Атақты аяқдопшы Криштиану Роналдо Атлант мұхитындағы Мадейра аралында дүниеге келгенін дүйім жұрт мақтан етеді. Сол құйтақандай аралдың жұрты өткен сенбіде нөсер жауынның астында қалды. Бар жоғы 8 сағатта португаль аралына бір айдағы жауын-шашын мөлшері түскен. Соңғы жиырма жылда болып көрмеген ең күшті су тасқынының салдарынан 48 адам қайтыс болып, 120-дайы түрлі жарақат алды.
Orken&K












Абай.кз -де басшы ауыса бастады-ау деймін, 180г. кері бұрыла бастады. Қайдағы бір еуропаның қиыншылығын көрсетіп, жасанды жанашырлықтарыңды базарға салғанша, қазақ даласында бүгіндері болып жатқан апаттар мен сұмдықтарды көрсетсеңдер ші! "Бояушы бояушы десең сақалын бояйды" деп қазақ бекер айтпаған-ау сірә!
Айналайын-ау, бұл айдардың өзі сол әшекейсіз әлемді көрсетуге арналған емес пе? Қазақ пен басқа әлемді бөле жармау керек.
Жер әлемдегіні біліп отырсаң жаның шығып кете ме? Сенікі әйтеуір бір мұқатып қалуға тырысқан пенденің сөзі ғой. Салыстыр дүние не болып жатыр: Бізде аяз, кейбір өңірлерімізде су тасқынының қаупі бар. Климат өзгеріп бара жатқан сияқты. Осындай жайттарды байыптап біле жүр деп жазып отыр ғой абайшылдар.
Бұл еуропалықтардың тұрмысы біз жанашырлық танытатындай бейшара емес. Тіпті суға кете жаздағандардың жағыдайы біздің ауылдағы жағыдайдан мың есе жақсы. ал біздегі үлкен бейшаралықтардың көбінің сұраушысы да, көрсетушісі де, шешушісі де жоқ. Алдымен өзіңді көрсетіп алсаңшы. Ал мыналарды әлемдік басқа сайттар жеткілікті жарнамалап үлгірген жоқ па!
Ауылдарды суретке тартсаң, нағыз әшекейсіз әлем сол болар еді.
Пікір қосу