Петропавлда жылу желілерін жөндеуге байланысты 140-тан астам тұрғын үй бірнеше ай бойы ыстық су алмай отыр | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Петропавлда жылу желілерін жөндеуге байланысты 140-тан астам тұрғын үй бірнеше ай бойы ыстық су алмай отыр

Жәрдемші


Петропавл. 9 қырқүйек. ҚазТАГ – Петропавлда 140-тан аса тұрғын үйдің тұрғындары бірнеше ай қатарынан ыстық су алмай отыр, деп мәлім етті «Петропавл жылу желілері» ЖШС директоры Андрей Калиничев.

Кәсіпорын директоры мойындағандай, мұндай жағдай энергетиктердің магистральді электр желілеріндегі жөндеу мерзімін кешіктіріп отырғандарына байланысты қалыптасты.

«29 үй Брусиловский көшесіндегі құбырды жөндеуге байланысты ыстық сусыз қалды. Бұл жердегі жұмысты 2 айда бітіреміз деген уәдемізде тұра алмадық, алайда жоба бойынша жұмыстарды орындау үшін 4 ай қажет», - деді А.Калиничев.

Оның айтуынша, энергетиктерге күтпеген проблемалар кедергі келтірген. «Жетпейтін желілердің бөлігін ауыстырып, жобаға өзгерістер енгізуге тура келді», - деді ол.

Тағы 40 үй қаланың басқа бөлігінде, Пионерская көшесіндегі құбырларды жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық сусыз отыр. Мұндағы жұмыстардың кешеуілдеуін А.Калиничев «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (СҚМУ) қалыпты оқу процесін қамтамасыз етіп, СҚМУ бассейн ғимаратын жылумен қамтуды кепілдендіру» қажеттілігімен түсіндірді.

А. Калиничев қаладағы магистральды желілерді жөндеу жұмыстары 24 қырқүйектен кешіктірмей аяқталып, халық ыстық сумен қамтамасыз етіледі деп уәде етті. Оның пікірінше, сол күні тұрғын үйлер үшін жылыту маусымын бастауға болады.


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 4 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>