«Өзенмұнайгаз»: 8 мың адам жұмысқа шығуды тоқтатты | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

«Өзенмұнайгаз»: 8 мың адам жұмысқа шығуды тоқтатты

Жәрдемші


«Азат»ЖСД партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жәнібек Қожық редакциямызға 1-наурыздан (2010 ж) бастап «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының мұнайшылары басшыларына наразылық ретінде дүркін-дүркін жұмыстарын тоқтатып тұрғанын хабарлады.

 

Жәнібек Қожық мырза жеткізген дерекке сүйенсек, мұнайшылар еңбекақы жүйесін өзгертуге, яғни жалақыға қосымша берілетін 70 пайыз коэффициентті негізгі тарифке (окладқа) кіргіздіруге қарсылық танытып жатқан көрінеді. Мұнайшылардың есебінше, 70 пайыз коэффициент еңбекақыға енген  жағдайда, қолдарына алатын жалақы көлемі едәуір азайып кетеді екен.

«Мұнайшылардың екінші талабы - қазіргі «ӨМГ» ӨФ директоры Бағытқали Бисекенді, оның өндіріс жөніндегі 1-орынбасары Амантай Аңшыбаевты, «ӨМГ» ӨФ кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақсат Ибағаровты қарапайым жұмысшылардың мүддесіне кері іс-әрекеттер жасаумен айналысатындықтан жұмыстарынан босату болып табылады», -  деп хабарлайды Жәнібек Қожық.

 

Жәнібек Қожық мырзамен хабарласып бүгін, яғни 9-наурыз күні  8 мыңнан астам мұнайшының күні-түні кезектесіп жұмысты тоқтатып тұрғанын естідік. . Бұл шараға «ӨМГ» ӨФ-ның барлық құрылымдық бөлімшелері қатысып бастағанға ұқсайды.

 

Тәуелсіз бір дерек көзі редакциямызға Маңғыстаумұнайгаздың қытайларға құпия түрде  сатылып жатқанын біліп қойған жұмысшылар үлкен толқудың алдында тұр деген болатын.   Алайда, Қазмұнайгаздың жұртшылықпен байланыс жөніндегі өкілі Дәурен Жұмаділов бұл жайтты қауесет деп мәлімдеді. Өкілдің аузынан шыққан сөзге сенер болсақ, Маңғыстаумұнайгаз қытайларға сатылмайды да, басқаруға да берілмейді екен...

 

 

«Абай-ақпарат»


 




Әй, сол өкілің өтірік айтады-ау деймін... Мұнайдың бағасы қайтадан көтерілді. Сонда мұнайшылардың еңбекақысы неге төмендеуі керек?



Соңғы екі жылда алты рет наразылық өткізген "Өзенмұнайгаз" билікті шаршатып біткен тәрізді. Енді бұлар қосымша ақшаны алып тастап, Қытайларға сатуы мүмкін. Қосымша ақыны қысқартып тастаудың басқа себебі жоқ. Ал қытайлар иеленсе, ол қосымша ақыны өлсе де төлемейді ғой. Қытайлар халықты (өз халқын да, өзге халықты да) тек құлдар және арзан жұмыс күші ретінде көреді.

Қытай компаниялары Жаңа Өзенге келсе, қақтығыстың көкесі болады әлі. Қазақстандық батыстағы атышулы "Қазақ-Түрік", "Қазақ-Шешен" қақтығыстарына енді "Қазақ-Қытай қақтығыстары" қосылады. Таяқ жеген, өлім-жітімге ұшыраған Шешендер мен Түріктер мың-мыңдап шұбырып еліне қайтып кетіп еді. Енді, Жаңа Өзенге келер болса, Қытайлар да шұбырып елдеріне кететін болар.



Тағы не деген сұмдықтын шетін шығарды бул билік.Осының алдынға ғана емеспе еді МаңғыстауМунайгаздың 100% акциясын қытайларға сатып жіберген.Халық оны білмейде қалды.Енді мынаған жол бермеу керек .Керек десе МанғыстауМунайгаздың 50% акциясын орнына мемлекетке қайтаруды сурау керек.Мемлекеттің ,халықтың меншігін сатуга қандай құқыктары бар.



Сол МангыстауМунайГаздын сатылу барысында улкен шикилик бар халыктан жасырып отырган.Биринши 100%сатылганы хабарланды,артынан бар-жогы 49% саттык деп жалтарды.Халыктын миын ашытып битти гой.



Мұнай және жер асты байлықтары елімізде тұратын және болашақ ұрпақтарымыздың несібесі. Қазірде қазақтың өз үлесі жоқ және келер ұрпаққа дым да қалмайтын ит пен құсқа жем болған қайран байлық...



Жаңаөзендіктер тоқтатыңдар бұл әрекеттеріңді, әйтпесе жағдай тым ушығып кетуі мүмкін!!!



Жанаөзеннің түбіне жеткен РД казМунайГаз.2004 жылдан РД-ға қосылғаннан кейін Жанаозеннің жағдайы нашарлап кетті.Себебі Ембіден үш есе мунайды көп өндіретін негізгі салмақ Өзенмунайға тусті.2004жылдан бері РД-дағы арамтамақтардың айлық табысы 500мыңмен -1 миллиондап тапса әрине озенді тұралатпай коймас.РД-сыз да 2004жылға дейін Өзенмунайгаздың өзі өндіріп келген мунай ғой.Жаңаөзенді жағдайын білмей аузына келгенді айтатындар бірінші келіп көрің өзенге.Сосын айтарсыңдар пікірлеріңді.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 15 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>