Күні кеше Ресей астанасы Мәскеуді 18 жыл басқарған Юрий Лужков қызметінен кетті. Осы жаңалықты телеарналар оның ішінде «Хабар», «КТК» арналары елімізде болған жаңалықтай етіп берді. Арналардың берген ақпаратын көріп отырып, қазақ көрермендері үшін осы ақпараттың қандай маңызы бар деген сауал төңірегінде ойға қалдық.
Иә, шынымен, Ресей президентінің жарлығымен Мәскеудің әкімі қызметінен кетті. Біздің ойымызша, бұл жаңалықтың көрермен үшін ешқандай маңызы жоқ. Неге? Себебі, Ресейдің өз ішінде маңызды оқиға, басты жаңалық болғанымен біздің елге, оның ішінде көрермендер үшін бұл жаңалықтың қажеті шамалы. Өйткені, Лужков бар болғаны Мәскеудің әкімі. Айдаладағы Мәскеудің әкімінің қызметінен кеткенін жар салып, хабарлаған арналардың әрекетін қалай ойласақ та, қаушағымызға қондыра алмадық.
Тағы бір қызығы, бұл жаңалықты телеарналардың халықаралық жаңалықтар топтамасынан емес, әдеттегідей бастапқы жаңалықтардың ішінен көрдік. Бұл сонда не? «Мәскеу - ұлы Отанымыздың жүрегі» деген баяғы бодандық ұран арналарда әлі өмір сүріп келе жатқаны ма? Лужковтың қызметінен кеткеніне шу ете қалған арналардың қызметін қалай түсінуге болады? Әлде бір аяғы коммунизмде, екінші аяғы социализмде талтайып тұрған орнында тіл тартпай кеткен Кеңестер одағының астанасы көзден кеткенмен, арналардың көңілінен кетпеген бе? Мүмкін телеарна басшылары түстерінде ылғи Кремльдің жанында, Қызыл алаңда серуендеп, Ленин атаға тәу етіп жүре ме екен? Бәлкім, телеарналардың басшылары Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екенін естімеген де шығар?
Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі деген мәселе үнемі айтылып келеді. Бірақ, ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде нақты қабылданған іс-шараны көре алмай-ақ қойдық. Енді, міне, елдегі телеарналар Мәскеудің әкімі орнынан кетті деп жаңалық тарату арқылы Ресейдің ақпараттық боданына айналғанын дәлелдеп отырғандай болды. Егер осы қисынға салсақ, онда Ресейде күнде болып жатқан ауыс-түйістің барлығына мән беріп, мысалы "Ресейдің Астрахан облысының Володар ауданы әкімінің орынбасары болып пәленшеке тағайындалды" деп қазақ халқын үнемі хабардар етіп отырайық!
Айтпақшы, Лужков мырза Ресей президентіне табақтай хат жазыпты. Кетер алдында. Өз хатында Лужков Ресейдегі демократия жағдайының сөз жүзінде қалып отырғанын, ой-пікір, көзқарас бостандығына келгенде Ресейде 1937 жылдан бері келе жатқан үрейдің сейілмей отырғандығына және көрші елдің саяси билігінде «Кім бізбен бірге болмаса, сол бізге қарсы» деген түсінік пайда болғаны туралы жазған. Бар болғаны бізбен көршілес елдің бас қаласының әкімінің қызметтен кетуін жаңалық етіп, жар салған біздің телеарналар жоғарыдағы Лужковтың хаты жайлы жұмған ауыздарын ашқан жоқ. Әлде, Лужковтың хаты телеарналардың басшыларына өздерінің қай заман мен қай елде тұрып жатқанын еске салды ма?
"Абай-ақпарат"





Рас-ау. Барлық арналар ұрып жатыр, Путин үйтті, Лужков бүйтті деп. Олар енеңді ұрайындар бірін-бірі түтіп жесін, бізге өз мәселеміз қажет.
Өз мәселеміз, әрине, қажет. Бірақ бізде ондай қызықты мәселе болуы мүмкін емес. Біріншіден, ешқандай әкім президентпен қасарыспайды. Екіншіден, әлдекім қасарысса да, ешбір канал ол туралы айта алмайды. Сондықтан Мәскеу әкімі Ресей президентімен қасарысып, орнынан түскенін қызықтаймыз.
Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.
ҰҚК қайдан қарап отыр екен, БАҚ реттейтін уақыт жетті ғой..Неге ресейге жалтақтаудан арыла алмаймыз...
Осындай жалған ұлтшылдықтың не қажеті бар? Лужковтың тағыдыры Қазақстан үшін шынымен қызық. Себебі ол бірер істе Қазақстанның пайдасына шешім жасаған. Мысалы Ресейден қазақстанға ағын су каналын тарту мәселесін көтерті.
себебі,
Қараорыстық Казаххстан Ресейдің 90-провинциясы.
.
Лужковтың Қазақстаға тікелей қатысы бар, Көкшетау, Қостанайдағы қыруар жер соның еншісі. Кулагиннің құдіретті болып отырғаны да сол Юрий атасының арқсы. Арналар бұл мәселені білмеген шығар немесе айта алмаған шығар? Оның үстіне 18 жыл 15 миллион халқы бар Мәскеуді билеген Лужковты бұлай масқара еткен Медведев 15 мил. хақы бар біздің елді де осылай сойып жібереді деп қорқытып қояйын дген шығар қазақтады. Құдй қаласа 2012 де емпендеп барып енеміз гой құрамдарын.
Жигиттер сендердики бул жолы артыктау. Расында да жалган намыс не керек? Саяси окига. ода турган не бар? Ресейдин катысы бар, онын ишине Лужковтын кетуи оте кызык окига емес пе? Оз кадырлеринди кетирмендерши Абай акпаратты жаксы коремиз. Осындай топас материалдын сонына абай акпарат деп те жазбайяк койындар. Бере сал бир псевдомен. Не коп мыркымбай коп. Сендер мыркымбай болмандар?
Агаларын, Артыкбай
Артыкбай агамызбен келіспеймін. Акпарат оте манызды маселе. Оны мыркымбайлыкка салсак, онда бізді калпакпен урып алатын ұйымдар табылады. Сондыктан котерилип отырган маселе оте дурыс. Бұл ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей қауіп. Бастысы ҰҚК курамында терең талдау жасай алатын қызметкерлер бар шыгар деп үміттенейік. Ұлттық қауіпсіздік тек жемқорлықпен немесе терроризммен курес қана емес. Ербол.
Басқасын білмеймін, Астрахань облысының Володар ауданы туралы айтылса жақсы еді. Қаншама арыстарымыздың кіндік қаны тамған киелі өлке, қазақтың қайран жерінің бір пұшпағы, шетелдегі қазақтар ең көп қоныстанға ауданның бірі де осы. лужков бұл болмаса, күл болсын!
Лужковтың кеткеніне Жириновский жындының сонша алақайлағанын айтам-ау...
Мұрат
КТК-ның қазақшасы Лужковтың орнынан алынғанын қысқаша ғана айтып өтті. Қанша дегенмен, бұл қазақтар ортасында да қызу талқыланып жатқан тақырып болатын. Сондықтан ол қазақ көрерменіне де керек. Осындай пікір тудырып жатқанының өзі кермет емес пе? Сол себепті оны айтпай-аө қою керек еді деп айтудың өзі артық.
Лужковтың қызметінен кеткенін айту немесе соны жаңалықтардан көру арқылы біз өзіміздің ой-өрісіміздің қандай деңгейде екенімізді көрсетпейміз бе! ҚАЗАҚ болу, тек қазақша сөйлеп, қазақтарды жамандау емес, ҚАЗАҚ болу,ішкі және сыртқы саясатты меңгеріп, олардың қателігін қайталамай, өзіндік дара жол салу.
Лужков деген кепка киген баягыда кеткен екен десем енды кеткен екен гой.Шынында да Астраханьда қазақтар қалмақ пен ноғайдан да көп дейді ғой,халдері қалай екен ?Нури
Пікір қосу