Мәмбет Қойгелдиев: «ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне үлкен қиянат жасалды» | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Мәмбет Қойгелдиев: «ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне үлкен қиянат жасалды»

Жәрдемші


Мағжан Бекенұлының «Алқа. Табалдырық» атты 1924 жылы жазылған еңбегі  «Табалдырық. Манфифест» деген атпен тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің мұрағат материалдарымен толықтырылған нұсқасы жеке кітап болып жарық көрді. Төменде Мағжан Жұмабаев еңбегінің ғылыми-көпшілікке жол тартуына орай өткізілген баспасөз мәслихаты кезінде тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің айтқан сөздерін беріп отырмыз. (М.Қойгелдиев сөзінің толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдай аласыздар)
«Абай-ақпарат»
Мәмбет Қойгелдиев:
-Советі өкіметі орныққаннан кейін көркем әдебиеттің негізінде социалистік реализм жатуы керек деген концепция өмірге келді. Біздің елде осы ұстанымды қолдай жазушылар пайда болды. 1925 жылы Қазақ пролетариат жазушылар ассосациясын құру туралы шешім қабылданды. 1926 жылы ол ұйым өмірге келді. Соған байланысты біздің жазушылар өздерінің көркем шығармаларын социалистік реализм негізінде жаза бастады.
Осы кезде Мағжан Жұмабаев Мәскеудегі әдебиет институтында оқып жүрген еді. Ол жаққа 1923 жылы барып, 1926 жылы елге оралды.  Әрі әдебиет институтында оқыған тұңғыш қазақта - Мағжан Жұмабаев. 1924 жылдың соңғы, қараша, желтоқсан айларын осы «Табалдырық» еңбегі жазылған. Мағжан 1925 жылдың басында сол кезде журналистика институтында оқитын екі көмекшісі - Аманғали Сегізбаев, Сәрсембин екеуінің көмегімен «Табалдырықтың» араб графикасымен  жазылған бірнеше ондаған көшірмесін жасаған.  Сосын Қазақстандағы өзіне жақын, пікірлес адамдарға пошта арқылы таратқан. Смағұл Сәдуақасов «Табалдырықты» баспасөзге жариялғысы келген. Алайда, заманның теперіші мен кедергісінен бұл еңбек баспа бетін көрмей қалған. Сөйтіп, «Табалдырық» қолжазба күйінде қалып қойған.
Тәуелсіздік алғаннан кейін «Табалдырықтың» кирилицаға түскен нұсқасын Дихан Қамзабекұлы және Тұрсын Жұртбай жариялады. Бұл кісілер менен бұрын жариялаған. Дегенменде, жоғарыдағы азаматтар жария етсе де бұл еңбек көлеңкеде қалып қойды. Оқырманның, ғалымдардың игілігіне айналған жоқ. Оны ашық айтуымыз керек. Сол үшін біз бұл еңбекті бөлек даярладық. Кітап бірнеше бөлімнен тұрады. Бірінші, менің зерттеу мақалам. Екінші, «Табалдырықтың» кирилицаға түскен нұсқасы, үшінші, араб графикасында жазылған түпнұсқасы. Төртінші, «Табалдырыққа» байланысты жүргізілген тергеу материалдары.
Мынау кітаптың аты «Табалдырық. Манифест» деп аталады. Мағжан Жұмабаев еңбегінің атын «Алқа. Табалдырық» деп қойған. Манифест деген сөз жоқ. Ал, ОГПУ-дың тергеушілері бұл еңбекті «Платформа Магжана Жумабаева» деп атаған. Сөздіктен қарадым. Бұл француз сөзі. «Платформа - белгілі бір саяси ұйымның, қоғамдық ұйымның, топтың әрекет бағдарламасы, талабы» дегенді білдіреді. Ал, ОГПУ тергеушілер Мағжанның платформасын большевиктің платформаға, социалистік реализмге қарсы қоюға тырысқан.
ХХ ғасырдың басында бүкіл европада ақын-жазушылар манифест арқылы өздерінің ұстанымдарын білдірген. Мысалы, Ресейде Горький, Францияда - Ромен Роллан,Жан Пол Сартр, Италияда - Мариетти, Грамши осылай жалғасып кете береді. Міне, сондай манифест жазған бірден бір қазақ жазушысы - Мағжан Жұмабаев.
ХХ ғасырда қазақ көркем әдебиетіне үлкен қиянат жасалды. Мағжан сияқты классиктер мен олардың шығармалары социалистік реализм классиктерінің көлеңкесінде қалды. Мағжанның орнын  социалистік реализм классиктері алды. Мысалға, Сәбит Мұқановты айтайын. Оның «Өмір мектебінде», «Есею жылдарында» жақсы білемін. Егер мәселенің бетіне тура қарап айтатын болсақ, Сәбит Мұқановтың бұл екі романы ұлттық ұстанымдағы қазақ зиялыларына жасалған қиянаттың белгісі болып есептеледі. Және Сәкен Сейфуллин де бар. Бұлар қазақ әдебиетінде тар шеңбердегі социалистік реализмнің іргетасын қалады, соның дамуына жағдай туғызды, жол ашты.
Осыған байланысты қазіргі мектеп оқулықтарында үлкен қателік бар. Сол кемшіліктерді жойып, басымдықтарды дұрыс қоюымыз керек.

«Абай-ақпарат»

Magjan Alqa by Omirzhan Abdihalyh


 




"Мысалға, Сәбит Мұқановты айтайын. Оның «Өмір мектебінде», «Есею жылдарында» жақсы білемін. Егер мәселенің бетіне тура қарап айтатын болсақ, Сәбит Мұқанов бұл екі романы ұлттық ұстанымдағы қазақ зиялыларына жасалған қиянаттың белгісі болып есептеледі. "

***
Қатеге толы сойлемдер!!!



СӨЗ ҚАТЕСІН ҚАЙТЕСІҢ ОЙ ҚАТЕСІ БОЛМАСА. ҚАЗІР СӨЗ ТАПҚАНҒА ЕМЕС, ОЙ ТАПҚАНҒА ҚОЛҚА ЖОҚ. ОЙ ТҮЗЕЛМЕСЕ,СӨЗ ТҮЗЕЛМЕЙДІ. БҰЛ АҒАМ ОЙЫ ДА СӨЗІ ДЕ ТҮЗУ ҰЛТТЫҢ ЖАНАШЫРЫ. ТАРИХШЫ РЕТІНДЕ СОЛ КЕЗЕҢНІҢ МӘТІНДЕРІНДЕГІ (СӨЗДЕРІНІҢ БҰРМАЛАНУЫН)САЯСИ ШАПАНДАР ТУРАЛЫ ОЙЫ ҒЫЛЫМИ ТАНЫМҒА ДА ТАРИХИ ШЫНДЫҚҚА ДА САЙ КЕЛЕДІ. РАХМЕТ МӘМБЕТ АҒАМА! ДОСАЙ



Құрметті Мәмбет аға!
Мағжан Жұмабаев "Табалдырық" атты кітап жазбаса, замандастары да "Мағжан "Табалдырық" атты кітап жазды" демесе, біз неге ақынға өзі шығармаған еңбектің атын телуіміз керек? Осыған тарихшы ретінде не деп жауап бересіз?
Сіз "Мағжан Жұмабаев еңбегінің атын «Алқа. Табалдырық» деп қойған" дейсіз. Оны қашан және қай жерде қойған? Бір еңбектің екі аты болуы мүмкін бе?
Қазір біраз оқырман төтешені жақсы біледі. Сіз даярлаған мына еңбек аз данамен шығыпты. Сондықтан Сізден, Абай.кз-дан "Мағжан жазды" деген еңбектің арабша нұсқасын жариялауды ұсынамыз (Сайт бетінде). Арғы жағын сауатты азаматтар өзі ажыратып алады.



Айтқандайын, №1 пікір берушіге айтарым: мынау Мәмбет ағамыздың ауызша сөзі. Одан қате іздеу дұрыс емес. Ауызекі сөз жазба стиліндей болмайды. Мұны хатқа түсірген адам шылаудың бөлек жазылатынын білмесе керек.



Атында тұрған не бар,мәселе затында тұр емес пе.



Қазинформ "Мағжанның "Табалдырық" атты кітабы шықты" деп дуылдатып жатыр. Тарихты білмейтін жас ұрпақ енді М.Жұмабаевтың "Табалдырық" атты кітабы бар" деп соғатын болады. Жасасын "жаңа тарих"!



Абай.кз! Сіздер де "Мағжан Бекенұлының «Табалдырық. Манифест» атты еңбегі" депсіздер. Сәл ойлаңыздаршы! Ақын ондай еңбек жазған жоқ қой. Мәкең /М.Қойгелді/ де жоғарыда "Манифест деген сөз жоқ" деп отыр. Осылай-осылай "самаурынның су тасыды" деген "Самарқанды су алды" болып кете береді.



Соц. реализм туралы айтқаны аса өзекті.СӘКЕН МЕН СӘБИТ кім,МАҒЖАН кім. ЖЕР МЕН КӨКТЕЙ ЕМЕС ПЕ,Біз оны оқулықтарда әлі ажыратып бере алмай жүрміз,балалардың миын ашытып.



табалдырық - введение - деген сөздің аудармасы емес пе. Алашшыл платформаның әлқиссасы. Солай деп жалаулатып жүрсе, сөз жоқ қой қазіргі тілшілерге. Көбісі шала сауатты, кітап оқымаған надандар ғой.



Сексенінші жылдардың басында Мәмбет ағай Казгудың филология факультетінде СССР тарихынан сабақ беретін. Ол кезде лекция үзілісі бар екі "пар" болып оқылатын. Үзілісте студенттер топталып Мәкеңді қоршап әңгіме айтып тұратынбыз. Ол кісі бірде "жігіттер оқу бітірген соң Алматыда қалуға тырысыңдар, қазақтың мәселесі ауылда емес, қалада шешіледі" - деген болатын. Ұлтшыл ағам-ай, жұрт коммунизм құрамыз деп шуласып жатқанда, сіз сол кезде-ақ қазақ қамын ойлап жүреді екенсіз ғой. Сіздей азаматтары бар қазақтың көрер қызығы алда...
Бақытты ғұмырлы, үбірлі-шүбірлі болыңыз!!! Бижомарт



М.Қойгелдиев: -Егер мәселенің бетіне тура қарап айтатын болсақ, Сәбит Мұқановтың бұл екі романы ұлттық ұстанымдағы қазақ зиялыларына жасалған қиянаттың белгісі болып есептеледі. Және Сәкен Сейфуллин де бар. Бұлар қазақ әдебиетінде тар шеңбердегі социалистік реализмнің іргетасын қалады, соның дамуына жағдай туғызды, жол ашты.
----------------------------------------
Тұрсеке! Профессор Тұрсынбек Кәкішев! А-у-у, қайдасыз? Дүние не боп кетті? Барсыз ба? Компартия ҚР Парламенті сахнасына шыққанда, алашшылдар не дейді?
№045823 партбилет иесі



Мәке! Қамбар Атабаев тарихшы сіздің шәкірітіңіз бе, сіз оның шәкірітісіз бе? Өзі бірдеңе дейді, түсінбедім.



Сәкенге, Сәбитке тіл тигізбеңдер! Олар - қазақтың ары, ұяты, абыройы, беделі, нүры, шуағы, арманы. Қателессе қазағы үшін қателесті. Соцреализмге сенсе, қазақ әдебиетін дамыту үшін сенді. Мағжан да "Қызыл ту", "Жамбылға" өлеңдерінде большевизмді, жаңа өкіметті жырлады ғой. Бұлар соцрелизм емес пе?
Арқа қаламгері



Сәкен - қызыл сұңқар, Сәбит - "кәдімгі Сәбит Мұқанов". Имандары саламат болсын!



Жаман қазағым-ай! Өре тұра келесің, дәлірек айтқанда, үре тұра келесің! Мәмбетті қолдасаң да қолдамасаң да, ол Мәмбетәлі ғой. Ойындағысын, көзі жетіп тұрған соң, неге айтпасын. Жеткен көз -Мәмбеттікі, айтылған сөз Мәмбеттікі, айтқан ауыз тағы Мәмбеттікі. Енді, кішкене ғана сабыр етіп, көз жұмып, ойланайықшы. Мүмкін, оның пікірі дұрыс шығар, мүмкін, бұрыс шығар. Әйтеуірі, ой салып, ойлауға жетелеп тұр ғой. Қабылдамасақ, Мәмбеттің сөзі - Мәмбеттікі. Сенікі, не менікі емес қой. Осындай сұңғылалыққы үйренбей қойдық-ау! Тегімізге қарайық, тегімізге! Сабыр етейік, шырақтар.Мәмбет туғанда да, қалжасына тай болмаса, қой сойған шығар. Асылы, ғылымға келгенде, төзім керек екенін түсінбей-ақ қойдық қой. Тек осы тақырыпта ғана емес. Ауыздан ұрып, неге сен...дегеніміз, жіңішкертіп айтқанда, мәдениетсіздік. Қарттарды қойщы, жастар, сендер осыдан аулақ болыңдар! Байқайсыңдар ма, дау бастап, оған сексендегі Тұрсекеңді айтақтап, қауға от салып, алапат өрт туғызғалы тұрған жоқ па? Мәмбет бауырым, ештеңе етпейді, мұндайдың талайын естігенсің! Ғылымның қиын жолы деген осы, жасыма, тарта бер алға! Зарқын Тайшыбай



Жаман қазағым-ай! ---------------------------------- Жақсы!!!! Ағамыз дұры айтады. Жасасын АЛАШ! Алашты танытам деген қазақтың ұлдарына Алла жар болсын. Алаш рухы разы болсын .

Көк Тәңірісі - Тәңірінің Тұқымы жоқ, заты жоқ. Жер Тәңірісі Темірдің Тұқымы - түрік, заты - от!



Сәкен Сейфуллиннің "Тар жол тайғақ кешу"-ін,67-68нші жылдары ма екен оқып,соң Сәбит Мұқановтың "Өмір мектебі"-"Есею жылдары"-н оқығанымда аң-таң қалғанымыз есімізде,екеуі біріне бірі кереғар кітап сияқты еді.Осы екі кітаптыда Семей елінің тумасы,сол жылдары Қарақалпақстанда жұмыс жасап,"Әму-дарья"-совхозының директоры болған Жүсіпқали Дәулетов,әкеме сіздің балаңыз кітапты жақсы көреді дейді деп сыйға берген екен.Екеуінде оқып болып бір үйге келгенінде мен осы кереғарлықты сұрадым.Балам мен осы сен айтып отырған нәрсені өзімде түсінбедім,бірақ екеумізде түсінбейтін бір нәрсе бар сияқты,мүмкін өсе келе сен түсінерсің "Ия біздің Қазақ деген халық осындай"-деп күліп еді арқамнан қағып.Сол уақытта сол кісілердің өзі біледі екен ғой көп нәрсені.Уақыт өте келе Сәбит Мұқанов атамызға Қарақалпақстанға қыдырып келгенінде Жүсіпқали Дәулетов ағамыз үстіне кілем жауып ат мінгізіп еді.Бұл жерде менің айтайын дегенім "қол сынса жең ішінде,бас жарылса бөрік ішінде"-бірінен бірін айыратындай нәрсе емес,ол тек комунистік партия қызметкерлерінің асыра орындаған жауапкерлі істерінің жемісі сияқты,оған уақыт,заман өзіміз кінәлі сияқтымыз бірақ кәзір бәріміз ақылдымыз.



Мағжан Жұмабаевқа Алматыдан алып ескерткіш соғып, бір даңғылдың атын бермей аруақты ырза ете алмаймыз. Абайдан кейін шын мәнінде Мағжан тұрады (Шәкәрім де, Сұлтанмахмұт та емес)
Мағжанды ұмытып барамыз, бұл жа-ра-ма-й-д-ы-ы....



Зарқын ағай!
Тұрсынбек Кәкішев ағамыз да "Алаш екіге жарылды, бөлінді" деп жар салып жүр. Т.Жұртбай да "Айқын" газетінде Мұстафа мен Ә.Бөкейхановты бір-біріне қарсы қойды. "Ауыз өзінікі" деп қарап отырайық па? Біз тарихты осылай бөлшектесек, келер ұрпақ бізге кешіріммен қарай ма? Мағжан айдаудан келгенде оны күтіп алған, жағдай жасаған Сәкен мен Сәбит емес пе еді? Реализм-преализмдеріңде шаруам жоқ.
Сізге деген құрметпен, Балаби



Моументалистерге ұсыныс!
Мағжан мен Сәкенді, Сәбит пен Мұхтарды жау емес, дос қылатын, халықты ойландыратын ескерткіш соғыңдаршы Жазушылар Одағының алдына немесе жанындағы паркке!
Бұл ұлтқа керек!



Монументалистерге дегенім ғой!



23-шіге толық қосыламын. Азғантай ғана қазақпыз. Бізге елді бөлетін емес, біріктіретін идеялар керек.



Сәкен, Сәбит кеңес идеологиясының төтесінен айтқанда әдебиметтегі қолшоқпары. Біз бүгінге дейін бүгежектеп, шындықтың бетін дұрыс қарай алмай, шын сөзді айтудан жалтарып келдік. Шындығында Тәуелсіз қазақ әдебиетінің тарихында Сәкен мен Сәбит нақты өмір шындығы негізінде жазылуы тиіс. Әсіресе олардың қазақ қоғамына, рухани дүниесіне, кеңестік таталитарлық сана-сезімді сіңіруде жасаған өшпес қиянаты нақты көрсетілуі тиіс. Дауыл.



Ей, қулар-ай! Мәмбет ағамыз бен Талас ағамыз бір нәрсеге келіспесе, оларды жау дейміз бе? Жоқ, олар әріптес тарихшылар. Бұл жерде пендешілікке жол жоқ! Солай замандастар!



мен 29-шы қонақ.тарихшылар зиялылар,пікір таластырушылар закон кз сайтында қазақ идеология кеністігін жаулап алған теріс пиғылдағы каналдарды шектеу үшін өкімет шығарған занға қарсы сайттар ашылып,пікірлер айтылып жатыр тарихты талқылап қуа бермей түзетемін десеңдер. кәзіргі актуалды мәселерге қатысыңдар. Заңнын мемлекет қауіпсіздігін т.басқа мәселерді казақ халқынын ойындағыдай болып отыр ма Қойгелді мырза\барлығыңзға осы мырзанын аты арқылы қойылды -деп есептеңіздер\ .



сәкен, сәбит дей берсеңдер, тасада сталинизм деген улы ағым бой жасырып қалады, баяғы өзара сыйыспайтын қазақтың дауы секілді болады, мәселе оларда емес, коммунистік зымиян қоғамда, кім болса да осылай бөлінуге алып келеді.



Бір туар тұлғалар, заман ағысы солай болды, бәрін кіналай берсек кіміміз қалады, осы казір қазақ әдебиетін оқитын адамда саусақпен санарлық шығар.Осы бар байлығымызды сақтап бағалай білейік, анау анадай деді, мынау мынадай деді дей берсе өзі аз оқырманнан айрылып қалу қаупі бар.



Сәкен азапты аз көрген жоқ,енді аруағын қозғамаңдар,жақсы шығармаларын оқыңдар,„Тау ішінде „әнін айтыңдар.Ленин,Сталинді мақтамаған ақын жазушы болған жоқ.Сәбит Мұқановтың „Өмір мектебі„ұнамаса,шежіре туралы жалпы зерттеу шығармаларын оқыңдар,адам ретінде жақсылығы көп болды деп жүр ғой көзі көргендер.Н.М.М.

 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>