалығына сенсек, Рим Папасы Бенедикт ХVI биыл айды аспанға бір-ақ шығарып, христиандықтың құтмекені - Ватикан төрінен қазақ тілінде (!) құттықтау жолдамақшы көрінеді. Естеріңізге сала кетсек, жыл сайын, Рождество мерекесіне орай Ватикандағы әулие Петр алаңынан бүкіл адамзат баласына арналған Жолдауымен Рим Папасы шығатынын білеміз. Қолына шырақ ұстаған пірәдарлар қауымында Жолдау оқылысымен, Бенедикт атамыз әлемнің түрлі тілдерінде жазылған мерекелік құттықтауларын тізіп, оқи жөнеледі. Міне, сол таңдамалыға биыл қазақ тілі де еніпті. Мұны Қанат Саудабаевтың пиар жасаудағы талантының шырқау шегі дейміз бе, әлде қазақша сөйлеп, қабырғамызды санап көретін миссионерлік әккі деп жоримыз ба? Айта кетерлігі, бұл жоралғыны 25 желтоқсанда, рим уақытымен 12- 12.45 аралығында (Астана уақытымен  +5 сағат) әлемнің жүзден астам елі тікелей трансляция арқылы тамашалайтын болады.

 


 




сөйледі ғой жетістіріп



Рим Папасын сөйлеткенше, өзі неге дұрыстап сөйлеп алмайды қазақшаны Қанат Саудабаев? Мемлекеттік тіл қорының бір жылдық қорытынды жиынындағы сөзін естідік қой, айтқандарын өзінен басқа ешкім түсінген жоқ.

Ербол, "АЛТЫ АЛАШ" жобасынан.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>