Палестина... Есте жоқ ескі заманда мысырлықтар бұл жерді Тонетер, қазақшалағанда «Құдай жері» деп атапты. Мүлгіген тыныштығына, мамыражай халқына байланысты. Қазір бұл атаудан қадыр қашты. Іргелес жатқан еврейлер онсыз да қуықтай жерге қысылып отырған араб ағайынды қусырып, қолынан келгенін істеп бақты. Ясир Арафат кезінен бастап арабтар тәуелсіз ел болуды тіледі, еврейлер қаламады. Нәтижесі - күнде қырғын, күнде жарылыс. Мынау фотосуретте мұздай қаруланған жауынгер араб бүлдіршінін биге шақырып тұр. Бәрі жақсы-ау, бірақ суретке зер салсаңыз, бүлдіршіннің бір аяғы жоқ екенін байқайсыз. Әй, аты өшкір соғыс-ай...
Orken&J




Егер Қазақстан дербес ұлттық саясат жүргізбесе, қытай мен орысқа жағымсуды бірдей жалғастырса, онда қытай мен орыстың орталық азия, Қазақстанға таласы соғысы қазақ жерінде болуы мүмкін. Жаманын айтпай жақсысы жоқ деген.
- Анық
екі аяғы да бар сияқты....
Оркенжан-ау бир аягы жок ересек адамнын ози булай тура алмайды, логикан жок па? колинкесине карасан да коринип тур гой, екинши аягы
кытырыпсын баска косар соз жок
Бір аяқ сияқты
Қайдам, өзінің интернеттен алынған түпнұсқа суретінің мәтінінде қыздың бір аяғы жоқ делінген. Арғы жағында аяқ тұр ма, жоқ па, кім біледі
Қыздың екі аяғы да бар, бір аяқпен бұлайша тепе-теңдік сақтап тұра алмас еді.
Ал енді, биге шақырып тұр дегені, әрине, сандырақ.
Бұл жерде израиль солдаты өзіне қызығушылықпен қараған кішкентай балаға, бар болғаны, қолын созды, ыңғайлы болуы үшін сәл тізерледі. Бір аяғына тізерлегені қызға қарай иілгені ғой, оны келіп "биге шақырып тұр" деу - араб-ебірей соғысынан сенсация жасағысы келген журналистердің қарапайым арандатпа әңгімесі сияқты№ Бір суреттен де сенсация іздеуге құмармыз, шіркін.
Осындай жұмыс деңгейіне қарап, қазақ журналистикасына сөз тиеді! Бұл Палестина емес, жауынгердің оң иығында АҚШ жалауы ілінген, яғни Ирак немесе Ауғанстан. Палестинаада АҚШ қарулы күштері жоқ. Қыздың түрі тәжікке келеді, соған қарағанда Ауғанстан болуы ықтималдау. Жауынгер ешкімді биге шақырып тұрған жоқ (баланы ойнатып тұр деуге келеді), үйлерді тексеру кезінде оқ атуға дайын позиция алған жауынгер. Тізесіне жұмсақ сақтандырушы қап сол үшін жапсырылған. Ең бастысы - қыз ақсақ емес, екі аяғы да бар, зейін салып қараңдар! Жоқты бардай, өтірікті шындай етіп не керегі бар!
Біздің қазақ журналистикасы әлі шикі. Өзіндік мені, пікірі қалыптасқан жоқ. Бірнәрсе жазса немесе көрсетсе, басқа біреуден көшіріп береді. Көшіргенде де Ресейден көшіреді, әрі кетсе Батыстан көшіреді. Соладың "көзілдірігімен" қарайды. Сосын ылғи кеш жүреді.
Бірақ дегенмен мына суреттің бір жағымды аурасы бар, жүрекке жылы тиеді.
қайдағы жағымды аура?
анау көзі құрығыр қаруын тым курымаса арқасына жіберіп қойса болмас па еді, сәбидің қарсы алдына әкелмей, о алла-ай
eki ayagy da bar...
suretwi suretwi degen saiyn sakalyn boyapty degen bar, sol siyakty, bale izdesen, otirik izdemei, bardy bar, jokty jok deu kerek
Пікір қосу