Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВ. «Әулие» аралау: кімдер амалдап, кімдер араңдап жүр? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВ. «Әулие» аралау: кімдер амалдап, кімдер араңдап жүр?

Жәрдемші


Әу баста атам қазақ әруаққа сиынбаған, сыйлаған. Біз осы екі ұғымды ауыстырып алғандаймыз. Қабірлердің басындағы әруақтардың тасына барып, өлгендерден тілек тілеп, қасиетті Қағбаны айналғандай тауап етіп жататын, әруақтарға арнап, құрбан шалып, тілек тілеп, бала сұрап жалбарынатын қауымның іс-әрекеті қаншалықты Исламға қайшы екенін біреу білсе, біреу білмес.

Қазіргі кезде көпшілікке таныс «Сұңқар», «Аққу» деген атпен көптеген мұсылман бауырларымыздың адасқан жолында көш бастап, қабірлерді аралатып, олардан демеу сұратып жатқаны жасырын емес. Көктемнің шуақты күндері басталысымен ақ шүберек байлаған автобустар жолға шығады. Қабірлерге барып қайтушылардың жиған терген теңгесін жинап алып, жолын ашып берушілер де насихатын күшейтеді. Бұл осы дүниенің есебі, ал ақиретте ше?

Алайда, олардың: «Біз аруақтардан емес, Аллаһтан сұраймыз, тек біздің тілегімізді Аллаһқа аталар жеткізеді» деп жүргендері - рухани айла. Өйткені Аллаһ Тағала: «Аллаһтан басқа нәрселерге табынасыңдар ма? Олар сендерге зиян тигізу қабілетіне де, пайда келтіру қабілетіне де ие емес қой. Аллаһ естуші, әрі толық білуші» дейді («Маида» сүресі, 76-аят). Осы бізге анық дәлел емес пе?

Қазіргі қабірлерге зиярат етушілердің мән бермей жүрген бір мәселесі - Ислам сенімі бойынша қабірде жатқандардан тілек тілеуге болмайтындығы. Тілек тек қана бір Аллаһтан тіленеді. «Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың» деп аталарымыз тегін айтпаған. Аллаһ тағала Фатиха сүресінің бесінші аятында бір Аллаһқа ғана құлшылық етіп, бір Алладан ғана сұрау қажеттігін адамдарға бұйырған еді. Ал, қабірде жатқан қандай қасиетті адам болса да, одан бірдеме сұрау - Аллаһтың қаһарын тудыратын серік қосу күнәсі екенін біліп қойғанымыз жөн. Әулие, әнбие, әруақ - бұлардың бәрі өмірден өтіп кеткен адамдар. Олар біздің қайғы-қасіретімізге, қуаныш-шаттығымызға ортақтаса алмайды. Бізге ешқандай жәрдем тигізе алмайды. Тіпті олар біздің не тілеп, не сөйлеп жатқанымызды да естімейді. Бұл сөзімізге дәлелді Құраннан табамыз.

«Егер оларға жалбарынсаңдар - дауыстарыңды естімейді. Мүбада, олар естісе де, сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ, Қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Аллаһтай сендерге ешкім түсіндірмейді» (Фатыр сүресі, 14-аят).

«Тірілер мен өлілер тең емес... Мұхаммед (ғ.с.) сен қабірдегі біреулерге естірте алмайсың» (Фатыр сүресі, 22-аят).

Аллаһтың аяттарында келтірілгендей, тірілер мен өлілер тең емес. Өлілердің тірілерге көмектесуі мүмкін емес. Ал тірілер Құран оқып, дұға жасап өлілерге көмектесе алады.

Өкінішке қарай, қазіргі таңда елімізде қабірден қабір қоймай аралап, әулие-әнбиелерге мінәжат қылып, медет тілеушілер көбейіп кетті. Бақыт, бақ-дәулет, дертке шипа, құрсаққа перзент аңсаушылардың барар жері, басар тауы - әулиенің басы, бейіттің тасы екені өкінішті-ақ. Олар осылайша Жаратқан Аллаһқа емес, жаратылған - мақұлыққа жалбарынып жүр. Сөйтіп, тірілер әруаққа емес, әруақ тірілерге мұқтаж екенін ұмыта береді. Енді «өлген адамның қалай көңілін тауып, қалай разы етуге болады, қандай қажеттілігін өтесек әруақ алдындағы міндетімізден құтыламыз?» деген сұрақтарға келейік. Бұл сұрақтардың жауабын шариғаттан іздеп көрейік Пайғамбарымыздың (c.ғ.с.) сүннетіне сүйенсек, тірі адамдардың өлген пенде алдындағы міндеттері: мәйітін жуу; кебіндеу; жаназасын шығару және жерлеу. Осы рәсімдерді орындаған адам өлі алдындағы өз міндетінен толық құтылады. Әрине, Құран оқып, дұға бағыштаса, өлген адам одан пайда алуы мүмкін. Бірақ шариғат шартын сақтап, орындамаса бұдан да пайда жоқ. Егер, өліге бағыштап мал сойып, құлпытас орнатып, мазар салып әруақты риза етеміз десек, бұл жерде Аллаһтың бұйрығы бұзылатынын білгеніміз жөн.

Аллаһ Тағала Өз кітабы - Құранда (Кәһф сүресінде) бір оқиға жөнінде бізді хабардар етеді. Онда дінсіз қауымнан қашып, үңгірге тығылған иманды жастар жөнінде айтылады. Оларды Жаратушы Иеміз үш жүз тоғыз жыл ұйықтатып тастап, сосын оларды кейінгілерге үлгі болуы үшін қайтадан оятады. Оянған соң олардың бірі қалаға барып, жаңа ортаға мүлде жатырқап қарайды. Онда үйренісе алмай, үңгірге қайтып оралады. Ол келген кезде, ұйқыдан оянған иманды жастардың бәрі қайтыс болып кеткенін көреді. Ал, олардың арттарынан іздеп келген адамдар олардың үңгіріне «үй салайық», «мешіт салайық» деп дауласады. Осыған орай барлық әлемдердің раббысы Аллаһ Тағала оларға (яғни, өлген жастарға) Аллаһтан өзге ешкім жәрдем бере алмайтынын, Өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайтынын, оларға Өз тарапынан белгілі бір игілік бөлетінін білдіреді. Ендеше, өз несібесі өзінде болатын о дүниедегі адамдарды разы етеміз деп қара тер болуымыздың қаншалықты қажеттілігі бар?

Сондай-ақ, «өлі риза болмай тірі байымайды» деген қағидада, өлінің мұқтаждығын өтесең ол да саған жәрдемін тигізеді деген ұғым жатыр. Мұндай сенім иелері тірілердің дұғасына мұқтаж болған өлгендер рухының тірі адамға зиян да, пайда да келтіре алмайтындығын ұқпайды. Ел ішінде: «Адам өлген соң оның денесінен жаны бөлініп шығады, әруақ дегеніміз - осы. Әруақ тірілерден разы болса, ол адамдардың арасында жүріп оларды қолдап-қорғап, бәле-жаладан сақтап жүреді» деген сенім бар. Сондықтан, ісі ілгері баспаса: «Бәлкім құдайы жасап жіберсем, әруақтар разы болып, жолым ашылар» деп, Аллаһқа емес, аруаққа арнап құрбандық шалып жататындар өзінің бұл ісінің дұрыс еместігін білмейді. Ислам шариғаты бойынша бұл қате сенімнен туған аса ауыр күнәға жатады. Ендеше біз қажеттілігімізді Аллаһтың бір Өзінен ғана сұрауға тиіспіз.

Аллаһ Құран Кәримнің Каф сүресінің 16-аятында: «Біз адам баласына күре тамырынан да жақынбыз!» деген. Демек, Аллаһ Тағала сөзі ақиқат, бізге қабірде жатқан мәйіт емес, Аллаһ Тағала жақын екен. Аллаһ Тағала Бақара сүресінің 186-аятында: «Мен оларға ақиқатында жақынмын, менен тілек тілесе қабыл аламын» деп анық айтады. Олай болса, өте жақын Аллаһ Тағаладан тілемей, айшылық, күншілік жол жүріп, айдаладағы әулие, әруақтардан тілек тілегеніміз қай сасқанымыз?!.

Аллаһ Тағала айтады: «Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді...» (Фатыр сүресі, 14-аят). Қабірдегілер тірілердің сөзін естімесе, жауап беруге шамасы келмесе, онда олар өзіне сыйынушылардың мұң-мұқтажын қалай шешіп бермек? Аллаһ тыйым салған болса, әруақ адамдардың желеп-жебейтін күш-қуатын қайдан алып, оны тірілер үшін қалай пайдаланбақ? Ендеше, біздің «Құдай оңда, әруақ қолда» дегеніміз қалай болар екен?

Біз қазақтар осы «әруаққа сыйынсақ, оңаламыз» деген сенімді қайдан тауып алдық екен? Егер әруаққа сыйыну халықты бақытқа жеткізетін болса, онда үнділердің алдына ешқандай ел түспеген болар еді. Олар ата-бабасының әруағына сенетіні сондай, жақын жерден желеп-жебесін деп олардың өлігін дестелеп шатырларына жинап қоюшы еді. Тіпті, кейбір үнді тайпалары басы ауырса, атасының мәйітінің бас сүйегін ұнтақтап, оны суға езіп дәрі ретінде ішіп те алады екен. Бірақ, ата-баба әруағына аса қатты берілсе де, үнді халқы жойылуға таяу тұр. Міне, бұл Жаратушыға емес, жаратылғандарға сенудің жеткен жері. Біз де сол Құдайын танымай, оған надандықпен әруақты ортақ етіп жойылып кеткен үнділердің кебін кимейік десек, Ислам дінін ғылыми түрде меңгеруге талпынуымыз қажет.

Алдымен, осы «әруақ» сөзінің мағынасын ашып алайық. «Әруақ» араб сөзі. Түбірі - «рух». Яғни, «жан» деген мағынаны білдіреді. Жанның жеке түрі - «рух», ал көпше түрі - «әруақ» деп аталады. Сонда, «әруақ» қазақшаға «жандар» болып аударылады. Мысалы, Қабанбайдың әруағы қолдай көр дегеніміз, Қабанбайдың жандары қолдай көр деген ұғым берген болар еді. Сонда, Қабанбайдың қанша жаны болғаны?! Демек, әруақ деген сөзіміздің өзінде бір шикілік бар екені осыдан-ақ көрініп тұр. Осы сұрақ төңірегінде ойланған адамдар өлілерге сиынуды тоқтатса керек еді.

 

«ҚАЗАҚСТАН» апатлығы, №36 (276),  8-қазан, 2009

 


 




Тазабаековтың тасыраң ойларына жауапты осы сайтта оның жерлесі Әзірет Барбол беріпті! Қараңыздар! сәл төмен.



қайсы "Анық асық әулие"-деп басталатыны ма? Керемет, өте сауатты жазылған.

Осы мен "бидғат" дегенді онша түсіне бермейді екенмін. Сөздің мағынасы жаңалық енгізу ме?

Кейінгі кезде біздің муфти 30 күн оразаны 29 күн деп пәтуа шығарды. Бұл да жаңалық емес пе, солай ма? Әйтпесе ғасырлар бойы 30 күн болып келген ораза 2-3 жылдан бері 29 болып кетті. Осының дұрыс-бұрыстығын айтатын адам бар ма?



оразанын 30 немесе 29 кун болуы айға байланысты.Егер жана ай корінбесе ораза 30 күн болады.Ал егер көрінсе, 29 кун болады.



Aruaktarga siyinu winimen de durus narse emes.Islamdi durus tusinu kerekpiz.Allahka ewkandai serik kosuga bolmaidi,yagni birinwi Allah sosin mina ata,ana auliye degen durus emes.Allahtan baska kuday jok,jane Onin serigi de jok. Halkimizdin arasindagi minadai kelensiz jagdailar bilimsizdikten keledi,sondiktan barwamiz bilimizdi jetildireyik,baska jaman agimdarga jol bermeyik. Vahabizm jane sol sekildi narseler halkimizdi nege ulandiruda?!Onin sebebi- dini sauatsizdik.Bilimimizdi jetildirip, Allahka layik kul bolayik.Amin



Жынданып кеткен адамдарды қасиетті адамдардын қабіріне апарып түнеткеннен талайы жазылып кетіп жатады. Бұны қалай түсіндіресіздер?



Аллаһ, неге сенсеңдер сол болады деген (Мысалы: самовнушение, немесе шайтаннын (оган Аллаһтын лагынети болсын) иси), бірақ кунасын тутасыз, себеби бул ис Аллаһка серик косу, Аллаһка ештене тен емес. Фатиха суресинда айтылгандай: тек Аллаһка кана гибадат(кулшылык, намаз) етемиз, тек Аллаһтан гана комек сураймыз, мине осы нагыз дурыс нарсе. Оган миллирдтаган адам куа. Ойланындар!



Сол керек Тазабекке



Сандалыпсың, Мұхамеджан қарағым! Өлілерге сыйыну дегенді сен көрмесең, 70 жасаған мен көрген жоқпын! Кеше күні батқан Саудтың королінің қолын сүйгіштер осы неге әруақтармен алысп қалдыңдар! Намазды, құлшылықты әруаққа қаратып орындайтын ешкім жоқ. Сен болмасаң! Елді өйтіп, әуреге салма!



Өлілерге сыйыну дегенді сен көрмесең, 70 жасаған мен көрген жоқпын!
-----------------------------------------------------------------------
Осы сөзді қалай түсінуге болады? Бұл 70 жастағы адамның емес, жеті жастағы баланың жазған жазуы!



«Ширк» деп шиқылдаған шерменделердің көксегені не?

Бүгінде Ислам дінінің шарттары мен ұстанымдары, ғибадат-амалдары мен нанымдары және тиымдары жөнінде аз жазылып жүрген жоқ. Иман келтірген мұсылман баласы үшін ең ауыр күнә (діннен шығаратын) Аллаға серік қосу дегенді желеу етіп, сол арқылы дәстүрлі дінді, қаймана халқымыздың айрандай ұйыған тынышын бұзуға, тереңде жатқан тамырымызға балта шабуға тырысып жүргендер аз емес.
Өз басым, Алланың барлығы мен бірлігіне иман келтірген адам ретінде Оңтүстік Қазақстанда Созақ өңірінде шығатын «Молшылық» деп аталатын газеттің (2009ж. 17 қыркүйек, №72-73(134)) «Дін-діңгегіміз» айдарынан орын алған «Ең үлкен күнә - Аллаға серік қосу (ширк)» атты Байділдә Айдарбековтың мақаласын дәстүрлі дініміздің тамырына балта шабуға ұмтылыс деп бағалар едім.
Мақаланың қойыртпақталып жазылғаны өз алдына, (олай дейтінім, аталмыш автор алғашында дастарқан мәзірін сөз етіп, арам мен адал астың мәселелерін баяндап кеткен) негізгі айтар ойын, пікірін неден бастарын білмеген, яғни, сыныққа сылтау қылып сына қағар жерін ұзақ іздеген. «Құран мен хадисті оқысақ, - дейді ол, күнә жайында, - бұл жайында білген болар едік. Әттең, оған уақытымыз жете бермейді ғой... Тамақ ішіп дидарласып отырған көптің алдына келіп: - Бір *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* әлгі пәленшені пышақтап өлтіріпті, - деңізші, әлгілердің барлығы дерлік: - Бұл сұмдық қой, бұдан өткен ауыр күнә болмас –деп даурығып шыға келсін. Немесе: - Бір топ бұзақылар жап-жас қыздың абыройын таптап кетіпті-деңіз, отырғандар қолдарына пышақ, шанышқы-қасықтарын алып, «аттандап» өре түрегелсін. Ал енді: - Әлгі пәленше бар емес пе, сол пәленше әулиеге барып бала сұрапты-дей салыңызшы, жаңа ғана «аттандап» айғайға басқан көп бірден тынышталып, күбірге басады. «Дұрыс қой. Қанша уақыттан бері қаралмаған дәрігері қалмады. Алпамыс секілді батыр ұлдарды берген жарықтық әулие бұл байғұсты да құр қайтармас». «Байғұс, әрі-бері шапқылай бергенше, баяғыдан осылай етуі керек еді» деп риза көңілмен тамақ жеуге кіріседі. Өйткені, олар алдыңғы екеуін ең ауыр күнә деп санағанмен, соңғысына қалыпты, игілікті іс деп қана қарайды. Шындығында солай ма?»
Б.Айдарбеков осы жолдарда өзі келтірген мысалдарымен өз сұрағына өзі жауап жазып қойғанын білмей қалған тәрізді. Алғашқы екеуінің ауыр күнә екендігін жұрт мойындады дейді, ал соңғысына қалыпты іс деп қарағандығы неліктен екендігіне, яғни, «Алпамыс секілді ұл берген жарықтық әулие...» мәселесіне жауап беріп көрейік.
Біріншіден, әулиелерге зиярат етуге болмайды деген қағида дін Исламда жоқ дер едім. Пайғамбарымыз с.ғ.с-ның өзі хадисінде: «-Қабірді зиярат етушінің күнәсі төгіледі»- деп бекерге айтпаған шығар.
Екіншіден, аталмыш автордың туып-өскен өңірінде сахабалар мен баптар, машайықтар, ғұламалар, әулиелер зираттары қаншама ғасырдан бері жатқандықтан, басқа-басқа, шырайлы Оңтүстік өлкесінің тұрғындары сұрар қажетін олардың зиратынан емес, Құдайынан сұрау керектігін өте жақсы біледі дер едім.
Үшіншіден, қай әулиенің басына барсаң да, міндетті түрде шырақшысы отырады. Олар зиярат етуге келген адамға Алладан дұға тілеудің жөнін айтып отыратынын қоса айтқым келеді. Ол шырақшылардың білімі мен білігінің деңгейі барша жұрт болып бірігіп шешетін басқа мәселе.
Мақалада келтірілген Ниса сүресінің 48-аятын «Шынында Аллаһ өзіне серік қосқанды кешірмейді, ал одан өзгесін қалағанына кешіреді» деп келтіреді. Бұл тәпсірді қайдан алғанына таңым бар. Ол аят-кәлима Халифа Алтайдың аудармасында былай деп жазылыпты: «Алла (Т) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болады».
Б.Айдарбеков бұдан ары аяттар мен хадистерден мысал келтіре отырып, Алла Тағаланың басқа күнәлардың бәрін қаласа кешетінін, тек Өзіне серік қосқанды кешірмейтінін және оған:
- пәле-кесапаттан, апаттан, ауру-сырқаудан сақтап қалады деген сеніммен тұмар, моншақ т.б. нәрселерді денеге тағу,
- Айға, күнге ағаш, тас, не соған ұқсас нәрселерге (пұттарға) сыйынып, тілек тілеу,
- Бал ашу, оған сену,
- Аллаһтан басқаға (аруаққа) құрбан шалу,
- Аллаһтан басқаға сыйынып, пана сұрау, өлген адамдардан (әулиелер мен ата-бабаларынан) жәрдем тілеу т.б. деп келтіреді. Хош делік. Осындағы тұмарды тағуға келелік.
Мәселен, біз қасиетті Құранның әрбір әрпіне дейін Алланың сөзі екендігіне, оның уақи болып, соңғы пайғамбарымызға түскендігіне иман келтіреміз. Ал, енді сол Құран-шәріптің бір аяты, яғни, Құдай сөзі жазылған («Аятүл курси») тұмар тақса, оның несі шерік? Ата-тарихымызға тереңірек үңілсек, мүмкін болса қасиетті Құранның өзін, ол болмаған жағдайда, оның парақтарын, тіпті болмаса, бірер аятын қойын қалтасына салып, жүрек тұсында сақтап жүріп, еліне пана болған талай батыр бабаларымызды тапқан болар едік. Сонда бұл автор үшін қасиетті Құранды немесе оның аяттарын мойынға тағудың, яки, қойын қалтада ұстаудың да ширк болғаны ма?
Тағы да мақаладағы Алладан басқаға (әруаққа) құрбан шалу дегенге баса назар аударғым келеді. Шын мұсылман адамның әғузу мен бисмилләні айтпай қалай мал союы мүмкін? (тәкпірді де қоса айтады ғой!)
Мәселен, менің, мынау Алматыдағы Райымбек әулие бабамыздың басына барып, зиярат еткім келді делік. Жағдайым дұрыс, қалталы азамат болсам, онда апарып қой сойғанның несі айып? Мал – адал ас болу үшін оны тек үйіңде ғана союың керек деген шарт бар ма, шариғатта? Еттің адал болуы үшін, мал сойыларда әғузу ,бисмиллә мен тәкпір айтылса болды емес пе? Оның үстіне, сол әулие бабамыздың басына адамдар қаншама жерден келеді. Басқасын айтпағанда, менің сойған малымнан сапардағы адам (зиярат етуші) дәм татып жатса, оның несі айып?
Енді автордың қазақша түсініктемесіне көз жүгіртелік: «Бір кісі бала сұрап әулиеге келді дейік. Ол алдымен атап әкелген малын әулиеге құрбан шалады. Бірақ, бұл жерде мал онсыз да өте көп жиылғандықтан, ол әкелген малдың құлағы ғана шертіліп (тілініп) қан шығарылады. Осылайша ол мал құрбанға шалынған болып саналады. (Шариғат бойынша Аллаһтан басқаға құрбанға шалынған мал Аллаһтың атымен бауыздалып, харам қаны төгілгенде ғана халал болып есептеледі) Атаған малын құрбанға шалып, көңілін демдеген ол енді әулие жатқан жерге келіп, арнайы әкелген мата-саталарын қабірдің үстіне жауып, жылап-еңіреп, сыйынып тілек тілей бастайды. Ол ол ма, басына түнеп, әулиеден аян күтеді. Міне, осы кезде өзін әулиеге жетелеп келген лағнаты шайтан әулиенің өзі, не өмірден өтіп кеткен жақын адамдарының бірі болып, оның түсіне еніп, балалы болатынын немесе басқа әулиеге бару керек екенін білдіреді.(Пайғамбарымыз с.а.у) лағнаты шайтанның өзінен басқа барлық адамның кейіпіне ене алатынын айтып кеткен). Әлгі кісі болса, тілегіорындалғанына мәз болып, ауылға қайтады. Әрине, әлдеқашан өліп қалған әулие жарықтық: «Саған аян берген мен емес, лағнаты шайтан» - деп айта да алмайды...». Б.Айдарбеков өзінің де бір кезде осылай әуре-сарсаңға түсіп, әулие аралап, аян естимін деп орнынан тұра алмай қалғанын, Алланың ақ Құраны қолына тиіп, қазақшасын оқығаннан кейін есін жиғанын айта кетуді ұмытпапты.
Бәкеңнің өзі «әулиеден бала сұрап», «әулиеге құрбан шаламын» деп жығылса жығылған шығар. Бұған оның сол кездегі бейсауаттығы себеп және оның жығылып тұруына әулиелерді кінәлауы еш негізсіз. Дінді терең білген бабаларымыз: «Әулиеге түне, Құдайдан тіле» деп, әулиені құрметтеуді, Құдайдан дұға тілеуді ұрпақтарына нақыл сөзбен қалдырған. Қисық ағымдағылардың әулиені құрметтеушілерді «оларға табынды» деп қасақана бұрмалайтыны жаныңды қынжылтады. Кешегі бабаларымыз да, олардың бүгінгі ұрпақтары біздер де бір Алладан ғана тілейміз.
Зияратшы: «Ей, мейірімді Алла! Өз фазылыңмен біздерге рахым ете гөр! Өзіңнің сүйікті құлдарыңның құрметіне, әулие-әнбиелердің құрметіне, (мысалы, Райымбек әулиені зиярат еткенде, перзентке мұқтаж болса) осы Райымбек бабамыздың құрметіне тілеген тілегімізді қабыл етіп, маған салих перзент нәсіп қыла гөр!» - деп тілесе керек-ті.
Ал, енді атап апарған малы, малдың көптігінен сойылмай жатса, ол да шариғаттағы ысырап қылуға салынған тыйымға байланысты. Мұндағы ең басты мәселе әулиені зиярат етуші адамның Құдайға деген ниеті.
Мақаладағы ең бір өрескел қателік автордың бал ашуға және оған сенуге болмайтындығы жөнінде жазған жерінде. Қасиетті Құранға жүгінген ол: «Әй, мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыласыңдар», - деген аятты «Исра» сүресінің 32-аяты деп қате көрсетеді. Ал бұл Мәида сүресінің 90-аяты болатын. «Исра» сүресінің 32-аятында: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, ол анық арсыздық және жаман жол» - деп жазылған. Автор шайтан лағин туралы да жазады. Құрани-Кәрімде шайтан адам баласының ашық дұшпан екендігі туралы 150 жерде ескертіледі. Хазіреті Әбу Бәкір Сыддық р.т.ғ. хазіреті Пайғамбарымыздың с.ғ.с: «Лә иләһә иллә Алланы және истиғфарды өте көп айтуды өздеріңе парыз қылыңдар, яғни, өз мойындарыңа міндет қып алыңдар. Ақиқатында Ібіліс (лағин): «Мен адам ұрпақтарын азғырып, күнәға итеріп, сол арқылы тура жолдан адастырып, руханиятын жоямын. Бірақ адам ұрпақтары «Лә иләһә иллә Алланы және истиғфарды» көп айту арқылы менің қылатын уәсуәсымды әсерсіз қылып, менің желкемді үзіп, сөйтіп өздерін менің шеңгелімнен құтқарады – дейді.» деген хадисін рауаят етеді. Бұдан ұғарымыз адам баласы шайтанның уәсуәсынан Алланы үздіксіз еске алу арқылы құтылмақ.
Б.Айдарбековтың мақаласының халықтың ішіне іріткі салып, ойын бұзу үшін жазылғаны анық. Осы мақаланы газет бетіне басқан «Молшылық» газетінің ұжымына айтарым: «Дін-діңгегіміз» екендігі рас. Сондықтан бұл қасиетті айдардың қадірін кетірмес үшін ел санасын улайтын, жастарымызға қауіп төндіретін мақаласымақтардан сақ болыңыздар!
Кешегі Кеңес үкіметі де қоғамға Құдайсыздықты орнатамыз, әулиелердің зиратын қиратамыз – деген саясат ұстанған болатын. Әулиеге тіл тигізіп, зираттарын құлатпақ болғандардың өзі және үрім-бұтағы зиянға ұшырап, өсіп-өнбей қалды. Бұл туралы ел арасында дәйекті дәлелдер жетерлік. Құдайды, әулиені жоққа шығарамыз дегендердің ақыр аяғында өздері жоқ болып тынды. Құдай Тағала Құрани-Кәрімде: «Біліңдер! Расында Алланың достарына хауіп-қатер жоқ, олар қайғырмайды. Сондай иман келтіріп, тақуа болғандар. Оларға дүние тіршілігінде де ахиретте де қуаныш бар. Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне ірі қол жетушілік осы (Юныс сүресі, 62,63,64-аяттар)» -деп, әулиелердің дәреже-мәртебесін көрсетеді. Әбу Хурайра р.т.ғ-дан рауаят етілген хадисте хазіреті Пайғамбарымыз с.ғ.с: «Ұлық Алла айтты: - Кімде-кім менің досыммен (әулиемен) қас болса, оған дұшпандық ойласа, онда менімен соғысуға дайындалсын - деді» - дейді. Құдаймен кім соғыса алады? Сол себептен байқап сөйлеп, райдан қайтқан жөн болар.
Жақында мұсылмандық әдебиеттер сататын қатардын «Шындық пен сұмдық» деген деректі фильмді алып, көріп шықтым. Түйгенім, фильмді жасаушылардың бір тырнағы іштеріне бүгілген сияқты. Былайғы жұртқа дінге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын түрлі «жолдар» мен «әулие-сымақтарға» қарсы уәж түрінде баяндалған фильмде дінімізде орны бар, адамдарға рухани түлеу сыйлайтын зиярат ғұрпын түбірімен құрту ниетінің төбесі қылтияды. Әйтпесе, ілімнен жұрдай әлдекімдердің қылығын дәстүрлі дінімізге телу кімге керек?! Осыдан кейін тәуелсіздік алғаннан бергі күндері елімізге лап қойған «сиясы кеппеген» су жаңа кітаптардың, сол кітаптарды тәпсірлеп жүрген «кітапты теріс оқитын» (Абай) «молдалардың» түпкі мақсатын аңдаған жөн-ау деген ойға қалдым.
Сөз соңында айтарымыз, өткенге құрмет көрсету, әулиелерімізді қадірлеу, олар біздің ата-тегіміз болғандықтан ғана емес, олардың асыл дініміздің өзегін өмірлеріне арқау еткен, ақиқи жолда өткен қадірлілер болуына байланысты. Біздің бабаларымыз «діл мұсылман болмай, тіл мұсылман не пайда» деген қағиданы шынайы мұсылманшылықтың өлшемі деп білген. Шындығында да, асыл дініміздің өзегі де адам баласының ішкі жан-дүниесіне ізгіліктің дәнін егу. Ал қасиетті топырақтың аман сақталып қалуы әулие бабаларымыздың көз жасы, ерен еңбегі, дұға-тілегінің шарапаты екеніне еш күмәнім жоқ. Ал бейбіт күнде «сел ағызып, жай түсіріп, жұрттың шаруасын бұзып» (Шәкәрім), өздерінің ойында ғана бар «ширкпен» күресіп шиқылдап жүргендердің көксегені дін емес, шырық бұзу, ел ішіне бүлік туғызу екенін ашып айтар кез келген сияқты.

Қайрат Дүйсен
ҚР Журналистер Одағының мүшесі



kozi awyk,kogiregi oiau jan bolsanyz,nege tanymal emessiz???Angimenin awygy,akyldysyn ba,nege bai emessin,degendei goi!!!



Muhammedjandai agamyzga negizsiz,dalelsiz karsy wygatyndarna,myna 1 kargys tigen bolar
*Bilme,bilgennin tilin alma!!!*
Ia dap solai!!!
Aibek Saragaw!!!



Қайрат аға, қазақта "Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама!" деген сөз бар ғой, соны сізге айтқым келіп тұр. Мүмкін жақсы журналист шығарсыз, алайда исламнан біліміңіз та-я-з екені анық көрініп тұр. Ислам дінінің негізі таухид екенін, ал ең үлкен күнә ширк екенін білмей тұрған соң, Құранның аудармасы мен тәфсірі деген ұғымдарды бір-бірінен айыра алмай тұрғаныңызды айтып әуре болмай-ақ қояын. Б.Айдарбековтің мақаласын сынаға алғандағы мақсатыңыз түсініксіз болып тұр, сыншы мақалаға сын жазу үшін сол тақырыпты жетік білсе керек-ті.



Қайрат аға, сіз сол Созақ өңірінде болып көрдіңіз ба, барған болсаңыз да, сол өңірде туылып, сонда өмір сүріп жүрген Б.Айдарбековтен жақсы білмейсіз ғой Созақтың халқын. Тағы бір адамның күлкісін келтіретін нәрсе зираттардағы шырақшылардың білімі туралы айтқаныңыз болды.



Қайреке, ертең Аллаһтың алдына барғанда осылай сайрай алар ма екенсіз? Уәждеріңіз негізсіз, тисе терекке, тимесе бұтаққа дегендей! Діннен таяздығыңыз да менмұндалап тұр! Сондықтан сырын білмейтін аттың сыртынан жүріп қайтесіз, өз ісіңізбен айналыссаңыз дұрыс болар еді.



Алланын алдына барып келген жан барма?



Керемет жазылған. Ішіп-жеуден, өзін мақтағаннан басқаны білмейтін Шейх, хазірет муфти газет бетіне осы сияқты мақала жазса болады ғой.



Қайрат Дүйсен!
Сен де жақсы сайрайды екенсің! Құранды теріс оқи, оның аяттарын келтіре отырып, өзің соған қарсы шығып отырсын! Құран аяттарыңа қарама-қайшы пікірлер айтып отырсың! Өзің не жазып не қойғаныңды түсіндің бе? Оданда медресеге барып білім алсаң өзіңе жақсы болар еді!



Ассалаумағалейкүм, аға! Алла разы болсын сізге! Алла көкірек көздерін ашқай адасушылардың! Мына Тазабековте солардың сыңары ғой!



Иман келтірген мұсылман баласы үшін ең ауыр күнә (діннен шығаратын) Аллаға серік қосу дегенді желеу етіп, сол арқылы дәстүрлі дінді, қаймана халқымыздың айрандай ұйыған тынышын бұзуға, тереңде жатқан тамырымызға балта шабуға тырысып жүргендер аз емес.
----------------------
Қайрат Дүйсен мырза!
"Қаймана" сөзі жақсы сөз емес. Қайдан шығарып алғандарын? Қаймана дегеннің мағынасы "қайдағы бір" орысша "какой то" деген ғой. Қазіргі кезде осы қаймананы (какой то-ны)телеарналарда, баспасөздерде қазаққа әкеліп жабысырып қойып жүр.



Қаймана қазақ деген сөздің мағнасы - ешқандай қатысы жоқ, өз жөніне жүрген қарапайым халық деген сөз. Бұл ешқандай да "Какой-то" деген мағынаны білдірмейді.
«Қаймана Қазақ қамы үшін» қанымды берсем бе екен – деп, Беймаза қазақ таңы үшін жанымды берсем бе екен – деп, Желпініп жүрген жайым бар, деп келетін өлең тіркестері ешкіммен шаруасы жоқ, жазықсыз жандарға жақсылық жасай алар ма екем деп отыр ғой.
Әулиеге түнеу, одан бала сұрау - Алпамыс пен Қобыландының ата-анасы Арыстанбабтан бастап Қорасанға дейін аралап қой бағып жүрді ме? Алаштың ата тегі, этно-мәдениеті осындай эпостық аңыз бен ақиқаттардан бастау алмай ма? Ендеше, ата салтымыздан аттап өтіп, әулие-әнбиелерімізді "ширк" деп аяққа таптайтын болсақ, біз қандай ұлтқа немесе ұлысқа опа таптырамыз?! Әр ұлттың ерекшелігі салт дәстүрі арқылы сақталмай ма? Мұхамметжан бастаған және оны қостаған топтың ниеті қазақты  ұлтсыздандыру  арқылы араптандыру мен қатар адастыру болып табылады! Қайратжан өте дұрыс айтқан. Қазақы қалпымызды сақтайық ағайын!



Ассалямуъалейкум уа рахматуллаhи уа баракатуh Кайрат Аға, Алланың алдында осы создериниз ушин калай жауап бересиз? Алла Таъала не буйырды соны истеу керек, ананың неси айып мынаның неси айып деп жатсыз, аргы дуниеде осы создеринизди Аллаһ Таъалага калай айтпаксыз? Сиз Құран Кәримді бурмалап жаткандай болдыныз менин ойымша. Тәубеге келгениниз жөн болар.



"Жақында мұсылмандық әдебиеттер сататын қатардын «Шындық пен сұмдық» деген деректі фильмді алып, көріп шықтым. Түйгенім, фильмді жасаушылардың бір тырнағы іштеріне бүгілген сияқты. Былайғы жұртқа дінге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын түрлі «жолдар» мен «әулие-сымақтарға» қарсы уәж түрінде баяндалған фильмде дінімізде орны бар, адамдарға рухани түлеу сыйлайтын зиярат ғұрпын түбірімен құрту ниетінің төбесі қылтияды. Әйтпесе, ілімнен жұрдай әлдекімдердің қылығын дәстүрлі дінімізге телу кімге керек?! Осыдан кейін тәуелсіздік алғаннан бергі күндері елімізге лап қойған «сиясы кеппеген» су жаңа кітаптардың, сол кітаптарды тәпсірлеп жүрген «кітапты теріс оқитын» (Абай) «молдалардың» түпкі мақсатын аңдаған жөн-ау деген ойға қалдым." Дәл айтады! Солай. Бұлардың түпкі мақсаты - жалпы зияратты жою. Кезінде Бекболат Тілеуханның осыған сәйкес, бір пікір айтып, Түркістандағы Әзірет Сұлтан кесенесіне көз алартқанын естіген едік. Мынау соның жалғасы. "Ақ жол", "Сұңқар" ж\әй бергі жағы мақсаты - баяғы ваххабиттер секілді Мекке, Мединедегі әулие-сахабалардың зиратын түріп тастағандай, кесене атаулыға жойқын соғыс жариялау! Басқа емес! Молдец! Қайреке! Жаза түс!



"Жақында мұсылмандық әдебиеттер сататын қатардын «Шындық пен сұмдық» деген деректі фильмді алып, көріп шықтым. Түйгенім, фильмді жасаушылардың бір тырнағы іштеріне бүгілген сияқты. Былайғы жұртқа дінге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын түрлі «жолдар» мен «әулие-сымақтарға» қарсы уәж түрінде баяндалған фильмде дінімізде орны бар, адамдарға рухани түлеу сыйлайтын зиярат ғұрпын түбірімен құрту ниетінің төбесі қылтияды. Әйтпесе, ілімнен жұрдай әлдекімдердің қылығын дәстүрлі дінімізге телу кімге керек?! Осыдан кейін тәуелсіздік алғаннан бергі күндері елімізге лап қойған «сиясы кеппеген» су жаңа кітаптардың, сол кітаптарды тәпсірлеп жүрген «кітапты теріс оқитын» (Абай) «молдалардың» түпкі мақсатын аңдаған жөн-ау деген ойға қалдым." Дәл айтады! Солай. Бұлардың түпкі мақсаты - жалпы зияратты жою. Кезінде Бекболат Тілеуханның осыған сәйкес, бір пікір айтып, Түркістандағы Әзірет Сұлтан кесенесіне көз алартқанын естіген едік. Мынау соның жалғасы. "Ақ жол", "Сұңқар" ж\әй бергі жағы мақсаты - баяғы ваххабиттер секілді Мекке, Мединедегі әулие-сахабалардың зиратын түріп тастағандай, кесене атаулыға жойқын соғыс жариялау! Басқа емес! Молдец! Қайреке! Жаза түс! ---------осыны жазган адамды бір АЛЛАх кешірсін ИнШАЛЛА вахаббитттер емес уахаббиздер десенші ен болмаса білмесенде)))))) Ал уахаббиздер деп жатсын магынасын аитшы маган сол нарсенің бар екенін далелдеші керім ШЕЙХ болсан,,, Өлілерге ешкашанда сенуге нануга болмаиды олар сендерді естімейді мен каншама туркістанда мангыстауда кордім АККУ СУНКАРларды адам аитса нангысыз істеген істері соракылык таска табынады кумга сиынады СубхАНЛЛА АЛЛАХ кешірсін оларды ИНШАЛЛА



Тазабеков Рахат Әлиетің шәкірті, ертең көзді-ашып жұмғанша шетелден бір-ақ шығады!



Eger boljai bilu kabiletin mykty bolsa,ALievti ozin-ak alyp kalmadyn ba???



Ол АДАМГА АЛЛА разы болсын ИНШАЛЛА МУХАММЕДЖАН АГАГА))))))))) ал кашып кетеді деп откан адамга аитарым соракылыкпен басына куна артып откан балшыдан сураппедін осыны алде озин бал ашып алдынба кашып кетеді дегенді кашып кетеріне далел келтіріп берш ))))) Анкау елге арамза молда дейді сенде сол оз арандагы анкау әр созді арага салып жиберіп карап отыратын адамга сенген сорлысынгооооо АЛЛАХ басына миына акыл берсін тауфих берсін ИНШАЛЛА



Жақында білесіңдер...



Жігіттер! Қазақ ешуақытта әулиеге барып, содан тілеп сұраған емес! Ширк сөзінен неге сонша қорқасыңдар? Мағынасына үңілші! Мұсылманның жүретін ең басты екі нәрсесі бар: Аллаға иман келтіру, Пайғамбар сүннетімен жүру. Енді осылардың антонимдерін сіздеп көрсек. 1. Аллаға иман келтірудің қарсы мағынасы - Ширк, яғни Аллаға серік қосу 2. Пайғамбар сүннетіне қарсы нәрсе - Бидағат, яғни жаңа нәрсе қосу. Енді осыған мән берсеңіздер бәрін түсінесіздер. Қазақтар! Ешуақытта жылдам шешім шығармайық! Ең алдымен зерттейік, білім алайық, сосын пікір білдірейік! Әйтпесе, біреу ә десе соған сеніп, біреу мә десе соған сеніп мал болып жүре береміз! Өзіміз ізденейік! Біз әлі Ислам, тақуалық жөнінде дым білмей жатып 50-жыл намаз оқығандай сөйлейміз. Осыған мән берейік!



50 ЖЫЛ НАМАЗ ОҚУ ИМАННЫҢ КӨРСЕТКІШІ ЕМЕС! "ҚИЯНАТЫҢ БАР БОЛСА, ИМАНЫҢ ЖОҚ, МАҒАН ДЕСЕҢ МЫҢ ЖЫЛДАЙ ҚЫЛ ҒИБАДАТ" (ШАҺКАРИМ). ДӘЛ СЕНІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІҢ - ВАХХАБИЗМ! не деп ақтсалсаң да, өзің біл! Шірк өздеріңнің жүректеріңде. Ана бір әнші депутат әйелдердің ішкиімінен коллекция жинауды хобби етіпті. Сол шірк, нәпсіге құлдық шірк! Алладан, Ата баба әруағынан медет тілеу шірк емес. Алланың ақ пайғамбарының Сүннеті де соған саяды. Білмесең, көсемсіме,сенің мұсылмандығыңа он жыл да жеткен жоқ. Мыңжылдықтар бойыында Ақиқатты жырлаған әулиелерге нәжісіңді жақпа! Оларға жұқпайды. Өзің құрисың.



Уахаббизмн!Н бар екенін далелдеш менің алдыма сол туралы акпарат далелдер акеліп козіме корсетші ен болмаса ))))))))) Сенде оган далел жок онын не екенін алі ешкім білмеиді АЛЛАХтан баска сендердін балақ кайырып сакал койгандарыннын барі уахаббиз деп санайсындар олар уахаббиз емес СУННАЛАР ягни суннеттер, Балақты атам қазақ намаз оқитын кезінде кайырып алган балакты кайыру туралы ҚҰРАНДА хадистермен далелдер бар , жанеде балақты кайыру бул тазалықтын белгісі муны гылымда далелдеген, сен балагынды салбыратып бір Алматыны аралап шыкшы бір кунде сосын уйіне келіп балагынды кара каншама микроб бар



Бауырым сен Уахабизмнін жок екенін дәлелдеш! балагынды АРАБтар секілді кыскартып жүрсін-ау! Суннетті устанатын болсан неге тарауих намазын 20 ракат емес, 8-ак ракат окисын! Омар (р.а.) сахаба, тірі кезінде ЖАННАТпен суйіншіленген сахаба, 20 ракат окыган! олай болса ОМАР (р.а.) сахаба БИДГАТ ЖАСАГАНЫ болды ма АСТАГФИРУЛЛА!? Хадиске сайкес "....әр Бидгат жасаушы тозақи" делінген, олай болса ОМАР тозақи болды ма, АСТАГФИРУЛЛА! сен сразу далел сурайтын шыгарсын, Далелдер бар, жеткілікті, ізден, окы, 5-6 аят жаттап, 10-15 суренін мағынасын жаттап бір ілімді біреу секілдісін. Сен оданда иманына кайтадан кел! КАЛИМАНЫ білетін шыгарсын! Ислам тарихын окы! ізден, тек уагыз тындай берме, ЕГЕР басында Тышканнын нажісіндей МИын бар болса ажырата аласын! казак болсан, казак бол, АРАБ болма, Хадис бар: "Дін Арабтарга тусті, Арабтардан бузылады" деген, бул хадистін дарежесі САХИХ, іздеп кор! Балак туралы такырыпка келетін болсак, арабтар не ушін балактарын кыскартып журді деген сурак туындайды, ойткені Араб мемлекеті, географияны окыган болсан, шолді жер, ыстык жер! БУЛ климатка, географиялық ортаға байланысты, Мухаммеджан Тазабековты жактап журсін, сол сол кісі: "Молда болу ушін, немесе имам болу ушін, жалпы мусылман болу ушін, меккедеге омір сүру міндет емес" деген, так что алдында айтканымдагыдай МИЫНДА ТЫШКАННЫН НАЖІСІНДЕЙ МИЫН БАР БОЛСА, ойланып корсей акылға салып, білем, тусінем, ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МАСЕЛЕЛЕР АКЫЛМЕН ШЕШІЛМЕЙДІ, бірак АЛЛАНЫ ТАНУ УШІН, бірінші АКЫЛ керек, одан кейін ЖУРЕК! бірак АЛЛАНЫ ТОЛЫК ТАНИ АЛМАЙМЫЗ! Анау бидгат, мынау бидгат деп журген ДАРЫН бауырымызға келетін болсақ, бір кісі айтпакшы, АЛЛА ОЛ КІСІГЕ РАЗЫ БОЛСЫН, ДАРЫННЫН туылғанының өзі бидгат! Казак халқын мейлі, Исламға акеліп жур, ол жағын айыптап отқаным жок, бірак талай адамдарды "ЗОМБИ" кылып тастады! ӨЗ ӘКЕСІНІҢ ЖАНАЗАСЫНДА ТУРМАДЫ деген не деген сұмдық! Ата-анаға деген мейірім қайда, Бір созбен айтканда, оздеріңді САЛАФИміз деп журген бауырларыма айтарым, МИЛЛИОН ЖЕРДЕН АМАЛДАРЫН МЫКТЫ БОЛСЫН, МАЗХАБ УСТАНБАЙ-АК ЖУРЕ БЕРСЕНДЕР ДЕ, МИЛЛИАРД ЖЕРДЕН бурынғы САЛАФИЛЕРДІН ЖАСАҒАН АМАЛДАРЫНЫҢ 0,5 процентіне де жете алмайсыңдар! біз олардың тырнақтардың астындағы кіріне де татымаймыз! ..... созімді мынадай создермен бітіргім келіп отыр: Адаспан, тура жолға келіндер, Арабтанбаңдар, Казактаныңдар, Таубелеріңе келіңдер! Ассаламу алейкум! жауап жазатындарың болса, жазыңдар, жауаптарыңды кутем! менің логинім Bauyrjan-@mail.ru ! ! !



тараух 20 ракат парыз емес!8 ракат окуга болады,бірак 20 ракат окыганы абзал!егер 20 ракат окып имаммен бірге бытырсе сор куннын тунгы барлык напыл намаздарынын сауаптарын алады иншаллах,ал егер 8 ракат окып турып кетсе ол куна емес!парыз бен суннетты шатастырмандар!!!



"Асыл арнаға" қатысты кей бауырларымыз сұрақтар қойыпты. Енді соған келейік.
1. "Асыл арнаның" атына заты сай емес. Мен бірқатар хабарларын қарадым. Бүкіл әңгімелері "Таухидты" ұлықтаймыз деген желеумен, толықттай ваххабистік сарында. Иншаалла, оның да бетпердесін сыпыратын күн алыс емес. Қомақты сараптама дайындалуда.
2."Асыл арна" дін атын жамылып келіп, жастарымызды бөгде діндегілерге білдірмей қарсы қою, ел ішінде шырық бұзумен айналысып жатыр. Дәлел жеткілікті.
3. "Асыл арна" басқа салада жолы болмаған, "өтпей қалған" журналист-сымақтардың (Алғадай, Ахат сияқты)паналаған, "көсемдікке" ұмтылған станциясы. Таза журналистикадан толып жатқан өрескел қателерді теруге болады.
4. "Асыл арна" насихаттап жатқан "діндәрлардың" дені сау емес, көбі Мысырддың "террорист дайындаушы" "Әл Азхар" деген "шайтанханасынан" улы дәм татқан біреулер. Есіл дерттері - жихад! Қазақты арандату. Салафиттікті насихаттау.
Бұл менің үстірт жаздың, білмейсің дегендерге алдын ала жауабым. Бұйыртса, толық әшкере қылатын жауабымды кешіктірмеспін. А.Б.



Мұхамеджан аға, АЛЛАХ разы болсын сізге! Мына шайтанға еріп, шуылдаған жұрт сізге жала жабу арқылы өздерінің ақыреттік зор шығынға ұшырап жатқандықтарын білмейтіні өкінішті-ақ ....



Мухаммеджан Әзіреті Барболдың саған жазған жауап мақаласын оқыдың ба? Соған неге жауап бермейсин? Алде унин ошті ме?



Мухамеджан! макалаға жауап жазбайсың ба? Әлде шайтаныңның үні өшті ма? Енді қалай елдің бетіне қарайсың? Екіжүзді сатқын екеніңді ел білді. Арабтың атын жамылғандардың арам ақшасын жұтып қойдыңдар Бекболат екеуің. Бекболат болса әйелінің түрсиін искеп ол жүр. Елді былыққа батырып енді абыройдан айырылдыңдар. Өздеріңе сол керек. Жаңаарқаның ақсақалдары Бекболатты елбұзар, дінбұзар деп қуғанын көп халық білмейді. Енді бетперделерің ашылып жатыр ма? Әлі Алла Тағала әулиеге қарсы болғандарың үшін сазайларыңды береді елдің алдында шерменде, рәсуә боласыңдар. Қылмыстарың әшкере болып масқара боласыңдар. Дарын, сен, Бекболат бәрің елді ақшаға сатқан алаяақ екендерің әлі ақ әшкере болады.



Мухаммеджаннын жанын алі ешкім тусінбейді Астахфруйлла,,, Сендер намаз окып білім ізденбегесін түсінбей сырттан далбаса журт аиткан ангимелерді аитасындар булай керек жок тураны жолдан ыгыстырып , Сендер жазып откандарынды баска ботен адам окып сендерге сеніп олда адасып кетері хақ, Сондыктан арткы Аспаптарынды кысып откандарын жөн болары тагыда хақ



Пікір алынып тасталды!

Бірігетін кез келді!



Аллаһ Таъаланы Құран Кәрімнің "Ниса" сүресінің қырық сегізінші аятында Өзіне серік қосқанды кешірмейтінін, одан басқа күнәларды, қаласа кешіретіні жөнінде айтады:

"Аллаһ Таъала өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болады ". (Ниса, 4:48).



Бауырым аса данышпын көрінесің! Бірақ сенде ққранның аяттарын Уххабтар сияқты саптайды екенсің. Әлде сен осы аяттардың Сабабу Нузулін жіне Услу ттафсир сабагына қатыспағансынба?
Аятты тақырыпқа сай саптау керек! Бір аят бар екендеп немесе ширк осы екен деп жапа тармағай жауып берме!



Құран Кәрімде мынандай аят бар: "Мен жындар мен адамдарды өзіме кұлшылық қылулары үшін жараттым " (51:56).



"Түн мен күндіз және Күн мен ай Алланың дәлелдерінен, Күнге де, Айға да сәжде қылмаңдар. Оларды жаратқан Аллаға сәжде қылыңдар", (41:37),



Құран Кәрімге тағы бір құлақ түрелік:

"Көктермен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді". (27:65).

"Көместің кілттері оның жанында. Оны Ол өзі ғана біледі". (6:59).



"Аллаһтан өзгеге табынғандардың сендерге ризық бере алмайды. Онда, ризықты Аллаһтың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да, оған шукір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар". (29:17).



Сондықтан мына аятты ұмытпаған жөн:

"...Ешнәрсе ол сияқты емес. Ол Аллаһ әр нәрсені естуші, толық көруші". (42:11).



Пайғамбарымыз Мүхаммед (с.ъ.с) былай деген:

"Ырым - Аллаһқа серік қосу. Одан аманмын деп ешкім де айта алмайды. Оны Аллаһқа тәуекел ету арқылы ғана жеңуге болады " (хадисті Әбу Дәуіт риуаят еткен). Сондықтан: "Алдымнан ала мысық өтіп кетті, енді бүгін жолым болмайды" деп сары уайымға салыну, "Дүйсенбі күні сапарға шығу мен үшін аса қауіпті" деп жолдан қалу - өздерін қорлау. Ешқандай ырымшыл мұсылманды ниет еткен бағытынан қайтармақ емес. Шын мұсылман Аллаһқа тәуекел етіп, табиғаттың қандай құбылысына тап келсе де жақсылыққа жоритын болады.



"Кім де кім мойнына әлденені байлап алған болса, оның сиынары да сол болып қалады " - деген. (Бұл хадис Ахмадта, Тирмизиде де бар).



Аллаһ Тағала айтады: «Кім Аллаһқа ортақ қосса, расында Аллаһ оған жәннатті харам етеді»(Мәида сүресі, 5:72).



. Аллаһ Тағала былай дейді: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым»(Зарият сүресі, 51:56),

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
7 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>