Бесінші сайланған Парламент көппартиялы болды деп, мұны демократияға балап жатырмыз. Енді «демократияны дамытпай жатырсыңдар» деп кінә тағатын Американың болсын, Батыс елдерінің болсын, аузына құм құйдық десек, онымыз бола қояр ма екен? Өйткені демократия дегеніміз - көпшіліктің азшылықты бағындыруы емес. Олай болса, біздің көпппартиялы Мәжілісте демократияның осы принципі бұзылып отырған жоқ па? Бұл сұраққа жауап беру үшін халықаралық тәжірибеге назар аударып көрелік. Батыс елдерінде халықаралық тәжірибе бойынша Парламент көппратиялы болған жағдайда оны басқаратын спикер өзі мүше партияның ғана сойылын соқпауы үшін спикер болған мезгілде белгілі бір партияға мүше болмай, одан шығуы тиіс. Бұл үрдіс Ұлыбританиядан басталып, ол халықаралық тәжірибеде қолданылатын болды. Ал, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы болып сайланғанмен, «Нұр Отан» партиясының мүшелігінен шықпады. Мәжіліс өткен шақырылымдағыдай бір партиялы емес, көппратиялы. Олай болса, демократия принципі бұзылып отыр. Мәжілістің жаңа құрамының жасақталуы туралы философия ғылымының докторы, профессор Аманкелді Айталы:
«Демократия - дегеніміз көпшіліктің диктатурасы емес, азшылықты сыйлау. Демократия бойынша палата спикерінің біреуі оппозициядан болуы керек еді. Бұл үрдісті де Мәжіліс сақтамады. Бір партияның билеп, төстеуі осы шақырылымда да көрініп тұр. Демократияның азшылықты сыйлаудың бір көрінісі ретінде комитеттердің біреуін басқаруды оппозициялық партияға беру қажет еді. Олай болмады, жеті комитеттің де төрағасы «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттар. Мен тіпті, мынаны айтар едім: Халықаралық тәжірибені былай қойғанда, біздің қазақтың дәстүрлі демократиясында «төбе би» болудың бар екенін неге еске алмасқа? Сол себепті бұл Мәжіліс бірнеше партияның өкілдері болғандықтан, түрі демократиялық болғанмен, мазмұны авторитарлық болып қала беретінін қайталап айтамын. Бір партияның монполиясы, идеологиясы, осы үрдіс осылай бола береді».
Біз қоғамға демократияның үлгісін көрсете алмадық. Осыдан кейін Мәжілістің осы үлгісін мәслихаттар да ұстанады. Біздің Қазақстандағы парламентаризмнің дамуының мардымсыздығы осындайдан. Және Мәжілістің ең бір кемшілігі билікке өте жақындығын айтпай қалуға болмайды. Мысалы, әр сайлау сайын депутаттардың жартысы жаңарып тұратын болса, оның астарында тәжірибесіз адамдарды алып келіп, соларды пайдалану арқылы көптеген заңдарды өткізу саясаты бар. Әлемдік тәжірибеде Парламентті 10 пайыздан артық жаңартпайды. Америкада, тіпті, кейде 5 пайыз ғана ауысады. Сенаторлар көп өзгере қоймайды. Парламентке 35-40 жасында келіп, 70-80 жасқа дейін отыратындар да бар. Мемлекет депутаттардың тәжірибелілігін өте жоғары бағалайды. Жаңару жетістік емес, керісінше үлкен кемшілік. Осы жолы да біздің парламент көптеген тәжірибелі депутаттардан айрылып қалды. Оның есесіне көптеген тәжірибесі жоқ адамдар келді. Бұл да әлемдік тәжірибемен үйлеспейтін үрдіс, - дейді.
Жалпы, демократия Қазақстан Парламенті үшін ұстатпайтын сағым іспетті. Мәжілісті «демократияны дамытамыз», деп таратамыз, одан соң қайта құрамыз, осылай Мәжіліс таратылумен келеді. Ендігі жерде қазақстандық өз демократиямыз Парламенттің іргесін бекіте қойса...
«Абай-ақпарат»




Оларға тәжірибе не үшін керек. Ақша алып, не айтса соған қол көтеріп, келісіп отыра беру үшін барды. Бұл жерде тек өңшең жағымпаздар мен ұрлықшы байлар барып отырды. Демократиямен т.б.-мен істері жоқ олардың. Ол жер демалу үшін баратын жер, мәңгүрттерге, жағымпаздарға, ұрлықшы байларға арналған жер болды ғой. Халық үшін, елі мен жері үшін, тілі үшін күресетін жұмыс істегісі жандар ол жерге бара алмайды, бармайды да.
Самат
Мәжілісті «демократияны дамытамыз», деп таратамыз, одан соң қайта құрамыз, ------------------------- беттері былш етпей сол сурет шыға қояды - суретінде су болғырлар, түк ұят жоқ... Үкілеп құрғанды, үркітіп, қуалап тарататын кез де келер...
Көк Тәңірісі - Тәңірінің Тұқымы жоқ, заты жоқ. Жер Тәңірісі Темірдің Тұқымы - түрік, заты - от!
Мемлекет депутаттардың тәжірибелілігін өте жоғары бағалайды. Жаңару жетістік емес, керісінше үлкен кемшілік. Осы жолы да біздің парламент көптеген тәжірибелі депутаттардан айрылып қалды. Оның есесіне көптеген тәжірибесі жоқ адамдар келді
--------------------------------
Жарайсың, Рәзиға! Сараптамаға көшіпсің, ол ауылда да қара жаяу шықпапсың
Демократия - дегеніміз көпшіліктің диктатурасы емес, азшылықты сыйлау.... Онда біздің ел нағыз демократияшыл ел. Дәлел: көпшілікті құрайтын халықта байлық жоқ, азшылықта бар, көпшілікті құрайтын қазақта жер жоқ, азшылық келімсектерде жер бар, көпшілікті құрайтын қазақтың тілі емес азшылықтың тілі сыйланады, көпшілік ұры.... десе азшылық нұрОтан дейді т.с.с. Демек бізде демократия бар. Бозғыл.
қиқым-сиқымнан жиналғандардан не күтуге болады.ит үреді керуен көшеді.
Батыстықтар адамның тәбиғаты жауыз делінеді. олардың танымында әуелгі күнә ( Первородный грех дей ме орысшы) деген ұғым бар. сондықтан адамддар дүние *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*қа да таласады, тартысады. таласа, татыса келіп заң құрылып теңшеледі, Конституционализъм дегенде "қазанның құлағын ұстамаса да, оған жақын адамдардың қиянат ісеп қоймауы үшін ізденістер нәтижесінде пайда болған екен.
ал шығыстықтардың танымында, адамның тәбиғаты ізгілік делінеді.сондықтан да Конституционализъм шығыста тумаған...
бок деген де бейәдеп сөз бе??
Мен казахпын!
Итпин мен,есекпин мен,
Еш пайдасиз,
Шаршадим создериннен,
Куле алмаймын,
Кун турилмес кокрегимнен!
Елим бар, бирак еси жок
Жерим бар ма,билмеимин, иеси коп.
Дини жок
Тили жок
Рух ошкен
Намыс жок!
Мен казахпын!
Итпин мен,есекпин мен,
Еш пайдасиз,
Шаршадим создериннен,
\„Демократияның азшылықты сыйлаудың бір көрінісі ретінде комитеттердің біреуін басқаруды оппозициялық партияға беру қажет еді.„\
Бұл құрамнан қайдағы оппозицияны көріп тұрсыз? Екеуі де нуратанның ресми емес филиалдары емес пе, екеуі де уратанның рұқсатымен және шешімімен, ЖСДП-ның дауысын ұрлау арқылы мандаттарға ие болып отыр емес пе...
ӨКІНІШТІ әрине!
Исматулланың сотынан кейін, билік басты мәселелерден елдің назарын алып кету үшін және өз кемшіліктерін жасыру мақсатымен кімді құрбандыққа шалуы мүмкін деп ойлайсындар???????? Сценрарий дайын. асЛАН МУсиннің қолымен от көселгелі жатқан сыңайлы. Жана өзен оқиғаларынан соң бір АЙХАЙ керек боп тұр билікке.
Мен. Құдай алдында Мұқтар Шаханов ағамыздан шын пейіліммен кешірім сұраймын. Пендешілікпен оның атына бірнеше күманды пікірлер айтқаным үшін кешірім өтінемін. Сізбен келіспейтін мәселелерім аз емес, бірақ Сіз бүгін өзіңізді нағыз азамат, бізге аға, балаларға ата, қазақтың қайыспас Қара(Ұлық) шалы, ұлттың мақтанышы ретінде көрсеттіңіз. Қарымаңыз, шаршамаңыз, қамықпаңыз Мұхтар аға!
Бүгінгі жазылған марапатты жарнамалар мен жарапазандар қарын тойдырғанша ғана, тарих ертең жазылады. Мен сол тарихымыз Тұлғасыз қала ма деп қорқушы едім. Құдайға шүкір, бүгінгі Сіздің баспасөз орталығындағы сөзіңіз, сотқа шщақырту қағазын алып жатқандағы келбетіңіз, соттан соңғы мұңды жүзіңіз мәңгі тарихымыздың асыл беттеріне айналады. Мұңды жүзіңіз... ия, мұңды жүзіңіз. Сіздің жүзіңізді "балақтағы биттің басқа өрмелегені", қасиетсіздердің парықсыздығы мұңайтқан шығар? Ал, ол бүгін мыңдардың жүрегіне нұр болып енді, ертең миллиондар үшін ұлтына деген мақтаныш символына айналары анық. Өйткені сіздер дарасыздар, азсыздар. Мен сіздерге сол үшін қапалы едім. "Неге, Неге, Неге?"-деп, негенің көкесін сын сағатта көрсеттіңіз. Рахмет аға! Абай кз жігіттерінен өтінішім, осы хатымды Мұқтар ағаға жеткізсеңіздер екен.
БИЛІК БӘРІН ҚОЙЫП ЕНДІ МУХТАР АҒАМЫЗҒА АУЫЗ САЛДЫ ҚЫМБАТТЫ ҚАЗАҚТАРЫМ ОДАН БАСҚА ҚАНДАЙ МЕНСІНБЕУШІЛІК КЕРЕК КІТАПТЫҢ БЕТІН АШЫП КӨРМЕГЕН ӘКЕСІНІҢ АТЫН ҚАТЕМЕН ЖАЗАТЫН САУАТСЫЗДАР КЕШЕ ДЕПУТАТ АТАНДЫ ЕНДІ КЕРІ КЕТУ БАСТАЛАДЫ САБЫР ТІЛЕП ОТЫРА БЕРЕМІЗБА
Отыра бермейк ! Турайық! Шарашасақ жатайық!Қазақтардың қымбаты элита деп аталады! Қайтадан турайық! Отырайық! Жатайық! ҚАЗАҚстандық болдық қо!
НЫҒМАТУЛИН ӨТІРІК МАҚТАП БӘРІНІҢ БОҒЫН СҰЙЫЛТЫП ЖІБЕРДІ
Оған несіне тан боп отырсын? Сен айта бер олар шаруаларын жасай береді. Сенің барар жерің жоқ, амалсыз көнесің де отырасын, ал олар, әлдекалай боп жатса, шет кашып кетеді.(кешір, мынау улен сиякты болып кетті ә!)
life insurance for seniors 397043 ultram enr
online car insurance 260858 homeowners insurance :-PP classic car insurance =O auto insurance quotes tnmu
cheap health insurance 279008 auto insurance rates 62262 carinsurance upt health insurance quotes liyhe
cheap health insurance prmtww online auto insurance quotes 79684 life insurance policy 45217
cheap car insurance >:-)) cheap health insurance cvbca homeowners insurance 309
empire health insurance 189120 car insurance >:-P cheap car insurance 8P
Пікір қосу