Облыс әкімінің атына хат жолдады | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Облыс әкімінің атына хат жолдады

Жәрдемші


Павлодар облысы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына облыс әкімдігінің http://www.pavlodar.gov.kz/ сайтына "Ертіс дидары" газетінің редакторы Арман Қани хат жолдады. Хатта былай делінген:
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Сіздің облыс әкімінің тікелей міндеті: өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына басшылық жасап қана қоймай, мәдени өмірінің гүлдене түсуіне айрықша көңіл бөлуіңіз шығармашылық адамдары мен өнерсүйер қауымды сүйсіндіруде. Облыста айтыс өнерін одан ары өркендету, шығармашыл зиялылардың еңбегін құрметтеу және оларға жан-жақты қолдау көрсету істерін жүзеге асырғаныңыз үшін, сондай-ақ талантты айтыскер ақынымыз Асығат Тұрғанбековтың тұрмыс жағдайына байланысты проблеманы шешу ісін тікелей өзіңіз қолға алғаныңыз үшін сізге ақындық, азаматтық жүрегімізден алғыс сезімімізді білдіреміз!
Мәдениет пен тіл салаларын өркендетуге бағытталған игілікті істеріңізді «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының «Ертіс дидары» газеті арқылы және газеттің қазақ интернеті жүйесінде танымал, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті ұйымдастырған республикалық конкурстың жүлдегері http://ertisdidary.ucoz.kz/ сайты арқылы да облыс тұрғындары мен республика халқына жария етуді өз міндетімізге жатқызамыз.
Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз! Ел игілігіне арналған еңбегіңіз жемісті болып, абырой-беделіңіз арта берсін!
Құрметпен: облыстың бір топ шығармашыл зиялыларының атынан – Арман Қани,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ертіс дидары» газетінің редакторы

«Ертіс дидары» газеті, 24 қыркүйек 2009 жыл


 




Асығатқа әлі үй берген жоқ, жетім баланың күйін кешіп пәтерден-пәтерге көшіп 5 баласының амандығын тілеуде.



Асығатқа үй берілді.



Арман Қани! Жағымпаздық ақынға жараспайды. Халықтың әкімнен көрген жақсылығы шамалы. Өзімді көрсетем деп, ар- намысыңды сатпа.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
9 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>