Оңтүстік Қазақстанда қырым қанды безгегі бар кенелер анықталды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Оңтүстік Қазақстанда қырым қанды безгегі бар кенелер анықталды

Жәрдемші


Шымкент. 31 наурыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) конго – қырым қанды безгегі (КҚҚБ) бар кенелер табылды, деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен (СЭҚД).

Вирусы бар кенелер үш ауданда анықталды. «10-шы наурыздан бастап біздер оңтүстік өңірлердегі Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара аудандарынан кенелерді жинай бастадық. Бүгінге 3,5 мың кене жиналып, зертханаларда зерттелді. Олардың арасынан 17 кенеден КҚҚБ вирусы табылды», - деді СЭҚД директор орынбасары Жұмағұл Медетов.

Атап айтқанда, вирусы бар кенелер Шардара ауданының екі аулынан, Мақтаарал ауданында – бір ауылдан, Сарыағаш ауданындағы үш ауылдан, Төлеби ауданынының бір аулынан табылды, деп түсіндірді ол. Оның айтуынша, вирустық кенелер табылған ауылдардың барлығындағы үй малдарына дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Маманның айтуынша кенелерді КҚҚБ вирусына жылда тексереді. Биыл қыс жылы болып, көктем ерте басталуы себепті тексеру де ерте басталды, себебі кенелер де әдеттегіден бір ай бұрын белсенділік таныта бастаған. 

Медиктерге Бәйдібек ауданының 8 жасар қыз баласының КҚҚБ ауруымен ауырғаны да түрткі болды. Қызды 19-шы наурызда вирусы бар кене шағып алған. «Біздің зертханада жүргізілген зерттеулер қызда КҚҚБ вирусының барлығын анықтады. Қыздың аудандық ауруханаға жатқан кездегі жағдайы өте ауыр болатын, қазір - қанағаттанарлық. Одан басқа оның үйінде анасы, әкесі және тағы 4 бала қатынаста болған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынып, қазір оларда шағым жоқ», - дейді Ж. Медетов.

Қыз бала тұратын Боралдай аулында дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Ол жерден 243 кене алынып, қазір зертханада зерттеліп жатыр.


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>