Нұра Матай. Қазақстан - үлкен пицца... | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Нұра Матай. Қазақстан - үлкен пицца...

Жәрдемші


Ата заңның қабылданғанына 15 жыл толуына орай Қазақстан студенттер альянсы диаметрі 15 метрлік үлкен пицца дайындапты.  Оны дайындауға 5 қап ұн, 15 келі ірімшік, 10 келіден аса шұжық жұмсалыпты. Сөйтіп, жиналған жеткіншектер мен жастар жалап, жұқтап, таласа-тармаса әлгі пиццаны жепті. Бұл пиццаны Қазақстан конститутциясының қабылданғанына 15 жыл толуына орай дайындап, көпшілікке ұсынып отыр. Қорланатын жері осы. Сонда ата заң жастар үшін түрлі азық-түлік пен жемістің қоспасынан жасалатын пицца ғана. Тіпті, Қазақстан студенттер альянсының жетекшісі Тақан Ғиззатов бұл пиццаны халықаралық тағам болғандықтан таңдап алғандарын өйткені, (оның түсінігінше) қазақстан көпұлтты мемлекет яғни Қазақстан дегеніміз үлкен бір пиццаға ұқсайды тіпті аумайды депті. Ал, керек болса...

Ол аз десеңіз, Күміс Аяқова деген қазақ қызы бұл пиццаны «Қазақстан» деп атау керек. Себебі, онда ет өте көп депті.

Міне, Азаттығымыздың алтын діңгегі Ата заңның қабылданған күні, шын мәніндегі салиқалы, салмақты күн тәуелсіздікті негіздеп және оны заңды етіп отырған, маңдайымызға басқан аталы күн астаналық жастар үшін үлкен бір пицца жеу екен. Күлеміз бе, жылаймыз ба? Құдай-ау, енді қайттік.

Осы бір аянышты әрі зәрлі күлкі шақыратын акция - ұлттық идеология және мемлекетте жүйелі жастар саясатының ат бар да заты жоқ дүние екенін көрсетті. Және Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы ішінде қандай жастар тәрбиелеп шығарғанымыздың дәлелі. Тіпті, жастардың сөзінен, әрекетінен бүгінгі қазақ билігінің сіңірген кейбір әдеттерін байқауға болады. Бұған Тақан Ғиззатовтың «пицца халықаралық тағам болған соң таңдадық. Және Қазақстан көпұлтты мемлекет, ал, бұл тағамда түрлі қоспалардан жасалады», деген сөзі толық дәлел бола алады.

Және мұндай шараны Ата заңның қабылданған күніне орайластырып жасап отырған жастардың бойында, ойында Отанға, мемлекетке және оның басты құжаты ата заңға деген құрметті байқау өте қиын. Басқасын былай қойғанда,  жөні түзу тағам таңдауға талғамы жетпеген жастардан не үміт, не қайыр... Міне, жиырма жылда өсірген тәуелсіз ұрпақ...

Жеткен жеріміз осы... «Кім жазықты»...

 

 

Абай-ақпарат

 


 




Әкелері елді үлкен пиццадай етіп тіліп тіліп әкетті. Енді мыналар кірісейін деген бе?



Еріккен сарт ... не деуші еді. Болғанда атың шықпаса жер өртенің керісі ғой.



Сенген қойларым сендер болсаңдар...



Иә, студенттер альянсы деген аты болмаса, жібі түзу, жүрегі "Отаным" деп соққан балалар олардың қатарына кіру де қиын ғой. Мен сондай ұйымдардың мүшелерінің 85 пайызы жүрегінде рух жоқ, құр сөзбен іс бітіретін жастар деп білемін.Өйткені нағыз тілдері қылды жарып өтіп, жүрегінің түбінде ұлттық рух ұялаған қазақ жастары өкінішке орай әлі де болса, сыртта жүр.Өйткені қазір мұндай ұйымдар істің емес, бір топжастардың ел кезіп, қыдыратын ортасын айналып бара жатқандай. Телевизордан еш іс тындырмайтын бірнеше құр көлгірсіген қыздар мен жігіттерді көруден шаршап бара жатқандаймыз...



Ықықықықықық....өлдім нақ...)))))))))



"ОТМЫВАНИЕ ДЕНЕГ" ЕРІККЕНДЕРДІН ЕРЛІГІ АУЫЗБЕН ОРАК ОРҒАНДАР



Пиццастанбыз!



Енді ет асу керек пе?)) жоқтан өзгені сылтау қылмай, көп сөйлеудің не керегі бар? жасасын жесін қуансын, олар жас қой! сендер сияқты жасына жетпей щал болғанджар емес!



таза батысқа еліктеушілік мынау, пицаны жасаса жасай берсін бірақ жігіттерге акцианың атын қойғанда кішкене ойлану керек еді....

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
12 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>