Оралда лаңкестік ұйым қызметінің жолы кесілді | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Оралда лаңкестік ұйым қызметінің жолы кесілді

Жәрдемші


Батыс Қазақстан облысында алты адамнан тұратын лаңкестік ұйым қызметінің жолы кесілді, деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес,  2012 жылдың 4 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жедел-тергеу тобы облыстық Ішкі істер департаментімен бірлесіп Орал қаласында 6 адамнан тұратын террористік топ қызметінің жолын кесті.

«Топ мүшелерінің террористік ұйымға тиесілі екендіктерін мойындаған жауаптары тергеу барысында анықталған дәлелдемелермен қуатталады. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту нәтижесінде қолдан жасалған жарылғыш заттардың компоненттері және терроризмді насихаттайтын материалдар анықталып алынды», - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 233-2 бабымен (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу) қылмыстық іс қозғалды.

Жетінші ақпанда сот топ мүшелерінің барлығына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде «қамауға алу» санкциясын берді.

«Қазіргі уақытта іс мән-жайларын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп қорытындылады ведомство.

АСТАНА, 8 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

 


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
11 + 5 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>