Президент мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Президент мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Жәрдемші


Астана. наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» жарлығына қол қойды. Құжатқа ел басы 29-шы наурызда қол қойып, сәрсенбі күні ресми басылымдарда жарияланды.

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін: белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын», - делінген құжатта.

Сондай-ақ президент жарлығымен: «шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын», - деп қаулы етті.

Елбасы жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, деп тапсырма берді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және белгіленген мерзімді әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тапсырылды.

Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонмен бірге ресми басылымдарда ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 26-шы наурызда қол қойған «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» үкімет қаулысы жарияланды.  «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» ҚР Заңының 24-інші бабына сәйкес республика Үкіметі «әскерге жарамды және әскери борышын өтемеген» запастағы офицерлерді 2010 жылы екі жылдық әскери қызметке шақыру туралы» қаулы шығарды», - делінген құжатта. 

Қаулыға қосымшаға сәйкес, 2010 жылы әскери қызметке 406 запастағы офицер әскери-тіркеу мамандықтарына қарай шақырылады. Оның ішінде 10 адам мотоатқыштар, танк, зениттік-артиллерия, инженерлік әскерлер мен, ҚР әскери прокуратурасына заңгерлер шақырылады. 90 артиллерист, әуе шабуылынан қорғаныстың радиотехникалық әскеріне 32 офицер, 12 - метеоролог, 7 - автомобиль әскеріне, 68 - байланыс, 28 - медициналық қызметке, 2 – химиялық әскерге, 17 офицер – тәрбие және құқықтық жұмысқа, 5 - тіл маманы, 2 офицер зымыран-артиллериялық күштерге, 70 адам ҚР ҰҚК шекара қызметіне және 26 адам ҚР ТЖМ қызметіне шақырылады.

Үкімет қаулысы алғашқы жарияланған күнен он күн өткен соң күшіне енеді.


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
12 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>