Өскеменде президенттің қатысуымен спорт кешені мен балабақша ашылды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Өскеменде президенттің қатысуымен спорт кешені мен балабақша ашылды

Жәрдемші


Өскемен. 5 қырқүйек.ҚазТАГ - Жексенбі күні Өскеменге Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының VII форумы қарсаңында президент Нұрсұлтан Назарбаев келді. Аймақта оның қатысуымен бірқатар шаралар жоспарланған, соның ішінде жол полициясына автокөліктер табыс ету, теннис кешені мен балабақшаны ашу қарастырылған.

Шығыс Қазақстан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Н.Назарбаевтың Өскеменге сапары жаңартылған әуежайды аралаудан басталды. Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) әуе қақпасына «В» класы берілді, әуежайы ұзындығы 2,5 мың метр, ені 42 м ұшу-қону алаңымен және 4 рулеж жолдарымен жабдықталған. Ол В-757, В-767, А-320, Ту-154, Ил-76 және басқа әуе кемелерін қабылдай алады. Сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті шекаралық, кедендік, фито-санитарлық бақылау, аэровокзалы бар. Дүйсенбі күні ашылатын қазақстан-ресей форумының қарсаңында аэровокзал ғимаратында аса маңызды тұлғаларға арналған мейрамхана жасалды. Сондай-ақ, вокзал маңы алаңын безендіру өзгертілді, ол жерде субұрқақ, гүлзарлар, аркалар мен баннерлер орнатылды.

Президент Өскеменнің сол жағалауында «Балапан» балабақшасының ашылуына қатысты. Мектепке дейінгі мекемені «Қазмырыш» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы меморандумның шеңберінде салды. Балабақша 280 орынға есептелген, заманауи асхана жабдықтарымен, кептіру шкафтарымен жабдықталған, бассейні, спорт және музыка залдары бар, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінің сыныптары қарастырылған. Жобаның құны Т960 млн.

Кейін Н.Назарбаев Өскеменнің сол жағалауындағы жаңа теннис кортын көріп шықты. Кешенге 4 ойын алаңы бар жабық корт, екі ашық корт, әкімшілік-тұрмыстық кешен, автотұрақ кіреді. Жобаның құны Т460 млн.

6 қырқүйек күні президент Н.Назарбаев сапарының бағдарламасына су тасқынынан зардап шеккен Тарбағатай ауылдарын аралауы, «Титан-магний комбинаты» АҚ титан құймалары мен қорытпалар зауытының құрылыс барысымен, «Қазмырыш» ЖШС алаңында «Жаңа металлургия» жобасы бойынша мыс балқыту өндірісінің құрылыс барыымен танысуы эжоспарланған.

Аймақаралық ынтымақтастықтың VII форумы Өскеменде 6-7 қырқүйекте өтеді. Сейсенбі, қырқүйектің 7-сі күні Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің қатысуымен оның пленарлық отырысы жоспарланған. Отырыс барысында жекелеген халықаралық құжаттарға қол қою қарастырылған.

 


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 5 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>