Ошақ жазбаларынан... | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Ошақ жазбаларынан...

Жәрдемші


Қай елдін болмасын алғашқы патшасы ақылсыз болады. Кейінгілері осыған қарап сабақ алады.

Кез-келген патшаның бойынан әл-Фараби айтқан 10 қасиеттің кемінде 7-еуі табылмаса халқын бақытсыздыққа душар етеді.

Дәл бүгінгі таңда өзін «халқым үшін қызмет етіп келемін» деп атайтындар қазақ халқының басты жауы. Жалғандық – жамандарға ғана тән дүние.

Қазақ мемлекетінің иесі – алаш жұрты, яғни қазақ. Қазақ халқы басшы болып, өзге ұлттар қосшы болғанда ғана ұшпаққа жетеміз. 

Ойланбайтын шенеуніктерге...

Жаһандану – әлем назарын аударған технология мен жаңашыл көзқарастардың, өткенді саралай отырып қалыптасқан адамзаттық мораль мен гуманизмнің тоғыса келіп классикалық үлгіге айналатын жалпы ғаламдық нормалардың этикалық, демократиялық үлгісі болуы шарт.

Ең алдымен қасиетті ұғым «сөз» жаратылған. Алайда, бұл кез-келген шаруаны құр сөзбен-ақ бітіруге болады дегенді білдірмейді.

Жүзге бөліну енді қазақтың берекесін кетіреді.

Жастар тәрбиесі жөнінде...

Бүгінде жастар бұзылып барады дегенді көп айтамыз. Бұл – қате пікір. Дұрысы – жастарды бұзып алдық.

 

Ойшылдар қаладан емес, даладан туады. Олар (қаладан шыққандар) биікке емес «билікке» құмартып тұрады.

 

Кедейліктің машақатынан байлықтың азабы ауыр болады.

 

«Жас өспей ме, жарлы байымай ма» дейді екен дана қазақ. Алайда, тәрбиесіз өскен жас пен сәулесіз байдың қоғамға қажеті шамалы.


 


 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>