ПЕРУАШЕВТА ПӘТУА БАР МА? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

ПЕРУАШЕВТА ПӘТУА БАР МА?

Жәрдемші


Ендiгi елге белгiлi болғандай, өткен жұма күнi Астанада Назарбаевтың қатысуымен кәсiпкерлер кеңесiнiң бiрiншi отырысы өттi. Ел экономикасының инновациялық-индустрияляқ даму бағытын сөз еткен жиынға Қазақстанның барлық бетке ұстар ұлттық iскерлерi жиналды.

Егер осы жиынды үкiметтiк телеарналар үзiп-жұлып көрсетпегенде, Нұрсұлтан Назарбаев кәсiпкерлермен бiрлесiп, елдi дамытудың жоспарын жасап жатыр деп малданғандай екенбiз. Сөйтсек, бұл отырыс отандық бизнес өкiлдерiнiң ел президентiнен сөгiс пен ескерту алатын жиыны болып шықты. Жаңа ғасырдың басында, осыған ұқсас бiр кеңесте, президент: «Бәрiңдi қолдарыңнан жетектеп, сотқа апара аламын», - деген едi. Көп кешiк­пей мем­лекеттiк қызмет­тегi Ғалым­жан Жақиянов пен бизнесмен Мұхтар Әбiлә­зов жетi-сегiз жылдан абақтыға қамалған болатын. Сол кезеңнен басталған қудалау күнi бүгiнге дейiн жалғасуда. Кәсiп­кер­лер кеңесiнiң соңғы жиыны да сол сарынды ескерту мен үркiтудiң төңiрегiнде өткен сияқты.

Дегенмен сол кеңес­тегi «келелi» әңгiмеден бұрын, бiр «жантықтың» сырт көзге жиiркенiштi әрекетiн айтпасқа болмай тұр. «Атамекен» Ұлттық экономикалық палата төрағасы Азат Перуашев деген бiреу: «Мен бүгiн қазақстандық биз­неске, жалпы, бүкiл қоғамы­мызға қатысы бар тағы бiр тақы­рыпты қозғағым келiп тұр», - деп, кәсiпкерлердi билiктен қорғаудың орнына, оларды орға жығудың орайымен сөз сөйледi. Азат Перуашев «БТА Банкте» «жасалған» қитұр­қы «қылмыстық iс­тер­дiң» бетiн ашып, мыңдаған салымшылардың сенiмi аяққа «тапталғанын», олардың ақша­лары талан-таражға салынғанын прокурордың пәрменiмен «пайымдады».

Ал Азаттың айқайын айналдырып айтар болсақ, Мұхтар Әбiләзов қуғынға ұшырағанға дейiн «БТА Банк» бүткiл ТМД елде­рiнiң iшiндегi ең iрi, қызметi дұп-дұрыс банктердiң бiрегейi едi ғой. Оның бұрыс болып кетуiне банктi иелерiнен тартып алған үкiмет себепкер болмап па едi?!

Әбiләзов елдiң беделiн түсiрдi. Кезiнде сiздiң алдыңызға келiп, Әбiләзов үшiн кепiлдiк берiп, түрмеден босатуды өтiнген жоғары лауазымды тұлғалардың аты интернетте аталуда деп, Перуашев президенттiң онсыз да қайнап тұрған температурасын көтерiп жiбердi. Онысы Назарбаев шүйлiккен «Астана тобының» президентi Нұрлан Смағұлов болса керек.

Ескерте кетейiк, Назарбаев сол жиында: «Оның бiр топ достары, iшiнде сен барсың, маған өтiнiш жазып, жемқорлығы үшiн түрмеге қамалған Әбiләзовке кешiрiм берудi сұрап, жазбаша кепiлдiк бердiңдер. Сендер маған ол Отанға қызмет етедi деп, жазбаша ант бердiңдер. Ол достарының бетiне түкiрдi. Сендер соған жауап бересiңдер...» - деген-дi.

Назарбаевтың сол сөзi отқа май құйғандай болды ма, Перуашев та лепiрiп кеттi: «Оның жасаған қылмыстары үшiн кiм жауап бередi?», «Қылмыскер жазаға тартылуы керек», «Өз халқының игiлiгiне қол салған ұры түрмеде отыруға тиiс» деген сыңайда сайрады-ай келiп.

Ал пұшайман Перуашев қайдан шыққан перi дерсiз? Ол осыдан үш-төрт жыл бұрын атышулы миллиардер Машкевич қаржыландырған Азаматтық партияның төрағасы, Қазақстанның байлығын сыртқа тасыған олигархтың оң қолы едi ғой. «Қазақстан алюминийi» корпорациясы тобында «Майшекеге» (павлодарлықтар Машкевичтi осылай атайды) қызмет еткен адам Қазақстанның байлығы мен халықтың қаржысына қай қимасы қышып қайғыра қалды екен? Айтқыш болса, «Майшекенiң» ел байлығын шетке тасығанын әшкерелесе, «Атамекен» деген аты бар ұйымның атағына сай қызмет қылар едi. Ал дәл қазiр оның «Азаты» да, «Атамекенi» де халыққа қарайлас мәнi жоқ, тек «Перуашевы» ғана пәтуасыз, перiп жiберуге лайық атаулар болды. Перуашевтың пиғылы пайымды болса, Тимур Кұлыбаевқа қатысты бүткiл интернет иiрiмiн жайлап алған жағымсыз жағдайдың жай-жапсарын, ақ-қарасын анықтайық деп, президентке өтiнiш бiлдiрмес пе едi?!

 

Динара МЫРЗАБАЕВА,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 09 (46) от 3 марта 2010 г


 




Перуашев деген бір пәтуасыз адам. Осы ғой әлгі"Президентті қолыма қару алып қорғаймын" деп қоқаңдап жүрген. Елбасын қорғайтын арнайы күзет орындары бар. Бұнікі дараңбай жағымпаздық қой!



Ай, бұралқы азған заман-ай! Құл құтан құтырып қайран елді қор қылды-ау?.. Өтірік өрге жүзіп, шындық шыңырауға құлаған тар кезеңге тап болдық. Бұдан шығар жол бар ма?



Кедендік одақ Ресейдің пайдасына шешіліп жатыр. Путин мен Медведев Назарбаевты алдап соққан сияқты. Соған ызаланған біздің папамыз қазір «үйде» отырып айқайлайтынды шығарды. Әркімге бір ұрсып. Ал, Батысқа керегі – осы. Қазақстан Ресейден түңілгенше үндемей отыра тұруды жөн көрді олар. Өйтпеген жағдайда, Астананың Мәскеуге деген махаббатына қиянат жасағандай болар еді.
Арғын



Бізде кәсіпкерлік деген шын мағынасында бар ма өзі? Оның биліктің жеміне айналғаны қай заман. Олар шығарған өнім қайда? Адал еңбекпен, маңдай термен байыған кімді көрсете аламыз?



Сендер соған жауап бересiңдер... Тағы да!



«Бәрiңдi қолдарыңнан жетектеп, сотқа апара аламын» деген сөзді бертін айтқан болатын шатастырмаңыздар. Ол кезде Ғалымжан арғы жақта болған уже.



Қазаққа қорған болмақ түгілі, жеке басын жарбаңдаумен азар алып жүрген Азатты неге кейіпкер етіп аласыңдар. Журналисттер жазарда ойлансаңдаршы. Перуашев қашан қазақтың қамын ойлап шаруа тындырып еді. Бар қолынан келетініні елбасына жағымпазданумен келе жатқан жарбақай емес пе. Оны келіп қазаққа насихаттайсыңдар. Қаралаудың өзі қара пиар екенін естен шығармаңыздар.Әлде сендерге ақша төлеп қоя ма.



Естерiнiзде ме,2004 жылы президенттiк сайлаудын алдында теледебатта осы Перуашевтiн тагы да дiлмарсып сойлеп, Алтекеден сыбагасын ала жаздаганы? «Алтынбек Сарсенбаев маган кокан-локкы жасады» деп малiмдемеген сол кезде. Перуашевтiн суйегiне бейшаралык абден сiнген гой. Сол кезде Алтекенiн оган «акендi танытамын! кiмнiн-кiм екенiн бiлiп жур! мен сенiн кожайынын емеспiн!» дегенiне сенiмдiмiн. Пердунов, кешiрiнiз, Перуашев сиякты буралкы тобеттермен тек осылай сойлесу керек!



Первачта ешкашанда патуа болган емес,бир кун де бизнесте жумыс жасамаган адам ол онбаган.Боксермын деп кокандайтынын кайтерсин ешки тумсыктын.



Өз қазағын сыйламайтын адамда қайдан пәтуа болсын.



Имангали - БОЛАШАК ЕЛБАСЫ болса гой шіркін...



Имашың (И. Тасмағанбетов) да, Қимашың (Қ. Көшербаев) да қыртыған адамдар. Өтірік қазақи, ұлтжанды болып көрінгісі келеді. Олар назардан тыс қалды ма деп қорқамын...



Имашқа да (Иманғалиев), Қырекеңе де (Көшербаев) тіл тигізбеңіздер! ел баскарып отырған "тобырдың" ішінде осы ағалымдай азаматтар көбірек отырса, жағдай мулдем басқаша болар еді. мен ол кісілердің қасында жүрген адаммын, жұмыс істеу стильдерін білемін, сондықтан осылай деп айтуыма тура келіп тұр. адал, аппақ деп айта алмаспын ("Періштелер қазір жоқ!")? дегенмен, жаны да, ары да таза екеніне сенімдімін!



Перуашев өзі не айтып жүргенін білеме екен? Осындайлар қашан Қазақ елінен кетер екен.



Жоқ!



Перуашев - петух настоящий. Петухи и умеют только кукарекать.Недорезанный...



Ресей мен Беларусь одағының мемлекеттiк хатшысы Бородин Қазақстан осы одаққа кiрiп, 2017 жылға қарай одақтық мемлекет құрылады деп мәлiмдедi. ЕурАзЭҚ мемлекеттiк хатшысы Тайыр Мансұров интеграцияның түпкi мақсаты – одақтық мемлекет құру деп ашық айтты.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
9 + 4 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>