Өскемендегі форум барысында Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойылады | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Өскемендегі форум барысында Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойылады

Жәрдемші


Астана. 1 қырқүйек. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Өскеменде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Ресей басшысы Дмитрий Медведевтің қатысуымен өтетін аймақаралық ынтымақтастық жөніндегі форумда бірқатар үкіматаралық келісімдерге қол қойылады, деп мәлім етті сәрсенбі күні ҚР сыртқы сітер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

«6-7 қырқүйекте Өскеменде өтетін форумда (Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының VII форумы - ҚазТАГ) бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қою жоспарланып отыр», - деп мәлім етті І. Омаров сәрсенбі күні брифингте.

Оның мәліметтеріне сәйкес, форум бағдарламасында Қазақстан мен Ресей тауар өндірушілерінің  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» атты көрмесін ұйымдастыру, Ресей іскер саласы өкілдерінің Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарымен танысуы қарастырылған.

«Екі ел президенттерінің кездесуі де жоспарланған, оның барысында тараптар аймақаралық және шекаралық ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық саласында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға қатысты кең көлемді мәселелерді талқылайды», - деді І. Омаров.

Бұрын хабарланғандай, сәрсенбі күні Қазақстан мен Ресей президенттері Н. Назарбаев пен Д. Медведев телефон арқылы әңгіме барысында Өскеменде өтетін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының VII форумын өткізу мәселелерін талқылады.

 


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>