Сайлау өткенмен, сайлау туралы сөз басылар емес. Әдетте біздің елде сайлаудан кейінгі сөздің шоғы сөнбей, оның жылуы келесі сайлауға дейін жетіп жатады. Бұл жолы да сөзге тамызық болар жағдайлар аз болмағаны тағы белгілі. Сайлауға баға бермегенмен, оның кейбір тұстары туралы өз пайымдауларымызды ортаға салып көрелік.
Қазақстан үшін көппартиялық Парламент таң емес. Партиялық тізіммен сайлауға көшкенге дейін республикадағы кез келген партия мүшесінің жеке мандатпен Парламент депутаты болуына мүмкіндігі бар болатын. Және олар ол мүмкіндіктерді пайдаланып келсе, партиялық тізіммен сайлауға көшу бұл мүмкіндіктің жолын кесті. Енді қандай да бір партияны Парламентке әкелуді немесе келтірмеуді билік қолына алды. Діттегеніне жету үшін әкімшілік ресурстарды қалай пайдаланса да мүмкіндіктері бар. Осы жолы да Мәжілісті көппартиялық жасаудың сценарийімен жұмыс істей отырып, сол мүмкіндіктерді қалт жіберген жоқ. Мысалы, әуелден-ақ, «Руханият» партиясының өтетініне кейбір саясаткерлер күмәнмен қарап, өз болжамдарын айтса, ол шындыққа айналды. Саудаға түскен «Руханият» ақыры орта жолда сайлау додасынан шығып қалды. Ал, бұл партияны тіркеп, одан кейін оның күшін жойып, Орталық сайлау комиссиясы орындаушылық қызметін атқарды. Қалай десек те, орайы келмегеннің де орайын келтіріп жіберетін билік орайы келген сәтті құр жібермегенмен, әлсіздігі де көрініп қалып жатты. Мысалы, Жаңаөзенде сайлаудың болу, болмауына қатысты екі шешімнің жасалуы да биліктің мықтылығы емес.
Сайлау алдында кейбір саясаткерлер билік әкімшілік ресурстарды пайдалануда оны көзге бақырайтып көрсете қоймайтын технологиясына көбірек басымдылық беруі мүмкін екенін айтса, осы ретте «Нұр Отаннан» басқа партиялардың да үгіп-насихат жұмыстарын жүргізуіне бұрынғы сайлауларға қарағанда кеңшілік бергендей болды. Дегенмен сайлау қорытындысына келгенде тізгінді босатқан жоқ. Сонымен, «Нұр Отан» 80 пайызды еңсеріп тастады.
Сөйтіп, билік париясы өзінен қалған 15 орынды «Ақ жол» мен Коммунистік халықтық партиясына бөліп берді. Бұл екі партияны да Мәжілісте фракция құра алмайтындай діңкелетіп қойды. Әйтсе де, бұл екі партия аздық етсе де, Парламентке өзім дегендерді алып келуге мүмкіндік алды. Соның ішінде өзім дегенде миллиондап тастайтын қалталылардың жолы болса, кезіндегі Компартияны екіге жарып тастап құрылғанмен, жағаға шығып қалған Коммунистік халықтық партияның басына бақ қонды.
Осы жолғы сайлау сырт қарағанда, Ресейдің сайлауына ұқсайтын сияқты. Оларда Компартия жақсы көрсеткішке жетсе, біздің Қазақстанда Мәжіліске келуге мүмкіндік алды. Бірақ бұл жеңіске партия өз беделімен жетті деу қиын. Себебі Коммунистік халықтық партияны орыстардың Коммунистік партиясымен салыстыруға келмейді. Біздің елдің кейбір саясаткерлерінің айтуынша, Ресейдің Коммунистік партиясы - мықты партия. Ол партияда көптеген ғалымдар, оның ішінде Нобель сыйлығының иегерлері бар. Ресейде барлық ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, зиялылар Коммунистік партияға дауыс берсе, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы әлсіз. Партияның халықтың арасында бәлендей бір имиджі жоқ болса да, басқа партияларды саралап келгенде, билікке жақын партия - осы партия болғаны анық. Әрі президенттік сайлауға қатысқаны бар. «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев осыған байланысты: «Билік пен Коммунистік халықтық партиясының арасындағы жылы шырайлылықтың бар екені бірінші жыл ғана емес. Коммунистік халықтық партиясы 2011 жылы өз кандидаттарын Президент сайлауына түсіріп, сайлаудың легитимді болуын қамтамасыз етіп, мемлекет басшысын қолдауы да осыны дәлелдейді. Бүгін билік жақсылықты жақсылықпен қайтарды», - дейді.
Бақылаушылардың бәрі бірдей емес
Анығына келгенде сайлаудың тыныш, бұрмалаусыз, әділ өткені оған қатысқан саяси партияларға ғана емес, халыққа да керек. Сайлау әділ өтпесе, наразылықтарын білдіріп, айқайламағанмен, халықтың билікке сенімі төмендейді. Үндемегенмен, үндемеудің астарында үйдей пәле жататынын да ескерген артық болмайды. Әдетте «сырттан келген бақылаушылар заң бұзушылықтарды көрген жоқ, бәрі әділ, таза өткенін айтып кетті», деп сайлаудың әділ, жақсы өткенінің кепіліндей етіп бақылаушыларды көзір етіп жатамыз. Осы жолы да - сол. Дегенмен бақылаушылардың бәрі бірдей емес. Оның ішінде сайлаудың кемшіліктерін көріп қойған қырағылары да бар. Мысалы, ТМД бақылаушылары сайлаудың жақсы жақтарын ғана көріп, мақтап кетсе, Американың бұл сайлауға берген бағасы бұрынғыдан да төмен болды. ОБСЕ бақылаушылары да сайлаудың демократиялық принциптерге сай өтпегенін тағы да еске салды. Тіпті, «Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық желісі» қоғамдық қоры сайлау ың-шыңсыз өткенмен, дауыс қорытындысын әділдікпен нақты шығаруда сенімсіздік туғызатын көптеген бұрмалаушылықтар болғанын хабарлады. Анықтап айтқанда, бюллетеньдерді тастап жіберу, бірнеше қайта айналма дауыс беру, отбасылық дауыс беру, үйден дауыс беру өтініштерінің аса көп болуы, сайлау учаскелерінде бақылаушылардың қозғалысын шектеу, хаттамаларды бермеу, жасырын дауыс беруді бұзу және тағы басқа да бұрмалаушылықтар бар.
Сондай-ақ, сайлау кезінде аса дөрекі заң бұзушылықтарды анықтауда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жедел әрекеттер жасамауы да бақылаушылардың алаңдаушылығын туғызды.
Бақылаушылар алаңдағанмен, билік алаңдар емес. Енді бұдан былай келіп алып, тырнақ астынан кір іздейтін бақылаушылардың біздің елге жолы бола қоймас. Оларға теріс қарайтын болдық.
Демократиялық емес, автократиялық
«Ақ жол» демократиялық партиясы орталық кеңесінің мүшесі, философия ғылымының докторы, профессор, әлеуметтанушы Амангелді Айталы:
- Бұл жолғы Мәжіліс сайлауы бұрынғыларға қарағанда бір жағынан қиын болды. Себебі биліктің партиясы «Нұр Отаннан» басқа партиялар аяқ астынан бұл сайлауға дайын болмады. Ал, «Нұр Отан» - Президенттің партиясы. Бұқаралық ақпарат құралдары қолдарында. Қаржысы бар. Сондықтан «Нұр Отан», сөз жоқ, елге үнемі өздерінің пікірлерін насихаттап, көзқарасын жеткізіп келді. Шынын айтқанда, басқа партиялар - бұған дейін шеттетіліп келген партиялар. Олардың биліктің партиясындай бұқаралық ақпарат құралдарына шығу мүмкіндіктері болмағандықтан, өте сирек көрінді. Сондықтан олардың сайлауға дайындығы «Нұр Отанға» қарағанда төмен, тіпті, билік партиясының дайындығымен салыстыруға келмейді. Қаржысы да көп емес. Жалпы, «Нұр Отаннан» басқа партиялардың мүмкіндіктері Президенттің өзі басқарған партиядай бола алмайтыны айдан анық. Мұнымен қоса сайлауға қатысқан саяси партиялардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мерзімі Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекесімен, Жаңа жылмен, христиандардың Рождествосымен қатар келіп, олардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін шектеді.
Ал, енді сайлаудың қорытындысына келсек, сайлаудан бұрын да, сайлау өткен күнде де әрбір партия өзінің мүмкіндіктерін жоғары бағалайды. Содан да сайлаудың қорытындысында постсоциалистік кеңістікте: «мына партия сайлауда ұтты ма, санауда ұтты ма?» - деген сұрақ беріледі. Бұл сұрақтың астарында үлкен күмән бар. Сырттан келгендерге, мысалы, шетел бақылаушыларына біздің елдегі сайлау демократиялық жағдайда өтіп жатыр, шектеу жоқ. Себебі шетел бақылаушылары екі-үш сайлау учаскесіне барады. Онда сайлау процесі өзінің ретімен жүріп жатқан тәрізді көрінеді. Негізінен, сайлаудың тағдырын сайлаудан кейінгі санау шешеді. Осы санауға келгенде, «Нұр Отаннан» басқа барлық саяси партиялардың көңілінде сенімсіздік тұрады. Себебі сайлауды жүргізуші билік, жүргізетін «Нұр Отан» партиясы. Бұрынғы сайлауларда да, оның ішінде Президент сайлауларында да біздің оппозициялық партиялар санаудың қорытыдысы бойынша жария етілген көрсеткіштер жасанды, деп оған сенбеді. Осы сайлауға да сенбейтіні анық.
Шынына айтқанда, биліктің партиясы өздеріне халықтың қаншалықты сенетінін өздері білмейді. «Облыстық, аудандық учаскелік сайлау комиссиялары, қалай болғанда да, сайлаудың көрсеткішін билік партиясына ыңғайлап көрсетуге тырысады», деген пікір кең тараған. Және бұл пікірді тарататын сол сайлау учаскелеріндегілер. Тіпті, кейбір әкімдер өздерінің: «Сіздердің жағдайларыңызды түсінеміз. Сіздерге өз басымыздың қарсылығы жоқ. Тек біздер тапсырма алдық», - дегендерін талай естідік. Бұл жолғы сайлау кезінде де осындай сөз айтылды. Міне, сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілікпейтін, бақылаушылардың көзіне түсе қоймайтын, сайлауды қорытындылайтын санау мәселесіне келгенде, үлкен күдік бар. «Нұр Отан» біздің, ақжолдықтардың, басқа да партиялардың түсінігінше, сайлауда берілген дауысты Президенттің рейтингісімен өлшейді. Анығында, бұл дұрыс емес. Мысалы, елу пайызға жақын дауыс алған Ресейдің «Единая Россия» партиясы мен Президенті Медведевтің рейтингісі бірдей емес. Партияның рейтингісі - бөлек, оның көшбасшысының, Путиннің рейтингісі бөлек мәселе. Алайда бізде осындай тенденция бар. Сонымен, Президенттің алдына жақсы атты болу үшін де бұрмалаушылықтың болатыны белгілі.
Кезінде әкім болған бір депутаттың: «Президент сайлауында басқа облыстарға қарағанда біздің облыстың көрсеткіші төмен болды. Бірақ бұл Президентке қарсы берілген дауыс емес. Бұл - саған қарсы берілген дауыс. Сен жұмысты нашар ұйымдастырдың. Сенің елде беделің жоқ», - деп, мені тұқыртты, деген сөзі есімде. Шын мәнісінде бұл - сайлауды таза өткізген адам. Сайлауды әділетті өткізген өңірлердің басшылары билікке осылай жақпай қалады.
Осы мәселелер төңірегінде елде әңгіме бұрын да бар еді, әңгіме бұл сайлаудан кейін де болады. Осыған байланысты сайлауда тиісінше дауыс алып, Парламентке келген партия сайлаудың қорытындысымен келісер, ал, келмеген партиялардың да айтатын өз уәждері бар. Осылай сайлауға қатысып дауыс бергендердің де, дауыс бермегендердің де арасында наразылықтырдың көп болатыны белгілі.
Бұл сайлауда Мәжіліске «Ақжол» партиясынан 8 адам, Коммунистік халықтық партиясынан 7 адам өтті. Мен мұны имитация, жасанды демократия деймін. Өйткені сайлау қорытындысында жеңіске жеткен үш партия Парламентке барды, дегенмен, бұл сырт көзге, көппартиялық жүйе, демократия деу үшін. Шын мәнісінде, «Нұр Отан» сайлау комисиясы арқылы 80 пайыздан аса дауыс жинаса, Ассамблея арқылы сайланған 9 депутат та «Нұр Отаннан». Сонымен, авторитарлық жүйе сақталып қалды. Дегенмен сырт көзге көппартиялық Парламент деп айтуға негіз болды. Түрі демократиялық, мазмұны автократиялық Парламент келді. Сол себепті бұл Парламенттен аса бір өзгеріс, жаңалық, бетбұрыс күтуге болмайтын сияқты. Дейтұрғанмен, өзінің уақытымен келіп, уақытымен жұмысын аяқтайтын Мәжіліс керек. Осы ретте Мәжілістің жүгі ауыр. Сондықтан ұзағынан болсын дейік. Халық мәжіліске өмірі қысқа болмас па екен, деп қорқа қарайтын болды ғой.
Әлем өзгерді...
Тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы Әзімбай Ғали:
- Бұл сайланымда Парламентке оппозициялық партиялар келді, деп формалды түрде айтуға болады. Шындығында, Мәжіліске келген «Ақ жол» мен Коммунистік халықтық партиясының екеуі де билікке ниеті түзу партия. Екіншіден, екеуі де «Нұр Отанның» монополиясына ешқандай күмән тудырмайды. «Нұр Отанның» оларды бәлендей есепке алмауына да, есептеспеуіне де болады. Оларға күні түспейді. Егерде, ол партиялар депутаттық корпустың жартысын, немесе жартысына жуығын құраса, әңгіме басқаша, онда саяси сауда басталады. Бүгін олай алмас. Тілалғыш, үлгілі саяси партиялар.
Бір айта кететін мәселе, осы ниеті түзу деп отырған Коммунистік халықтық партиясы сайлау кезінде орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру керектігін көтереміз деп жатқандай болды.
Бұл сайлауды АҚШ-тың мемлекеттік департаменті ашық жаратпай тастады. Бұрын толық легитимді емес, деп кемшіліктерді көрсетсе, бұл жолы наразылығын білдірді. Мұнысы легитимді емес, деген сөзі десек, бұрынғыға да жете алмай қалдық. ОБСЕ-нің де бұл сайлауға жақсы пікір айтпауы мүмкін.
Батыс Еуропа мен Америка Қазақстанға «мұнайлы мемлекет, түбінде керек» деген сияқты жылышырай беріп келген болса, қазір олай деу қиын. Бізге әсер еткен бірнеше фактор болды. Біріншіден, бізге Еуропа туралы күйреп жатыр, жағдайы қиын, деген сияқты үнемі жалған ақпарат беріледі. Анығында, Еуропа күшейіп келеді. Бұрын Ұлыбритания ғана соғысатын. Қазір олай емес, бәрінің де соғыстан шет қалмай, қатысып, көрінгісі келеді. Африкадағы мәңгілік мемлекеттер деген тотолитарлық, автолитарлық мемлекеттер құлап қалып жатыр. Бұрын Араб әлемінде болып жатқандарға бей-жай қарағымыз келсек, іргедегі Ресейдің жағдайы да күрделі. Төңкеріске ай-күні жетіп отырғандай. Сонда кімге арқа сүйейміз? Қытайға ма?
Мұны айтып отырған себебім, қазіргі заманның басқа екені. Бүгін әлем мүлдем өзгерді. Біздің жаңа жағдайға сәйкес қимылдаумыз қажет. Жағдайды дұрыс бағалап, дұрыс саясат ұстануымыз қажет. Біз сол дұрыс саясатты ұстанбасақ, менің білуімше, көп нәрсе өзгереді.
Соңғы бір ауыз сөз
Ұранмен жұмыс істеп, халықты да сол ұранға сендіргісі келетін билік әлемнің үлкен өзгеріске ұшырап жатқанын сезініп, селт етсе, жаман болмас. Өкінішке орай, біздің билік эйфориядан шыға алмай жүрмесе...
«Абай-ақпарат»




Қасқыр қойдың терісін жамылу үшін әуелі «демократия» дейтін ұғымды алға тартады. Біз бұл атаудың мазмұнына алданып жүрміз. Мақсатын толық түсінбейміз. Әлемдік демократияның авторлары – американдық һәм батыстың озбыр саясаткерлері. Бұлар тәуелсіз мемлекеттерді тәуелді жағдайда ұстау үшін: ғаламдық демократияны дамыту, пікіралуандығын тудыру, социологиялық зерттеу институттардың жұмысын жүйелеу, адам еркіндігін қорғау… т.б. деген сияқты дүниелерді ойлап тапқан. Былай қарасаңыз, демократия жап-жақсы сияқты.
Бірақ… бірақ демекші… басын ашып алған дұрыс. Әуелі, қоғамға, адамзат баласына зиянды нәрсе демократияға жатпайды. Неге? Адамзатты азғындыққа, малғұндыққа тәрбиелейтін ұғым-түсінік демократия емес. Мысалы, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лер мен қызтекелердің құқығын қорғау демократия ма? Демократия деп – адамның пайдасы үшін қызмет ететін дүниені айтамыз.
Сол сияқты әркім аузына келгенін айту немесе жазу, біреуді масқаралау… бұл да демократия емес. Неге? Өйткені, демократияны желеу еткізіп, жұртты албаты сөйлетудің түпкі мақсаты – өсекке үйір қылу, өтірікке үйрету, үрей тудыру, сол арқылы қара бұқараны - мемлекеттік ақпараттың қайсысы шын, қайсысы өтірік, ажырата алмайтын күйге түсіру. Осындай күйге ұрынған бұқара билікке сенбейтін болады. Сөйтіп, билік пен бұқара арасында темір перде орнайды да, күндердің күнінде бұл пердені бұзу үшін бүлік туады. Хаос тудырудың негізі белгісі – жоғарыдағыдай халық сенбейтін ақпараттар тарату. Шынын айту керек, қазіргі жұрт мемлекеттік БАҚ-тың хабарларларына күдікпен қарайды.
Екіншіден, жасанды демократия халықты табиғи болмысынан ажыратады. Айталық, кіндігін ашып сырға тағу немесе шашын кемпірқосақ сияқты қызылды-жасалды түске бояу, ата-ананың айтқанына көнбеу, үлкеннің бетінен алу… демократия ма? Одан кейін қазір елімізде қаптап кеткен қоғамдық ұйымдар – «Жалғыз басты әйелдің құқын қорғау», «Күйеуінен зардап шеккен әйелдерді қорғау», «Итсүйерлер одағы», «Сырақорлар ұйымы»… бар ма бізде? Бар. Бұл не сонда? Қысқасы, демократия әркімннің өз қалауын жоғарыдағыдай ақихат етіп алуына жол ашуда. Нақтырақ айтқанда, ақихат дегеніміз ¬– әркімнің нәпсі қалауына айналған.
Бұндай мың түрлі нәпсілер қалауы ешқашан бір-біріне үйлеспейді. Сөйтіп, бүтін қоғам, яғни, қазақ халқы ыдырайды. Нәпсі қалауына ерген адам жаман мен жақсыны, зиянды мен зиянсызды ажырата алмайды. Дәл осындай алмағайып кезеңде, халық болып, ақ пен қараны ажырата алсақ: пайдасы өзімізге, егер де ажырата алмасақ, пайдасы жауымызға. Демек надан адам жаудан да қатерлі.
Жалған елбұзар демократияға ілесіп, ақихат іздеп дүрлігушілер – надан адамдар. Бұған имансыз ұлтшылдық қосылса тіпті қиын. Отқа май құйғандай болады. Олар өздерінің ісін – халыққа, қазаққа пайдалы деп ойлайды. Ең бастысы мына жүйе құласа, бақытқа кенелеміз деп армандайды. Түк те олай емес. Билікті құлату ісі – қазаққа жақсылық жасау үшін емес, екінші бір жалмауыздар билікке келу үшін жасалынатын шаруа.
Батыстың демократиясы бізге үлгі емес. Қайта халықты қараңғылыққа итермелейтін, адастырушы құрал. Бұның түп мақсаты – тұрақтылықты шайқау. Мысалы, ұйып бара жатқан айранды сәт сайын келіп шайқап тұрса, қайтеді. Ұйымайды. Іріп сарысуға айналып кетеді.
Қазақтың қамын анау Америка, мына жақтағы Ресей, шығыстағы Қытай ешқашан шешпейді. Қазақтың қамын қазақ ғана ойлайды. Ей, қазақ баласы, өз тағдырыңа біреулердің араласуын қалайсың ба? Қаламасың, қамдан! Ақымақтардың қолындағы демократия дейтін айбалтаны жұлып ал да, өзін тыныштыққа шақыр!
Себебі биліктің партиясы «Нұр Отаннан» басқа партиялар аяқ астынан бұл сайлауға дайын болмады.
------------------------------------
Бар нәрсе қай уақытта да бар, жоқ қашан да жоқ! Нұротанның әзірлігін де байқамадық, оның әзірлігі сол - бүкіл мемелкеттік машинаның сол партияның құралына айналғандығы. Басқалар 3 жыл бұрын дайындалса да ,нәтиже осы болар еді. Өйткені, саяси алаң бір партияның қолында, қалғаны оның сыртында қайыр сұрап қалды емес пе?..
Рәзиға Әшеева. Әлем өзегрді. Ал, Қазақстан ше?
------------------------------------------
Өзгерудің өзі сол субъектінің өз қауқарын қолдануға қауқарлы ма, жоқ па, соған байланысты. Қазақстан өзгермесе, оған биліктің қатысы бар болғаны - 20 пайыз шығар. Қалған сексен пайыз потенциал қайда? - Халықта! Сол массаны қозғай алатын элитада. Қазақта элита болмай шықты, оның орнында сіңірі шыққан пролетариаттар ғана, жаңаөзендік онда да...
Біріншіден, Қазақстанда демократия болса, ең алдымен Ұлттық рух пен Қазақ тілі мәселесі өзідігінен-ақ шешілер еді. Демократиялы елдер болып табылатын Балтық елдерінде (Латвия, Литва) мемлекеттік тілді білмейтін адамға елдің азаматтығы берілмейді мемлекеттік қызметке қабылданбайды, сайлауларда дауыс беруге қатыспайды. Бұл нелдіктен? Бұл - демократияның пайдасы. Демократия болса, Қазақстан да солай болар еді.
Екіншіден, демократия болса, Қазақстанда жемқорлық, парақорлық деген мүлде болмас еді. Аталған Балтық елдерінде және басқа да демократиялы елдерде жемқорлық деген жоқ. Жемқорлық авторитарлық, тоталитарлық қоғамға (Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Нигерия, Сомали, Колумбия т.б. сияқты) тән дүние.
Үшіншіден, Қазақстан демократия болса, сайлаулар ашық та әділ өтер еді, "Нұротан" 80 түгілі 8 пайыз да жинай алмас еді. Қазақстанда демократия болса, адам құқықтары қатаң сақталар еді, барлығы Заңдарға бағынар еді, ешкім де Заңнан тыс және Заңнан жоғары тұрмас еді. Қазақстанда демократия болса, еркін сөз бостандығы болар еді. Ақиқатты жазған журналистер қудаланбас еді. Демократия болса, Жаңаөзенде халыққа қарсы оқ атылмас еді.
Демократияның осындай бір пайлалары бар. Бұл айтылғандар болмаса, осылардан басқасында, Қазақстан үшін демократияның түк те пайдасы жоқ.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
Демократияжа жау көзбен қарап отырған мынау біреудің мақстаы Қазақстанның қазіргі Жемократиялық жүйесін сақтап қалу ғой. Демократия шындықты айтады, ашады, ал жемократия жабуға тырысады. тек ұрылар мен қарақшылар ғана шындықтан қашады, сондықтан демократия - ашықтық, еркіндік, теңдік жау! Оларға құлдық ұнайды. мақсаты халықты құл ету, мал ету! Олар азаматтық пікірден, еркін бәсекеден қорқады. сайлаудың тазалығынан қорқады. Бәрін бір шыбықпен айдағысы келеді. Халықтың аузына қақпақ қояды. Ел байлығын шашады. Мемлекетті құлдыратады. Әлемдегі ең бай, құдіретті елдердің бәрі демократиялы. Ең құлдыраған, іріп шіріген елдердің бәрі жемократиялы, тирандық, тоталитарлық! Ал мынау малғыұн оны көрмейді, батысқа айбат шегеді, батыс сені құйрығына қыстырмайды ғой. Ғылым да, мәдениет те солар алда, экономикада да солар мықты. біз олардың құлы болуға да жарамаймыз, біздің табиғи байлығымыз ғана керек. Бұл туралы Абай да бірінші-екінші қарасөзінде жақсы айтқан!
Жолдауда қазақтілін көрші елдерден қорқатынын айтты,Рессей призидентіне қол жинап хат жазайық шынымен ол қазақ призидентіне қазақ тілін кіргізуге қарсы пікір немесе указания берді ме неге,лидер натци деген ұят заңды алғызу,толық сөз бостандығы,жергілікті жерде сайлау өткізу
“Не iстеу керек?” деп сауал тастаған Ж.Тұяқбай оқиға екi түрлi нұсқамен өрбуi мүмкiн екенiн жеткiздi. “Алғашқысы – толық деспотия. Мұндай жағдайда Солтүстiк Корея тәрiздi билiкке бас шұлғу болмақ. Халық аш, жалаңаш отырса да, елдегi жағдайды бағаламайтын, ауамен демалғанына, аштан өлтiрмегенiне, тiрi жүргенiне риза болмақ. Ал басқа жол – конфронтация, қарсылық жолы. Егер саяси алаң оппозиция, заңды партия мен тұлғалардан тазартылса, белсендiлер мен редакторларды тұтқындау жалғаса берсе, партиялардың жұмысы тоқтаса, мұның бәрi оппозицияны көлеңкелi алаңға ысыруына, басқа күрес тәсiлiне көшуге мәжбүрлейдi. Ал мұның арты неге апарып соқтыратынын болжау қиын. Бүлiк шықса, оны кiм басқаратынын бiлмейтiнбiз. Себебi заңды ойыншы болмайды”, – дедi Ж.Тұяқбай.
Сирияның президентi Башар Асадтың отбасы жексенбi күнi түнде Дамаскiнiң халықаралық әуежайы арқылы елден қашып кетпек болған. Сирияның оппозициялық бостандық армиясы президент отбасының елден қашып кетуiне мүмкiндiк бермедi.
9-шы, Ферганада Каримов Өзбектерді қырып салғанда, Батыс елдері мен АҚШ Өзбекестанға экономикалық және саяси санкциялар қолданды. Өзекстан тауарларына эмбарго жариялады. Каримовты өз елдерінде қабылдамайтынын айтты және өз елшіліктерін Өзбекстаннан алып кетті, яғни диполматиялық санкциялар қолданды. Ал Жаңаөзенде Қазақтарды қырып салғанда, Қазақстанға АҚШ пен Батыс оның бірін де қолданған жоқ. Яғни, АҚШ пен Батыстың және НАТО-ның Қазақстанға тісі батпайды. Олар Қазақстанға жолап та келе алмайды. Себебі, Қазақстанның екі жағын қоршап жатқан алыптардан - Ресей мен Қытайдан сескенеді. 9-шы қорықпа, Сенің қамқоршы және пана болатын Ресей атты әкең бар, Қазақстанның Ресей мен Қытай атты мықты-мықты крышалары бар. Олар тұрғанда Саған ешқандай АҚШ та, НАТО да тиісе алмайды. Яғни, Ресейде демократия болмайынша, Қазақстанда да демократия болмайды. Қазақстанның саяси жүйесі мен сыртқы-ішкі саясаты Ресейге толықтай тәуелді.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
Иә, рас та шығар? Өзбектің оған бір жері қисайыпты дегенді естімедім? Америкаға ,саяси жүйесі мен сыртқы-ішкі саясаты тәуелді елдер тізімін жарияласан, сенің ойынша Қазақстан тізімде қай тұста болар еді? Президентің Бутя әлде Мусин ба? Премьерын Гүлжын сияктылар ма? Узіне де орын дайын шығар а? Еліңді осынша жек көруге бола ма??!
"тек ұрылар мен қарақшылар ғана шындықтан қашады, сондықтан демократия - ашықтық, еркіндік, теңдік жау! Оларға құлдық ұнайды. мақсаты халықты құл ету, мал ету! Олар азаматтық пікірден, еркін бәсекеден қорқады. сайлаудың тазалығынан қорқады" -
дұрыс айтылған сөз. Әр қазақ осыны түсінсе, біз бүгінгідей *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* саясаткерлердің өтірігіне қазірге дейін алданып жүрмес едік. Дауыл.
Анекдот: Америкалықтар: - Сендерде демократия бар ма?
ҚАЗАҚТАР - ЖООООКККК!!!!
Америкалықтар- Ендеше сендерге әскери ұшақтармен ұшуға дайынбыз!
ЦУНАМИ.
Өкінішке орай, біздің билік эйфориядан шыға алмай жүрмесе...
-------------------------------
Рәзеке! Қай эйфорияны айтасыз? Сайлаудың ба, ол бұл жолы эйфория емес, түйіліп жұтқан тамақ болып, биліктің көмейне ықылық атқызып отыр. Бұл - амалсыздан болған сайлаусымақ. Оны сонша бағалап қажеті не? Биліктің ішіндегі біздер де бағалап отырған жоқпыз. Нұротандық бір депутат
Ұрылар мен қарақшылар, қылмыскерлер мен жендеттер, жемқорлар мен елтонаушылар ақиқаттан қашады. Сондықтан, Қазақстан Билігі демократияны жек көреді. Жек көрмейді, анығын айтқанда қорқады. Қылмыстарымның бәрі айдай әлемге әшкере болады деп қорқады. Бұл біздің Билік туралы.
Құлдар мен жағымпаздар да демократиядан қорқады. Себебі, демократия деген еркіндік. Құлдық сана билеп алғандар қашанда еркіндіктен өлердей қорқады. Көне Римде еркіндік берілген құлдар, көзін ашқалы құлдықтан басқа ештеңе көрмеген соң қайтсін байғұстар, өз бетімен өмір сүре алмай, еркіндікте қаңғып-қаңғып келіп, сол еркіндікті не істеу керектігін білмей, өздерінің бұрынғы қожайындарына қайтадан оралатын. Оларға құл болудан асқан бақыт жоқ болып көрінетін. Құлдар ғана демократиядан қорқады және еркіндікті жек көреді. Бұл біздің халық туралы.
Демократия дегеннің не екенін білмейтіндер жеткілікті көрінеді. Батысқа қарап: "демократия деген әркімнің аузына келгенін от*тауы, адамдардың жыныстық және моральдық азғындауы" деп түсінетіндер де бар. Шындығында демократия деген елдегі барлық азаматтардың, жалшысынан бастап патшасына дейін Заңның алдында бірдей болуы және Заңдарды сыйлауы. Демократия деген адамның барлық құқтары мен барлық еркіндіктерінің жан-жақты сақталуы. Демократия деген төмендегілердің барлық жоғарыдағыларды (мектеп директорлары мен учаскелік полицелерден бастап, қала, облыс әкімдеріне дейін халық сайлайды) сайлап қоюы, сайлаулардың әділ және ашық өтуі. Демократия деген жоғарыдағылардың халық үшін ғана қызмет етуі және халықтың алдында есе беріп отыруы, яғни азшылықтың көпшілікке бағынуы. Демократия деген БАҚ-тағы сөз бостандығы, яғни, шындық пен ақиқаттың бостандығы. Сондықтан, "Қырық өтірікті" айтатын Тазша баладан да асып кететін "Хабар" мен "Қазақстан" арналарының жалғандығына әлі алданып жүрміз.
Өзбекстанда Каримов Өзбектерді, Қырғызстанда Бакиев Қырғыздарды қырып салғанда ойлаушы едім: "Біздің Билік тап солардай болып, өз халқына қарсы оқ атпайтын шығар" ,- деп. Қателесіппін. Атады екен. Билік туралы ойымда қателесіппін.
Сосын тағы ойлаушы едім. "Тұтас ұлттың, халықтың мақтанышы, қадірлісі болатын адамдарды қылмыстық жазаға тартса, халық қарап отырмайтын шығар" ,- деп. Мысалы, 28-қаңтарда Жаңаөзенге қатысты наразылық білдірген рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін, М.Шаханов ұсталып, қылмыстық жазаға тартылып, 10 айлық көлеміндегі айыппұл салынды. Біз селт еткен жоқпыз. Оны "қылмыскер" деп қамап тастаса да селт ететін түріміз жоқ. Тағы да қателесіппін. Халық туралы ойымда қателесіппін.
"Жаңаөзен оқиғасының ұйымдастырушыларын, дем берушілерін ұстадық" деген Билік. Ой, сұмдық-ай, оны ұйымдастырған екі орыс пен бір қазақ екен. Солар Жаңаөзен оқиғасын ұйымдастырғаны үшін кінәлі делініп, қамауға алынды. Козлов пен Винявский және Сапарғали - үшеуі екен Жаңаөзен көтерілісінің "генералдары". "Бүлікшілерге басшылық еткен дала генералдарының" ішінде тағы екі әйел бар, тағы да бірі - орыс, бірі - қазақ: Соколова мен Айжанова. Міне, "бәріне кінәлілер" осылай анықталды.
"Біздің Қазақстан қандай мемлекет?" дегенде бұрын ойлаушы едім: "Біздің Қазақстан жемқорлық пен елтонау, жертонау жайлаған, тоталитарлық-авторитарлық, диктатуралық мемдекет қой" деп. Бұл жерде тағы да қателесіппін. Анығында, біздің Қазақстан құрдым өңешті обырлар және беті бүлк етпейтін жалғаншылдар жайлаған, репрессиялық мемлекет екен. Қысқасы, біздің қазақстан диктатуралық саясатты ұстанатын мемлекет емес екен, біздің Қазақстан - репрессиялық саясатты ұстанатын мемлекет екен.
Өздерін біреудің қорлап, азаптағанынан киеңкілер (мазохистер) ғана ләззат алады. Бұл - азғындық. Қазақта ондай азғындар көп екен. Яғни, біздің билік халықты басып-жаншып ұстамайды екен, халықты алдап та ұстамайды екен, біздің Билік халықты қорқытып ұстайды екен. Халықты қудалап, атып-асып, қырып салып, қалғанын қамап, азаптап ұстайды екен. Үрей билеген қоғам орнатқан екен біздің Билік. Діни тұрғыдан келіп: "Кімге табынамыз?" дегенде: "Қазақстан жеке басқа табынатын, тірі адамға табынатын ел ғой" деп ойлаушы едім. Тағы да қателесіппін. Қазақстан сол Үрейге табынатын ел екен.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
Е Қателеспейтін пенде болмас! Сенде сонын біреусің! Оларда қателеседі,бірақ мойындамайды. Ал сен ер екенсің; мойындадың! Уақыт келгенде: Оларды да емдейміз, сендерді де емдейміз.Шыдамды бол ,сөздерінді жаза бер. Пайдасы болуы мүмкін,,,,немесе менде қателестім....
1 мен 14 Серікжан жандарын ауырып ащы да болса шындықты жазған екенсіңдер. Сендер, біз білетін осы ақиқатты биліктін білмейтініне немесе біле тұра білгісі келмейтініне таң қалам. Шынында, біздегі демократия биліктің қалауынша ғана межелі жерге дейін, арғысышектеулі. Әсіресе, 1 қонақтың демократия туралы ойы бүкіл қазақтың ішіндегі булығып жатқан, айтылатын пікірі. Тек менің қорқынышым билікпен халықтың арасы бұрынғыдан да алшақтай, алыстай түсіп бір құрдымға кетпесе екен деймін. Билік халықтан қол үзіп барады
Демократия деп бәрі беттен алып төске шауып,ешкімге бағынбаған да жаман ғой.
Сосын көршілермен тату болған дұрыс.
car insurance nvofya car insurance quotes 0270 buy cialis generic 25620
tramadol hcl-acetaminophen =OO florida health insurance 8-[[ new jersey car insurance pqrwqj
short term health insurance %-PPP cialis jjv cheap health insurance 614 home insurance quote 7459
life insurance xvc nj car insurance 3958 home insurance online quote utah 919301 accutane online bsnuc
cheap car insurance 253541 infinity auto insurance >:-( cheap car insurance >:) standard life insurance mbhx
small business insurance quotes 307602 cheapest home insurance cvrix allstate home insurance hvrlhk small small business insurance rates =)))
Пікір қосу