Діни бостандықтың ақыры мемлекеттің дін ісіне араласуына алып келді. Заң қабылданды. Сол заңға қырын қарайтындардың қатары жетерлік. Неге? Сеніміне қарай түрлі ағымдардың артынан мұрнын тескен тайлақтай тепеңдеген азаматтар үшін діни сенім неліктен мемлекеттен, Отанынан қымбат? Оларды осындай соқыр күйге түсірген не нәрсе? «Намаз оқи алмасам Отан алдындағы әскери борышымды өтеуге бармаймын» деген не сөз? Діни жоралғыларға жол бермегені үшін Отаннан бас тартуға бола ма? Біз үшін діни сенім мен Отанның қайсысы қымбат? Жаугершілік, ашаршылық заманда да өз Отанынан бас тартпаған қазақ баласының мұнысы несі? Оң, солын танып үлгермеген жасты дегеніне көндіріп, жетегі еркен сөйтіп, мемлекетінен жерітіп отырған ағымдардың адымын аштырмауға тырысқан заңға әсіредіншіл азаматтар неге бағынысы келмейді? Әлде «мемлекет заңына бойұсынбай бұра тарт» деп әр ағымның «атаманы» шығарған ереже бар ма? Бәріне кінәлі билік пе? Өз таңдауы, өз сенімін анықтауға тиісті әр адамды ағымдарға ерткен де билік пе сонда? Әркімнің діни ағымдық ұстанған жолын құп көрмегені үшін мемлекетті жау көр, оның азаматтарын жек көр деген нәрсе Хақ тағаланың Құранында, пайғамбардың хадисінде бар ма? Ағымдар берген ақша бола Отанды, ұлтты, мәдениетті, салт-дәстүрді, ата-бабаны сатып кете беруге бола ма? Алла ерекше етіп жаратып, сана берген адамның өз дегені, өз ойламы, өз ұстанымы, өз көзқарасы деген болмаушы ма еді? Әлде ағымдардың сөзі - тағдыр ма? Адамды ұлттар мен ұлыстарға бөліп жаратқан Алланың айтқанына «ұлттың, мемлекеттің, салт-дәстүрдің, мәдениеттің керегі жоқ» деп қарсы шығып, қасарысу қайдан келді? Бұл Құдай уә тәбәрәкә тағаланың жолы ма еді?
Міне, Талқы-Форум әр азаматты алаңдатқан осынау сауалдарға жауап іздейді. Ой, қосыңыз, оқырман.
| Прикрепленный файл | Размер |
|---|---|
| koran.jpg | 15.15 кб |



Мүфтиаттың өзі бұл заңды қоштамайтынын айтты. сонда муфтиатты да ағымға жатқызып жібердің бе?
Мен діндар адам емеспін.
Бірақ жыл сайын бүкіл Әлемнің Дінбасыларын жинап алып форум өткізгіш біздің ел неге өз жерінде намазды кез-келген жерде оқуға тыйым салды?
Ана форум показуха ма?
Ұпай жинап, Нобекең сыйын алу ма?
"тескен тайлақтай тепеңдеген азаматтар үшін діни сенім неліктен мемлекеттен, Отанынан қымбат?" Ө-----------
Өйткені олардың қазағыңа түкіргені бар. Есіл-дерті араб болу. Рахат
"Біз үшін діни сенім мен Отанның қайсысы қымбат?" ____________________________________________-
"Отан сүю иманнан" деп өскен қазақ үшін діни сенім Отаннан бөлектенбейді. Еліңе қызмет етіп, еліңнің дамып, өркендеуіне қаншалықты үлес қоссаң, соншалықты сауап аласың. Ислам діні өзгелерге адамгершілік жақсылықтар жасаудан тұрады, ал өз еліңді сүймей, өзгелерге жақсылық жасау мүмкін емес. Бек
Бәріне кінәлі билік пе? ____________________________________
Билікке ысырып тастай беруге болмайды. Өзіміз кінәліміз. Соның ішінде өздерін зиялы санайтын азаматтар!!!!!! Қизат
"«ұлттың, мемлекеттің, салт-дәстүрдің, мәдениеттің керегі жоқ» деп қарсы шығып, қасарысу қайдан келді?" -------------
Бұл тәуелсіздік алған жылдары бос қалған вакуумды толтыруға тырысқан, шайтани мақсаттармен шеттен келген діншісымақтардан келген ой. Әсіресе қасарысқанның көкесін көрсететін қатып қалған(догма) уахабиттердің орны ойып тұрып орын алады. Қалекең
Осы сұрақтарды бір әрпін де өзгертпей Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабеков, Ринат Зайнулинге көзбе-көз қою керек екен. Терлеп-тепшігендерін көрер едік. Жұмат
Бұл Дін мәселесі неліктен барлық мәселенің алдына шықты, ең алдымен осыған терең үңілер болсақ мемлекеттің өзі кінәлі екендігін байқаймыз. 1992 жылы қабылданған Діни сенім бостандығы туралы заң, елімізде жат ағымдардың қанат жайуына мүмкіндік беріп қойды. Тамыры терең кеткен ағымдарды тоқтату бүгіндері үлкен мәселеге айналды. Жүгенсіз кеткен дін бір қазақтың баласын бір-біріне өш қылдыруға алып келді. ҚМДБ-ның қауқары ағымдармен күресуге жеткіліксіз. Жұма намаз уағыздарында жамағатты бірлікке, бір мазһабпен жүруге, отанды сүюге шақырады. Қолдан келері осы. Ал құлшылық мәселесіне келер болсақ, ол жеке адамның Құдай Тағала алдындағы міндеті. Одан бас тарт деп, қысым көрсету мүлдем дұрыс емес. Намаз оқисын ба? Әлде Отанды қорғайсын ба? екеуінің біреуін таңда - деп талап қою қисынға келмейді. Намаз оқыған адамның барлығы Отанын қорғаудан бас тартады деген сөз болмауы керек, ол сөз ешбір ақылға сыймайды. Ал енді Отан емес, маған намаз маңызды деп айту да дұрыс емес. Елің, жерін болғандықтан екеуіде маңызды, сондықтан бірін-бірінен бөліп тастауды түсіне алмаймын. Екіншіден,Алла өзі сақтасын біздің әскерлер бұл күндері соғысқа шығып жатқан жоқ, яғни бейбіт мақсатта соғыс тәсілдерін үйренуде. Ал енді келіп құлшылықтан шектесек, онымен бұл жағдайды реттей алмаймыз. Жасыратыны жоқ еліміздегі ағымдардың өкілдеріде әскерге баруларына тура келеді, солардың әрекеттері ҚМДБ бағынатын жамағатқа кесірі тиуде. Ата бабамыз әуел бастан мұсылманшылық жолмен жүрген. Мемлекет бұл күндері ҚМДБ жәрдем көрсетіп, бірлесіп жұмыс жасауы керек. Жуырда құрылған ҚР Дін ісі жөніндегі агенттіктің өзі ҚМДБ мұрынын шүйіріп қарауының артында не жатқандығын ұғып түсіну қиын. Уаһабизм, Салафизм, Таблиһ жамағат т.б. өзге мұсылман елдерінің ішінде пайда болған, дәстүрімізге мойын ұсынбайтын жат идеялогиялық ағымдардың алдын-алу үшін Агенттік бел шешіп кіріскені құптарлық іс. Алайда Дін ісі жөніндегі агенттік жұмысына кірісе сала меморгандардағы құлшылық орнына бірден бас салды. Бұл өз кезегінде меморганда қызмет ететін дәстүрімен құлшылығын қатар алып жүрген, ешкімге зияны жоқ ҚМДБ пәтуасына бағынатын жамағатқа қатты соққы болғаны шындық. Қызметте отырғанда ешбір адам жұмысының бар уақытын құлшылыққа арнамайды. Бұл жердеде не қызметті, не намазды таңда деп адамды тығырыққа тіреуде орынсыз. Егер шындап бақылау жасайтын болса, компьютерде отырып қызметін атқаратындардың басым көпшілігі жоқ дегенде жұмыс уақытының 3/1 бөлігін компьютер ойындары, агент онлайн байланысына жұмсайды. Осыны біле тұра, тек қана бесін мен екінді намаздарын ғана жұмыс уақытында оқуына тура келетін құлшылық жасаушыны нысанаға алу мүлдем шектен шығушылық. Жалпы дін нәзік мәселе, жеті рет өлшеп бір рет пішкен дұрыс. Негізі қазақ бауырларымыздың жат ағымдарға кетіп қалуының себебі, ұлттық иммунитетті көтере алмай жатқан тағыда өзіміз кінәліміз. 20 жыл өтседе ТІЛ мәселесе өгіз аяңмен келеді, Тіліміздің аясы кеңімей әдебиет-мәдениет, салт дәстүр ұғымдарын біз насихаттауда мардымсыз болуда. Қала мектептерінде қазақ мектебінде оқитын балалар қазақ тілінде сөйлемек түгілі, ең аяғы қазақша ұрысада алмайды. Енді осы балалардан біз дәстүрді қайтіп талап етеміз. Бойында қазақылығы жоқ жас өскін, ертең дін ұстанғанда ұлт, дәстүр ұғымдарын білмегендіктен жат ағымдардың жетегіне кете береді.
Соңғы пікір айтушы орынды айтыпсыз.
Апырай не болып кетті, түсінуден қалдым. Темір
№1-ге. Мүфтияттағыларың түгел шайтан! Әйтпесе, жаламен сотталған сопылар туралы естімей немесе сопылық дәстүрге сауаттары жетпей отырған жоқ ол *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лар! Алла жолында ақиқаттан айнымайтын болса мүптиятың неге бұл тұрғыда моладан бетер мелшиіп үні өшіп қалған?! Өңшең өгіздей болып семірген өлімқұмарлар мен ақ шапан киген албастылар Президенттің алдында жамырап келіп жамандағандары - Алланы жариялы түрде зікір етушілер. Ата-бабадан қалған асыл мұрамыз "Зікірді" жамандаған малғұндардан не жақсылық күтесің?! Сауты жетпейтін болса, ұяты-иманы бар адам МҮФТИЯТ сынды киелі орынның абыройын төкпей, кетуі керек қой! Алшын -Маңғыстаудан
Соңғы уақытта Сопыларды соттатып отырған ПАТШАНЫҢ өзі деген ангімелер шығып жүр сол рас па? Тергеуші Құмарбеков сопылар ісін Елбасы шешіп қойған деп жала жаба беруге уйреткен дейді адамдарды.Сейсенбай Ахмет дегеннің мақаласын оқысаңыздар солай делінген.
Құрметті қауым, мен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың студентімін. Мен бір ашылмай жатқан шындықты айтпақпын. Біз өз институт басшылығымызға (мұнай және газ)қатты наразымыз. Өйткені бізге 2 ай бойы сапалы білім берген оқытушымызды еш негізсіз, яғни оны бізден Карим Масимовқа қарсы қол жинады деп жала жауып, жұмыстан шығармақшы. Алайда олар айыпқа ешқандай дәлел келтіре алмаған. Оқытушымызды қызметтен алу туралы шешім институт басшылығы мен және сол іске байланысты құрылған комиссиялар біздің көзқарасымызды ескерілместен жасалды (кейбір студенттер қол қоюға мәжбүрленген, яғни деканаттан қысым жасаған). Сондықтан да біз Швецияда жоғары білім алған оқытушымызды бізге сабақты ары қарай өзі жалғастырып беруін қалаймыз!!! Сіздердің көмектеріңізге зәруміз!!!!!!!!!!!!!
Дәл қазіргі күні өзіміздің дінді таразылаймыз деп бар көңіліміз соған ауғанда, артымыздан пышак салып, бетімізге бақырая қарап отырған қаншама діни ағымдар бар. Мұсылманның заңын қарастыра бергенше, соларға да "қой" деп отыратын кез келген шығар...
Осы дін-пін дегенді қайдан шығардыңдар. Осыған дейін дінсіз өмір сүрдік қой. Аяқ астынан бәрің молда бола қапсыңдар.
Адамға жамандық істемей, ақ-адал жүрсең болды емес пе.
Өтірік айтпа, ұрлық қылма, жүрегіңде мейірім болсын.
Міндетті түрде оранып-шымқанып, бес уақыт еңкейіп-тоңқайып намаз оқыған болып, істеген істері харам адамдар көбейіп барады.
Жаратқан ием солардан сақтағай!
15-нші сені ешкім зорламайды дінге кір деп.Дін дұрыс ұстау үшін жүрегің таза,көкірегің ақ,аузыңды тыюың керек,аузың лас,көкірегің қара,жүрегің қобалжып неістерін білмей тұрса өте қыйын зат сол.Ұстазың дін үйрететін жақсы болуы керек.Міне өзің күнделікті көріп -естіп отырсың,қаншама жап-жас жігіттер бақилық болып кетті тууу ана иттің өлген жері дағыстан,шешенстанға барып,кім бар деді оған, не жоғалтып жүр,ештеңе де жоғалтқан жоқ,тек ниеті бұзық біреулердің айтақтауымен айдалада қалды.Сен мына өз елің ҚАЗАҚСТАНДЫ өркендетуге ат салыс қолыңнан келгенше жігіт болсаң, болмаса құдайғада мағанда керегің жоқ.Дұрыс айтасың сақалы қауғадай,балағы тізесінде біреулер бар ата-баба десең ат тонын ала қашатын солардан құдай сақтасын.
ата дiнiнен безген дарвиннiн жолын устаушы атеист -ултшыдар да бугин айтарлыктай жаналык жок екен..
Сондықтан хаттардың жеңіл-желпісіне кезек берейік – Санжар Керімбай:
“Мені жұмысы мен семьясын қатар алып жүре алмайтын адам” деп айыптайсың. Өте дұрыс. Дін мен жеке басының шаруасын қатар реттеп келе жатқан кім бар осы айналада? Бүкіл Қазақстанды алмастай жарқыраған ақылымен таңқалдырып, дүниенің жүзінің дүмшелерін шошытып біткен Хазреті Саматтулла тақсыр ма? Ол кісі бойындағы кереметтерді қазып алу үшін айлап емес, жылдар бойы үйінен қаңғып дуана боп кетті ғой. Сондықтан да оны бүкіл ағайын туыстары күні бүгінге дейін “Жынды, қаңғыбас Смтаулла” – деп атайды. Сматулла тақсыр бала шағасын жиып алып: “Мені өлді деп есептеңдер”- деп үйінен шығып кете беретін кісі болғанын сен менен гөрі жақсы білесің. Өмір бақи өзін асырып баққан шешесі жат елде туған жерден топырақ бұйырмаған күйі көз жұмғанда әулие баласы қасында болып, моласына бір уыс топырақ тастай алған жоқ.
http://dinislam.kz/publ/11-1-0-38
18-қонақ, мұның бұл жерде қандай қатысы бар? Сіз бірінші Санжар Керімбайдың сол хатын толық оқыдыңыз ба? Егер толық оқысаңыз, бүйтіп арандатуға бармас едіңіз.
Кім әке шешесін арқасына байлап жүр,ғылым-білім іздеу өз алдына адамға міндет болса,Алла тағаланың құзіретіндегі іс-қой өлім деген.Ізденген жетер мұратқа,іздеген табады.Ал бірақ тауып құтырып аллаңды ұмытсаң әне үлкен күнә.
Құрметі форум мүшелері- мынаны естен ешкашан шыгарманыздаршы- мын жерден араб казак бола алмайды - мын жерден тырысса да араб казак бола алмайды- Бул акикат. Аллат тагала озі адамзатты улттарга боліп жаратып елі гой о баста- бір бірлерінді танысын деп, казак о баста атаны курмет тутып- кішіге ілтипат жасаган- казак исламды кадір тутып- ислам дініне курметпен караган. Кудайдан корыпкпагннан корык деген казекем- озге елдін жеті турлі ілімін уйрен деген- бірак отанына опасыздык жасама- сен миллион жерден намаз окы- бірак отанынды коргап- оган жаксылык жасай алмасан намазыннын кадірі кок тиін
Дұрыс айтасыңыз 21-нші көктен түскен төрт кітап ,төртеуіде дұрыс деп есептелінеді,ондай болатын болса,тек намаз емес, Құдайға жасаған құлшылығыңның көк тыйынға керегі жоқ сияқты.Отанын қорғамаған адам ол САТҚЫН,АЗҒЫН,ХАЙУАН, елдің қазынасын далаға тасыған адамныңда еститіні сол.Сен аш болсаңда тоқ болсаңда бірге бол еліңмен сонда сен еліңнің азаматысың,бөліс еліңмен тышқан сияқты,ұртыңа тыға бермей.Әмір
Заңды бұдан да қатты қатайту керек. Әйтпесесе бақытты болмақ түгілі, Өмір сүру қиын боп кетті.
Үкімет дінге бет бұрған барша мұсылманды өзіне қарсы қойғаннан басқа бұл заңнан ештеңе ұтпайды. Қашанғыдай ұшқарылыққа ұрынып отыр. Діни бостандық деп бетімен жіберген өздері. Дін ойынды көтермейді.
Дін мәселесін үкімет басынан уысында ұстау керек еді. Енді қиын мәселеге айналып отыр. Дін мәселесінде дәстүрлі діндерге сүйенбесе болмайды. Ол дегенің мемлекет сауатты, білімді дін қызметкерлерін даярлауды қолға алу керек. Қазақстандағы дәстүрлі ислам күш алды. Онымен есептеспеске болмайды. Кемінде 2 млн ер-азамат ислам шариғатынымен өмір сүріп жатыр. Үкімет бұйырды екен деп діннен бас тарта ма?! Не Отан, не дінің деген таңдау бола ма?! Қай мұсылман отанын сатып отыр?! Сол сияқты Алла адал қылғанды, үкімет тыйым сала ала ма?! Алла мұсылманға монша мен әжетханадан басқа жерде құлшылық жасауды адал қылған. Үкімет өзіне адал қызмет етіп жүрген мұсылмандарға қиянат жасап отыр. Тағы да екіжүзділігін, халықтан алшақ тұрғандығын көрсетті.
Дін керек пе? Дініңді сақта да, үйіңде жат, бірақ өкіметке қарсы шықпа! Еліңді жау шапса, дін деп, тоңқайып жатасың ба, жоқ еліңді қорғайсың ба? Мұсылмандарды сыртқы жаулар сол тоңқайып, намаз оқып жатқан жерінде талай қырған дейді. Билік те топас емес. Сендерді мойнаға сүйреп бара жатқан уахабтардан құтқарғысы келеді.
Ғұламалардың айтуынша құрбандық етінің бір бөлігін тамақ ретінде әзірлеген, бір бөлігін садақа ретінде таратқан, қалған бір бөлігін отбасы үшін сақтап қойған жақсы. Құрбандық шалудың тарихынан.
Құрбанға мал шалған жақсы ма? әлде тауық шалған жақсы ма? Балық шалса шы? Қарбыз шалса бола ма? Құрбандыққа балаларын шалатындарды қалай түсінеміз? Құрбанға кәпірлерді шалсақ қалай болады? Олар да күнәһар мал дейтіндер бар ғой? Орыс, не қытайды шалатын мұсылман бар ма? Адам өлтірді демей, адамды құрбандыққа шалды деп айтсақ қалай болады, қылмыскерлерді? Әлһамдулла, иншалла, Жаратушы бір Аллла, бойсыншы осы калла
Алладан басқа тәңірі жоқ, Муссин оның елшісі!!! - Осы сөзді кейінгі кезде ақтаулықтар көп айтып жүр? Дұрыс па, бұрыс па?
"Отанды сүю - иманнан" дейді,ал иманы бар адам ислам қағидасын,бес парызын толық өтеуге тырысады. Ал бес парызды орындамай,намаз оқымай Отанды сүю ақылға симас,имансыз адам Отанды қалай сүймек?
Намаз оқымаса имансыз дегенді уахабилер ғана айтады. Сол залымдардың кесірінен қазақ запа шекті, тіпті қасиетті құрбан айттың да мәні әлсіреп. Жауыздарда еш иман жоқ. Әне түрмеге түсер, түрмеде намазхана жоқ, намаз оқытпайды. Солай, намазды оқымағасын имансыз кететіндер солар. уахабилерде отан жоқ.
30 ға. Қанш Сәтбаев, Абай Құнанбаевтер намаз оқымаған. Олар да отанын сүймеді демекшісің бе? Ал анау намаз оқуда рекорд жаратқан уаххабилердің отаншылдығын айтып тұрсың ау деймін, уахаб иттің күшігі!
Ал бес парызды орындамай,намаз оқымай Отанды сүю ақылға симас,имансыз адам Отанды қалай сүймек?-----------Саған әлі жетпей жатырма әлде сен солай бағыт алып кеткен адамсыңба.Сен мына отаның (әрине отаным деп есептейтін болсаң)ҚАЗАҚСТАНды жан дүниеңмен сүйе біл,халқын,дәстүрін,тілін құрметте,міне содан соң барып ойлан,мен қай бағыттағы дінде болуым керек деп.Әрине ата-бабаң мұсылман дінін ұстанған болса,осы жолды құп көрсең АЛЛА саған кеңпейілділік,иман жүрегіңе ұялатсын.Ал енді ҚАЗАҚСТАНның азаматы бола тұра мен отанды қорғауым керекпе жоқпа деген сөзің,имансыз адамның сөзі,ондай пиғылмен басқа елге қоныс аударғаның мақұл.ҚАЗАҚСТАНда елдің ар намысынан тілі дәстүрінен жеріген пендеге орын болмауы тиіс.
Өйдөйт дерсің намысқойлар-ай, қайдағы отан,отаның әлдеқашан пышақ үсті сатылып кеткен,көздеріңді ашып қараң,нең қалды сатылмаған,жер кетті,дүние-байлық кетті,жұтып жүрген ауаң қалып тұр кезек күтіп. Мемілекет иелігінде (халық иелігінде) ешнәрсе қалмауға айналды,әлгі "народный ІРО"-сы жүзеге асса 100пайыз сатылады,кімдер алатынын іштерің сезіп отырған шығар. Отанды қорғағанда қалай,Терещенко,Мадинов,Перуашовтің жерімен Құлбаев,Машкевич...байлықтарын қорғауым керекпе,тапқан екенсіңдер ақымақты,сұраң әуелі қанша төлейді екен,ойланып көрерім. Қолға қару алар кезкелсе есептесетін мәңгүрттерім жетіп артылады,20 жылда көрсеткен қорлықтары 40 есекке,азабы атан түйеге жүк боларлық,осы тәуелсіздік мерекесіне орай босқын мәртебесін сұрағым келіп отыр.
"Алланың өзіде рас,сөзіде рас"-деп Абай неге айтты намаз оқымаса.
Құрметті агайындар! Алланын атын айтып, намаздын окылу, окылмауын соз етіп, Отан мен діннін арасына іріткі салып келеке кылмайык. Намаз оку ар адамнын жеке ісі, ал Алланын хак екенін тіпті атеист адамдардын оздері іштей сезеді. Тек кана мойындагысы келмейді. Намаз окып тонкайып, турып деген сынды создерді айтканша ундемей-ак койган дурыс. Менінше намаз окып, Алла алдында парызын отеп жургеннін барі адаскандар емес. Тек бул бір карынды бір кумалак шірітедінін кері. Иа, дін аркылы мемлекет тыныштыгына іріткі салатын адамдар бурын да болган, казір де жалгасып келеді. Мемлекеттін дін ісіне араласуы әлдебір нарсені сезгендігінде болса керек. Бірак ондайларга шектеу коямыз деп мукым казакты, ягни Отанына да, намазына да адал жандарды уркітіп алмаса болганы. Булай болмас ушін дін бостагын берердін алдында ойлану керек еді. БЬасы істемегеннін екі аягына куш келедінін керімен, колымызды мезгілінен кеш сермемейік!
Намаз оқытпайтын отан керек емес деу сатқындықтың белгісі. Мысалы 5-6 жасқа дейінгі ата-анасынан басқа аңсары жоқ, періште пейіл жас баланы Аллаға ғибадат жасамадың деп қалай кінәлайсың?! Біздің халықтың да көп бөлігінің дін туралы білім-парасаты сол 5-6 жасар баладан артық емес. Сондықтан да Кришнаид, Иогово, уахабит, салафит, хизбут т.б. иттер қауымына білмей кіру арқылы, тегіндегі қайсарлығына орай өзі ұстанған бағытынан бас тарта алмай өзін өзі жаруға дейін баруда. Уахабиттердің күшейгені сондай, ауызбірлік, Отанға деген адалдық пен Алладан басқаны аңсамайтын ғұлама-ғазиз жандарды бүкіл Қазақстанның 500-ден астам Зиялыларының АРАША сұрағанына қарамастан 14,12,10 жылға үкім шығартып отырған "УАХАБ" болмаса, қандай "құдырет"?! Бұл ұлтын сүйген ұлықтарға жасалған жауыздық - ұлт дұшпандарынан басқаларға қасірет пен қайғы. Сондықтан да ақ пен қараны ажырату үшін Дін туралы заңды одан сайын қатайтып, ұлттық салт дәстүрлерді тәрк етушілердің алдыңғы қатарын (мұртсыз САҚАЛдылар) атып тастаса да артық емес сияқты. Өйткені олар ұлттық болмысымыздың қас-дұшпандары! Адай Ақтаудан
СЕНДЕР қамағыш болсаңдар Тлеуқанның уақапИТтері мен Мусиннің баласының салапИТтерін неге қамамайсыңдар?
Сыз былесызбе, отан деген не? Кухныя мен даретхананын арасы ма! Барлык умбетты бултарытпаи намаз окыуга катан буиырган куран аиаттары мен хадистерды былмеисызбе? Былсеныз не сандырактап турсыз! Былмесеныз онда неге былгырсып
Шатыласыз? Аллаха Кул болыуды Ар корген адам отаншыл болып карык кылмаиды!
Good to see a tanlet at work. I can't match that.
business insurance >:((( home insurance quote =-(((
universal life insurance 354125 online car insurance =D
health plus insurance ajphz cheap auto insurance >:]]] auto insurance 709342 cheap health insurance >:-]]
affordable auto insurance %PP auto owners insurance 0983 health insurance quotes plqxyt
cheap auto insurance 812 classic car insurance 7682 cialis tablet 7362
cheap car insurance ofapgt online auto insurance bwrsyp car insurance quotes 980 home insurance online quote utah =-[[
term life insurance quotes ybe individual health insurance bqhzxh car insurance online pbpu car insurance qoutes elu
Пікір қосу