Ойын ережесі өзгерді | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Ойын ережесі өзгерді

Жәрдемші


Қазақстанның саяси ахуалын бағамдап жүретін сарапшылар билік басында әне-міне ауыс-түйіс болады дегелі қай заман. Дегенмен, ешкім де өзгерістің дәл бұлай тосыннан, төтеннен боларын болжаған жоқ еді. Сонымен, өзгеріс болды, тіпті мемлекетті басқару механизіміне өзгеріс енді. Бұл жайлы бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен индустриялық даму бағдарламасын орындау жөніндегі жиналыста белгілі болды.

Бұдан былай Қазақстанда Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жұмыс істейді. Оның тізгіні вице-премьерлікпен бірге алып жүру міндеті Әсет Исекешевке тапсырылды.
Бірде қосылып бірде қайта бөлініп  жүретін Мәдениет және ақпарат министрлігі тағы екі жарылды. Өз алдына жеке шаңырақ көтерген Мәдениет министрлігін Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарады. Ал ақпарат саласы байланыс секторымен қосылып, Байланыс және ақпарат министрлігі құрылды. Су жаңа министрлікті  басқару «Қазақтелеком» компаниясының бұрынғы басшысы Асқар Жұмағалиевке тапсырылды.

Бұдан басқа бұрын соңды болмаған жаңа мекеме - Қазақстанның Мұнай-газ министрлігі шаңырақ көтерді. Сауат Мыңбаев  осы «жас отаудың» «отағасы» атанды. Ал ол басқарып келген Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі  бюджетті жоспарлау және қаржы министрлігіне жүктелетін болды.

Тағы бір жаңадан құрылған мекеме  Экономикалық даму және сауда министрілігіне Жанар Айтжанова бекіді.

Бек Датұлы


 




Сауат Мыңбаев Бюджетті жоспарлау министрлігін басқарған жоқ, бұған дейін ол Энергетика және минералды ресурстар министрі болды, ал Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігін Бақыт Сұлтанов басқарды. Мақала жөпелдемеде жазылған соң, авторы да байқамай қателесіп қалған сияқты.



Елімізде реформа болғанын білмейтін сияқтысын!Сөйлемді жақсылап оқы сол кезде түсіненсің С.Мыңбаев саған эңономика және бюджетті жоспарлау министрлігін басқарды деген сөзді қай жерден оқып айттың



Кул-Мухаммед агамыздын кадірі артыктау еді............
жорналшы



Әбден мумкін



Пікір алынып тасталды!



Қызық екен!



Құтты болсын!

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Асқар Жұмағалиев деген кім? Танымайды екенмін. Қазақ баспасөзінің бүгінгі күнге дейін қалт-құлт еткен күні енді не болар екен?



қосылғыштардың орны ауысқанымен, мәні өзгермейді.су басынан тұнымаған соң, халық суға жарымайды.



Бәрібір пайдасыз тағайындаулар!



Біреу анда барған, біреу мұнда келген. Сол баяғы сопиған бастар. Сол баяғы сартақым болып креслода отырған адамдар. Өзгеріс жоқ. Мысалы мен өз басым Айдос Сарым Ақпарат министрі, Ерлан Саиров Мәдениет минисрі, Ерлан Карин Президент аппаратының жетекшісі, Дәурен Қуат "Егемен Қазақстан" газетінің Президенті, т.б. болыпты десе, "е-е, міне өзгеріс!" дер едім.



Осы тізімді арықарай жалғастыра түсейікші.



Айдос Сарымнан, Ерлан Саировтан жақсы министр шығар. Ай бірақ мына ДАУРЕН ҚУАТТЫ қайдам!!!



Мен білетін ДӘУРЕН ҚУАТ қызметтің соңына түсіп жалбаңдаған жан емес. Қайда барса да, қай ортада жүрсе де маңдай терін сорғалатып еңбек ететін талантты журналист. Алда-жалда Дәуренге дәу бір мекеменің төрі тие қалса мынаны жазып отырған байқұс ас ішпей арам қататын шығар. Сен тіпті Дәуреннің мынандай порталды басқарып отырағынына да ішіңнен қан жылап жүрген боларсың.



Ең алғашқы пікір білген адамға айтайын дегенім, автор дұрыс жазып отыр. Сіз ол сөйлемді дұрыс түсінбей қалғансыз, ол Сауат Мыңбаевтің Энергетика және минералды ресурстар министрі болғандығын айтты. Жалпы, өзгерістер қажет-ақ, бірақ ол қандай өзгеріс болуы керек мәселе сонда. Өзгерістің де өзгерісі бар. Ал енді әлгі бір шахматтың пешкілері сияқты анда-мұнда ауыстыра бергеннен ештеңе өзгере қоймас деймін.



Алик, Малик, щарик ойынының кезекті сеансы.
Қабыл



Мунай жане газ министрлигине Ляззат Киынов деген мунайшыны кою керек



Аскар Жұмагалиев кезінде Дариганың қанатының астында жүріп көтерілген. Қазақтелекомда вице-президент болған.Кейін президент болды. Ал Құл-Мұхаммедті қазақы оқулықтардың тас -талқанын шығарғаны үшін сыйламаймын. Соның өз қалтасын ойлағанынның кесірінен қаншама оқулық шала дайындалып, қаншама ұрпақтың білімінің ншаралауына әсер етті. Оны ешқандай ақшамен есептеуге болмайды. Ол ақылды, дана адам болса, сол кездері нағыз мамандар жұмыс істейтін Мектеп баспасына беретін еді оқулық шығаруды.



Кулмукамбет туралы оте орынды айтып отырсыз. Окулыктардын быт-шытын шыгарды. Балаларга обал-ак. Устаздар неше жылдардан берi зарлап келемiз, оны кулакка кыстырган адам жок! Акшаны куамын деп, букiл урпактын басын керi айландырып койды. Осындайлар жогары кызметке калай келедi екен! Зиянынан баска пайдасы жок!



Қазір балақтағы бит басқа өрлеген заман ғой. Келешегін кім ойлап жатыр. Көбісі тек бір күнгі ішіп-жеу тірлігімен жүргендер. Халықтан өзін жоғары қойған билік әсте оңбайды. Оны тарих та көрсетті. Мұнан сабақ алатындар қайда?
Білімді адам идеал болудан қалды ғой. Тек жарамсақтанудың ғана тасы көкке өрлеп тұр.



Мың жерден Сарым мен Сайыров министр болса, Қуат Егеменге президент болса да ешнәрсе өзгермейді. Назарбаевтың орнына өзге адам президент болса да ешнәрсе өзгермейді. Ең бастысы шын мәніндегі дана, халықшыл, мемлекетшіл адамдардың командасы билікке келіп, тұтас жүйені өзгерту керек. Бірақ бұл оңай емес.Және бір күннің шаруасы емес.



тек ауыс-түйіс! Қайран қазағым ай!



Даурендерге билік тиер кез де болар. Ақпарат министрі ақын Қазыбек Иса болса "Егемен" "Жас қазақ үніндей" ел оқитын газетке айналып,телеарналар тек қазақша сөйлер еді... Бірақ ондай ұлтшылдар біздің билікке керек болмай тұр ғой. Асқар Жумагалиев деген кім ол? Қазақша біле ме екен. Болат.



Басқаларды қайдам, ақпарат саласына Мұхтар Құл-Мұхамед дұрыс еді.



Кулмухамед алдымен айтысқа демеуші болып жасады өзінің имиджін. Мына жақтан сапасыз оқулықтар үшін бюджеттің, ата-аналардың миллиардтаған ақшасын алады да, айтысқа бір жигули тиігеді, өзі сол залга барып отырады. Сосын оны Журсін Ерманов әкесін танытып мактайды. Кулмухамед орнынан турып мәз болып, маңғазданып жан-+жағына басын иеді. Ол көзге осылайша түсті. Оның баска жолы жок.



Кулмухамбет - Мопассаннын "Милый другы". Кызметке Милый другтын жолымен келген. Кауiптi адам...
Сайын С.



Дамыған Европа елдерінде бар жоғы 6-7 министрлік жұмыс істегенде, бізде не деген қажеттілік? Бәрі биліктің тығырыққа тірелгенінің дәлелі. Ешкім ешнәрсеге жауап бермейді.Бәрінің артын Президент жауып отыр. Толық диктарура.Әкимчиктерге СПК-ларды береді.Бірақ СПК-лар конкретно не істеп отыр. Отмывание денег? Қазақстанда өзгерістер болам дегенше - Единый Союзға қосылып кетеміз. Арты белгілі... Менің лично прогнозым - Қазақстанда қазіргі билік тұрғанда болашақ жоқ. Балдарды шетелге жіберу керек. Онда саясат , анау-мынау деп бас қатырмай,достойный өмір сүруге мүмкіндік бар.Копец тебе КР.



мунай-газ министирлигине айтеу барин берди гой, бир Кытайды коя салуы керек еди гой! баска не бар, онсызда кытайларга жалынады гой. мыкты болса коші-кон министирлигин куру керек еди гой! ай еврейлер ай!



Ә. Исекешевтің келе сала барлық баяндамаларын орыс тілінде оқып жүргенінен шошынып қалдым. Қалай болғанда да орысша сөйлеп, қазақ тілін мансұқ еткен адамнан жақсылық күтпеймін, өз басым.
ШОҢ



Қалай болғанда да мемлекет басындағы отырғандардың барлығы қазақша ойлап, сөйлей алатын адам болмаса болмайды.
ШОҢ



Тiл,тiл дейсiз. Мукым елiн, мемлекетiн, халкын жойылып кетейiн деп турганда тiлдi не етпексiз? Елбасы тiзерлетiп койган елдi аякка тургызуга дарменiнiз бар ма? Ендi етпеттеп жату гана калып тур. Одан аргысы белгiлi.



Менде косылам



Ия, билікті жағалап байыған жемкорлар, шетелге Отанын сатып кашкандар Казакстанды туралатып битти... улы саныраукулак секилди тамырын теренге жайып алган. Осыган ким киналы екенин маубас укимет оздери де билмей есенгиреп тур. Ойткени бары киналы, сакалдарын матырып алган, сол жемкорлыкка барынын катысы бар...



Е, Қыртымбайдың орнына Мырқымбай келгенде, оның орнына Тыңқылбай барғанмен олардан еш пайда жоқ.... Бізге үлкен пайда мынау кету керек, қарасын батыру керек, сонда ғана қазақ алғы шептен болмаса да орталықтан көрінуі мүмкін....
Алаң кетпей, оны кетірмей айтқан сөзің айтқан жерде қалып отырған жоқ па, қандастарым-ау, қазақтарым-ау?!!!!....



Жөні түзу екі-ақ министр бар. Оның біреуі-Мұхтар құл Мұхаммед. Бірақ, оны ақпарат министрі етіп қою керек еді.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 10 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>