Павлодар облысындағы өрт салдарынан қаза болғандардың саны 7-ге жетті – АШМ | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Павлодар облысындағы өрт салдарынан қаза болғандардың саны 7-ге жетті – АШМ

Жәрдемші


Астана. 10 қырқүйек. ҚазТАГ – ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің (АШМ) нақтыланған мәліметтеріне сәйкес, Павлодар облысындағы өрт оқиғаларында қаза болғандардың саны 7 адамды құрап отыр, деп мәлім етті АШМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев.

«Бүгін таңертең күйік жараларын алған Нұрбаевтар отбасының анасы ауруханада қаза болғаны хабарланды», - деді Е. Нысанбаев жұма күні баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол өткен бейсенбіде Нұрбаевтардың әкесінің жанып кеткен денесі табылғанын айтты.

«Осымен, қаза болғандардың саны қазір 7 адамды құрап отыр»,-деді комитет төрағасы.

Еске сала кетейік, өрт кезінде 4 адамнан тұратын отбасы зардап шекті. Нұрбаевтар өрт орнынан автокөлікке мініп, кетуге әрекеттенген, әкесі мен екі ұлы алған күйік жараларынан көз жұмды. Балалардың анасы ауыр жағдайда болған.

Бұрын хабарланғандай, Павлодар облысында тыйылмай отырған орман өрттерінде қаза болғандардың арасында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының Бесқарағай филиалының қызметкерлері, оның біреуі Бесқарағай филиалының директоры Ержан Байкетаев, екіншісі тракторшы Н. Самусь және мемлекеттік инспектор Е. Молғаждаров.

Сондай-ақ, Бесқарағай филиалының Көкжал орман шаруашылығындағы өртті сөндіру кезінде 46 және 59 жастағы екі өрт сөндіруші қаза болды.

ТЖМ басшысы Владимир Божко мәлімдегендей, Шалдай қарағай орманындағы өртті сөндіру кезінде қаза болған орманшылар марапатталады. Олардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі.


 




қыиын болған екен!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 2 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>