Назарбаев ГФР компанияларын Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Назарбаев ГФР компанияларын Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды

Жәрдемші


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ГФР-ға жасаған ресми сапары барысында неміс компанияларын Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі сәрсенбіде.

«Мемлекет басшысы әлі де болса толық пайдаланылмай отырған өзара іс-қимыл әлеуеті мен бар резервтерді белсенділікпен пайдалануға шақырды. Бұл ретте республиканың Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы кең мүмкіндіктер ашады. Мемлекет тарапынан шетелдік инвесторларға барынша қолдау көрсетіледі. Экономиканың нақты секторындағы бірлескен бизнес-идеяларды іске асырудың көптеген тетіктері бар», - делінген кездесудің қорытындылары бойынша таратылған хабарламада.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ неміс бизнесмендерін құрамына ГФР-ның екі өкілі, Қазақстан-Герман Іскерлік тобы, сондай-ақ Астана экономикалық форумы кіретін Шетелдік инвесторлар кеңесінің диалог алаңын пайдалануға шақырды.

АСТАНА, 8 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz


 




Аз халық сатып алу мұмкіндігі аз тұрақты мемлекетердің арасына жатпаймыз

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
17 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>