ОҚО-да 97 сыбайлас жемқор ұзақ мерзімдерге сотталды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

ОҚО-да 97 сыбайлас жемқор ұзақ мерзімдерге сотталды

Жәрдемші


Шымкент. 6 наурыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (СЖЭҚҚКА) бірнеше сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істі сотқа жеткізді, деп хабарлады департамент баспасөз қызметі Жұпар Мамұтова.

«Мысалы, 1 млн теңгені иеленіп кеткен Сайрам ауданының «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің бастығы Нұрланбек Иманбаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталды. Ол қаражат зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған болатын. Сайрам аудандық соты оны айыпты деп танып, мүлкін тәркілеп алты жылға бас бостандыған айырды», - дейді баспасөз хатшысы.

Ол сонымен қатар аталған категориядағы негізгі қылмыс түрлері 2009 жылы иеленіп кету мен сеніп тапсырылған басқаның мүлкін мемлекеттік орган лауазымды қызметкерлерімен талан-таражға салу болғандығын айтады. Облыстық қаржы полициясы осындай фактілердің 74-ін анықтады.

«Әл-Фараби аудандық сот үкімімен Шымкеттегі №35-ші мектептің бұрынғы директоры Ольга Близнюк 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол қызмет бабын пайдаланып аталған мектеп қызметкерлерінің жалақыларына деп есептелген 4 млн теңгені пайдаланып кетті. Ал ол қызметкерлер іс жүзінде болмаған», - дейді Ж. Мамутова.

Шардара ауданының «Шардара» мектебінің бұрынғы директоры Гүлжәмилә Шәмшидинова мүлкі тәркіленіп, 7 жылға сотталды. Ол аталған мектептің 16  мұғалімінің табельдеріне жұмыс уақытын ескеру мәліметтерін жалған көрсету арқылы 1,7 млн теңгені иеленіп, талан-таражға салған. 

Департамент 2009 жылы барлығы 233 сыбайлас жемқорлық қылмысты анықтап, сотқа 213 істі жіберген. Облыс сотының үкімімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарды жасағаны үшін мемлекеттік функция қызметін атқаруға уәкілдендірген 97 тұлға сотталды.


 




Шымкент... Ах,Шымкент... Бәрін ауыздықтап болып, енді мұғалімдерді шетінен тыпырлатып соттай бастаған екен.Басқа соттайтын адам қалмаған ғой. РайОНО,ОблОНО дағылар шетінен таза... Олай болса Қаржы полициясы да бұл өңірде өз миссиясын орындап бітірген екен.Тек оларды тарқату қалыпты ғой. Солай болса дұрыс болар еді.



Ал миллиардтап халықтың несібесін құлқынына жаратқандарды, әзірше тайраңдап жүргендерді не істейміз?



Осы "южный метод" деген пәле бізге де келді. Жоғарыда қолдары таза адамдар отырмаған соң осы...



дұрыс тазалықты алдымен білім ордаларынан бастау керек! Шымкенттің университеттерінің ректорлары мен декандарын неге ұстамаған?

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>