Облыстардағы Қазақ Құрылтайын шақыруға ат салысатын азаматтардың есіне: | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Облыстардағы Қазақ Құрылтайын шақыруға ат салысатын азаматтардың есіне:

Жәрдемші


Еліміздің тәуелсіздігін сақтау жолында, ұлттық мемлекет болып қалыптасу кезеңіндегі мемлекетқұрушы қазақ халқының әлі шешімін таппаған  мәселелерін анықтап, соларды жүзеге асыру жолдарын белгілеу үшін қазақ Құрылтайын шақыру кезегі келген сияқты.

Еліміздің тәуелсіздігі мен халқының қамы үшін жүрегі ауыратын әр қазақтың осы іске ат салысуы азаматтық борышы екенін ұмытпаңыздар. Белсенділік көрсетіңіздер.

Сіздерден төмендегі сұрақтарға ұлтқа жанашыр азаматтардың пікірлері негізінде қысқа ұсыныстарды дайындап «Ұлт тағдыры» қозғалысына салып жіберуді сұраймыз.

Құрылтайдың мақсаты жөнінде:

Өз жұртында басым ұлтқа айналған (64 пайыз) қазақ халқының саяси тұрғыдан ояна бастағанын қалай көрсетуге болады?

тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту  қаншалықты жүзеге асты?

биліктің қазіргі кезеңдегі ұстанымы ұлттық мүдденің шешілуіне қаншалықты тиімді?

қазақ елінің келешекте тәуелсіздігін сақтап қалу үшін не істеу керек?

әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ұлттық мемлекет құру үшін қазіргі кезеңде ұлттық  мүддеге байланысты қандай шешілмеген мәселелер бар?

қазақтар өзінің ұлттық мүддесін іске асыру үшін не істеулері керек?

қазақтардың өз мүддесін қорғау үшін белсенділігі мен бірлігін қалай арттыруға болады?

қазақтардың біртұтастығының сақталуы мен белсенділігіне рушылдықтың қандай әсері бар (тиімді және тиімсіз жайларын көрсетсеңіз)?

қазақ  мүддесін қорғайтын азаматтық ұйымдар мен оппозициялық саяси топтардың ара-қатынастарына көз қарастарыңыз қандай?

елімізде тұрып жатқан түркі халқы өкілдерінің бірлігін нығайту үшін не істеу қажет?

қазақ халқының мемлекетқұрушы ұлт деңгейіне іс жүзінде көтеріліп, елімізде тұрып  жатқан көптеген этнос өкілдерін өз маңайына топтастыру үшін не істеу керек?

сіздердің аймақтарыңызда  шешімін күтіп тұрған қандай  мәселелер бар?

 

 

Құрылтайды  қалай өткізу жөніде ұсыныстарыңызды (қысқаша) қоса  жіберіңіздер

 

Ұсыныстарыңызды мына теле/факске   8(727)3922507 не болмаса мына  эл. почтаға

E: saihmanb@mail.ru жіберіңіздер. Хабарласу тел.Болат 87017293564, Дос 87017732263

Жауаптарыңызды 10-шы наурыздан  қалтырмауыңызды сұраймыз.

 

«Ұлт тағдыры» қозғалысы

P.S. Сондай-ақ ұсыныс-пікірлеріңізді әдеттегідей Абай-ақпараттың форумына да жолдай берсеңіздер болады. Форумда айтылған әрбір ұсыныс, пікір, ой ескерусіз қалмайды. Қазақ құрылтайын шақырып отырған ұйымдастырушы алқаның назарына ұсынылады.

«Абай-ақпарат»


 




Қазақ Құрылтайын шақыратын уақыт әбден пісіп-жетілді. Өйткені біз мына бетімізбен кете берсек, рәміздік белгілері ғана бар қуыршақ мемлекеттке айналып бітетін түріміз бар. Бұрын ғой, басқыншы елдің бар екенін, оның қай ел екенін білетінбіз. Қазір білуден қалдық. Жау ішімізден шығып жатыр. Сыртқы мүддеге сатылған, қазақ жерінің байлығын әлемді кезген *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тармен бірге тонайтын қулар көбейіп кетті. Олар қазақ мемлекеттілігінің мұрат мақсатын да сатып, мансұқтап жатыр. Қысқасы құрылтай шақырылуы керек. Құрылтайға әр облыстан белсенді он-он бес адам қатысуы керек шығар. Құрылтайға дейін дайындық жұмыстары болып өтуі керек. Әйтпесе біздің қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын. Болмайтын әңгімені Құрылтайға әкеліп салады да езіп отырып алады. Сол үшін бұл жиынға ауызбіршілікті алдын ала бекітіп алып келу керек. Жоғарыдағы сауалдардың жауаптары да Құрылтайға дейін анықталып қойғаны абзал. Әрине, сауалдарды көпшілік тұрақты ашып оқитын Абай.кз сайтына салғандарыңыз дұрыс болған. Осы сайт арқылы насихатты да молайта берген жөн шығар деймін өз басым.

Абзал Құмарлан





Құрылтайдың міндеті - нағыз Ұлтшыл, қайткенде қазақты көркейте алатынын нақты көрсете алған бір "СЕРКЕ" сайлап алу болуы керек деп ойлаймын. Шұбалаңқы емес, нақты ұсыныстардан құралған Ұлттық идеология жасай алған Тұлғаның маңына топтасуымыз керек. Ал ондай Тұлғаның бар екендігіне мен кәміл сенемін. Герольд Бельгер ақсақал өзінің "Казахское слово" деген кітабының соңғы бетінде өмір сүру ережесін жариялапты. Сол ереженің бір тармағында былай деп жазыпты: "Никого Создатель не наградил талантами так щедро, как казахов. Увы, сами казахи это плохо понимают и часто разбазаривают свой дар пустоту". Мұны жазып отырған, қаны Неміс адам. Бізге жағынғасы келіп те отырған жоқ. Жеті жасынан қазақтардың арасында өскен адамның сөзі. Аллаһтың берген осы талантын бір бағытқа жұмылдыра білетін Тұлға керек бізге.

Нағашыбай Есмырзаев



Жұмыл қазақ, жұмыл!
Дәрмен СМАЙЫЛ



Қазақ ұлтының әлемдегі орны мен рөлін анықтайтын Стратегия немесе бағдарлама жасалуы керек. Жаһандану заманында бұл өте қажет дүние. Меморандум қабылданып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымына тапсыру қажет деп есептеймін.



Қазірден бастап ұлт көшбасшысын анықтауға кірісу керек. Бірнеше адамды тандап, оларға баяндама жасатып, ішіндегі жанып тұрған, ұлтты көркейту бағдарламасы нақты әрі жасампаз келетін адамды көсем ретінде сайлауымыз керек.



Сайланып көсем болғандар көсегемізді көгерте қоймас.



Сонда не? Көсемді президент тағайындауы кере пе?



Қазақ ұлтының әлемдегі орны мен рөлін анықтайтын Стратегия немесе бағдарлама жасалуы керек. Жаһандану заманында бұл өте қажет дүние. Меморандум қабылданып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымына тапсыру қажет деп есептеймін.

Ақберен Елгезек



Казакты бириктиру урандарыныз дурус екен.Ал турки халыктарын елимизде калай бириктиру керек деген уракка куманим бар.Онсыз да сол турки халыктары бизге коретинди корсетеди емес пе?Бетине кулип карап артыннан бир теппесине ким кепил.Ауели казак бириксин демеисиндер ма.Турки халкы бириксин дегендер онсыз да жетерлик.оны баска улттар ак катырады. Ауели казак бириксин КАЗАК, КАЗАК, КАЗАК!



Дұрысында Қазақстандағы Түркі халықтары қазақ болуы керек.Кезінде қырғыздар арғын руына кіріп , ноғайлар кіші жүзге кіріп қазақ болып кетті емес пе?.



Егер ондай Құрылтай бола қалса, және ұйымдастырушылар ұсынып отырған абстрактылы, нақты мәні жоқ тақырыптарда өткізілетін болса, ондай Қүрылтайдың пайдасы аз, зияны көп болады. Түсіндірейін. Пайдасы аз болады дейтінім, Бүкіл қазақты дүрліктіріп, түрлі қиындықтарға соқтықтырып, әрең дегенде бір жиналармыз-ау. Сонда дүйім қазақтан естігілерің келетіні - рушылдықтың зияны, түрлі саяси топтардың арасындағы алауыздықтың кесірі немесе үкімет ұстанып отырған бағыттың қазақ ұлтына қарсы екені туралы пікірлер ме? Ол онсыз да айдан анық нәрселер емес пе? Ал зияны сол - мұндай елді елең еткізіп, көптің көңілін аулайтын оқиға қазақ ұлтын өзекті мәселелерден, атап айтқанда кеден одағы (сосын сол одақтың талабына сай заңдарға өзгеріс енгізу) және ортақ валюта енгізу арқылы қазақты егемендіктен мүлде айыру қаупінен; қытайдың жерді жалға алу арқылы аннексия жасау қатерінен назарын басқа жаққа бұрып әкету үшін жасалатын іс-шара болып шықпай ма?
Жасарал Қуанышалин "Қазақстандық ұлтқа" байланысты дүрлігіс өкіметке елдің назарын Кедендік одаққа енуден басқа жаққа бұру үшін керек болған дегенді айтуда. Кейде сол сөздің жаны бар шығар деп те ойлап қаласың.
Ал енді Бүкіл қазақтық құрылтайға келсек, бұл тарихта болған коллизия. Ахаң, Жахаң, Әлекеңдер "Айқап" журналының төңірегіндегі азаматтардың ұйымдастырмақ болған Қазақ құрылтайына не себептен қарсы болғанын еске алайықшы. Ахмет Байтұрсыновтың Міржақып Дулатовпен біріге жазған статьясында, Райымжан Мәрсековтың мақалаларында, Айқаптағы оларға қарсы шыққандардың жазғандарынан осы құрылтайға да себі тиерлік көп пайдалы нәрсені оқуға болады. Қысқаша айтқанда, Ахаңдар мұндай үлкен жиналысты барынша ойластырып, дайындап барып қана бас қосқан дұрыс екенін айтады. Өйткені, екі-үш күнге бас қосып, қырық пышақ болып елге қайтқаннан қазақ ештеңе ұтпайды. Тек ұйымдастырушы топ "Тағы бір істі тындырып тастадық" деп шіреніуіне сеп болар.
Borash BK-012@bk.ru



...бір әнек есіме түсіп кетті. Әлгі, бір кемпірдің Президент билбордтына қарап, "Біз бұған сеніп жүрсек, бұл бізге сеніп жүр екен ғой" дейтін. Мықты прагмат, салқынқанды (!) - (бұл өте маңызды) әм әккі сарапшы үш жігітті қолдарына диктафон беріп, осы сұрақтарға тұшымды жауап бере алады-ау дейтін, тым құрыса, осы масһалаларға қатысты соны ойы, тың идеясы бар-ау дейтін мамандарға сұхбаттасуға жіберу керек. Дұрысы: сыра ішіп отырып сұхбаттасу. Бәрінің басын қосып, дөңгелек үстел жасасаң - тағы сол пайдасыз полемика, мәселеден ауытқып кеткен біреуді қайтарам деп, одан әрмен лағу... Сол. Саясатты тобыр жасамайды... Ал, мыналарың мүлтпилім енді, жігіттер, түк ренжімеңдер.



Сыра ішу жағынан кенде емеспіз-ау...
Менің де Дос мырзаға қояр біраз сауалым бар. Ренжімесеңіз, осы сіздің нешінші бастамаңыз екенін айта аласыз ба? Әй, қайдам. Сіз таяқты бұтына қыстырып, үйді айнала тасыр салып жүрген ерке балаға ұқсайсыз. Сіз үшін ең бастысы - елдің назарынан тыс қалмау. Және, Назарбаевтың...
Қазір ғой, елдегі саяси жағдай ушығып тұр. Тәуелсіздігіміз қыл үстінде, сіздер көтерген "Қазақстандық ұлт" мәселесіне атой салып жүргенде, күмп етіп Кедендік одаққа қалай кіріп кеткенімізді де байқамай қалдық. Кезекте, заңдарымызды соған сәйкестендіру тұр. Сосын, бір-екі жылда Ресеймен ортақ валютамыз болатын көрінеді. Бұл баяғы СССРдің көрден шығуы деген сөз. Жер асты байлығымыздың ширегі, жеріміздің үштен бірі ғана қалыпты өзімізде. ОБСЕ-ні басқарып отырғанда, шығысымызда жұт жұтынып тұр. Моңғолдағы бауырларымыз қырылып жатыр, біздің жастарымыз үшін есірткі өндіретін Ауғандарға берген көмегіміздің оннан бірін де қандастарымызға ұсына алмадық...
Қысқасы, Қазақтың зығырданы қайнаған. Осы кезде, - егер мен президент болсам - не істер едім? Егер мен президент болсам(басқа емес, НӘН болсам), былай істер едім... айтқанымнан шықпайтын, қалталық саясаткерлердің бір екеуін шақырып алып: "Жігіттер, қазақтың көңілін аударып, дабыра тудыратындай бір шара ойластырсаңдар қайтер еді?" дер едім. "Ләббай, тақсыр"" дейді олар, әрине. Сосын, жұртқа атой салып, облыстардағы азын-аулақ жақтастарын жұмылдырып, түрлі шара ұйымдастыруға білек сыбана кіріседі. Біреулері, мәселен, Қазақ құрылтайын ұйымдастыруға үн тастайды. Екінші біреулері, латын алфавитін енгізу туралы қырт әңгімені қайта бастайды. (айтпақшы, латиница туралы әңгіме кезінде біраз кәдеге жарады. Сол шудың тасасында Шерхан Мұртаза секілді айбынды депутаттар Жерді сату туралы заң қабылдаған).
Ал енді, сауал: Досеке, сіз отырмаған төбе қалды ма? сіз осы желөкпелігіңізді қойып, үкіметке емес, қазаққа пайдасы бар істерді қашан жасайсыз? Сіз араласқан істердің қай- қайсысы да, сансыз интервью, даурықпа ұрандардан басталып, сиырқұйымшақтанып барып, елдің назарынан қалыс қала бере, құмға сіңген судай құрып кететіні неліктен?
Айталық, бір уақытта қазақ тілін орындамағандарды сотқа берем деп қоқан-лоққы таныттыңыз. Иә, сол шаруаңыздан не қайыр болды? Неше адамды соттадыңыз, неше адам түрмеде отыр, қанша адамды өлім жазасына кестіңіз?
Тағы бір ісіңіз Шаңырақтағыларды қорғау еді... Немен тынды сол шаруа? Алды он жеті-он сегіз жылға кеткен қайран жігіттер сізге сеніп еді-ау, байғұстар. Сол Атабек Жовтис құрлы жоқ па еді? Жовтис дегенде өре түрегелдіңіз, ал Атабектің атын ауызға да алмайсыз...
Енді мына, соңғы, Мұхтар Шахановпен бірге көтерген қазақстандық ұлт туралы дабыраларыңызға келейік. Одан не қорытынды шықты? Сол шаруаны аяғына шейін тындырғанша, жаңа бастама көтермесеңіз де болар еді ғой?
Менің қорқатыным, сіз осы шаруаны биліктің тапсырмасымен істеп отырған жоқсыз ба? Оларға керегі сол ғой, халықтың назарын түк пайдасы болмаса да, дау дамай туғызып, көңілін аулайтын шаруа ұйымдастыру.
Аштық жылдары, қазақтың әжелері, шиттей балалардың көңілін аулау үшін, қара қазанға қара суды құйып, ішіне тас салып, балаларды бауырына алып, ошақтың басында ыңырси ыңылдап отырып алады екен. Қазір тамақ піседі деп күткен балалар, әбден жалығып, ұйықтап кетеді... Сіз сияқты саясаткерлер халықты солай алдап жүрген жоқ па? Қазанда тастан басқа бірдеңе бар ма? Әй, жоқ-ау.
Сонда не істеу керек деп сұрарсыз. Меніңше, егер "Ұлт тағдыры" немесе "Тәуелсіздікті қорғау" деген сияқты аттары айғайлап тұрған қозғалыстарыңыздың жақтастары болса, онда жиі-жиі ереуілге шығарыңыздар. Тым болмаса айына бір рет он мың адамды жинай аласыздар ма? Жинай алмасаңыздар несіне күпінесіздер?
Қазір бос сөз, мағынасыз бас қосу емес, нақты әрекеттер қажет, билік өзіне қарсы бас көтеретін қазақ барын сезінуі тиіс. ал оған шамаларыңыз келмесе... онда сол бес ешкіңіздің саулығын ойлағандарыңыз дұрыс шығар.
Қабыл



P.S. Бұл сауалдарды мен "Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы, белгілі саясатшы Дос Көшімге қойып отырмын. Алайда, бұл әңгіменің аузымен орақ орып, артымен диірмен тартатын басқа да саясаткерсымақтарға да қатысы бар екені өз *өзінен түсінікті болса керек. Қабыл.



Сөзден гөрі іске көшетін мезгіл жетті. Пайдаланғанына жиырма жыл болған кеменің өзін де ауыстырады ғой. Ал бізге келсек, капитан да сол, кеме де сол. Қайда жүзіп бара жатқанымыз белгісіз?... Тек алға, алға! Сонда - қайда?



Бірінші өзің сөзден гөрі іске көш.



Е, бәсе, Айдос Сарымнан басқа мықты саясатшы жоқ деп білетін «сарымшылдар» неге үндемей қалды, ә?.. - деп таңданып отырсам, Қабыл көкем өңешін керіп, қиқулап шыға келді ғой!.. Бірақ ол кісі байсалды мінез танытып, көшелі сөз айтуға жоқ қой, тек бір істі біреу қолға алса, соны қадетінше кекету, мысқылдау болмаса...
Құтты бір қазақтың қамы үшін 10 мың қолды өзі бастап барып Ақ Орданы шауып қайтқандай ат үстінде шіреніп тұрып сөйлейді-ау қасқаң!.. Беті бүлк етсейші бір...
Енді Н. Назарбаевты кісі құрлы көрмей (сірә, оған айтатын сөздерін түгел айтып тауысқан секілді), Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов, Дос Көшімді, сосын Ұлт тағдыры" немесе "Тәуелсіздікті қорғау" қозғалысына топтасқандарды тұқыртып алу. Дәмесі зор деймін, сұрамаңыз...
Қабыл көке, осында *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тампаздарыңды түгел жинап, өз сөзіңе басын шұлғымайтындарды қолма-қол сыбап, қарғап-сілеп, түкіріп, тағы бір қайратыңды көрсетші, кәне!.. Әй, ерім-ай!..
Дегдар



Мәдениеттілік пен сыпайылыққа толы мына сөздеріңнен кейін, сенімен дауласуға жүрегім дауаламай тұр. Ақталғаным емес, ақиқатын айтайын, мен адаммен адамша, наданмен наданша сөйлегенді дұрыс көрем. Менсіз де бір біріңді жетістіріп жатқандарың шамалы еді. Қайта мен біраз дауыс көтергеннен кейін, жүгенсіз кеткендерің біраз басылып, порталдарың жөнсіздіктен аздап арылды ма деп қалдым. Жалпы, шіркін, осы сен сияқты биязылық танытып, сындарлы пікір айтқанға не жетсін. Бір қызығы, Қабыл дегенді біреулер "Қабыл болсын" деп ұға ма, менің атымнан біраз сөздер айтылып жатыр. Мейлі ғой. Ал енді айдос сарымшыл депсің, бір рет оны жақтағаным рас, материалын тез порталға ұсынғаны үшін. және әжесін еске алғаны үшін. Ол үшін енді кешірім сұрай алмаймын. ал екеу араңда әлдебір бақастық болса, оны менсіз шешерсіңдер. Жоғарыда Дос Көішмге айтқан сындарым да, ұлтымыз құрығалы тұрғанда, түрлі мәжіліс ұйымдастырып, өзін көрсетіп қалуға тырысатындарға ашынғандықтан, дәлірек айтсам, ұлт ретінде шарасыздығымызды түсінгендіктен туған жанайқай ғой. Егер ойлағандарың болып, қазақ құрылтайы жиналып, оның тәуелсіздігіміз үшін пайдасы болып жатса, сүйіншіге шекпенімді шешіп беруге дайынмын.
Қабыл



P.S. ДЕГДАР бауырым! Айдос пен Дос қоян-қолтық жұмыс істеп жүргенде, екеуіміздікі не дау? Осының өзі ұлтымыздың
ДЕГДАРысқа ұшырағанының айғағы емес пе?
Қабыл



Қазаққа әділдік дген ұғымды сіңдіру керек! Ең басты осы! Жоғарыдан бастап төменге дейін бұл ұғымды ұмытқалы қашан? барлық жерде бір мың, бес мың, он мың, он бес мың, мың доллар бәрін шешетін болды. Қайда барамыз? Осы мен белоруссия мемлекетіне, лукашенкоға қызығамын. Қандай ел! Қандай президент! және мұнайсыз, жер байлығынсыз! ВООТТ!!!



Қазақ аз да болса сергіген уақытты пайдаланып рухты оятуға бағытталған іс шаралар істеу, істеуге тырыса беру керек. Болар елдің баласы бірін бірі батыр - дейді. Қалғып-шұлғыған қазақтың бір баласын қатын десең, ол өзіңнің бауырың!



Қабыл көке! Менің пікірімді оқыған соң, әдеттегіңдей өзіме «Надан!» - деген баға беріп, сұхбаның сүймейтін қоғам қайраткерлерін қайтадан қарғап-сілейтін шығарсың, егер біреу: «Әй, Қабыл, мұның не, қатын болып кеткенсің бе?!» - деп, өзіңнің сөйлеу мәнеріңде сұрақ қойса, «Қызталақ-ау, қатырдың, енді қайтейін күйінген соң...» - деп, «ақтала» қоярсың деп пайымдағам. Бірақ ашуды ақылға жеңдіріп, аталы сөз айта бастапсың. Аталы сөзге тоқтамас арсыз емеспін!
Доспен – достығым да, қастығым да жоқ. Көшімнің істеген ісін, сөйлеген сөзін байыптаған соң, ол саяси, мәдени деңгейі жоғары, білімі терең, тәжірибесі мол кәсіби саясаткер деген ой өздігінен туындады. Сонсын оның тар қапаста отырып шыққанын естіген соң, заты шыңдалған кәнігі қайраткер болар деген ой туды. Ерлан Срайыл мен Әзімбай Ғалидың жазғандарынан парасатты саясаттанушыларды байқадым. Ал Айдостың айғай-сүрен салған жарияланымын оқыған соң, онымен бақас болу түгіл жанына жақындағым жоқ. Өзіңді «сарымшылдардың» сапына қосып қойсам, мысқылың солардікіне ұқсаған шығар, тек *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тауың жетіспеді.
Жалпы қаншыл азаматтардың Қазақ құрылтайын өткізуге деген талабын жамандыққа жорып өздерін табалау, қоғамдағы келеңсіздіктердің барлығына соларды кіналы етіп көрсету – кімге болса да абырой бермес арзан іс. Бейтарап қалып, бақылаушының қызметін атқару да жөн емес шығар. Дұрысы, сіз бен біз болып ұсыныс, кеңесімізді айтып Құрылтайдың ұйымдастыру ісіне зәредей септігімізді тигізу ғой.
Қабыл көке, ендігі ойымыз бір жерден шығады деп білемін. Артық атқан сөздерім болса, ғафу өтінемін.
Дегдар.



Шынымды айтсам, ешкімге тіл тигізгің келмейді-ақ, бірақ кейде көрсоқырлық пен пайымсыздықты, аңғалдыққа надандық қосылған жетесіздікті көргенде күйініп кетесің. Жалпы, бәріміз де ауылда өскен балалармыз ғой, қазақтың екі сөзінің бірі, әкеңнің, шешеңнің деп келеді, сондықтан боғауыздан үркудің де қажеті жоқ. Ақселеу ағамыз (иманды болсын, марқұм) боғауыз сөздерді өнер деп біліп, кітап та шығарған.
Ал енді ортақ әңгімеге келсек, менің де ешкімде алты алашақ, бес берешегім жоқ. Бірақ саяси сахнада жиырма жылдай бойы қақсап жүріп, он мың болмаса да, үш төрт мыңдай адамды - көтеріліске емес, жәй ғана бейбіт шеруге шығара алмайтындарға кейде кеийсің, осылардыкі не тірлік деп ойлайсың.
Ал енді өзің неге шығармайсың дегенің бар ғой. мен ешқашан көсемсіп көрген емеспін. Орыстың "назвался груздем, полезай в кузов" деген мәтелі бар. "Груздь" дегені саңырауқұлақ, кузов дегені корзина (Өзің де білесің ғой). сол айтқандай мен өзімді ешқашанда саңырауқұлақпын деп айтып көрген емеспін. Сондықтан кәрзеңкеге асықпаймын.
Ал енді біздің көшбасшы (не деген сорақы, сүреңсіз сөз!) жігіттер, ышқына, жер жара ысқыра қалса, бес ешкінің алдында, шақырған жерге жетіп келуге дайынмын. (Артында, сірә, Ермек Тұрсынов жүрер).
Жақсы, бауырым, ер шекіспей бекіспейді. реніш болмасын.
Қабыл



Ұлтшылдың дұшпаны ұлтшыл болмауы керек. Дос ағамен Айдосты шағыстырғанда Қазақ не опа табады? Екеуіде ұлтқа қызмет етіп жатыр. Мұхтар Шахан біраз жасқа келді. Мұхтар ағаның орнын алмастыра алатын Қазаққа саяси жетекші яғни тұлға қажет. Алдағы құрылтайдан саяси жетекші яғни тұлға бола алатындай азаматты белгілеуді күтемін. Ұлтқа қызмет етіп жатқан азаматтардың жағасына жармаспайық бауырлар.
Серік Жолдасбай,
altyalash@mail.ru



Дос пен Болат қызыл сөзбен қуырдақ істейтін адамдар. Ол өздерінің қоғамдарын алға тартып, ұпай жинап жүрген жандар. Шындығына келеитін болсақ, Дос Көшім биліктен ақша алып отырады. Соның арқасында сайрайды. Өздеріңіз байқаңыздаршы Д.Көшімнің Президент Назарбаевтың ісінің кемшіл тұстарына сын айтқан кезін көріп па едіңіздер? Осының өзі мұның сол жақ пен аналарға қызмет ететінін көрсетеді.



Дос пен Болаттың істеген ісін көрмесең - көрсоқыр шығарсың, билікті сынаған сөздерін естімесең - керең шығарсың. Биліктің кассирі болсаң, Көшімнен басқа тағы кімнің қолына ақша ұстаттың, айта түс...



Па-шіркін! 20 жылда Қазақтың аяғы ақсақ, көзі соқыр, тілі сақау, діні миды айналдырып болды!!! Осы тақырып жақсы қозғалған, бірақ... Қазақтар 20 жыл қиындық көрді, Байқоңыр сатылып, төбемізден У құйылып тұрды, нәтижесінде Қазақтар түрлі ауыруға ұшырап, қатты қиналып жатыр,Семей, Аралға көмілген улы қалдықтар! қинала береді... өйткені: Экология жебірлер мен жалмауыздардың кесірінен көсегесі көгермей тұр...төбемізден қандай У құйылып жатқанын біле алмаймыз, оған ешкім білуге, зерттеуге құлықсыз! Неге десеніз Үкімет ақсақ, ісі шала! Бидай далада шіріп жатыр, мұнайды шетелдіктер ішіп жатыр! Миллиардттар сансыз кімнің қалтасына кетіп жатыр... Қазақ зерттеуге құлықсыз! Елді жаулап алған жалмауыз шенеулік, жемқорлар... Мысалы Храпун, Рахат...Қазақ ақсақ, аяғын баса алмайды, алдымызды жаулаған улы саңырауқұлақтар өсіп кеткен, олар 20 жыл Биліктен шыққан шенділер, керек десеніз Елімізді сатып, байлықты тиеп қашып кетеді! Қазақтың көзі де соқыр! Қазақтың шенділер- барлығы Нұр Отаннан шыққан жалмауыз, жалғыз көздер, көзін шел басқандар! Көрсе жеп-жеп шетел асып айтыспаушы еді! Қазақ ақсақ, соқыр, ауыру, демографиясы, кәрі қызы, сатылған, тастанды бала, Үкіметі жемқор- әкесі шуылдақ, БАҚ-да бомба! Қазақтың тілі айдаһардың 3 басы-жылан! Жануарлар жақсы өз тілі бар, ал, Қазақтың 3 тілі бар...Қазақ кім??? Қазақ жалтақ, жантық, соры бес елі, түрлі дін мен ұлттардың мекені! Өтірік деп көріңіз...



Қазақтың көзі соқыр- 8-наурыз астанадағы тәуелсіздік сарайына мерекелік концертке бардым. Шынымды айтсам сарайдың артындағы хандардың мүсінін көріп жүрегім дір етті. Аналарға арналған мерекелік концертті көріп жүрегім тағы дір етті. Арзан күлкі, айғайлап айтқан әнді жүрегіммен қабылдай алмай қалдым. Аналар мерекесі..., арзан күлкі..., жүрегі дір етті...



Қазақтың құлағы керең! Өйткені Қазақтың мұңын тыңдайтын құлақ жоқ!



Қазақтың санасы уланған! Өйткені Қазақтың тілі БАҚ-та өз деңгейінде емес! Қазақ 130 ұлтқа өз тілінде сөйлете ала ма? Қазақтың байлығы, тілі қайда? Қазақ неге үйсіз, жерсіз? Қазақтың байлығын 16 миллион Қазаққа жеткізе алмаса, жағдайын жасай алмаса, неге демография мәселесін, кәрі қыз, үйленбеген жігіт мәселесін неге қозғайды? Қазақ жастары неге 20-30 жыл өмірін үйге ақша табуға жұмсау крек? Қазақ неге үйсіз? Өтірік деп көріңіз? Қазақтың 1-ші мәселесі қазір уй ғой! Неге осы мәселе шешілмейді? Қазақ қалай көбейеді?



Қазақтың мектеп мұғалімі мен ЖОО-дағы оқытушылардың аузы неге байлаулы? Қазақты мугалима оқытса, Қазақтың мәселесін сол мугалима қозғамай ма? Қазақтың мәселесі жоқ па? Сол мугалиманың аузы неге байлаулы? Билікке разы болған 1 мугалима коген жоқпын, бәрінің мұңы бар, дәрігердің де мұңы бар, айтары бар, олардың аузы неге байлап тастаған?



Үкімет басшысы бір сөзінде Қазақтың бақылаушысы жоқ, жемқор мен шетке кеткен байлықты, оны кім бақылайды деген сұраққа: Нұр Отан деп жауап берді, Жемқордың бәрі Нұрланған Нұр Отаннан шықты емес пе?



Әй, құрылтайшы қазақтар! Құрылтайларыңнан түкте шықпайды. 20 жыл болды құрқылтайлағандарыңа не шықты? Дос Көшім, Айдос Сарым көсемси-көсемси миды сарсытты. Бас басына Би болам деп қырқысып жатқан иттерден не шығады? СССР-қайта құрамын деп жатқан Путинді қолдау керек.Сол күнімізге жете алмай қалдық емес пе? Бәрін талап жеп жатқан НӘН-нің өрен жарандары. Салмырза



Соңғы уақытта кеден одағы , эконмикалық одақ , одақтағы елдерге ортақ валюта...... деген сөздер көбейіп кетті. Осының бәрі сол бұрынғы Кеңес одағана алып бармай ма? Мен , Қазақстан Республикасының бір азаматы, ешқандай одақта тұрғым келмейді. Одақ, одақ тағы да одақ деп жүріп , тағы бірнеше жылдан кейін тәуелсіздігімізден қалай айрылып қалғанымызды білмей қаламыз.Құрылтайда осы мәселе де талқыланса.
Сәке



Қазағымның Тәуелсіздігі мәңгі болсын! Соны әр сәт естен шығармай, әр ісіміз бен сөзіміз күнделікті соған арналуы керек! „Қазақ елінің болашағы маған байланысты, менің саяси қоғамдық белсенділігіме байланысты, мен ештеңе істемесем еліме ертең қиын болуы мүмкін„ деген сөздер ұран болуы керек әр қазақ үшін. Жаса, Қазақ елі жаса, мәңгі!



Апырмай! былтыр ішкі істер органында қызмет істейтін бір танысым СССР болғаны жақсы деп, мен оны қазақтың сатқыны деп ренжіп ұрысып қалып едім. Кейін ақылға салып сөзін саралап көріп едім, және өзі мент болғанмен адамгершілігі бар мент тұғын. Әділдеу, мамандау. Оның айтқысы келгені қазіргі жүйеде жұмыс істеу мүмкін еместігі екен. Пұлсыз ештеңе бітпейді. СССР кезінде бұндай болған жоқ қой.



Ойлайм: ертең Ресейдің қол астына еніп, "шартты" тәуелсіз ел болып қалғанымызда, біздегі орыстар бәрімізге қарап: "Без нас даже двадцать лет нормально не могли прожить!" деп кемсітеме ме деп. Сіздермен ұшы-қиыры жоқ полемикаға түскенше, кәсіп үйреніп, оларды Бекмамбетовтей мойындатайын, ия, Саид Бурятскийдей тәуелсіздік үшін соғысып өлейін. Ал, сендер отырыңдар, біріңді-бірің *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тап... Егемен ментальды деңгейге жетіп үлгермеді - өкініштісі, сол. Тәуелсіздік алғалы туғандар, қазір, жасымыз жиырмаға жетіп қалдық, не бағыт, не бағдар жоқ, ләйліп жүриіз. Соған кінәлі сендер, ей, аға-апалар. "Аға отырып, іні сөйлегеннен без" деген бе, аталарымыз, бірақ, мына тірліктеріңді көріп ол қағидатқа да түкіргенім бар. Ұраншылсыңдар! Болғаны сол ғана... Билікті түзеймін дейсіңдер, елді тәрбиелеймін дейсіңдер. Отбасыңды түзейтіндей билігің бар ма басыңда? Бар екен, оны неғып пайдаланбайсың? Пайдалансаң, біз - жастар неғып бейсауатпыз, рухсызбыз? Осында көсемсіген әркім өз баласын, інісін, туысқандарының зәузатын, көршісінің баласын дұрыс тәрбиелеп, үлгі болса, әңгіме басқа. Сократтың синдромымен бәрі де ауыра алады ғой, бірақ, бәрі Сократ емес.



Израильде Стена Плача деген бар. Еврейлер сонда барып мұңын шағады екен. Біздің мына портал да сондай еңіреп жылап, мұң шағатын орынға айнала бастады ма, қалай. Жоғарыда айтылғандардың бәрі де шындық. Жыласақ та, еңіресек те... Әсіресе, жастардың сөзі сүйектен өтеді. Кейде өз өзіңді уатып, қазақ мұнан да жаман күндерді бастан кешкен, бірақ, құдай қолдап, аман қалдық ғой дейсің. Алайда, бұл жолы Алла-тағала бізді қолдай қояр ма екен. Азаттықтарыңды бағалай алмасаңдар, құлдыққа қайта түсіңдер деп теріс айналмас па екен...
Ахмет, Әлихан, Міржақыптар қазақты бұдан да жаман күйден көтеріп алған еді. Бірақ, қазір ондай заңғар тұлғалар жоқ-ау...
Не істеу керек?.. Ең жаманы, қазақтың көбі осы күйіне ырза. Олардың алдында астауы, астында көлігі болса, соған мәз... Ахаңдар тірі болса, бізге жиіркеншіпен қарар еді-ау...
Қабыл



- Қазақтың мәңгілік мүддесі - талан-таражға түскен ел байлығы мен бишара болған тілімізді қаузалап, байқап айтып, аңдап басып жүрген тірліктен арыла алмай жүргеніміз анық. Енді мына құрылтайымыз театр сахнасына кезекті қойылым дайындағандай әрекет болмаса болды. Шәкәрімнің "түзетпек едім қазақты"
дегеніндей, бүгінде "түзетпек едім елімді"дей алатын тұлғалар шоғыры қажет. Бұрыннан белгілі тереңдңп айтып,сау жүрегін ауыртқысы келмей жүргендер әуелі өзін түзеуге қам жасаса дұрыс болар еді. Біреудің тонын киіп,тойға баратындай болып жүргендердің желі қай жақтан соғып жүргенін білмейтіндей жұрттың бәрі соқыр емес. "Кебісің қисық" дегенге шамданғыш кейбір көсем болғысы келетін ағайындарымыздың көптің көзіне түскісі келіп, белсенділік танытып қалғысы келіп жүргені байқалады. Жастардың нақты әрекетке көшу бастамасы қуандырады.



"Қазақстандық ұлт", яғни "Қазақ елінде тұратын барлық халықты біртұтас қыламыз, 130 ұлттың басын қосып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарамыз, сөйтіп өз елі Қазақстанның мүддесін бәрінен жоғары қоятын Отаншыл етіп қалыптастырамыз" деген идея сандырақ сияқты болса да, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған қадам сияқты көрінетін.

Сол түкке тұрмайтын есалаң идеяға - "Қазақстандық ұлтқа" даурығып қарсы шығып жүргенде, мына құрылған Кедендік Одаққа мүше болу арқылы қайтадан елдігіміз бен тәуелсіздігімізден айырып тынады ғой. Ау, күллі әлем өркениетке ұмтылып отырғанда, ортағасырларда ғана кездесетін феодалдық мемлекет болып мәңгілікке қалып отырған Ресейдің құшағында 300 жыл бойы болғанда, шыққан мүйізің қане. Енді келіп, өзіміз тіленіп, өзіміз барып бодандықтың қамытын қайта кигелі отырмыз. Айдың күні аманда өз халқы мен елін құлдыққа байлап бергенді қарғыс атсын!

Қазақтың құрылтайы болса қалса, ең алдымен және ең бірінші "Ресей-Белоруссия-Қазақтан кедендік одағынан дереу және үзілді-кесілді шығу керек!" деген сөзді көтеру керек. Үкіметті соған мәжбүрлеу қажет. Соны жүзеге асырсақ, ел екеніміз сонда ғана көрінеді. "Ұлт тағдыры" қозғалысы аштықты түкке тұрмайтын аспандағы "Қазақстандық ұлт" үшін емес, осындай нақтылы іс үшін, кедендік одаққа енбеу үшін жариялауы қажет еді.

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



Жаса, Қазақ елі, жаса мәңгі! Мен Қазақстанның азаматымын!



Жоғарыдағы сұрақтарға бір ғана жауабым бар. Ең бастысы - қазақ тілінің, яғни мемлекеттік тілдің мәселесін шешу керек. Президентіміз "барлық мекемелерге мемлекеттік тілді осы мерзім ішінде үйреніңдер, осы мерзім біткеннен соң барлық құжаттар қазақ тілінде жүргізіледі" десе, бас екеу емес орыстар да қазақша үйренер еді. Тек сол мерзімді елбасы тағайындап берсе. Бәрі сол мемлекет басшысының кесірінен. Ол түзелмей, мін түзелмейді. Бұл - қазіргі заманға байланысты менің шығарған мақалым.
Шығыс Қызы



бірінші,бас басына би болған қыиқым ұлтшылдар бірігіп Алаш партиясы қайта құрылып ұлтты ұймдастру керек.сол арқылы мәңгүрт билікті қазаққа бұру керек.
осы бірінші қадам жасалатын болса қалған қадамдар жасауға оңай болар еді!ішімізден іс бастайтын біреу шықса" ел алдына қпай жыинағалы жүр!биліктің адамы!"деп сенбей тапқан тасымызды жылан көргендей соған лақтырамыз!алдымен соны қояиық!



Жетер, жетер енді..жел сөзге буаз болмаңдар..басқаны да буаз қылмаңдар.. күні кеше наурыз айы басында орыс жендеттерімен соғысып өлген Саид Бурятскийдей шаһид болатын біреу керек. "Еркек тоқты құрбандық" - деп кеткен кешегі Қайрат Рысқұлбековтей ұлт жолында құрбан болатын бір Азамат.
Алайда..қазақтан немесе Қазақстаннан өкінішке қарай..қазіргі саясатшы немесе саясаттанушылардан ондай Ерлік шыға қоймас. сондай Ер шықса, қанекей! бәріміз соған әскер болып, соның арманы жолында шейіт болайық!



Erten,yagni 13.03.2010 jyly Qazaq Elinin tyngysh HALYK KAHARMANY Kairat Ryskulbekovtyn tugan kunine orai

ONER AKADEMIASYNDA sagat 12-00 de

ALLAZHAR kinofilmi korsetiledi

Антивирус.



1. 64 пайыз болғанымыз қуантарлық жағдай дегенмен Саяси тұрғыдан біздің мемлекет әлі күнге дейін сәби қалпында деп ойлаймын. Қазақтар саны көп болғанымен шала қазақтар саны да аз емес, ол дегеніміз болашақта ұрпағымыз екі жақты ойлап, адасып қалу қаупінде болуы мүмкін деген сөз. Шала қазақ басым болып, таза қазақ жоқ болып кету мәселесінде көтеру керек.

2. қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту мәселесі баяу бірақ нәтижелі жүріп жатыр деп ойлаймын. Қазіргі таңда оны сақтау мен тарату жағдайы ақсаңдап тұрған сияқты.

3. Тиімді емес, қазақ ұлтының мүддесін қорғайтын азамматтар санаулы ғана, өкінішке орай олардың ел басқару қызметіндегілер саны тіптен аз.

4. Алпауыт мемлекеттер азаматтырының, шет ел фирмаларының қол астындағы табиғи байлықтарды мемлекет иелігіне қайтару керек. Егер еліміздің, халқымыздың мүддесіне нұқсан келетіндей жағдайлар туып жатса, көп бағытты ұстанбай бір бағытты ұстап, алпауыт мемлекеттердің құйтырқы саясатына жоқ деп айта білу қажет. Қазақ тілі мәртебесін жоғарылатып, мемлекетімізде тұратын барлық ұлттарды бірлікке, тату өмірге шақыру.

5. Әзірбайжан мемлекеті тәжірибесін алып қарайтын болсақ, бұл елдің тәуелсіздік алғаннан кейінгі басты саясаттарының бірі орыс тілінде жүзеге асып келген құжаттаманы түпкілікті ана тілдерінде жүргізу болды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтегілерді әзірбайжан тілін білмегені үшін сөккіге салып, жұмыстарынан босатты. Нәтижесінде қазіргі таңда елде мемлекетті тілді білмейтін азамматтар жоқ. Содан соң алды да латын әліпбиіне бір күнде заң шығарып көшу мәселесін қойды, қателеспесем 2000 жылы. Барлығы, тіпті депуттардың өздері сөздіктермен жүріп, ежелеп, латыншаға көшті бүгін шет ел азамматрына ол тілді меңгеру, оқу оңай. Осының бәрі заң жүзінде бекітілуі тиіс.

6. Тілді тізеден көтеру, тәрбиелі, инабатты, діни сауатты ұрпақ тәрбиелеу керек

7. Өз мүддесін қорғаудағы еркіндік, басқалар тарапынан әділ бағалану. Бас қосып ойды жинақтап алға басу. Егер бірге болсақ, алынбас қамал болмайды!

8. Өзіңнің шыққан тегіңді білу бұл ата-бабамыздың мирасы, бірақ сен қоңырат мен дулат әрі ойна деген түсініктен айырылуымыз өте қажет. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін деген екен кезінде Төле Би. Қайталап айтайын Егер бірге болсақ, алынбас қамал болмайды! Біз біріншіден мұысылман қазақ халқымыз, бір рудың екінші рудан ешқандай да үстемдігі жоқ. Мемлекет басқаруына руына қарап емес патриоттық күйіне, ақылына қарап қою абзал.

9. Өте нашар оппозиция қазақ халқының мүддесін қорғап бірдеңе ұйымдастырғанын көрмеппін.

10. Түркі халықтары елімізде бірге тұрады, бейбіт тұрады. Наурыз мейрамы сияқты ортақ мейрамдарды бірге, ұлттық дәстүрлерімізді араластыра отырып нақты жетістіктерге жетіге болады.

11. Барлық ұлттардың басын қосып оларға қазақ ұлтының қазақ жерінде үстем ұлт екенін көрсету.

12. ТІЛ МӘСЕЛЕСІ



**************************************************************************

Kurmetti Dostarim, Kandastarim, Qazaqtarim,

Bugingi kuni Qazaq ultina kauipti bolip turgan problemanin biri ol - missionerler! Ezhelden kele jatkan dinimiz ol Islam! Endigi kunderi Qazaqtar jogalip, keiburleri ar turli dinderdin musheleri bolip jatir. Missionerler barin buldirip jatir. Kazakhstanga kelip, agilshin tilin uretemiz, auildagi adamdarga dari beremiz dep, qazaqtardi aldap shokindiradi. Bunin barin sizder toligimen bilesizder.

Sharapat4 degen jurnal bar. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ ЖУРНАЛ dep ataladi eken. Al ishin ashsaniz, bari Isa paigambar turali jazilgan. Sani 5000! 5000 Qazaqtin balalarin shokindiratin jurnal!

Mina linka barsaniz, bul jurnaldi koresizder -http://www.shsaulesi.at.ua/pdf/sharapat4-2009.pdf .

Qazaq ruga bolingeni jetedi, endi dinge bolinsek shekemiz kizadi.
Bolashagim karaidi deuge boladi.

*****Jane, missionerler ote jaksi kisiler retinde koringileri keledi.
Mina linke barsanizdar, http://www.youtube.com/watch?v=wl-O7ouV-A8&feature=player_embedded , David Baker degen missionerdi Qazaqtin "Erke, Erke Erkemai'di dombirada oinap jatkanin koresizder. Bul sumdik, bul kate, osigan biz karsi turaik. Missionerler, Qazaqtin saltin, tilin otirikten suip, Qazaqa jakindap Qazaqti shokindirip jatir.

Bar Qazaqtarga osindai David Baker siakti kisilerden saktanip juru keregin aitu kerek.

Merei.

***********************************************************************



Mail.ruda, Facebook.comda talai Qazaqtin jastari bar. Bari bostan boska uakitarin otkizip otiradi. Bizge bul potensialdi koldanuimiz kerek. Ult tagdiri degen topti osi eki jerden kuruga boladi. Sol jerdegi jas Qazaqtardida oiatip, ultjandi isterge shakirgani jon.

Merei.



Бәрекелді! Қара қазақ - сұңғыла ойлы дара қазақ екен! Ұсыныстары өте орынды, қатерді де тап басып көрсетіпті. Қазақтар енді тілге, дінге, ділге, жүзге, руға, саяси көзқарасына қарай бөлініп, бір-бірімен қырқыса бастаса ішкі, сыртқы дұшпандарымыз отқа май құятыны анық. Ұлтішілік алауыздық өршісе ел болып өмір сүруден қаламыз.
Дегдар.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
12 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>