Дана халқымыз: «Сабырлы шыдар, сабырсыз жанар» дейді. Еліміздің ел болғалы өзге мейрамдарын айтпағанда маңдайына жазған ұлы тәуелсіздік мерекесінің тойланып өтуін, әрі нақ сол тұста көңілімізді әрі-сәрі қылған Жаңаөзен оқиғасының саябырсуын, ақыры сайлаудың өтуін күтіп, төмендегі айтарымызды іркіп келдік.
Ескі жылдың қараша айының 16 күні осы «Егемен Қазақстан» газетінде «Бұл Оралда болған еді» деген мақала жарық көрді. 1991 жылы Орал мұсылмандар мешітінде имам болған Зейнолла Ахмедовтен тілші Базаргүл Ақынқызы сұқбат алыпты. Жер-жерде тәуелсіздіктің жиырма жылдығы деп жатқан соң тілші қызымыз тарихтан тосын бір әңгіме қозғағысы келсе керек, алайда бүгінде Шымкент қаласындағы Әкбар қажы Шәкірбай мешітінің имамы болып отырған Зейнекең шет жағасына өзі шала-шарпы куә болған 1991 жылдың қыркүйек айында Оралды дүр сілкіген қазақ пен орыс-казак текетіресі туралы өтірікті бөсіңкіреп жіберіпті. Тілшіге берген жауабын оқып отырып жағамызды ұстадық. Зейнолла Ахмедов: «...Алғашқы күні казактар 250-300-дейге жетті. Бастарында папаха, үстерінде жасыл мундир, кеуделерінде түрлі орден-медаль тағынған, белдерінде қылыш асынған. Бәрі сап болып тізіліп жүр. Гармошкамен әйелдері ән салуда. Кешкісін тарады. Бізде жиналыс өтуде» депті.
Құрметті Зейнеке, алғашқы күн дегеніңіз қыркүйектің 13-і. Сіз айтқандай сол күні әскери киімде, қылыш сүйретіп, әйелдері ән салып, емін-еркін көше шарлап жүрген бірде-бір казакты көрмедік. Сіздіңше, олардың әйелдеріне ән салғызып, ал еркектерін қылыш асынтып, көше кезгізіп қойып, біз, қазақтар жайбарақат жиналыс өткізеді екенбіз ғой. Мұндайға кім сенеді? Молдеке, өзіңіз 1981 жылы әскерге алынып, ауған соғысына қатысыпсыз, Пәкістан жағында тұтқында болыпсыз, Құран білгендіктен Құдай сақтап елге аман-сау оралып, 1986 жылы Бұқарадағы «Мир-Араб» діни медресесін тәмамдапсыз, содан кейін Оралға имам болып тағайындалдыңыз. Бұл деректі өз сұқбатыңыздан алдық. Тағдырдың талқысы мен сыйын көрген адам көрінесіз, бірақ жер бетінде жиырма жылғы болған оқиғаның өзіңізден басқа бірде-бір куәгері қалмағандай «Бұл Оралда болған еді...» деп жел сөзге ерік бересіз. Сіз сол оқиға болған жерге қалай барғаныңызды ұмытыпсыз, қажет болса оны да есіңізге салатын адамдар Оралда бар.
Сұхбаттың тағы бір тұсында: « ...Орал көшелерінде 5-6 қатардан сап түзеп, қылыштарын аяқтарына тигізе сарт-сұрт жүреді. Әйелдерінің гармонмен қазақ халқын қорлап айтқан өлеңдерін естігенде, қаның басыңа шығады» деп ілкі өтірігіңіздің бояуын тіпті қоюлата түсіпсіз. Солай деп келіп, нақ қыркүйектің 15 күнгі, шешуші сәтті суреттегенде ортаға немересін көтеріп шығып, жаулығын жерге жайған Хадиша Кәрібаева апамыздың алдына түсіп, одан бұрын басыңыздағы шалмаңызды теміржолдың үстіне тастай саласыз. Міне, өз сөзіңіз: «Басымдағы сәлдемді алып, теміржолдың үстіне тастадым. Балалы әйел де орамалын қойды. Міне, жастар тағы да осы жерде ағарғанды сыйлайтынын, ата-дәстүрді бойларына сіңіргенін көрсетті. Теміржолдың арғы бетіне лап қоймай, ернеуінен асайын деп тұрған судай тұрып қалды.» Сіздің даңғарадай сәлдеңіздің басыңыздан шешілмегеніне ел куә, керек десеңіз сол кездің бейнетаспасы қолымызда. Ал қысылтаяң шақта 4-5 жасар сәбиімен ортаға шығап, әлгіндей әрекетке барған анамыздың ерлігін қызғанып, одан бұрын мен бас киімімді тастап едім, әйел менің әрекетімді қайталады деуіңіз масқара, ұят. Қарайған халық куә болған оқиғаны өз абырой-беделіңізіге бұрғыңыз келетін сияқты ма, қалай? Ойдан шығарғаныңызды әрмен қарай талдайық: «Бірақ, олардың айтқан әндерін естіген жастар қаны қайнап, ақыры тұра алмады, лап қойды. Екі жақта сарт-сұрт ұрыс басталып кетті. Оларда қылыш, біздің жігіттерде қолдарына не түссе сонымен ұруда. Машиналар өртелуде. Жарақаттанғандар екі жақтан да көп болды. Менің сол жақ иығыма тас тиіп, шапанымды жыртып жіберді...» деп, сюжеті экшн кинофильмге ұқсайтын хикаяңызды соза беріпсіз. Қайдағы қылыш, қару болған болса, ең алда тұрған жалаң қол біздер баудай түскен болар едік қой. Зейнеке, сіздің шапаныңызды жыртып, иығыңызды жаралап жүрген не тас? Өртенген қайдағы машиналар? «Қорқыт дегенде, осылай қорқыт дедім бе?» дегенді айтқыздыңыз-ау.
«Зенит» сарайының ішінде казактар, сыртында біз, алаңдағы елден бұрын барған 113 еркіті тұрдық. Алаңнан жеткен нөпір халықтың алдынан шығып, ең алдымен тоқтатқан сол 113 адам болатынбыз. Ал бер жақта, біздің алдымызда мұздай қаруланған милиция, ОМОН жасақтары тізілді. Жұрттың жұдырығы түйіліп, қатты-қатты дауыстағанмен жеңіне тығып біреуі де таскесек алып шықпады. Сонда сіздің көріп жүргеніңіз не көрініс, молдеке? Сіз шамасы, тілшіге көрген түсіңізді айтып бергенсіз-ау.
Екі жақтың арасында саяси текетірестің болғаны рас, орыс-казактары ақ патшаға қызметінің 400 жылдығын тойламақшы болды, оған дер кезінде шара алудың орына әртүрлі қитұрқы қаулыларымен Орал қаласының басшысы мен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Н. Есқалиев ашықтан-ашық жол беріп қойды. Ақыры қыркүйектің 13-15 күндері аралығында Оралда өрт тұтанып кете жаздады. Бірақ казактардың тойын болғызбаймыз деген халықтың қанға біткен ішкі тәртібі мен оны басқарған, сол кезгі бірден-бір демократиялық ұйым «Азат» қозғалысы азаматтарының белсенді әрекетінің арқасында және қарсы жақтың да үлкендерінің өз адамдарын сабырға шақырғаны себеп болып, бір сойқанның беті қайтты. Екі ортаға от салмақшы болған астыртын арандатушылардың іс-әрекетінен түк шықпады. Ешкімнің тұмсығы қанап, көзі шықпады. Бұған оқиғадан кейін Оралда жұмыс жүргізген Президенттік комиссияның әбден көзі жетіп, дәлелдеп, құжатқа түсірді. Біз бұл Орал оқиғасының еш қантөгіссіз өткендігін феномен деп көрсетіп, қазақ пен казак сол бір өліара шақта бір-бірін өкпеге қиса да өлімге қимағанын көбірек айта түскен кезімізде сіз, молдеке, Оралдан жырақта жып-жылы жерде отырып алып, болмағанды болды деп соғасыз. Бұныңыз қалай? Онсыз да еліміздің батыс беті оқтын-оқтын оғаш мінез байқатуда. Сіздің суреттеуіңіз кешегі Жаңаөзендегі көрініске келіңкірейді. Қазір ұлт пен ұлыс арасына дүрдараздық туғызатын әңгіме қажет емес, қайта бірін біріне жақындататын, тәуелсіз елімізді нығайта түсуге қызмет қылатын байыпты пікір керек. Сіздің дуалы аузыңыздан сондай сөздің шыққаны абзалырақ. Міне, жиырма жыл өтті, Оралдағы қазақ пен казак қоян-қолтық араласып, дәм-тұзы жарасып, Елбасының саясатын қолдап, тыныш еңбек етуде. Бұдан артық не керек? Түбі Раббымыздың алдына барасыз, сонда не деп жауап бересіз? Қазақ: «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме» деп дүмшелерге налып, мақалдаған. Ал сіздің бұлай жауапкершіліксіз сөйлеуіңізден соң айтқаныңыздың өзінен шошып қалдық. Мұны қанша адамға жайдыңыз екен?
Кезінде «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі марқұм Боранғали Ырзабай ағамыз, одан кейін сол абзал кісінің орнын басқан қазіргі тілшісі Темір Құсайын Орал оқиғасы жайлы жазды, «Кеше қазақ пен казак болып тартысқандарды тәуелсіздік табыстырды» деп тақырыпқа да оралып өтті. Сондағы айтылғандар былай қалып, «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» атты мерекелік белгімен айшықталып, З.Ахмедовтың әңгімесіне құрылған мақаланың жарияланғаны біртүрлі оғаш болды. Бұл жұрт көңілін күпті етіп, газет редакциясының жауапсыздығына ренішін туғызбайды ма? Аталған мақала түскенде ондағылар неге Оралдағы меншікті тілшісімен хабарласып, мәселенің анық-қанығына бармаған? Имам айтты екен деп жалаулатып баса беруге болады ма? «Егемен Қазақстанды» елге таратып отырған «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның президенті Сауытбек Абдрахманов қол астында болып жатқан жайтты қайтіп елемеген? Қап, әттеген-ай! Осыған жаным ашиды.
Қадірлі имам, есіңізге салайын сізді алаңдағы халық толқып, «Зенит» сарайына бет қойғанда «азаттық» жігіттер алдырды. Иә, сіз көліктің үстіне шығып, Құран оқыдыңыз. Бірақ жалғыз сіз емес, Әулиеата мешітінің өкілі 74 жастағы Шоқай Әлімқұлұлы атамыз да Құран оқып, ереуілдеген елге едәуір ықпал еткен еді. Жұрт Алла сөзіне ұйыды, сабыр сақтады. Сіз тек осы әрекетіңізді ғана тілшіге айтып беруіңіз керек еді. Жоқ, сөз арасына куә ретінде Айсұлу Қадырбаева, Жасарал Қуанышәлі, Қабиболла Жақыповты қосып қойып, өзіңіз көрмеген, әлдекімнен естіген, не ойдан шығарғаныңызды шатасыз. Сізді осыған дейін оқиғаға қатысқан жігіттер кітаптары мен мақалаларында құрметпен атайтын, енді білмеймін. Елдің басты басылымы арқылы жалған сөзді жұртқа жайдыңыз. Сіз бұл ісіңізбен бүгіннің ғана емес, болашақтың адамын алдап отырсыз. Баспасөз - тарихтың бір парағы, ол мұрағат. Ертең күндердің бір күнінде «Егемен Қазақстанды» ақтарып отырған әлдебір келешек тарихшы сіздің мақалаңызға тап болып, сол кезде облыстық мәслихаттың депутаты болғаныңызға, ең бастысы имам екеніңізге көңілі бұлжымастай бірден құлап, сөзіңізге имандай иланып қалса және тарихты солай деп жазса, оның кінәсі мен күнәсі кімнің мойнында болғаны? Осы арасын ойладыңыз ба? Сондықтан газет арқылы елден кешірім сұрап, «жаздым-жаңылдым» деңіз, әйтпесе, алда тағы біреулер тарихты аударып-төңкеріп, «қаһарманға» айналуды әдет қылып алар.
Алла-Тағаланың бір есімі Халық болса, қалың жұртшылықтың көзін бақырайтып қойып, жалған сөйледіңіз. Мен сізді Құдай үшін ұяттың, кешірімнің, тәубаның ауылына шақырамын, әлі де кеш емес, мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз, молдеке!..
Осыдан шығатын және бір түйін - 1991 жылы Оралда болған оқиғаға кезінде Президенттік комиссия берген әділ баға жартыкеш жолда қалды, оны халық білмейді, соны тарихи құжатқа, кітапқа айналдыру мәселесі пісіп жетті. Бұған үкімет бей-жай қарамауы тиіс. Бей-жайлықтың салдарынан өзінің жетпіске толғанына орай жергілікті газеттерге шындықты бүркеп сұқбат берген Нәжімеден Есқалиев, енді келіп имам Зейнолла Ахмедов сияқтылар бұқараға жиырма жыл бұрынғы тарихты басқаша, өңін өзгертіп, өз қара бастарына пайдасы тиетіндей сипатта жеткізуде. Алдыңғысы өз ортасында қоғам және мемлекет қайраткері ретінде көрініп, «тарихта судан ақ, сүттен таза» адам кейпінде қалғысы келіп тырысса, кейінгісі кім болып көрінгісі келіп жүргенін оңтүстіктегі қаймағы бұзылмаған қазақы жұртшылық білмесе, біз ауыл арасы қашық болған соң байыптай алмай отырмыз. Көзден кетсе де, көңілімізде жақсы имам еді деген қырымен танылған бауырымыздың жиырма жылдың ішінде бұлайша құбыларын кім білген? «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деген осы-ау. Пайғамбарымыз өз хадистерінде: «Сөздің жаманы - өтірікшілік, жалған әзіл мен шикі пікір. Шыншыл адамға - жақсы баға, өтірікшіге - жаман баға беріледі» деп және өзіңе зияны болса да шын сөйлеу дін жолындағы күрестің бір түрі екендігін ескерткен. Осы мақаланы жазуға маған осы қасиетті сөз күш берді. Әйтпесе, З.Ахмедовтың жеке басында шаруам шамалы, баспасөз арқылы елге таратқан сөзіне алдымен бұ дүниеде жауап беріп алсын дедім.
Ұзын сөздің қысқа түйіні сол, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар мен білікті тарихшыларымыз болып елдің тәуелсіздікке дейінгі жиырма жылғы жүріп өткен жолын кім көрінгеннің қолжаулығына айналдырмаудың қамына кіріспесек, шындықсыз санаға сіңген сөз «Бір құмалақ бір қарын майды шірітедінің» керін келтірмесіне кім кепіл?
Жаңа Қазақстанмен бірге жаңарып жатқан жас ұрпақтың көзін ақиқатпен аша алсақ ұтылмаймыз, ал егер керсінше болса, онда Сырым Датұлы бабамыз айтқандай «Өзінікін соққан өтірікшіден күнде жеңілеміз»...
Мұнайдар БАЛМОЛДА
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
1991 жылғы Орал оқиғасына қатысушы.
«Абай-ақпарат»





Бұл оқиға да өткен қыркүйекте 20 жыл өтіп кетті. Ұлтшылдар тым-тырыс. Әркім басынбай, қайтсін
Бұл молдекең өзі пәкістан тұтқыны, қари, оралды азат етуші, шабандоз, молда, альпинист, парашютист, танкист, сегіз қырлы бір сырлы кісі болған екен ғой....Әшірбек
Мұнайдар аға, жарайсыз! Бір жауапты күтіп жүр едік! Халық осы күні өтірікке сенгіш, шындыққа олақ қарайды, міне, соның көрінісі болды. Дер кезінде ауыздықтап үлгергеніңіз үшңн Сізге рахмет! Молдекең өңі мен түсін шатастырып алған ғой, шамасы. Ләззат, Орал
Е, Мұнеке. Үлкен кісілерде артық кем бола береді. Қалай дегенмен молда аты бар, кішкене әдеппен айтса да ол үлкен кісіге жеткілікті болатын ба еді. Одан кім күнде сұхбат алып жатыр дейсіз. Байқамай образға еніп кеткен шығар. Сылап сипап жазғаныңыз жақсы еді,біртүрлі сақалынан алғандай көрініп, шошынып отырғаным...
Платон досым бірақ ақиқат бәрінен қымбат. Аристотель.
молда,молда дегенге сақалын бояптының кері екен...
рас шығар, бұлар алаңда болса молдекең вокзал жақта болған-ғой, темір жолда сәлдесін атып ұрған-ғой!
Молдекеңдердің көбінің соңғы кезде кім екені анық бола түсті ғой. Шәкәрім ғұлама былай демеп пе еді:
Тәңіріні іздеп бір мұңғыл,
Тас суретке шоқынса.
Өлсе де болып соған құл,
Иманын бұзбай отырса.
Атақ, пайда іздемей,
ойында мақтан жоқ болса.
Қиянатты көздемей,
Қанағатқа тоқ болса.
Молдеке-ау, оған таңданба,
Сол кіреді бейіске.
Екі жүзді сандалма,
Сен қаласың кейісте!
Құдайың мен дүниеге,
Кезекпе-кезек шоқынсаң.
Инедей пайда тие ме,
Мешітте мың жыл отырсаң?!
Кімде болса шын мінез,
Болмас онда екі көз.
Өлтірсе де көзбе-көз,
Иманын сатып алмас бөз.
Иман да сол, дін де сол,
Адаспайтын айқын жол.
Күл де мейлің, ыза бол,
Бейіске анық кіреді ол.
Мысал емес, ындыным,
Әлгі мұңғыл - әулие,
Иман сатқан жындының,
Іздегені дүние!
Шынымен тақуалық жолын қуып, ғайбат өсектен, әйелден, байлықтан өзін аулақ салған мұңғыл ламаларының суайт та дүниеқоңыз молдалардан жоғары тұрғаны-ау?
Батыс өлкеден бір ағаның ертіректе әнгімесі есіміде қалыпты -"Ресей бізді қолдайды біз Оралды қазақстаннан бөліп алмасақта Қазақстан қармағындағы автономия жасаймыз"-деген жоспаралары болған негізі.Содан "қайран халқым ай өре түрегеліп басып тастады казактарды " қазақтың намысшыл жігіттері көрші обылыстарданда келгенен кеиін өз ауыздарынан естідім деп айтып берген еді.Сол әнгіме әлі есімде....Соған қарағнда молданы басып жаншып жоққа шығару бұл артық әнгіме.Жел соқпаса шөптің басы қыймылдамасын бәріміз білеміз. Енді 20 жылдан соң жаңа өзенде өкіметтің шенеуиктер қоладарында бомба,ауздарында афин,қойн қонышы тола мұнай көтеріп жүргенде біз тас лақтырып талқанын шығардық деген әнгіменің сол заманың жастары сенеді себебі 20 жылдан кеиін жаңа өзен сол жылдарға түр тұрімен құбылап жетеді...Сол кезде ешкім аузын жауа алмаймыз...Себебі жел соғып шөбің тағы қозғала жаздаған ғой..
Менше Молдекеңді басып жаншып тым қаралаудың қажеті шамалы Қазақстан тола кірмелер болған соң сондай әнгіме айтар молданың болғаныда жақсы....біріміз мен мендеп шықса келесіміз соны жығып алып кеудесін басып жаншып қаралауға әуеспіз.
Армысыз Мұнайдар БАЛМОЛДА ағатайым! 1991 жылғы Орал оқиғасына қатыссаңызда, сол кезде елді түгендеп статик жасамаған шығарсыз молдекең сіз көшеде айғайлап жүргенде мешітінде сіздерге арнап дүғада оқыған шығар..Не өзі айтқандарды істеген шығар..Не болсада ол кісіні олай жазғыруыңыз менше қызғаныш деп қабылдайық.Тариха әркімнің бар аузы айтар.Сіз неге молдекеңнне бұрын айтып жастардың құлағына құймайсыз...Бұныңыз жарамады...
Тілші Базаргүл Ақынқызы сұқбатың керемет оқыдым айтпақ ойыңдыда нені меңзегеніңді түсіндім.Рақмет қарғам!Жаза түс қалтарыстағы қатпарлы тарихты.Ел ақмақ емес жақсы жаманды айыра алады ғой.
Агитационные билборды с изображением Михаила Прохорова появились в Актобе
Мұнайдар, айналайын, жазғаның түгел шындық, толық қолдаймын. 1991 жылдың қыркүйегінде Орал қаласында орын алған жағдайларға тек куә ғана емес, казачествоның арандатушылық әрекеттеріне қарсы бүкілреспубликалық БЕЙБІТ наразылық акцияны ұйымдастырушылар мен жүзеге асырушылардың бірі ретінде айтарым - өкінішке орай, Зейнолла інім ақиқаттан мүлде ауытқып, жалаң қиялға жол беріпті. Ал тарихи оқиғаларға қатысты ондай "еркіндік" еш пайда әкелмейді, зияны болса - шаш-етектен. Сондықтан оның сол ағаттығы үшін жұрт алдында кешірім өтініп, қатесін түзетуі керек деген пікіріңе де қосыламын.
Ал Мұнайдардың ақиқат үшін жаны шырқырап, адал ниетпен жазған бұл мақаласын осы жерде молданы... "қаралаушы", "жазғырушы", тіпті... "қызғаныштан" туған мақала етіп көрсетуге тырысу, әлбетте, еш негізі жоқ әрекеттер. Азаматты олай күйдіруге болмайды, ағайын. Қай оқиға болса да (соның ішінде бүгінгі Жаңаөзендегі қанды қырғын да) кейін еріккеннің ермегіне айналып, ертегіге ұқсап кетпеуі үшін бүгін тек қана шындық айтылуы шарт. Басқалар үшін емес, өзіміз үшін.
Жасарал Қуанышәлин.
Әй жорналшы молда өтірік айпайды , сен өзің шаршап қалған шығарсың,Әр ішкен сайын адамның миы азаяды дейді проф.Жданов.91 жылдан бері қаншама клеткаң өлді ғой.
Әй бейшара биліктің жорналшылары,бұлар жазайын деп жазбайды,жазуға мәжбүр.........
Құлдық санадан арылмаған кұлтемір журналист екен.Сол баяғы ұлттар достығы деген сандырақ. Тапсырмамен жазылған мақала.Бейшара журналист.
Қазір ұлт пен ұлыс арасына дүрдараздық туғызатын әңгіме қажет емес, қайта бірін біріне жақындататын, тәуелсіз елімізді нығайта түсуге қызмет қылатын байыпты пікір керек. Сіздің дуалы аузыңыздан сондай сөздің шыққаны абзалырақ. Міне, жиырма жыл өтті, Оралдағы қазақ пен казак қоян-қолтық араласып, дәм-тұзы жарасып, Елбасының саясатын қолдап, тыныш еңбек етуде. Бұдан артық не керек?
++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++Бұл баяғы жаттанды сөз ғой 1000000000 рет айтылған !!! Өзінің артындағы нәжісін жуа алмай жүріп бес уақыт дәрет алып ,намаз оқып жүрген молдада нең бар.Ех заман- ай ! Тәп-тәуір адамдарды төмендеткен.Құрдымға кеткір қу билік.
Қайрат Нұртас *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* па?
http://serke.org/node/226
«...Алғашқы күні казактар 250-300-дейге жетті. Бастарында папаха, үстерінде жасыл мундир, кеуделерінде түрлі орден-медаль тағынған, белдерінде қылыш асынған. Бәрі сап болып тізіліп жүр. Гармошкамен әйелдері ән салуда. Кешкісін тарады. Бізде жиналыс өтуде»
------------------------------------------------------------------------------------------
Ия шырақтарым бұл осылай болған. Қазір ондайды айтуға болмайтын заман ғой.Ұлт араздықты қоздырады.
Ау Айдар сол күні білесіңбе ,қол-аяғын дірілдеп,түріңнен түр жоқ болып тұр едің.
Бұл молданың "Егемендегі" сұхбаты "айтқанға" жатпайды (өйткені "молданың айтқаның істе" дегенде қазақ молданың Құран сөзін айтатынын меңзеген), "істегенге" жатады. Сондықтан мына молданың бұл істегеніндей ұят іс-әрекетін істемеңдер, мүміндер. Шындықты айтқан мақала авторынан үлгі алыңдар.
Шындыдықты жазсаң баяғыда қайда қалдың жалдамалы неме
Ешкімнің тұмсығы қанап, көзі шықпады. Бұған оқиғадан кейін Оралда жұмыс жүргізген Президенттік комиссияның әбден көзі жетіп, дәлелдеп, құжатқа түсірді.
================================================================================
Шындықты жасыруға болмайды ғой.........Халықты алдамаңыздар , куәгерлер әлі тірі ғой.
Кейін бұлар 20 жылдан кейін Жаңаөзен туралы тура осылай жазады.
Жаңа Қазақстанмен бірге жаңарып жатқан жас ұрпақтың көзін ақиқатпен аша алсақ ұтылмаймыз,
,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Жазғыш болсаң, ақиқатты атпақ болсаң Жаңа өзен қырғынын халыққа жария етіп жазсаңшы.
Өй өңшең жалдап бейшаралар.
Имам өтірік айтпайды,өйкені Құдайдан қорқады,Жураналист айта береді,өйткені ол биліктен қорқады,Құдаймен ісі жоқ.Бізде қоғам сондай.Шындықты жазатын болса 20 жылдан бері қайда қарап жүр.
ӘРКІМНІҢ ӨЗ ПІКІРІ БАР, АЛАЙДА ТАРИХТЫ БҰРМАЛАП АЙТҚАН МОЛДАНЫҢ СӨЗІ ҚАЙ СӨЗ! МҰНАЙДАР ЖАЛДАМАЛЫ ЖУРНАЛИСТ ДЕП КІМ АЙТТЫ. ТАРИХИ,ТАҒЫЛЫМДЫ ШЫНАЙЫ ХАБАРЛАРЫНА КӨРЕРМЕН КУӘ. СОЛ ОҚИҒАНЫҢ ТІРІ КУӘГЕРІНЕ СЕНБЕЙ, АЙДАЛАҒА ЛАҚҚАН МОЛДАҒА СЕНУ КӨЗСІЗДІК, ТАРИХҚА ҚИЯНАТ. ОСЫ ЖҰРТТЫҢ ЖУРНАЛИСТ ДЕСЕ, ЖАЛДАМАЛЫ ДЕЙТІНІ ЕССІЗДІК ЕМЕС ПЕ?!
22 қотаққа
Ей "журналист айта берсе" олардың мақаласын оқып, басыңды ауыртпай-ақ қойсаңшы. Намазыңды оқып жүре бер.
"Қайнаған қара бұлттай торлап,түрлі пәле халық басына орнап, не қыларға біле алмай, ақылынан адасып,жұрт алақтап азаматын іздеген шақта,бар шырағын жақпай,бар қайратын сарып қылмай,өз басының амандығымен болып ұранға шаппаған азамат,не ол жаны бар болғанмен,жануарлықтан шықпаған азамат,не қызатын қанын, ашитын жанын басының пайдасына,бастықтың орнына,патшаның аңғасына сатқан азамат болады"деген екен алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы атамыз.Бұл бізге,қазаққа арналған өсиет.Мені осы өсиет әлі күнге алға сүйреп келеді.Өз басым билікке де ақшаға да арымды сатқан емен,сатпаймын да!Ақиқат ащы,мен соны ғана жаздым.Қазақ елінің тарихы шындықтан тұруы қажет.Ақиқатты ақ жүрегімен қабылдаған баршаңа мың сан алғыс, Алла жарылқасын.Жасарал Қуанышәлин аға, зор-зор рахмет қуаттағаныңызға.Ал шындық шымбайларына батып, болмаса біліп те білмей пікірлерін аты-жөнсіз бергендерді де түсінем.Шындық сондай болады. Айтпақшы,Алладан басқа қорқарым жоқ,мен де мұсылман баласымын,отыз күн ораза мен бес уақыт намаз - рухымның азығы. Арамнан татпадым.Оң-терісті барша пікірге рахметімді білдіремін.Шындықты жариялаған Абай сайтына мың алғыс! Зор құрметпен:Мұнайдар Балмолда. Теке(Орал)қаласы.
"Шындыдықты жазсаң баяғыда қайда қалдың жалдамалы неме"
******************************
Егер молда "Егемен Қазқстандағы" сұхбатындағы өтірігін қазір айтып жатса, Мұнайдар ол туралы "шындыДЫқты" қалайша "баяғыда" жазады? Не айтып тұрғаныңды өзің білмейтін сорлы екенсің.
Мұнайдар, бұл жерде саған шәуілдеп жатқан мисіз күшіктерге бола мұңайма. Бағытың дұрыс, солай шындықтың жолымен тарта бер.
Өзінің артындағы нәжісін жуа алмай жүріп бес уақыт дәрет алып ,намаз оқып жүрген молдада нең бар.Ех заман- ай !
------------------------------------
Исламда ғайбат сойлеу деген бар бауырым. Мұнайдар шындыкты жазатын журналист кана емес, бес уакыт намазын тастамайтын мусылман. Онын 91-гі окига жайындағы мақалалары бұған дейін де шыққан. Оқымасаңдар несіне к..тті жеп, лепіресіңдер.
Мұнайдар, тік жүріп-тікесін айтатын, санаулы тектілердің бірі."Кыркүйек-Орал-91" оқыйғасының басты кейіпкерлерінің бір.Қоғам қайраткері.Ақын. Оның ,қазіргі заман жүгін арқалаған,терең ойлы,зор мағаналы талай томдарға жүк боларлық мәселелерді, көтерген оймақтай әңгімелері ғажап.Оны бағалау да келешек еншісі болса керек.
Ал,З.Ахметовтің Орал мешітінде отырған жерінен, "Азаттықтар", "Сіз халықпен бірге болуға міндеттісіз",-деп,(Төлебай мен Нүрлыбай Сисенбаев) сүйрегендей болып алып шыққанын білеміз.
Тарихи, "Құркүйек-Орал-91"-ің, кім көрінгеннің қолжаулығы болып, бұрмалануына сол басы бірікпей жүрген біздер "Азаттықтардың" өздері кінәлі.
"Құлан-құдыққа құласа-Құлағына құрбақа ойнайды"-ның кері баяғы... Сәлеммен: ТҰМАР ОРАЛДЫҚ
Мұнайдар кім? Жоғарыда біреу "айтқыш болса бұрын неге айтпайды?" депті. Мұнайдар Оралдағы қыркүйек оқиғасы туралы ақиқатты жариялайтын жер таппай, талай жылдан бері шырылдап жүрген азамат. Оралдағы қыркүйек оқиғасының ақиқаты да 1986-ның желтоқсаны секілді, толық ашылмай, жалпақ жұртқа жария болмай жатыр. Өйткені, қазіргі билікке халықтың, қазақтың рухтанғаны керек емес. Ал сіздерге Мұнайдардың қыркүйек туралы бұрын жазған мақалалары керек болса, мархабат!
Сәлеммен оралдық Қазбек Құттымұратұлы
КҮНІ КЕШЕГІ “ АҚТАҢДАҚ”
Тарихты жазатын тарихшылар емес екендігіне менің көзім жете бастаған секілді. Бұрынғы ойым басқаша еді. Шығыстың бір ғұламасы:
“Адамдардың барлығы бір-біріне ұқсайды ғой деуші едім. Өмір менің өзгертті де бір-ақ күнде санамды, содан бері басқа менің адамдарға өлшемім”- деп айтқандайын уақыт ағымы баяғыдағы бала санама басқаша салмағын артып, біраз өзгертіпті. Тарихты жасайтын да жазатын да – халық екендігіне өз басым толық көз жеткіздім. Ал қағазға түсірушісі де кейде сол қарапайым халықтың өкілдері болып жатса, сіз таңданбаңыз. Тарихшыларға ең соңынан, болары болып, бояуы сіңгеннен кейін ғана жұмыс қалатын, басталатын сияқты. Оларға осы байсалдылық, байыптылық жарасқан, сірә... Айқай-ұйқайсыз, ешкіммен дауласпай, өзіне дейінгілер жазып кеткендерді қайтара қотарып, асықпай-аптықпай өз еңбегін жазу үлкен бір еңбекті тудыратын шығар. Сонымен ептеп әңгіме етпек болған жайтқа ойыссақ, Қазақстан тарихынан қомақты орнын алар және бір “ақтаңдақ беттерді” уақыт сарғайтып, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* шырмап, шаң-тозаң басып барады. Бірақ алмас қылышты тот баспайтыны, қарайып қап түбінде жатпайтыны сияқты, ақиқат нәрсе ескірмейді, түбі бір еленеді. Тек тым кейінге соза бермей дер кезінде елейтін ерлері болып жатса жақсы.
Дүйім жұртқа белгілі осыдан 15 жыл бұрын бұл Оралда алапат бір оқиға болды. Оны бәлкім оқиға деп емес, Сырым, Исатай-Махамбет, Кенесары, Есет, Жанғожа батырлар бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің заңды жалғасы, отарлаушы, шовинистік пиғылдағыларға қарсы көтеріліс деп қарау керек шығар. Бұл ұйғарымға біз келмесек, келешек ұрпақ келеріне сенесің. Қазақ жерін отарлаушыларға қарсы 300-ге тарта ұлт-азаттық көтерілісі болған екен. Сол санды үстей түсер және ең соңғы бұлқыныс Орал, қыркүйек оқиғасы десек бұл тарихи шындықты ашып айтқандық. Себебі егеменді елдің бір аймағын айламен, онысы болмаса басқа да жолдарымен бөліп алмаққа әрекет жасалғаны анық.
Иә, ел есіне сала кетсек, 1991 жылы осы Оралда мемлекеттік қылмыс, саяси салмағы бар құйтырқы іс-шара жүзеге асырыла жаздады. Жартылай асты да. Бірақ ұлт патриоттарының күшімен ол толық діттегеніне жеткен жоқ.
1990 жылдың 24-ші ақпанында құрылған Орал казактарының тарихи-мәдени қоғамы сол жылдың маусымында “Қайта құру”комитеті болып, қайта жасақталып, Орал казактарының автономиясын құруға белсенді әрекетке кірісті. Олар бұл зымиян мақсаттарына жасырын да ашық жылжыды. Мемлекеттік қазақ тілін облыста, болмаса Оралда қолдануға адиын-ашық қарсы шығып, онысына қала басшылығын көндіріп қойды. Қалалық кеңес “Орал қаласында жергілікті ресми тіл орыс тілі” деген тәртіп шығарып, ата заңымыздың талаптарын белден басады. Жергілікті басшылықтың өз дегендеріне қарай құлаған ыңғайы казактарды одан сайын жаңа құйтырқылықтарға желпіндіре түсті. Олар 1990 жылдың тамызында рұқсат етілмеген митингіге шығып, Қазақстанның 13 облысын Ресейге беру керектігі жөніндегі әумесер тілектерін де көтерді. Олардың бұл арам пиғылдары Ресей, Украин жеріндегі казактардың көксеуімен жымдасып жатқаны сол кездің өзінде белгілі еді. Содан 1991 жылдың 28 мамырында Орал қаласының атқарушы комитеті егемендігі туралы өз деклорациясын (1990ж, 25 қазан) жариялап үлгерген елімізді бөлшектеп алмақшы ойлары барлардың ырқына көніп, Орал казактарының патшалық Ресей империясына қызмет еткендеріне 400 жыл толуын тойлау жөнінде шешімін қабылдап, айды аспанға бір-ақ шығарды. Сол қалалық атқару комитеті шығарған шешімдегі мынадай сөздер тайға таңба басқандай жазылған: “Қала халқының белгілі бір тобы мен Орал казактары тарихи-мәдени орталығы өкілдерінің ұсыныстары қабылдансын.” (Қалалық атқару комитетінің төрағасы Б.Г. Молдашев. Қалалық Советтің іс басқарушысы А.Н. Мартышкин деп қол қойылған.) Ол ол ма, облыстық кеңес 1991 жылдың шілденің 5 күні айтылған шешімді өздерінше түзетпекші болып, айналғанда оны мойындап, қолдап шыға келеді. Ақыр аяғында 1991 жылдың 15 қыркүйек күні, жексенбіде “Орал өңірі халқының тойы” деген дәлдүріш шешімді беркітіп, тойлауға қыруар ақша бөліп, құрамында қала басшылары бар арнайы комитет те құрып, айтулы тойдың барысын жеделдете түседі. Енді патша итаршыларының “тойын” өткізіп бермекке ат салысқан сол кезгі халық депутаттары облыстық Советінің төрағасы қолын қойған тарихи қаулыдан үзінді келтірсек: “...Орал өңірі халықтары күніне” қатысу үшін Россия Федерациясының және Қазақ ССР-нің көрші облыстарынан өкілдер делегациясы шақырылсын.” Кезінде билік күші болған, қазір тарихи құжатқа айналған жергілікті басшылар шығарған қаулы-шешімдер бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай осылай төңкеріледі.
Тарихи құжаттарға тағы кезек берсек: “Бүгін 13.09.91 жылы атаман Мартыновтың бастауымен автономизмді көксеген Ресейдің казак әскери жасақтары Орал қаласына саяси шара өткізуге келді.Сепаратистік күштерінің бұл әрекетін егемендігімізге қарсы, территориямыздың тұтастығын бұзуға бағытталған саяси арандатушыларының, күш көрсетулерінің бастауы деп есептейміз.” /облыстық “Азат” қозғалысының үйлестіру кеңесі. “Форум” үйі. 13.09.91ж/ Содан Ресей жерінен Оралға сау етіп 300 қаралы әскери киімдегі казак есаулдары жалақтап жетіп келді.Оларға қазақтарды айтпағанда жерглікті орыстар, өзге ұлт баласы қарсы болды. “Келген іздерңмен кері қайтыңдар. Тыныш отырған арамызға сына қақпаңдар” дегендей сөздерін айтып, сөкті. Сөзіміздің ілкі желісіне ойыссақ, облыс төрағалары беркіткен қаулыға жергілікті халықтың, ұлтжанды азаматардың үзілді-кесілді қарсы екендігіне мүлдем ескерілмеді.Құзыр иелері құлақ аспады. Іс насырға шаба берді.
14.09.91ж Алаңдағы елдің саны арта түскен. Облыстық атқару комитетінің төрағасы В.К.Гартман мырзаға кірген демократиялық күштер өкілдері оңды жауап алмады. Жағдай шиеленісе берді. Осы тұсқа Оралдағы қыркүйек оқиғасынан кейін 1991 жылдың 25 қазанында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған, құрамына Қаз ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары, оқымысты-ғалымдар, заң орындарының, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері және “Азат”партиясының мүшелері енген президенттік комиссияның түйіндемесінен келтіре кетсек, көп жайтқа берілген баға сол болар.
“Таким образом, главная ошибка сначала Уральского городского, а затем – областного Советов в том, что они пошли на поводу имперских сил, преследующих на территории Казахстана свой реакционные цели воссоздания колониальных порядков.” / Спарвка президентской комиссии по политической и правовой оценке сентябрьских событий в Уральской области./ Сөйтіп сол кезгі қала және облыс басшылары казактардың патшаға қызметін облыстағы бейбіт өмір сүріп жатырған татар, украин, еврей, қазақ және өзгелердің ортақ тойына айналдырып, империялық сарынға бұл ұлттарды еріксіз айдап, жыққысы келді. Бұл да президенттік комиссияның берген бағасы. Сол кезгі қала, облыс басшылары тіпті “400 жылдық той” мәселесін сессияда мәселе қылып көтеріп, кәдімгідей желпінді. Өздерінің саяси қателікке барып отырғандықтарын түк те түсінген де сезінген де жоқ. Бәлкім қазірдің өзінде олар сол кезгі жіберген қателіктерін құдай алды мойындап, іштей бір қызарып, өкініштің уын ішті дейсіз бе, қайта басқаша сайрамаса. Себебі көп жайт елдің есінде жоқ, ұмытыла бастады емес пе? Егерде іштей мүжіліп, ар-ұжданның сотына түскені болса, онда жақсы. Әйтеуір желтоқсанда қазақ жастарын оқудан шығартып, қиянат жасауға қатысқандардың жазаланбай, аман-есен жүргендігі секілді, Орал оқиғасының тууына себепші болғандар да бүгін қызметін қылып, дін аман ел қатарлы жүріп жатыр. Халқымыз кең ғой, осы кеңдігіміздің арқасынан жасып та жасап та келеміз.
Иә, 1991 жылдың 15 қыркүйегінде отаршылдықтың тойын тойлауға Оралға келген казак күштері арам ойларын іске асыруға кірісті. Ресей империясының екі басты самұрық құсы бейнеленген жалауын, атамандық штандарттарды желбіретіп, шіркеуде діни-саяси жиын жасады. Ондағы айтылған сөздердің астары сұрқайы-ақ. Сол шіркеуден дінбасыларының әлгіндей уағызын тыңдап шыққан әскери топ сап құрап, жалауларын көтеріп, “Зенит” мәдениет сарайына бет түзеді. Оларды ешкім бөгеген жоқ. Олар сол күні қазіргі Достық даңғылымен “Хан тоғайға”дейін барып, жолай ол жақтағы келесі шіркеуде де мінәжат қылып, қазақ үшін қасиетті, кезінде Бөкей сұлтандарды ақ киізге отырғызып, хан сайлаған киелі “Хан тоғайда” той-даңғазаларын жалғастыра түспекші екен. Оның бірі де іске аспады. Сол сағаттарда қазіргі Абай алаңында жиналған жергілікті халық және Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл тіпті Қырғызстан, Әзербайжан, Түркменстан, Өзбекстаннан келген түбі бір түрік ағайындар ашу-ызадан өлердей күйініп, тас түйін болып бір іске беркінді. Халықтың ұзын саны он мыңнан асып жығылды. Оларға “Аттанайық Жайыққа” штабының, “Азат” қозғалысының жетекшілері бас-көз болып, сабырға шақыра білді. Ешкім өз еркімен тәртіп бұзуға бармады. Содан араларынан 113 ерікті адам шығарып, “бұл күн казактарға той болса, қазақ халқы үшін қаралы күні деп жариялап” үнсіз қарсылық акциясын жүргізді. Оларды “еріктілер” деп бөле жарып атаудың мәні сол, олар казактар болсын, басқасы болсын қару қолданып, басқа төпеп, қылышпен қидалап, дойырмен ұрып жатса да қыңқ деп дыбыс шығармай, құрбан болып, өз қарсылығын үнсіздікпен ғана көрсетуі керек болды. Осы жанқиярлық іске қазақтың азаматтары мен азаматшаларының нартәуекел бел буғанының өзі ерліктұғын. Әскери казак жасағын тоқтатпаған тәртіп сақшылары мұздай қаруланып алып, 113 қазақты жау көргендей сойыл, броно-сауыттарымен қарсы алды. Қанды қақтығыстың туып кету-кетпеуі сәл нәрседен мүмкін еді. Мәдениет сарайы ішінде казактардың жиыны өтіп жатқан уақытта Абай алаңындағы нөпір халық лап қойды. Оларды бес қаруын асынған мелиция жасақтары тоқтата алмайтын еді. Қан қызулықпен барлығын таяққа жығуы ғажап еместұғын. Алайда 113 қазақ ұландары “Ағайындар, бауырлар сабыр, сабыр” дей жүріп, білекке - білек, жүрекке –жүрек жалғап оларды тежеді, сабырға келтірді. Бұған бір құдай қарасты. “Зенит” мәдениет сарайындағылардың асығыс өткен томалағын есептемесек, аннан-мұннан бас қосып, кеуделерін көтермек болғандардың ойындағысы болмады. Жергілікті басшылықтың дайындап берген көліктерімен Тасқала ауданындағы Шипов темір жол бекетіне жетіп, пойызға отырып, келген жақтарына қашып құтылды. Бұл қазақ баласының ата қонысы үшін өре түрегеліп, намысын қорғап қалған тарихи күні, жеңісі болды. Біз болған істің бүге-шегесіне шейін қотаруды көздемедік, әйтпесе оқылған құран аятарына ұйып, ортаға тасталған ананың ақ жаулығынан аттамай әдеп сақтап, сондай ұлтымызға ғана тән биік парасаттылықты да таныта білген халықтың ұл мен қыздарының қай-қайсысы да сол кезде ел үшін үлкен ерлікке, батырлыққа барғаны жайлы біраз толғауға болар еді. Олардың қарсылығы орыс не басқа ұлтқа бағытталмағандығы, тек қана егемендікті қорғау, өз алдына дербес мемлекетіміздің тұтастығына төнген қатерді тоқтатуға арналғандығын президент комисиясы мойындап, қайта қуаттап берді. “ Официально признать, что действия ГДК “Азат”и других общественных объединений, участвовавщих в акциях колонизаторского “юбелея” на казахской земле, являются выражением высокого патриотизма людей, вызванного крайней необходимостью устранения сил, угрожавших государственному, общественному порядку, правам и свободам граждан и установленному порядку управления в республике ввиду невозможности устранения этой опасности другими средствами.” /Спарвка президентской комиссии по политической и правовой оценке сентябрьских событий в Уральской области./
Президенттік комиссия казак ұйымының іс-әрекеті еліміздің Ата заңына қайшы, мемлекеттің тұтастығына қатерлі, ұлтаралық ынтымақты бұзуға бағытталғандығын айыптап, өз бағасын берді. Еске түсіре кетсек, президенттік комиссияның құрылуына, жұмыс жасауына “Азат” қозғалысы мүшелерінің жанайқайы, саяси аштық жариялауға шейін барған жанкешті әрекеті сепеп болғаны да Орал оқиғасының бір парағы. Міне, содан бері 14 жылдан асып, үстіміздегі жылдың алдағы қыркүйек айында 15 жылдың жүзі жаңғырады екен. Әйгілі Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толады. Ел тәуелсіздігінің қарсаңында қазақ тарихында болған қос бірдей жаңғыру қатар аталып жатса қандай ғанибет болар еді. Сол алдағы тарихи күндердің қарсаңында ел өміріндегі бұрылып өтуге тиіс емес Орал оқиғасы жайында бұқара біле жүрсе екен деген мақсатпен ащылығы қолқада қалып қойған дулы да улы оқиға күндерін еске алдық. Орал оқиғасы әлі дұрыстап зерттелмей жатыр.
Белгілі саясаткер Ж. Қуанышәлі “Желтоқсан мен қыркүйек жұмбақтарының шешімін тауып, мәселенің ақиқатына жету мақсаты - әншейін ғана ғылыми-тарихи қызығушылық емес, аса маңызды саяси қажеттілік”- деп кезінде айтқаны бүгінде өзектілігін жоймаған. Президенттік комиссия бағасын бергенімен, ол жалпы республика халқына таныс емес. “Азат”газетіне кезінде жарияланғаны бар, ондай газеттің болғандығының өзі бір тарихқа айналған. Орал оқиғасына баға берілуін үкіметке шығарып, аштық жариялауға дейін барған А.Қадырбаева: “Біз бетке перде ілмедік!Ашық күрестік.Ол кездегі күрескерлер, тұтастай алып қарағанда халқымыздың салтын, дәстүрін, ғұрпын бойына сақтаған, бір алланы жүрегіне берік тұтқан нағыз батырлар еді.бір-бірінен озып, бірі-бірінің алдына шықпай, бір кісідей,бір тәртіпке бағынып, мақсатты түрде бірге қимылдау – үлкен тәрбиенің жемісі. Сол тәрбие бізде болды.Соған қуанам!Бізді Оралдың қатерлі оқиғасы мен құйындай үйірілген ішкі саясаты иірімінен аман алып шыққан да осы қасиет!”-деп кейін есіне алыпты. Қыркүйекте ерлікке барған халықтың да сезінгені осы, сөйлер сөзі де осындай болса керек. Ал бүгін бұйығымыз. Бәлкім саяси ахуалды ескеріп, тыныштығымызды ойлап, уақыттың әлі де ұзай түскенін жөн санайтын болармыз. Бір жағынан ойлап қарағанда бұл да жөн секілді. Бірақ жабулы қазан жабулы қалып қоятындай да сыңай байқалады. Тарихшы емес, қарапайым балалар дәрігері, сол тұста Оралда еңбек еткен, оқиғаға белсене қатысушы, бүгінде ақтөбелік Нұрлыбай Сейсенбайұлының Орал оқиғасы жайындағы “1991жыл. Қыркүйек. Орал оқиғасы” атты жазып шығарған деректі кітабы ғана көңілге бір демеу. Дәрігер -қаламгердің алғашқы кітаптың жалғасы ретінде екінші кітабы да дайын. Бұдан басқа осы кітап авторының және басқа да адамдардың республикалық, облыстық басылымдарға үздік-создық оншақты мақаласы жарияланыпты. Кешіріңіз, тарихшыларымыздың бұл төркінде батырып-батырып жазып, қалам дымқылдағанын көрмеппін. Енді-енді қолға алар деп үміт етесің. Оның бір себебін мақала басында атап өткендейміз, бәлкім сол ұйғарымымыз рас та шығар. Әні-міне дегенше бақандай 15 жыл өтіп барады. Бұл аз уақыт емес. Ақылдың таразысына салып, барды бар деп, шындықты анық көрсетіп, ушықтырмай сөз толғаса ұстараның жүзіндей қылпылдап жатқан күні кешегі тарихи ақиқат келер күндерімізге сабақ болары кәміл. Әлде ол ұстараны қайтіп қолға аларын білмеген күйдеміз бе екен, ә?..
Елбасымыздың бір сөзі бар: “Қазақтың тарихында қазақ ұялатындай дәнеңе де жоқ” деген, сол айтқандай-ақ бізге бүгін тарихымызды түгендеп, ұрпағымызға шындықты ғана айтып, тәлім-тәрбиені түп-тамырымызбен байланысытырып, жүріп өткен іздерімізден сабақ алып, бағыт-бағдарымызды айқындай түсетін күн келіп жеткелі қашан. Арғы-бергі тарихымызда бізге өнеге, ғибрат алатын жайттар болмаса шынымен де жүзіміз қызарарлық ештеңе жоқ.Олай болса, аузын буған өгіздей төл тарихымыз қақында үндемеуіміз үлкен әбестік. Әбестік қана емес, әлсіздігіміз, шала намыстылығымыз. Бойкүйездік, бейтараптық, босбелбеулік, өз-өзінен үрейленушілік әлі күнге шейін мойнымызды тұқыртқан ауыр қамыттай, тірілей сұлбамызды қысқан тар табыттай болып, бізді, оқыған-тоқығаны бар ел естиярларын тыпырлатпай отыр. Зиялылар үні осындайда керек екендігін еске салып қойсақ, бұл да бір інілік базынамыз шығар. Әйтпесе, үкімет тарапынан құжаттама түрінде бағасын алғандай болған халқымыздың тағы бір тарихи шындығы көмескеленіп, үнсіз-түнсіз көміліп қалатынға ұқсайды. Біздің төл тарихымызды ешкім сырттан келіп жазып, түгендеп бермейді. Сондықтанда қазақ тарихын ел болып бірге қалыңдатайық. Ұлтымызға Өр Рух беретін, ұйқыдағысын ояататын қасиеті бар күндерімізді біз неге ұмытуға тиістіміз? Құдай алды егемен ел екенбіз, өткенді ескерсек қане? Қолымызды кім қағып отыр?
Иә, бұл мақаламызда көптеген адам аттарын атамадық, Нұрлыбайдың қос кітабында бәрі тәптіштеп жазылған. Айналып келгенде бұл ерліктің иесі де, киесі де – халық емес пе, бейбітшілік сүйгіш Қазақ халқы!
Мұнайдар БАЛМОЛДА,
Орал қаласы
(2006 жылы жазылған)
«ҮШ ЖҮЗ БІРІНШІ» КӨТЕРІЛІС
Тарих – топырақ. Халықтың өткен-кеткенін астына бүккен қат-қабат топырақ. Топыраққа еккеніңді бағып-күтпесең, қопсытпасаң қанша жерден құнарлы болса-дағы дәнеңе бермейді. Сол сияқты ата тарихымыздың арғы-бергісінің зерттеушісі табылып, насихаттамаса, ол жайттар жоғалады, не ұмыт болып, молаға айналады. Біз де бүгін сол топырақ-тарихқа соқа салып, азаттығымызға қазық болған сонау қыркүйек көтерілісі қақында көзкөрген баянымызды таразыға тартпақпыз.
Бірден ашып айталық, 1991 жылғы қыркүйек айындағы Оралдағы жағдай тіптен оқиға еместі, ол – көтеріліс! Қазақ тарихында отарлаушыларға қарсы 300 дей ұлт-азаттық көтерілісі болыпты, солардың соңы «Орал көтерілісімен» тұйықталады. Сондықтан көтерілістердің ұзын-ырғасы 300 бе, 350 ме, әйтеуір сол санға жетіп жығылғандықтан, бұл мақаламызда Оралдағы жайтты жай, шартты түрде «301-ші» көтеріліс деп алдық.
Енді оның неліктен көтеріліс екендігін ашықтап, талдап көрелік. 1991 жылдың қыркүйек айының бел ортасында, нақтырағы 13-15 күндерінде елді дүр сілкіндірген Оралдағы жағдай әп деп басталмастан-ақ оған сепаратистік пиғылдағы казак ұйымдары да демократиялық прнциптерді ұстанған қазақтар жағы да алдын ала дайындалды. Бұл арада өз-өзінен, яғни стихиялы ештеңе болмады. Бәрі тәртіппен ұйымдастырылды.
Казактар жағы патшаға қолшоқпар болғандарының 400 жылдығын атап өту арқылы кәрі Оралды Ресейге қосып тынбаққа тырысты. Сол үшін Ресейдің түкпір-түкпірінен белсенді топтарын Оралға топтастырды. Қазақтар ата қонысын қорғап қалуға күш салды. Жергілікті халық өзге ұлт баласына қысымшылық көрсетейін деген ой-ниетте болмады, бар мақсаты: Құдайы нығметі, өзінің ата қонысын дін аман алып қалу ғана! Екі жақтың басында да көшбасшылары тұрды. ( айта кету керек, казактардың әскериленген топтары жасырын қаруланыпты) Жеме-жемге келгенде қалыптасқан жағдай қарулы қақтығысқа да айналып кетуі мүмкінтұғын, құдай сақтап, «Орал көтерілісі» жер иесі - Қазақтың пайдасына шешілді. Бұл көтерілістің нәтижесі! Сөйтіп, тас-түйін бірігуіміздің арқасында елдің батысы мен солтүстік аумағы сетінемеді. Бұл зауал болмас та еді. Егерде облыс, қала басшылары арам пиғылдардың арбауына жығылып, солардың дегенімен жүрмесе. Өкінішке орай хатшы да қосшы да жауды жақтап, өз халқының көз-жасын көрмеді. Тарих сабақтасып, заман ағымы ұқсасып жатады ғой, «301-ші» көтерілісті Исатай мен Махамбет бастаған 1836-37 жж. көтеріліспен салыстыруға болар. Исатай мен Махамбет қара халықтың жағында болса, хан Жәңгір отарлаушы патшалық Ресейдің сойылын соғып, отырған тақытын ойлады. 1991 жылғы Оралдағы ахуалда жергілікті басшылық соған ұқсас қамытқа бас сұқты. Оқыған көзқамандарға дауа жоқ. Мұны президенттік комиссия да дәлелдеп берген болатын.
«301-ші көтеріліс» Қазақстан өзінің егемендік туралы декларациясын жариялағанменде әлі тәуелсіздігін алып үлгермеген уағында, тура тоқсан күн бұрын орын алған болатын. Қысталаң шақтан аман өткізіп, егемендікке жетуімізге берік негіз қалап, моральдік, саяси, субъектілік алғышарт жасап берді. Осы көтерілістен кейін патшалық, кеңестік өпірем мінезбен уланған, империяқұмар Ресей жағыннан қазақ жеріне ашықтан-ашық, мұндай қол сұғу болған емес. Қазақ жерінің иесі кім, дербестіктің ар-ұяты кімнің мойнында деген сұрақтарға жауап табылды. Ол – қазақ халқы, қазақты бауыр санаған тұрғылықты ел. Сөйтіп мемлекетшіл рух көтерілді. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, елсүйгіш көптеген азаматтарға бұл көтеріліс батыл шешімдер қабылдауға дем болды. 14 жыл толған Ата Заңымыздың түзілуіне үлес қосты. Ал сырт көздерге Қазақстанның біртұтастығын әпербақан айтақпен, іштен іріткі салумен бұза қою оңай еместігі түсінікті боп қалды.
Мың мәрте айтайын: Құдай сақтасын! Егерде 1991 жылы Орал уыстан шығып кетсе ше? Онда еңіреп кеткен Еділдің артынан Жайық қан жылап ағар еді, Қарашығанақ, ен жер көзден бұл-бұл ұшып, «Қайранда менің Жайығым!.. Қайранда менің...» деп етек жасымыз көл болып, көргеніміз шөл болып, отырар едік... Жайықтың жармасқан қол, терістіктігімізге тиісер еді. Дәл сол уақытта істің бұлай болып кетуі әбден мүмкінтұғын. Шовонистік пиғылдағылар мұны көздеп, әліптің артын тосулы болған. Атыңнан айналайын Азаттық! 1991 жылғы « қыркүйек көтерілісі» арқылы еліміздің барлық аумағы сақталып қалды. «Балық басынан шіриді» деген, біздің батыс елдің басы ғой, (тоғыз жолдың торабында, еуразаияның қақпасында тұр) бас кетсе не болады? Бір Махамбеттің басы нелер қайғымыздың қазаны... Құдайға шүкір, ол басты да шапқан алыстан келген жау емес, іштен шыққан шұбарымыз... Әйтпсе, жат шапса, әлі күнге шейін Эрмитажда хан Кененің басының қасында жатар ма еді? Бас өзімізде қалды... Кие қара топыраққа сіңді... Қасиет далаға кетпей, қанға дарыды. Қанға дарыған қасиеттің арқасында жерді, елдің шетін, қазақтың батыстағы Басын қорғап қалдық!
Сол ел басына күн туған қиын кезеңде шыбын жаннан түңіліп, бастарын құрбандыққа қиған 113 еріктілер жасағын ауызға алғым келеді. Бұл бір дүрбелеңде олар маңызды рөл атқарды. Олар болмаса, желтоқсаннан да жаман қырғынға ұшырар едік. 113 ерікті «Зенит» сарайының алдында атойлаған елді тыныштандыруда, жалпы көтерілістің қақ маңдайында тұрып, оның жақсылықпен бітуіне күш салды. Қазақтың оқтан да соттан да қорықпайтын мұндай ұландары тұрғанда жөнімізді табайық деген пиғылға казак атамандары еріксіз көнді. Сол 113-тің жасаған ерлігін немен салыстыруға болар? Ілгеріде небәрі үш қазақ сарбазының мұздай қаруланған қалың казак әскеріне қарсы шыққан ерлігімен бе, Тастөбеде Исатай мен Махамбет бастаған жасақтың пушкімен от құсқан патша әскерімен болған шайқасына ма, қалай болғанда да естен кетпес ерлік жасалды – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін!
1991 жылғы Оралда болған саяси жағдай жайында жұмған ауызды ашпай қашанға жүреміз. Көтеріліске саяси баға берілсін деп сол 1991 жылдың қазанында Алматы мен Оралда саяси аштық та ұйымдастырылып, біраз адам бірнеше күн тірі аруаққа айналды, өліп-тірілді. Президенттік комиссия шығарылып, қағаз жүзінде баға берілді, бірақ оны бұқара білмеулі. Ол бір қу құжат наразылық акциясын тоқтатумен, аштық жариялдағандардың жанын алып қалудан әріге жарамай қалды. Әттең, жоғарыға сөзі өтімді Сәбетқазы Ақатай, Михайл Есенәлиев, Батырхан Дәрімбетовтей арыс ағалар арамызда жоқ. Барлары бас-басымен кеткен. Капитал уақыт тепірешіне шыдас бермеген соң бірі баққа, бірі таққа, бірі жатұяға, бірсыпырасы партияға бөлініп, ыдырап, бойларындағы әуелгі азатшыл рухты әлсіреткен. Бәлкім билік осыған жұмыс жасаулы. Бірін жоғарлатып, өзіне тартты, бірін сырт тепті, негізгі денін, яғни сол кездегі отаншыл жастарды әшейін керексіз қылды. Бүгін сол көтеріліске адал болып қалғандар бір Құдайға ғана аян. Екі ортада милиция қарқ болды. Құдды қақтығыстың бетін өздері ғана қайтарғандай үкіметтен шен-шекпен алды. Генералдар шықты. Нағыз батырлар атаусыз қалды. Оларға атақтың қажеті де жоқ. Ең басты мәселе: еліміздің егемендікке қол жеткізу жолында аса маңызды рөл атқарған күрес тарихы жөнді қаузалмай, халыққа жетпей жатқаны болып тұр. Бұл тұрғыда сол күрескерлер жазған 4-5 кітап, бірнеше мақала рухты жануға, санаға сілкініс жасауға жетпеулі. Асылында «301-ші көтерілісті» елдік рухты тәрбиелеуде кәдеге асыра алсақ, боркемік, можантопай ұрпақты мүлгуден арлытып, намысқой қылуға бір септігі тиерді. Қалай десекте ұлт-азаттық көтерілістеріміздің ақырында «301-ші көтеріліс» тұрғандығын ата тарихымыз әлі-ақ өз айпара парағына түсірер, түсірер де кейінгі ұрпаққа жеткізер. Азаттық жолындағы жанкешті күресін халықтың ұмытуға, ал біздердің ұмыттыруға еш құқымыз жоқ! Өйткені бұл күрестің тамыр-өзегіне: Сырым, Атақозы, Саржала, Көктемір, Тіленші, Жоламан, Қасым, Саржан, Кенесары, Сыздық, Исатай, Махамбет, Асау, Барақ, Жанқожа, Арынғазы, Бекболат сынды толып жатқан батыр бабаларымыздың қаны мен киесі сіңіскен! Және тәуелсіздігіміздің 20 жылдық торқалы тойы таяғанда мұны ауызға алмасақ, онда тағы ата тарихымыз қиянат шекпек. Тарихқа жасалған қиянат – халыққа, келер ұрпаққа жасалған қиянат болып табылатынын саналы бас ұқса керекті.
Мұнайдар БАЛМОЛДА
(2008 жылы жазылған)
ҚОЙЫН ДӘПТЕРДЕГІ ХАТ
1991 жылдың қазан айының 15-18 күндері жан-жүрегіме терең әжім түсірген күндер болып қалды. Оданда бетері сол жылдың қыркүйек айы, қыркүйектің үш-ақ күні мені тез есейтіп жіберді. Қыркүйек мен үшін, сол күндерге адал болып қалған азаматтар үшін: Желтоқсан, Азаттық, Рух-Намыс деген ұғымдармен түбегейлі астасып, ет пен сүйектей бітісіп кетулі. Айтпағым, қыркүйек оқиғасынан кейін бір ай өткенде (1991 жылдың қазан айының 15-18 күндері) Оралда болған саяси ахуалға үкімет мойын бұрсын, ондай жағдайдың қайталанбауы үшін саяси баға берілуі керек деп «Азат» қозғалысы аштық акциясын жүзеге асырды. Алматыда ақын Айсұлу Қадырбаева 11 күн аштыққа жатса, Оралда сондай әрекетке баруды Жаратқан біздің, Қайрат Ибатов екеуміздің маңдайымызға жазыпты. Ол кезде пединституттың көркем сурет және графика факультетінде оқимын, жатақханадағы жылы орнымды суық тасқа алмастыруды өз басым ерлікке баламадым, егер біз болмасақ, орнымызда басқалар болар еді. Басқа салды, біз көндік. Бұл сөз сол күндерде туған бозаң шумақтарда өз мінезін әлі сақтаулы:
Халық еді бұның бәрін істеген,
Әрине, жоқ менде алып күш деген.
Мен небәрі жолдасыма серік боп,
Төрт күн бойы көк асфальттан түспегем.
Аласұрып жаным шығар сәттерде,
Жырлар жазып, үлгеріппін дәптерге.
Жыр – елдікі, менікі тек соңында,
Қойылған қол ұқсайтұғын кептерге.
Соныменен елім үшін егестім,
Қара түнде қабырғаммен кеңестім.
Бірақ халқым, мен тек сенің құлыңмын,
Бауыржандай батыр ұлың емеспін, - деп келетін жолдар қойын дәптеріме түсе беріпті. Біз алаңда ашығып жатқанда Орал пединститутының студенттері күні-түні жанымыздан шықпады. Бірақ олардың оқуда. Сабақтан шыға сала келіп, аш құрсақтарын қара сумен алдап, түннің бір уағына шейін қасымызда отыратын. Өтеміс деген жігіт гитарамен ән салатын. Ақкүміс т.б. ұл-қыздар әңгіме айтатын. Біздің көңілімізді аулағандары ғой. Сондай сәттерде Ақерке есімді қыз бала менің дәптерімді оқуға ала тұрыпты. Фамилиясы есімде жоқ, өзі Ақтөбеден, жағырапия факультетінде оқыды білем. Көп кейін қойын дәптерімді парақтап отырсам, ішінде бізге жазған үшбу хаты жүр екен. Содан жатыр... Хаттағы сезім сол кезгі студенттердің жансарайынан, қоғамдағы абыр-сабырдан хабар бергендей. Неге мұны көпке жария жеткізбеске деген ой араға 18 жыл өткенде келіп отыр ғой. Хат иесінің қазір қайда, хабарсызбын, білерім ол қыз хатты сол кезгі мынадай ахуалды өз көзімен көріп-білген соң жазған.
1991 жыл. Қыркүйек оқиғасының күркірі басылмаулы. Қазанның ызғары аздай, біз жатқан палатка тұрған жердегі фонтанды да арасында қосып, салқындықты қолдан күшейтетін... Ала таңда ит жетектегендер иттерін абалатып, күңкілдеп өтетін... Олар кімдер? Күндізгі айқай, балағаттаулар, дырдай бастықтың біз жазған ұрандарды жыртып, өзімізді айыптағаны, бәрі-бәрі жас санаға салмақ. Есімде, Қайраттың үшінші күндері саусағынан тамшы қан шықпай, болар-болмас ақ су шықты. Ағза әбден әлсіреп, қан бойдан қашқан. «Азаттықтардың» өтінішімен бізді облыс дәрігерлері бұлардікі дұрыс аштық па, бұрыс па дегенге жауап болуы үшін арнайы тексеріп тұрды. Осындайда студент құрбы өзіндей студент жасты аямай қайтсін? Қолынан келер қайран жоқ. Жүгінгені қағаз бен қалам. Бұл хат сол уақыттағы 18 бен 20 жастағы студенттер үні боп та естіледі. Осы үшбу хатты оқырманға жолдай отырып, қазір зор мақтанышпен айта алам, біздің палатка құрған тұста бүгін азаттық үшін алғаш боп атқа қонған Сырым бабамыздың тұлғасы тұр, демек, ата-баба аманаты, халық тілегі еш болмаған, сабақтасқан. Бұл да тәуелсіздіктің бір намыс-қазығы. Осыны қазіргі жастар біле жүрсе деп қолыма қалам алғам. Әйтпесе, бос дандайсысам, ділмарсысам Құдайым төбемнен ұрсын!
Мұнайдар Балмолдин,
2009 жыл, қараша айы
1-ші хат
16.10.91. сағат түнгі 13.05.
Мұнайдар, Қайрат, мүмкін сендер қазір тынығып жатқан боларсыңдар, бірақ алдамшы ұйқы ұйқы ма? Не айтайын, шырқыраған үндерің саңырау, меңіреу құлаққа жетіп, мерейлерің үстем болсын! Денсаулықты екі бастан садаға деп жатырсыңдар ғой, дегенмен Құдай атар таңнан, жазар дәмнен айырмасын! Лайым солай болғай, ата-баба аруағы қолдасын өздеріңді!!! Мен де барымша қолдау білдірген болып жатырмын. Мүмкін жігіт болсам, палаткаларыңнан (шатыр) маған да орын табылар еді. Әке-шешемнің үміт күткен жалғыз қызымын, тек сол жанымды қинап, қолымды байлап отырғаны...
Баяғыда ерліктің бәрін тек соғыста жасап, біз екі қолымыз алдымызға сыймай (кейбіреудің шолақ пікірін айтамын) жүрген можантопай, маубас ұрпақ емес пе едік? Кім таласа алады? Сен екі жігіттің ерліктеріңе?! Жұрт ойлағандай «чепуха» болса, неге көрмейді, неге дәмін татпайды, қайда намыстары?
Айсұлу апай жөнінде екі бастан аз айтылмас, артында қуанса күлетін, қайғырса жылайтын, қабырғасы қайысқан сендердей нар жігіттер қолдаған ол кісі тегін адам болмады ғой! Ол кісінің алдында кінәлілер бас ұрып, кешірім өтінер күн бар ма? Немен өтемекшіміз оның азаматтық арын аяққа басқызғанымызды? Немен өтемекшіміз «қырық жамау» көңілі мен шерлі жүрегінің күйін? Немен өтемекшіміз алтыннан қымбат денсаулықты? Жарайды, мен пессимизмге салынбайын, тілек сол, алдарыңнан ақ жол жарылып, ақ күн тусын, бауырлар!!!
Ізгі ниетте тілектес жандардың атынан: Ақерке. Орал қаласы. № 6 жатақхана.709 бөлме.
2-ші хат
Мұнайдар, мына өлеңді өзің қарарсың, мен енді ақын емеспін, ақынжандылаумын. Тек Оралдағы осы күндерден естелікке қалсын деп жазып отырмын. (егер ұнамаса, жыртып таста, өтінем.)
Бірінші тілек Алладан,
Екінші сөзің адамнан.
Қалған дәстүр бар екен,
Өткен дүние ғаламнан.
Мұсылмандық жолынан,
Қаштық та бездік, не болдық?
Шашырап, тарап, жайылған,
Бас сауғалаған ел болдық?
Қазаққа біткен сары ауру,
Күншілдік әсте құрымай.
Бірлігің қайда елім-ау,
Төбеңе қояр азамат,
Етекте жүрсе еленбей,
Тірлігің қайда елім-ау,
Халқынан алған алғысы
Алдынан шықса, қарғыс боп,
Өзегін шалса, өрт болып,
Кім үшін күйер, халқым-ау!
Не болдық, бүгін ойлаңдар,
Кім үшін құрбан, елім-ау,
Аштыққа өзін байлаған,
Айсұлу сынды бауырың
Елдігің қайда, елім-ау?..
3-ші хат
Қалдерің қалай? Қазір мен лекцияда отырмын. Бірақ ештеңе жаза алар емеспін. Жаңа ғана сендерді айтып, шуласып қалдық. Кейбіреуі білмейді екен, «неге керек өнбейтін нәрсе?» деп жатыр. Көбі аяушылық білдіріп жатыр. Енді бірі қолдап жатыр. Білесің бе, ешкімді де сауатсыз, ақымақ дей алмайсың? Себебі, бәрі де айтысуға жұтынып тұр, ал енді неге қолдамайды?
«Тек жүрсең, тоқ жүресің», «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» деп бас сауғалайды. Сосын біздің «білгіштер» баяғы сарынды әңгімелерін әлі тоқтатқан жоқ. Құлағың тұнады. Әділетсіздік деген аяқ бассаң емес пе, бәрін де тастап, елі, суы, жері, халқы бөтен жерге барып, елеусіз өмір сүрсем...
Бірақ бұл менің елімді тастаймын дегенім емес... ашуланғаным сол, қолымның дірілі әлі басылмай отыр...
Үлкен звонокта бәрі менің сөйлеп, түсіндіруімді өтінді.
Жігіттер! Біз сендерді қолдадық!!!
Сәлеммен: студенттер.17.10.91.
КАЗАК АТАМАНДАРЫНЫҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ
400 ЖЫЛДЫҚ «ТОЙЫНА» ҚАРСЫ
БЕЙБІТ ҮНСІЗ ҚАРСЫЛЫҚҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
1. АЙДАРБЕКОВ Серік Жамбыл
2. АЙСАУЫТОВ Мақсот Орал
3. АЙТҚАЛИЕВ Есенғали Орал
4. АЙТҚАЛИЕВ Жеңіс Орал
5. АЙТМҰҚАШЕВ С. Орал
6. АТАХАНҰЛЫ Мұхтар Шымкент
7. АХАНОВ Ж.Н. Орал
8. АХМЕТОВ Көшкінбек Ақтөбе
9. АХМЕТОВ М. Орал (Жымпиты)
10. АХМЕТОВ Серік Орал
11. ӘБДІАСУХОВ Дәулет Шымкент
12. ӘБДІРАИМОВ Батырбек Орал
13. ӘДІЛОВ Бақытжан Алматы
14. ӘЖІМҰРАТОВ Жексенбай Орал (Жымпиты)
15. ӘЛИЕВ Жайлан Орал
16. БАЙЖЕКЕНОВ Берік Орал
17. БАЙМҰХАНБЕТОВ Орал
18. БАҚБЕРГЕНОВ Абдолла Жамбыл
19. БАҚЫТЖАНҰЛЫ Ерсайын Орал
20. БАЛҒАЗИЕВ Асқар Орал
21. БАЛМОЛДИН Мұнайдар Орал
22. БАЛМҰҚАНОВ Нұрқожа Орал
23. БЕГАЛИЕВ Орал (Жымпиты)
24. БЕРҒАЛИЕВ Н. Орал (Жымпиты)
25. БИЖАНОВА Гүлмира Ақтөбе
26. БИСЕНӘЛИЕВ К.Н. Орал
27. БҮРКІТБАЕВ Орал
28. ДӘУЕНОВ Қабидолла Орал
29. ДӘУЛЕТОВ Орал (Жымпиты)
30. ДУРМАНОВА Бекеш Павлодар
31. ЕРҒАЛИЕВ Серік Ақтөбе
32. ЕСЕНОВ Орал (Жымпиты)
33. ЕСЕТАЕВ Асқар Орал
34. ЕСТАЕВ И. Орал
35. ЖАЙЛЫБАЕВ Естай Ақтөбе
36. ЖАНҒАЗИЕВ Сәкен Орал
37. ЖАҚСЫҒҰЛОВ Орал
38. ЖАЛМҰХАНОВ Мұқас Шымкент
39. ЖАРМҰХАНБЕТОВА Нұрзипа Алматы
40. ЖӘКІРОВ Е.Н. Орал
41. ЖИЕНӘЛИЕВ Нұрлан Орал (Жәнібек)
42. ЖҰМАҒАЛИЕВ М. Орал
43. ЖҮСІПОВ Туғанбек Жамбыл
44. ЗИНУЛЛИН Алтай Орал
45. ЗИНУЛЛИН Аманжол Орал
46. ИМАМЕДОВ Нәбиолла Орал
47. ҚАДЫРБАЕВА Айсұлу Орал
48. ҚАЖЫҒАЛИЕВ Сұңғат Орал
49. ҚАЛИЕВ А. Орал
50. ҚАЛИЕВ Әлібек Орал
51. ҚАЛИЕВ Мейрам Орал
52. ҚАРЕСОВ С. Орал
53. ҚОЖАЕВ Қален Орал
54. ҚОЖАХМЕТОВ Нұрлыбек Орал
55. ҚОНАРБАЕВ Нұрсұлтан Орал
56. ҚҰЛМАНОВ Нұрберген Орал
57. ҚҰЛСАРИН Серғали Орал
58. ҚҰРМАНҒАЛИЕВ Өтеміс Орал
59. ҚҰСАЙЫНОВ Дәулеткерей Орал
60. ҚУАНШӘЛИН Жасарал Алматы
61. ҚУАТОВ Нұрлан Орал
62. ҚЫДЫРСИХОВ Б. Жымпиты
63. ҚЫСТАУБАЕВ Орынғали Орал
64. КӘРІБАЕВА Хадиша Жамбыл
65. КЕНЖЕБАЕВ Жымпиты
66. КИКЕНТАЕВ Айтқали Ақтөбе
67. КҮЗЕНОВ Серғали Шымкент
68. МАХАМБЕТОВ Есен Орал
69. МАХМУДОВ М. Жымпиты
70. МӘЖИТОВ М. Орал
71. МОЛДАҒАЛИЕВ Серік Орал
72. МҰСТАФИН Сейілхан Орал
73. МҰХАНБЕТҚАЛИЕВ С. Орал
74. МҰХАМБЕТЖАНОВ Жайылхан Шымкент
75. МҰХАНБЕТОВ Болат Орал
76. МҮТИЕВ Ізімғали Жамбыл
77. НАҒЫМОВ Орал
78. ОМЫШЕВ Жеңіс Жамбыл
79. ОРАЗБАЕВ Нұрматжан Жамбыл
80. ОРАЗБАЕВА Риза Жамбыл
81. ОТАРҒАЛИЕВ Ж.С. Орал
82. ӨТЕБАЕВ Ақтөбе
83. ӨТЕГЕНОВ Дәрібек Орал
84. ӨТЕПОВ Н. Ақсай
85. ӨТЕУЛИЕВ Б. Арал
86. ПАНИЯЗОВ Ш. Орал
87. ПИЯШЕВ Қадырбек Орал
88. РАХМЕТОВ Р. Орал
89. САҒЫНАЛИЕВА Шынар Орал
90. САТЫБАЛДИЕВ Дәурен Алматы
91. СӘУЛЕБАЕВ Орал Алматы
92. СЕЙІЛОВ А. Орал
93. СЕТКУЛИЕВ Төлебай Орал
94. СИСЕНБАЕВ Нұрлыбай Орал
95. СИСЕНҒАЛИЕВ Ғазиз Орал
96. СҮЛЕЙМЕНОВ Сайлау Орал
97. СҰЛТАНОВ К. Орал
98. ТАЙМАНОВ Асқар Орал
99. ТАПАЕВ Манас Орал
100. ТӘЖЕНОВ Б. Орал
101. ТӘШКЕБЕКОВ Сұлтанбек Ақтөбе
102. ТӘШКЕНТАЕВ Сұлтанбек Ақтөбе
103. ТОМАНОВ Мұқанғали Орал
104. ТӨРАҒАЛИЕВ Х.Н. Орал
105. ТҰЯҚБАЕВ С. Ақтөбе
106. ҮСЕНОВ Жаукен Орал
107. ХАБИБУЛЛИН М. Орал
108. ШӘНІТАЛИЕВ Ө. Орал
109. ШӘРІПОВ Әлібек Орал (Жәнібек)
110. ШОҚАЕВ Әділхан Ақтөбе
111. ШОҚАЕВ Әлібек Жамбыл
112. ШОЛАҚОВ Мұхтар Шымкент
ҚұрметтіҚазбек інім! Өткен жылы "Орал өңірі" газетінде Ұлы тұлға, азамат ақын Жұбан ағамыздың (Молдағалиев)аруағын былғамақ болған Мұқтар Шахановтың қаракүйе қаңқу сөздеріне, дәйекті де салауатты жауабыңызды оқып, ел болып риза болғанбыз.Бұл жолы да,кейбіреулер құсап түк білмеген болып бұғып жатпай,замандас,әріптесіңізді негізсіз айптаулардан ақтауға үлген қызмет жасапсыз.Бәрекелді.Өсер елдің балалары осылай болса керек.Ақ тілегің қашанда алдыңнан шықсын.Құрметпен: ТҰМАР ОРАЛДЫҚ
"Молдеке, мұныңыз не?" мақаланың авторы Мұнайдар Балмолданың ой-пікірін толық қостаймын. Ол пікір бәріміздің атынан айтылған деп айтуға абден болады. Бас басылым саналатын "Егемен Қазақстан" газеті дәлелсіз, айғақсыз әркімнің осылай аузына келгенін, түсінде көргенін жаза берсе онда ел-жұрттың алдында аға басылымның сыйы, қадыры қалмайды. Сол себепті осындай кемшілікке жіберген газет ұжымы және аузына Алланы алып жүріп, былай сандырақ сөз айтып жүрген Зейнолла Ахмедов осы жалған сөзі үшін халықтан кешірім сұрауы тиіс.
Орал қаласы
Талғат Тұрсынғалиұлы
Мұнайдарды білем, оның өтрік айтқанын көрген емеспін. Айтқаы рас емес десе осы Абай.кз арқылы молдекең өзінің уәжін білдірсін. Нұрлан Сәдіров
Мұңайдар Балмолдин деген журналшыны коптен танимын. Телевидениеде көптеген передачтарын көріп жүрміз. Ұлт болашағы үшін тұшымды дүниелер жасап жүр. мына мақалаға байланысты басында пікір білдіргендер біраз сандырақтаған екен. ал соңындағы пікірлер салмақты болғандықтан, әлгі молдекең кешірім сұрауы тиіс деген талапқа тоқтағанымыз жөн. мүңайдар көп нәрсе айтып та, жазып та жүр. тек оған мүмкіндік бермей жүргендер бар олар оның жанында сол өзі жұмыс жасайтын облыстық каналдарында жүр. Ол мақаланы алдекімнің тапсырысыммен жазды дегенге сенбеймін. Миы тозған депті гой біреуі, ол арақ ішпейтін, имандылық жолында жүрген адам деп естиміз. сондықтан, ары таза азаматты аяқтан шала бергенше,ардақтай жүрейік. бұған не дейсіз ағайын?
Бұрын "молданың айтқанын істе, істегенін істеме" деуші еді, қазіргінің молдасының сөзіне де сенуге болмайды екен-ау! Ой, заман-ай...
Мұнайдар сені коре алмайтындар көп қой. аяғыңнан да сол үшін шалады. Бірақ сен өзіңнің азаматтық парызыңды шама-шарқыңша орындап жүрсің. осы жолы да солай еттің. бізде қалай, "чужая слава кому то покоя не дают". міне 37 -нің айтып отырғаны да шын, сол өзіңнің айналаңда, жұмысыңда өзіңне қолдау көрсетуі тиіс адамдардың өздері сені тұқыртып келеді қанша жылдан бері. біз не көрсоқыр дейсіз бе бәрін сезіп, көріп біліп жүрміз гой іштеріне пышақ айналмайтын адамдармен алысып келе жатқаныңды.. мойыма, мұнайдар!!!
ТЕАТР ТАРЛАНЫ
91-де болған жағдайды Мұнайдардан артық кім біледі. арасында жүрді, азаматтық үн қосты. керек десеңіз ерлік жасады, кейін оны өзі қолға алып зерттеді, жазды, тарихи бағасын беруге талпынды. сондықтан, кайдагы біреудің сандырағына сенгеннен гөрі оқиға куәгерінің дәлелдеріне сенейік. ал көре алмай жүрген қ... бастың кім екенін блемін. Ол бір тіске түрған еттей болды гой. жүрген жеріне шөп шықпайтын "интриган №1 в области" гой. ол тіпті театрдың жігіттерін де тілдеп, аяктан шалғысы келеді. Біз оған корсетеміз әлі. ал Мұқа баса бер, жаза бер!!!
Мұнайдар! Бауырым! Шыныменде көпшілік жұрт "Бес күндік бұл жалған дүниеде" көп нәрсенің байыбына жіті бара бермейді ғой, былай қарағанда қарапайым өмір, тіршілік - тереңдеп түбіне сүңгісең қатпары мен сыры, сараланған жолдары көп, Жаратушының өзіне ғана мәлім шексіз де түпсіз 18 мың ғаламда - ізгі адам баласы ғылым-білімнің арқасында ғана оның рухани және материалдық құндылықтарының бәрін танып-біліп, дамытып, өздері өмір сүріп отырған қоғамдағы әділеттілік пен шындықтың сақталуы үшін қаншама мың жылдардан- жаугершілік замандарда күресіп, сол үшін жан алысып-жан берісіп соғысса, бейбіт күндері шындықты шырылдап айтып, жазып келеді. Сенің мақалаңды, жоғарыдағы замандастардың пікірлерін оқып үлкен бір тебіреністе болдым. Өтірігі жоқ, бүгінгі өмірдегі шындықтың бар болып тұрғандығы өзің сияқты рухы биік ізгі азаматтардың арқасында ғана. Мақалаға қатысты айтарым әрине, сенікі - дұрыс. Мәймөңкелемей барды бардай, шындықты сипаламай тікесінен айтуың - үлкен батырлық. Ол адам саған рахмет айтуы керек, дүниеге қайта келгендей болғаны үшін. "Дос жылатып айтады"-деген бар, кейбіреулер сияқты үлкен адам ғой неғылам, пендешілікке салынып кеткен ғой демеуің- адасқан адамды тезге салғандығың, сол ісің арқылы адасып жүрген көптеген адамдарға сабақ бергендігің.
Орал қаласындағы 91-ші жылы орын алған жағдайға мен де куә екенім рас. Сол кездерде шыны керек студенттер өте ұйымшыл еді ғой. Бірақ өкініштісі сол кездерде оқиғаның ортасында бола жүріп оның тарихи астарына мән бере қоймаппын. Бірақ ақиқатты жақтап, қазақтарды қолдап, намысымыздың да қыз-қыз қайнап, қара көбейтіп көшеге шыққанымыз рас. Сен білуің керек,сол кездерде "Набережныйдағы" ескі шіркеу жақта тұрып жатқан Амангелді, Сейсен, Болат, Манаптардың үйлеріне студентер болып бәріміз жиналып, орын алып жатырған мәселені өзара талқылап, кейін көшеге шығып халықтың арасында болғанымыз, атқа мініп қоразданған, қылыш асынған казактарға наразылық танытқанымыз есімде. Орны толмас оқиғаларға, азаматтық қақтығыстарға ұласып кетуі мүмкін жағдай бейбіт жолмен тарқатылғанын бүгін ойлап отырсам, әрине өзің сияқты жоғарыда аттары аталған белсенді ұлжанды азаматтардың арқасы екен. Үкімет басып-жаншудан бұрын, дипломатиялық тұрғыда алдын алу, тиым салу жұмыстарын жүргізе алмаған (әрине қайдан жүргізсін ол кезде кеңестік үкіметтің үстемдігі басым кез ғой, барлығын жоғары жақ шешеді). Халықтың басым бөлігі үкімет пен партия аман болсын деп сенім мен нанымды, тізгінді түгелдей жіберіп емін-еркін жатқан кезі ғой. Мектептерде Шәкәрім, Мағжан, Міржақыптардың енді-енді оқытыла бастаған кезі, жастардың намысы атойлағаны бәлкім содан да шығар. Қазақстанның түпкір-түкірінен ұйымдасқан, елді қолдап келе қалған ұлтжанды азаматтардың болуы - бәрінің басы бірігіп, өзіңнің мақалаңда жазғандай ашынып өре түргелген халықты сабасына шақырып, қақтығыстардан аман алып қалу - маңызы зор тарихи жағдай екені рас. Мұнайдар бұл сені асыра мақтағаным, жақтағаным емес-сол кездегі оқиғада сендердің тарихи орындарыңның бар екені тарихи шындық. Әрине бәрі есімде. Сол палаткада жатқан кездеріңде қастарыңда болып қолдау көрсеткендердің ішінде болғанымыз.Ақтөбелік худгафта оқитын Әлімжан Ибраев, мен, Фурмандық Сұңғат, Қызылордалық спортфакта оқитын Нұрлан т.б. күн-түн демей атқа қонып жүре беретін сері жігіттер ол кезде квартир жалдап тұрамыз, қоғамдық ортадағы барлық жағдайға елеңдегішпіз. Палаткаларыңның сыртында ватман плакаттар ма, ақ мата ма әртүрлі ұрандар, өлеңдер жазылған: "Оян қазақ!" т.т., ауыздарыңды ақ шүберекпен байлап нәр татпай жатқан кездеріңді, студенттермен кездесуге ме әлде ректорға шақырды ма онысы есімде қалмапты университетке қаптаған студенттерді екіге бұза-жарып аппақ қудай болып жүдеп кеткен қазақтың Мұнайдар деген баласының асыға кіріп бара жатқаны көз алдымда қалыпты. Кейін соның әсері ме өзіңді 1 жатақханадағы бөлмеңе іздеп барып әңгімелескенім бар, сонда сен бірталай фотолар мен бірнеше қалың общий тетрадтарға жазылған өлеңдерді көрсеткен едің. Сол кезде-ақ мен сенің қоғам жүгін арқалаған арда-азамат екеніңді танығанмын. Лайым жолың ақ болсын. Халықтың алғысына кенел. Өзің бермесең де Қазбек бауырымыз біраз мақалаларыңды қайта жаңғыртып жарыққа шығарыпты, көп рахмет, біраз мағлұмат алдым. Сөз соңында ешқандай өкінбе, болған оқиға қоғамда әділ бағасын әлі алмай жатырғанға ұқсайды, бірақ оған да қынжылма дегім келеді. Сол оқиғалардың бел ортасында өзің болдың, қоғамдық ұйымдармен де байланысың бар, барлық тарихи фактлер де өзіңнің қолыңда, материалдар, фотолар бар, сол кездердегі жүректен шыққан жан айқайына толы отты өлеңдерің бар (президенттік комиссияның шешімдерінің көшірмесін алдыруың керек)бәрін жинақтап, тарихшылармен, саясаттанушылармен, өлкенің басқа да белді азаматтарымен ақылдасып осы мәселені өзің қолға алуың, ақ қарасын ашып кітап етіп жазып халыққа жеткізуді де өзің қолға алуың керек сияқты. Сол оқиғаның басы-қасында болған басқада белгілі тұлғалардан сұхбат алып, материалдың асыра сілтенбеуін, әсіреленіп кетпеуін қадағалап, тек алдағы уақыттарға қажетті, халықтың назарына, ұрпақтардың санасына керекті дегендей, тарихи дүние ретінде жарыққа шығарсаң, сөйтіп болған оқиғаның нүктесін де өзің қоя аласың дегім келеді.Бәлкім содан кейін барып, зерттелген, салмақты тарихи дүние ретінде үкіметтің, парламенттің талқысына салынып тарихи әділ бағасын алар. Иншалла, солай болуына тілектеспін. Тимур.
муңайдарды км коре алмай жур несы бар онын соншама?
Мұңайдар, өз өмір жолыңмен қазақтың арлы азаматы екеніңді талмай дәлелдеп келе жатқан талантты да талапты, қайратты да қарапайым, салмақты да салиқалы жансың. Осы қалпыңнан аумай келе жатқаныңды тағы бір көрсеттің. Сол кездерде жерлесіміз Қайрат екеуіңізге тілеулес болып жанымыз ашып, аудандарға хабар салғанда Қошанкөл совхозының директоры А.Мұқанбетқалиевтен естіп, Оралға баратындарға жігіттер жіберуге автобус дайындауға уағдаласқан да болатынбыз. Алайда ниеттен ары ештеңе істелмеді. Ал, сендер сөздеріңмен ғана емес істеріңмен де үлес қосып дәлелдегендіктеріңмен құрметтеуге лайықсыздар. Өмірде - әсірелеу мен бояуды қоюлата түсіре көрсетуге, не білмегенді білем деп, көрмегенді көрдім деп, әркімнің айтқанымен не әр кітаптың ән жер бұл жерлерінен көшіріп жазуға құмарлар көбейіп бара жатқан мына заманда -әр нәстені орнына қойып отыру да ерлік. Жақында Базарғали Қуатов ағамыздың да осындай бір мақаласын оқып риза болып ек,енді саған да риза болдық. "Сол оқиғаның басы-қасында болған басқада белгілі тұлғалардан сұхбат алып, материалдың асыра сілтенбеуін, әсіреленіп кетпеуін қадағалап, тек алдағы уақыттарға қажетті, халықтың назарына, ұрпақтардың санасына керекті дегендей, тарихи дүние ретінде жарыққа шығарсаң, сөйтіп болған оқиғаның нүктесін де өзің қоя аласың дегім келеді" -деген Тимурдың сөзіне мен де қосылам. Тек, біреулерді нақақ кіналаудан аулақ болып, сол кездегі басшыларға да объективті түрде баға беру үшін оларға да сөз беріп, ақиқатты анықтау іләзім. Өйткені өзі қазақ бола тұрып, қазақтардың мүддесін ойламайтын басшы болуы мүмкін емес. Ары жағында оқырман өзі ой түйсін. Нәсіпқали
....Өйткені өзі қазақ бола тұрып, қазақтардың мүддесін ойламайтын басшы болуы мүмкін емес...
--------------------------------------------------------------------------------
"Бір анадан ала да-құлада туады"- деген екен,бабаларымыз.Нәсіпқали бауырым, егер сіз сол кездегі облыс басшысы болған Нәжмидден Есқалиевтың ел мүддесін қалай ойлағанын білгіңіз келсе,сол оқиға куәгерлері Бекалы Кердерітегі мен Көкбөрі Беріштің "Қыркүйекке қиянат жасамайық, ағайын",-атты мақаламен танысуға кеңес беремін. /МАЙДАН,МАСА саиттарында жария болды/ Тельман
мунайдарды коре алмайтындар қазақтың жаулары. олар онда телевидениде не истеп жур??? басшылар кайда карайды осы
ЖАРАЙСН МУНАЙДАР 91 ЖЫЛЫ УЛТ НАМЫСЫН БИЫК УСТАДЫН СОНЫННАН ТАНБАЙ КЕЛЕСН, КОРЕ АЛМАЙТЫНДАР ЛИЧНОСТЬ БОЛГАНЫНДЫ КАЛАМАЙДЫ ГОЙ, СЕНИН ДЕ УАКЫТЫН КЕЛЕР, АЛ МУНИДАРДЫН ЖАЗГАНДАРЫН ЖАРИЯЛАП ОТЫРГАН КАЗЫБЕК ДЕГЕН КМ? СОСЫН ОБЛЫСТАГЫ ИНТРИГАН №1 КИМ??? НЕГЕ КОРЕ АЛМАЙДЫ ОЛ СЕНИ ЕГЕР ОЗЫ ДЕ ЖУРНАЛИСТ БОЛСА?? ОНДАЙЛАР ЕЛДЫ АЛА ТАЙДАЙ БУЛДЫРЫП ЖУРЕДЫ ГОЙ АДЕТТЕ
Мунайдар жарайсын!
интриган мунайдын бастыгы асламбек кубашев!!! алладан корыкпайды тек акимдерден коркады
Пікір қосу