Мәжіліс: «Шенеуніктің ажалы» | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмише өмір өтпек – ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
2011 жылы Қазақстанға 38167 адам келіп, 32759 адам шетелдерге кеткен
Айтқыш екен
«Аралтұз» АҚ-ның жарнамасы: Ішің күйсе, біздің өнімді жала!

Мұрат Балабайдың әзілі

Загрузка

Мәжіліс: «Шенеуніктің ажалы»

Жәрдемші


Шенеунік десе, көз алдыңызға қандай адамның кейпі келеді? Әркім әртүрлі айтар. Алайда, түрлі-түрлі әңгімелердің түпкі ағысы тоғысады. Неге? Себебі, қай заманда да шенеунік атаулының психологиясы, болмыс-бітімі өзгермейтінге ұқсайды. Мысалы, орыс жазушысы Антон Чеховтың әйгілі «Шенеуніктің ажалы» деген әңгімесінің кейіпкерін өткен шақтан іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Өйткені, олар - шенеуніктер қай заманда да Чехов жазғандай қалыптан шықпайды. Шенеунік атаулы да ұлт болмайды. Тек бастық қана болады.
Орыс жазушысы Чеховтың әңгімесінде Червяков деген шенеунік (Червяк - жауын құрт) бір қойылымды көріп отырған кезде абайсызда түшкіріп жібереді. Жазушы түшкірудің табиғи нәрсе екенін айта келіп: «құпия кеңесшілердің өзі түшкіреді» дейді. Алайда, түшкірген кезде алдыңғы орындықта отырған тағы бір әскери шенеунік - генерал Бризжаловтың жалтыр басына түшкірігінің шашырандысы түсіп кетті ме деп қатты қапа болған Червяков әңгіме барысында бірнеше рет генералға байқаусызда түшкіріп қойғанын түсіндіріп, кешірім сұрамақ болады. Бірақ, генерал оған мән бермейді. Червяков үйіне келген кезде болған жайды әйеліне айтып береді. Әйелі Бризжаловтың күйеуінің бастығы емес екенін білген соң жүрегі орнына түседі. Десе де, «кешірім сұрағаның жөн ғой» деп жарына жол сілтейді. Ақыры, Червяков генералдан кезекті рет кешірім сұрамаққа барған кезде түкке тұрмайтын нәрсе үшін қайта-қайта мазасын алған кішкентай шенеунікке  генерал «Жоғал!» деп айқай салады. «Жоғал» деген сөзден  зәресі ұшып, құты қашқан Червяков үйіне келіп, киімшең жантайып жатқан күйінде жүріп кетеді. Бар болғаны  - осы.
Бастығынан басқаны танымайтын шенеуніктерге ортақ тағдыр. Қандай аянышты.
Дәл қазір Астанада жаңа Мәжілістің отырысы өтіп жатыр. Оған Қазақстандағы үлкен шененуніктердің бәрі қатысып отыр. Ал, кішкентай шенеуніктер тағдырының үкімін күткендей жиыннан шығатын шешімдерді тағатсыздана күтіп отыр. Ал, біз шенеуніктердің бірі байқамай түшкіріп қоя ма деп қорқып отырмыз...

«Абай-ақпарат»

Чеховтың «Шенеуніктің өлімі» әңгімесінің орыс тіліндегі нұсқасын мына жерден оқи аласыздар: http://chehov.niv.ru/chehov/text/smert-chinovnika.htm


 




Мәжіліс спикері Сабильянов бола ма деп үміттеніп едім... Әттең... Осы қазақ тілді, ұлтжанды адамдар біздің Билікте неге өспейді а? Айтыңызшы?!......



Тақырыпты әдемі тауып кеткенсіңдер, абайшылдар! Расында шенеуніктеріміз бұттарына сиіп отырған шығар, "жан қала ма, жоқ па?" деп. Шенеуніктердің сорлы бейнелері осындай мәңгі сорлы ғой. Ұлтын сүймейтін, мемлекетінің келешегіне сенбейтін өңкей ұры-қары жиналған жерде түкірігіне тұншығып өлетін шенеуніксымақтар қара шыбындай қаптап жүреді.



Пікір алынып тасталды!



Қазақ елі қазір барлығына іштей тынып келе жатыр, бір күні жарылары даусыз! Осыны неге сәлде болса билік ұқпайды? меніңше билік бәрін біліп отыр, мұнда бір гәп бар! Е билік халықтың көтерілісін қалап отыр, е акша мен мансапқа көздері тоймай отыр ьолмаса білмей отыр демейсіңбе халықтың қазіргі хәлін...



Барлыктарынызбен келисем!



Мына сілтеме істемей тұр ғой: http://chehov.niv.ru/chehov/text/smert-chinovnika.htm



Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей - деп бекер айтылмаған.
Қазір халқымыздың халі жаман емес бұрынғымен салыстырғанда тәуба!!!
Осы өміріміз ары қарай дами берсін дами берсін!!!



Егер рас болса Қазыбек Исаның ақшаға сатылмағаны жөн болыпты. Абырой деген ақшадан да қымбат тұратын нәрсе ғой. Ең әділетсіздігі ұлт-ұлт деп шырылдап жүргенде оны "Ақ жолдың" лақтырып кеткені обал болды! Саяси сауатты жігіт пе деп басында ойлап жүр едім, сатқындар партиясына неге сеніп қалғаны түсініксіз! Халық бірдемені біліп айтады ғой: Ұлтшылдар бөлек қозғалыс құрыңдар деп едік. Құлақ аспадыңдар! Қазір күш-қуаты бар кезде ұлт үшін бірталай дүниелер істеп үлгерер еді. Енді Қазыбектің сөзін былайғы жұрт бос көпірме сөз дейтін болды. Сенімнен айырылғаннан кейін оны қалпына келтіру қиын. Саяси өлік болудың бірінші қадамы осы. Қайран қазағым, өз мүддеңді қолдайтын бір депутат сайлауға шамаң жетпеді. Баяғы алаш жігіттері тіпті патшалық Ресейдің парламентіне қазақ жігіттерін өткізіп еді, мына "Ақ жолдың" тірлігі иттің тірлігі болды. Байқұс қазақтілді сайлаушыларды да тақырға отырғызып кетті. Кілең пацандары ақшасы бар екен деп Мәжіліске өткізіп жіберу ұлт алдындағы қылмыстың бір түрі. Өкінішті...



Биліктегі барлық өзгерістер халықтың игілігі үшін! Атқа мінер арқалы ағаларымызға ақ жол!!!



Суйінші! Ерлан Арын Павлодар облысынын акімі болып тагайындалды! Елбасына рахмет!



Суйінші! казыбек иса онтустик казсакстан облысынын акімі болып тагайындалды! Елбасына рахмет!



Абайлыктар мыналар жаксы находка екен.



Министрлер озгермей ме?



Ұлтжанды адамдардар Қазақстанда еш уақытта билікке келе алмайды! Себебі құдай таңдаған ұлттың өкілдері олардың аяғын шалып күні бұрын блокада қойып тастайды. Сондықтан ұлтшылдық ниетіңді қазіргі саясатта ашық білдіруге болмайды. Ұлтшылдарды барлық алпауыт елдердің басшылары ұнатпайды. Себебі, ұлтшылдар өз ұлтының мүддесін шын ниетімен қорғайды. Ал әлемдік үкімет үшін олар кедергі. Трансұлттық компаниялар үшін олар кедергі. Сондықтан оларды билікке мүмкін болса тіпті жақын да жолатпайды. Бизнесмендер үшін де ұлтшылдар кедергі. Ақшада ұлт жоқ. Ақша жасайтын адамдар үшін ұлт маңызды емес. Сондықтан ойланыңдар: ұлтшылдардың жаулары өте көп.



Ақ сиса, қызыл сиса,сиса, сиса,
Көрінер қыздар сұлу белін буса.
Азаты Перуаштың алдап соғып,
Атандым сол себептен аңқау Иса.(Жаяу Мұсаның әнімен).



Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті:
…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көңіп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.



Несін айтасың, қазақ үшін басын бәйгеге тігетін бір еркектің табылмағаны ғой. Ұсақтап шаң болып кпттік. Соңғы 20 жыл бәрімізді диюана қылды. Тәуелсіздік деген осылай болады деп кім ойлаған. Қазақ кешегі совет кезінде мықты еді, қайта. Мәскеу 86-жылдан кейін қазақтардан қатты қорқып қалып еді.Мына билік тек автоматпен жайратады.



мен ойлап едім К. Мәсімовтың орнына басқа адам келеді деп, бекер екен. Кеше теледидардан сөйлеген сөзінің түрін, "спасибо елбасына" деп қояды. Бір сөз қазақша біолмейді.



14-дұрыс айтады. Қазыбекке ерекше тиісіп айызы қанып жатқандар да, қазаққа қарсылар. Кезінде ұлтқа қарсы шыққаны үшін Қазыбектің өткір қамшысын жегендер. Енді өтірік ұлт қамын ойлағансып, тасадан тас атып қалып жатыр. Біз осы қазаққа ғана емес, Қазыбекке де көлеңкеден оқ атып жатқандарды шын ұлтқа жаны ашитындармен шатыстырмауымыз керек. Әйтпесе, кеше 138-дің хатын жазғаны үшін қазыбекке қарсылар ұлт үшін кім сөйледі, ұлт ұшін өзге партияда болса да Мұқтар шахановты кім қолдады, сол үшін енді мәңгүрттер қазыбекке қарсы болуда. Соны білейік.Маханбет



Парламентке бармадым деп окпелеу... бул ендi пендешiлiк! Бiрак Казыбек Исанын бармайтыны шынында да окiнiштi екен! Халык осындай азаматтар ушiн дауыс берген болар!



Иса Қазыбегің әлгі күздегі митингіде М.Шахановпен бірге бір ұрлықтары ашылып қалардай қорқып Хасен Қожа-Ахметке сөз бермей қойған Иса ма?! Тапқан екенсің Машкевичтердің итаяғын бірге жаласқан "Иса пайғамбарды" ("Ұлтшылды")



Мұндай сайқал саясатыңның нақ атасына нәлет деп бәріне қолын бір-ақ сілтеген Қазыбек Иса сайлау өтісімен ауылға, жапандағы жалғыз үйге, демалуға кетіп қалыпты… Өлеңін жазып жатыр дейді.



21-ге: Хасен Қожахметке сөз бермейтіндей Қазыбек Иса митингінің басшысы болған жоқ қой. Бірақ қазақ тіліне қарсы шыққан бүкіл билікті ертисбаев, мамилерімен, оппозицияны хасенімен, әбілязовымен, өнерпаздарды бибігүлімен, қыдыралысымен қатар қойып сынады. ең қатты айтылған, ел ең көп құрмет көрсеткен сөз Қазыбектікі болғанын мойындауымыз керек біз, қазір табалай бермей.Сол митингіге Маңғыстаудан келген ұлтшыл.



Жаңаөзендегі қан төгілісіне кінәлі шенеуніктер.Президент өзі айтты ғой, елмен сөйлестік, тіл табыдды деп мені екі рет алдады деп. Біз теледидардан Еңбек министірі Абдықалықованың мұнайшылардың өтініші далбаса деген бетбақ сөзін өз құлағымызбен тыңдыдық қой.Енді ол қай бетімен министр бола алады? Сорлы қазағым!

 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>