Прокурор Жәкішевке қатаң тәртіптегі колонияға 14 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Прокурор Жәкішевке қатаң тәртіптегі колонияға 14 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

Жәрдемші


Алматы. 6 наурыз. ҚазТАГ– Мемлекеттік айыптаушы «Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысы Мұхтар Жәкішевке қатаң тәртіптегі 14 жыл беруін сұрады, деп жазады «Республика» интернет-порталы. .

«Мемлекеттік айытпау жағы соттан жаза ретінде қылмыстары үшін тағайындалатын жаза мерзімдерін жартылай қосу арқылы 14 жыл бас бостандығынан айыру, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өткізетіндей және жеті жылға мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салу туралы үкім шығаруын сұрады. Талғат Қыстаубаевқа қатысты (Жәкішевтің оққағары) мемлекеттік айыптаушы, қылмыстары үшін тағайындалатын жаза мерзімдерін жартылай қосу арқылы алты жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп. Сондай-ақ  мемлекеттік қызметте істеуге үш жыл бойына тыйым салуды сұрады», - деп айтып берді журналистерге Нұрлан Бейсекеев.

М. Жәкішевтің адвокатының айтуынша, прокурорлар Талғат Қыстаубаевты полиция майоры атағынан айыру, ал Мұхтар Жәкішевті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей өзі сыйлаған «Құрмет» орденінен айыру туралы мемлекет басшысының атына ұсыныс енгізуді талап етті. Нұрлан Бейсекеевтің айтуынша, «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы осыған байланысты бір сөз айтты, оны тіпті хаттамаға да жазып қойды: «Шын мәнінде маған аяныштысы, менен орденді алып қойғандығы. Мен оған заңды лайық едім».

«Республика» газеті жазғандай, сотта зардап шегуші тарап– «Қазатомөнеркәсіп» өкілдері сөйледі. Олар өздерінің талаптарын қайталап, Талғат Қыстаубаевтан 12 млн теңгені талап етті. Басқаша айтқанда, сотталушы «Қазатомөнеркәсіпте» жұмыс істеген кездергі барлық жалақысын қайтарып беруі тиіс. Мұхтар Жәкішевтен 99 млн теңгені – Венада ұлттық компания өкілдігін ашуға жұмсаған қаражаттың барлығын кері қайтаруды талап етті.

Сейсенбі күні, 9-шы наурызда, тараптардың пікір таласы өтеді және онда Н. Бесекеев сотқа М. Жәкішевке қарсы тағылып отырған айыптаулардың негізсіз екендігін дәлелдеп бағады.


 




Бізде шындығында да қызық, қазір орден немесе медаль береді, ертесіне сыбайлас жемқор екен деп түрмеге жауып тастайды. Басқа жақтарда қалай екен?

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
19 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>