Мемлекеттік тіл мәселесі: Ұлттық ұйымдар неге үнсіз? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Мемлекеттік тіл мәселесі: Ұлттық ұйымдар неге үнсіз?

Жәрдемші


Мәдениет министрлігі дайындаған мемлекеттік тіл туралы заң жобасы мемлекеттік орындардың және интернет қолданушылардың қызу талқысына түсіп жатыр. Қарапайым азаматтар заң жобасындағы өзгертулері мен толықтыруларға қолдау көрсетіп жатыр. Алайда, бекерде аттандап жүретін ұлттық ұйымдар мен саяси партиялар жұмған аузын ашпай отыр. Неге? Мүмкін саяси партияларды қазақ тілінің жан алқым жағдайынан гөрі жазасын өтеп жатқан Евгений Жовтистің халі көбірек алаңдатын шығар? Әлде Лондонға қарап ұлып отыратын кейбір саяси ұйымдар қожайындарының келісімін күтіп жүр ме екен?

Ал, ұлттық ұйымдар «бекерде ауыз жаппас, той деген де өлең таппастың» күйін неге кешіп отыр? Бәлкім олар үшін нақты іс - тіл туралы заң жобасы пайда бермейтін іс пе екен? Я болмаса жоғарыға жалтақтық бар ма? Заң жобасына ит көрген ешкі көзденіп шыға келген орыс ұйымдарына біздің «ұлтшыл», «ұлтжанды» қозғалыстар мен ұйымдардан «Әй дейтін - әже, қой дейтін - қожа» неліктен шықпай отыр?

Міне, Талқы-Форум осындай сауалдарға жауап іздейді. Ой қосыңыз, оқырман.

«Абай-ақпарат»


 




20 жыл аз уақыт емес, енді ешкімнің де өкпесі жоқ, бәрі түсініп, біліп отыр (әсіресе өзге ұлт өкілдері)талқыламастан Жарлықпен бекітілуі қажет.



kazakstinning kazak tilin holdanw jahdayina tim ayanixti sezim bildiremin, men hitaydan kelgemin,kazakstanha birinxi iret kelip otirmin, kazakstanning birhanxalahan awdan,halalarin kordim , ongtusting kazakstan kazakh tilin istetw jahinda adamdi birxama suyindiredi, al haraganda,astana,jane soltusting kazakstan rayondarindahi kazak tilin holdanw jahdayi bukil hazah elin axindiradi. kazak turip kazakxani b ilip turip kazakxa soylewden namistanatin kazakhtardi korgende hatti axinasiz, haning haynaydi,oris tilin soylew mahtanix pa ? men oris tilin tim jahsi bilmeymin ,birah ahilxin tilin jahsi bilemin, ahilxin soylesengiz keybirewi bilmeydi ,bul egemen kazakstan hoy , buginge kunde halayxa bulay? ayanixti taryih bizding tizgen basindahi ahalarimizdi oylandirmayma? kazakistanning key rayondarinan kazaktardi jolihtirmagan kezingizde , juregingizde alawdawxilih birden payda boladi. oylanayih kazakh eli , kazakh azamattar. kazakstanning kelexegi uxin kazak tili awaday hajet...



Пікір алынып тасталды!



Жаңа заң жобасын қолдаймыз! Екі жылдан кейін іс қағаздары толығымен қазақ тіліне көшсін енді қашаңғы күтеміз?!



Нені талқылау керек? Тіл мәселесі талқылай-талқылай талқан болды! Ұлтшылдар өз мисиясын орындады, олардың сөзінен де, ойбайынан да, әрекетінен де мән кетті! Мемлекеттегі ұлықтар орыстардан ұйлығып, енді көмек беріңдер, бізді қорғаңдар дейді, олар бұған дейін әрекеттерін ұлтшылдармен келісті ме, ақылдасты ма? Ырбыйып, тілді көкпар қылып ортаға салып жіберді де, енді не істерлерін білмей отыр. Кім көрінгенге Мәдениет министрлігі ақша үлестіргенше, неге ұлтшылдарға грант бөлмеді, олардың кеңірдегі жоқ па, бала-шағасы ауамен күн көре ме? Бірде бір ұлтшылдың дені дұрыс көлігі не үйі жоқ!
Казактарға, шовинистреге Ассамблея атынан ақша береді, ал қазаққа жоқ!
Тариых алдында да, ұлт алдында да бар игілікті басып отырғандар енді жауап берсн! Тілді бір Аллаға тапсырдық...



Заң жобасын біз ауызбірлік танытып қабылдатуға күш салайық.Орыстілділердің бірлік танытып мына заң жобасына қарсылық көрсетуіндей біз де бірлікпен, ұйымшылдықпен заңның қабылдануына күш салуымыз керек.Аллаға шүкір ешкімнен кем емеспіз,санымыз да өсіп қалды, он бір миллионнан асып он екі миллионға жақындап қалдық (статистика агенттігінің мәліметтеріне сене бермеймін қазақтардың санын кемітіп көрсеткені бадырайып көрініп тұр). Орыстілді қазақтардың саны ары кетсе он пайыздан аспайды деп топшылай аламыз.Осындай мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз керек. Рас бізде қабылданған заңдардың орындалмайтыны бар. Бірақ біз табысқа жетуді жақыннан бастауымыз керек, яғни алдымен, бірінші заңды қабылдатып аламыз, сосын барып оның орындалуы үшін тағы да аузбірлік таныта отырып, бірлік таныта отырып орындалуына, іске асуына күш саламыз !!! Барлық нәрсе ұсақ-түйектен басталады емес пе ?!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Заң жобасын біз ауызбірлік танытып қабылдатуға күш салайық.
---------------------------------------------------

Билік өзінің 20 жылғы қырттығын қымтау үшін, өзі үшін қабылдасын! Не әкеміздің құны бар. Қазақстанды Ресей губерния етсе, кәзіргі қырттардың біреуі де билікте қалмайды, сол үшін жанталассын, елдің егемендігі деген өтірік сөз үшін емес! Енді қазақ тілін өздерінің жандарын арашалау үшін қолға алсын! Сөйтеді де...



Осы Өзбекстан ешкіммен ақылдаспай ақ ешкімді тыңдамай ақ егемендік ала салысымен тілінің тұғырын биікке көтеріп тастады ғой біздікі әйтеуір бір керіім жалтаңдау кімге неге не үшін жалтаңдаұ .ЕЛ ҚАЗАҚ ЕЛІ ЖЕР ҚАЗАҚ ЖЕРІ ТІЛДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ болу керек басқаның бәрі бос сөз.



Ел байлығын жымқырғанда ҚАЗАҚТАН сұрамайды,тілін саудаға саларда онымен ақылдасқан болады! Бейшара билік!
Таққа отыру үшін артты сүрту керек!



Дәл солай!



Пікір алынып тасталды!



сейсенбі күні, 23 тамызда "Ғалымдар Одағы" қоғамдық бірлестігінде сағат 11-00 де ҮЕҰ-дың біріккен Қоғамдық комитетінің кеңейтілген отырысына "Ғалымдар Одағынан" Оразалы Сәбден, "Алаш үні" қоғамдық бірлестіктер Одағынан Совет-Хан Ғаббасов, Республикалық "Мемлекеттік тіл" қозғалысынан Мұхтар Шаханов, "Әділет" партиясынан Мақсұт Нәрікбаев, "Руханият" партиясынан Серікжан Мәмбеталин, "Ақжол" партиясынан Қазыбек Иса, Астана қаласы «Мемлекеттік тіл» қозғалысынан Сайлау Батыршаұлы сынды азаматтар бастаған үлкен топ қатысып өз ой-тұжырымдарын ортаға салады.
Жұмысшы тобының отырысы әр сейсенбі сайын өтіп тұрды. Енді 23-тамыздан бастап жұмысшы тобы аптасына 2 реттен жиналатын болады.
Үкіметтік емес ұйымдардың «ҚР мемлекеттік тілі туралы Заң» жобасын дайындау Қоғамдық комитетінің есігі ашық. Ойы бар, ұсынысы бар қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалар комитет құрамына да, жұмысшы тобына қатыса алады.
Заң жобасын 15-қыркүйекке дейін әзірлеуді жоспарлап отырмыз.
Қоғамдық комитеттің үйлестірушісі "Аллажар-қолдау" қоғамдық қорының директоры Марат Бөтеев.
225 25 11, 8 701 277 16 83.



Менің өз атымнан жазған пікірімді неге алып тастайсыздар?
Прокурордың да, соттың да алдында өз сөзіме өзім жауап беремін!
Қорықпаңыздар!

Ал, мынауларыңыз - бос әурешілік!
Мына билік орынынан кетпей тіл мәселесі ешқашан да шешілмейді!!!
Тағы 20 жыл осылай мыжысақ тіл түгіл қазақ та қалмас...
Серік Сапарғали



Пікір алынып тасталды!



Мемлекетт3к тілге заңның қажеті жоқ. Конституция бойынша мемлекеттік тіл қазақ тілі болғандықтан, қазақ тілін білмейтін адамдар мемлекеттік қызметтен кетуі тиіс. Болды. 22 - жылдың ішінде қазақ тіліне басын бұрмаған арыздарға заңды шара осылай алынуы қажет.



Қазақ тілінің зары

Езгені болды езбенің,
Жетеді осы төзгенім.
Өз есігінде құл болып,
Тепкісінде жүрмін өзгенің.

Шақырмасаң қазақ, төріңе,
Әкетесің бірге көріңе
Не бетіңді сонда айтасың
Ахмет деген еріме.

Бәрін алдадым дейсің бе?
Дамыта алмадым дейсің бе?
Қаптаған өңкей өгейге
Таныта алмадым дейсің бе?

Жиырма жыл күнім түн десем
Заманмен қашан үндесем?
Астында тұрып көк тудың
Жалтақтайсың енді кімге сен...



Әлгі "Қазақ Елі" қозғалысын құрдым деп күмпітіп жүрген әупірім қайда жүр, не батыстағы ағайынның жанынан көрмедік, басқа іс-шараларда да көзге түспейді,
болмаса тумай жатып желкесі қиылған қозғалыспа, тым болмаса тіл мәселесімен айналысса екен, егер тірі болса.



ұлттық ұйымдар жалпы өтірік жүрген заттар сияқты
және бір кітап шығарса немесе өлең жазса болды тек ғалым адвокат тб ұйымшыл болып шығады, сосын қазақстанда қазақ тілді қолдана алмаса және ол дамымаса немесе сонда сөйлемесе онда не деген қазақстан швицория сияқты болып кетеміз ғой, орыстар 1-2 млн сосын біздер ракета ұшырмаймыз енді, орысша біліп айтып расияның да қатырып жатырғаны шамалы.



қазақ тілін көтереміз деп текке даурығып, жұрттың бәрін аллергия қылып не керек? қазақ тілін көтеру керек емес ол онсызда биікте! тек қазақ тілін сылтау қылып бюджеттен ақша бөлу, томдардан тұратын бағдарламалар жасап оны жексұрын етіп көрсетудің бір тиынға керегі жоқ. үн-түнсіз, ың-шыңсыз жұмыс істеуге ешқандай кедергі жоқ, қазақ елінде отырып қазақ тілін өркендету туралы солақай бастамалар көтеру қазақ тілінін беделін көтермейді, берекесін қашырады. Соны түсінетін уақыт жетті. Әйтпесе тағы біреулерге ақша керек болып жатыр ма?! қазақ тілін клоун қылып көрсетуді тоқтату керек. Сонда ғана қазақ тілі ҚАЗАҚТЫҢ ғана емес ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ тілі бола алады! Айжан Жұмабаева, журналист



Әлгі "Қазақ Елі" қозғалысын құрдым деп күмпітіп жүрген әупірім қайда жүр, не батыстағы ағайынның жанынан көрмедік, басқа іс-шараларда да көзге түспейді,
болмаса тумай жатып желкесі қиылған қозғалыспа, тым болмаса тіл мәселесімен айналысса екен, егер тірі болса.10



Әлгі "Қазақ Елі" қозғалысын құрдым деп күмпітіп жүрген әупірім қайда жүр,
---------------------------------------------------------------------------------
Бауырым6 ол қозғалыс биліктің құрған алдамшы қуыршағы ғой. Жанболат Мамай секілді жігіттерге қарсы жұмыс істейді.



Кеше теледидардан Молдова Республикасының Тәуелсіздігінің 20- жылдығына орай әскери шеру корсетті,бастан аяғыны дейін тек молдова тілінде жүргізілді.Біздер қазақтар әскери шеруді(парад)қазақша өткізу бақытына қашан жетеміз? Елбасымыз әскери шеруді бастан аяғына дейін (бір сөз орысша қоспай) қашан қабылдар екен? Біз неге, сыйлағанды түсінбейтін орыстарға жалтақпыз? Басқа үлттар(өзбек, түрікпен, әзербайжан, грузин, армян, молдова, украин, тәжік, эстон,литван, латван) сияқты Мемлекеттік тілде сөйлеуді талап етуге жасқанамыз? Тіліміз тәуелсіз болмай біздер қазақтар қалай Егеменді Ел боламыз? Біздің Мемлекет басшыларымыздың Ұлттық намысы қашан оянар екен? Ұлтжанды бауырлар, жүрегінде ұлттық намысы бар қазақ азаматтары, Ата-баба әруағын сыйлайтын болсақ бәріміз Мемлекеттік тіл үшін күресейік, Мұхтар Шаханов ағамызды қолдайық.



Казак тiлi - Аллага аманат.
Баска айтарым жок.
Жаке



Бір түійн: кеңестің білімін алып өскен адамдар кетпей, Қазақстанның жаңа болашағына қатысты мәселе алдыға жылжуы екі талай.



2-ші ақпаннан бастап Алматыда "Факультет нужных вещей" фильмі көрсетіліп жатыр.
Фильм мазмұны - ұлттық намыс туралы. Саундтрек осында(http://www.realmusic.ru/songs/977567/)
Өлеңнің соңғы сөздеріне назар аударыңыз.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 10 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>