Марат Тәжин. Ұлттың қас жауы | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Марат Тәжин. Ұлттың қас жауы

Жәрдемші


Аяқталуына екі жарым жылдай уақыт қалған жиырмасыншы ғасырдың бір ерекшелігі, ең қатал да бітімі оғаш саяси-құқықтық құрылым - тоталитарлық мемлекетті дүниеге алып келгені еді. Тарихшылар тоталитарлық мемлекеттің әуелгі нышандары көне Мысырда немесе қайсыбір ежелгі деспот елдерінде болды дегенді айтып жүрсе де, «тоталитаризмнің нағыз қас үлгісі», - нақ сол ХХ ғасыр тоталитаризмі болатын. Әрі ғұмырының ұзақтығы, әмбебаптығы және нәтижелілігі тұрғысындағы алдыңғы қасіретті орынды дәп осы кеңестік үлгідегі тоталитаризмнен озып ешкім де ала қоймайды. Кәдімгі біздің замандастарымыздың көбінің өмірімен тұспа-тұс келіп, сол себепті де біреулер үшін зәрлі, біреулер үшін әрлі болып қырық құбылатынның нақ өзі.

Бұл жерде мәселенің мәнісі, оның еш бұлтартқызбайтын сандық көрсеткіштеріне де қатысты емес. Мәселе тоталитаризмнің саяси-әлеуметтік, психологиялық зардаптарына, оның бүгінге де, болашаққа да ұзақ мерзімдер бойы әсер ете алатын салдарларында болса керек.

***

Өкінішке қарай, өткен жүйенің сыншылары да, жақтастары да тоталитаризмнің біздің елімізде де соншама ғұмырлы болуының себептері жөнінде көп ойлана бермейді. Оның күллі себептерін жеке адамның мемлекеттен, қарақан басынан, өз қызметінің нәтижесінен аулақтанып кеткеніне қатысты деген әбден қалыптасқан көзқараспен қайыра салуға да болар еді. Тоталитаризмнің мұндай философиялық түсініктемесінің жүйеленгеніне де талай уақыт өтті. Әрі дәл сол дәйектемені сөз реті келгенде айта кету керек, бұрынғы антикоммунист Зиновьевтен необольшевиктік идеяны ашықтан-ашық малданушы бүгінгі Лимоновқа дейінгі коммунистік идеяны жақтаушылар бас пайдаларына жаратудан бір танбай келеді.

***

Тоталитаризмнің әлеуметтік көздері соншама айқын және ол қайсыбір халықтар осыған бейім дейтін тұрлаусыз ұғымға үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Әйтпесе өз уақытымен салыстырғанда білім деңгейі жоғары протестанттық Германия мен христиандық Ресейді және котоликтік Италияны бірөңкей топтастыру қажеттігі туған болар еді. Мәселенің мәнісі сонда, бірқатар ұқсас белгілеріне қарамастан тоталитаризмнің түп-төркіні әр елде әрқилы ыңғайда өрістейді.

Тоталитаризмнің кеңестік типінің бойында одан бұрынғы тарихи кезеңдерден мұра болып қалған саяси мәдениеттің, империялық характердің және бюрократияның шектен тыс өміршеңдігінің нышандары сайрап жатыр. Оның үстіне, тоталитарлық өзгерістер қарсаңындағы бірыңғай шаруалар еліне тән әлеуметтік құрылым да осы бір өзгеше қоғамдық жүйенің қалыптасуына кәдімгідей әсер етті.

***

Әйтсе де бәрін тек саяси мәдениет пен урбанизациялық дәстүрі әлсіз елдің әлеуметтік құрылымына әкеп тіреп тастау да дәл болмас еді. Кеңестік тоталитаризмнің өзіндік бір ерекшелігі - оның империялық табиғаты. Оның осы өзгешелігі күні бүгінге дейін Ресейдегі кейбір ұлтшыл пиғылдағы антикоммунистердің өзін де жаңылыстырумен жүр. Егер Ресей ғасырдың алғашқы ширегінде дамудың демократиялық жолын таңдаса не болар еді, деген сауалға жауап та соншама қарапайым. Сөз жоқ, Еуразияның бір қатар егемен мемлекеттерінің, еуропалық елдермен салыстыруға келетін жоғары интеграциялық потенциалы бар толыққанды мемлекеттердің негізінде тиімділігі жоғары экономикалық кеңістіктің құрылуы өтер еді. Режимнің іс жүзіндегі бәтуашылдығы империяның ыдырауына әкеліп соғар еді. Өйткені, дәл кеңестік тоталитаризм бүкіл еуразиялық кеңістіктегі империялық ұйымдардың сақталуының басты тетігіне айналды. Осы реттен алғанда да Ресейдегі барып тұрған ұлтшылдық пен солшыл радикалдықтың әмпей-жәмпей одақтасуы да бір қарағанда оғаш боп та көрінеді. Алайда ұлттық тарихымызға, мәдениетімізге, мемлекетімізге деген сүйіспеншілігін мәлімдейтін кей адамдардың осы ғасырда бір емес, бірнеше рет қазақ жеріне оқпен де, аштықпен де зұлмат әкелгендердің мұрагерлерімен кенеттен ауыз жаласып кеткенін көргенде қараптан-қарап шақшадай басың шарадай болады екен. Ең таңқаларлығы, осы қасаң да, әсерсіз тоталитарлық жүйені басқашалау ыңғайымен қазіргі заманғы жөн жобаға үйлестіру идеясы дәл сол ұлтшыл бағыттағы орыс элитасы арасында пайда болған еді. Ресейлік истеблешментте бұл идея 1970-жылдардан бері көрініс беріп келеді.

Тоталитаризмнің саясат пен идеологиядағы империялық құрылымдармен соншама тығыз байланыста болуы не себеп? Біріншіден, империялық идея пролетарлық интернационализмнің этникалық емес, әлеуметтік концепциясының тасасында бүркемеленеді. Екіншіден, этностардың ірілігіне, тарихи «үлесіне», кім-кімді өркендетті дегенді жүйе-жүйе қылып бөлетін «мәдениеттілігіне», «республикалық ұлт», «автономиялық республика, округтік ұлт» деп дәреже деңгейіне қарай «аяз әліңді біл» талабымен қатаң реттестіретін тәртіп ұлттық қатынастарды қырық құбылтып басқаруға жәрдемдесті. Тарихтағы кез-келген империя ұлтаралық қатынастарды реттеп отыру проблемасымен бетпе-бет келер, бірақ олардың ешқайсысы да дәл осындай идеологиялық көзбояушылықты меңгерген емес. Тіпті бүгінгі күннің өзінде тарих қойнауына мүлдем кеткен осы идеологиялық қалыптар өздерінің жаны сірілігін көрсетіп келеді. Ондаған халықтардың бүгінгі халықаралық құқық терминдері бойынша тәуелсіздік алғаны - заманалық маңызы бар оқиға. Алайда солшылдардың айтуынша, оның ішінде Қазақстанда да, бұл халықтар тағдырындағы сұмдық бақытсыздық...

***

Қазақстан коммунистері бас теоретиктерінің пікірталас кездеріндегі сөздерінде: социализм ұлттар мен халықтардың дамуына қуатты серпін берді, нарықтық қатынастар барлық емнің дауасы емес, деген сияқты ойлардың айтылғаны еске түседі. Дегенмен олар бұл жерде өздерінің әріптестері неокоммунизмнің әккі мәскеулік теоретиктері айтып қалатын бір дәйекті ұмытыңқырап кеткендей. Ол, әлбетте, өнеркәсіпті және ғылыми өнеркәсіптік инфрақұрылымның орасан қарқынымен әрі тиімді өркендеуі еді.

Алғашқы типтегі дәлелдемелерді бекерге шығару оңай. Расында да, егер қазақтар ұжымдастырудың және отырықшылдыққа зорлап көшірудің салдарынан туындаған «қызыл қырғынның» аштықтың, індеттің, ауа көшудің нәтижесінде мамандардың есептеулері бойынша өзінің қырық пайызынан айырылса ұлттардың қандай гүлденіп өркендеуі туралы айтуға болады. Егер мұны таңымыздың атуы дейтін болсақ, батуымыз қайсысы? Бәлкім, халықтың түгел құрып бітуі шығар. Екінші жағынан ұлттың мәдени тілдік ортасына тұрақты түрде қысым жасалып келуі қазақ тілін сәл болмағанда жойып жібере жаздады. Шамасы, біздің қазақстандық коммунизм теоретиктерінің қиялындағы ұлттардың гүлденуі, Хрущевтің егер біз неғұрлым орысша тезірек сөйлесек, соғұрлым коммунизмге тез жетеміз, дегенімен астасып жатқан болуы керек...

Маңызды мәселенің бірі - тоталитарлық жүйе жүзеге асырған өнеркәсіптік жаңарту (модернизация) болған еді. Әлемнің әр елдерінде ХХ ғасырда, әсіресе оның екінші жартысында табысты жүзеге асырылған жаңартулардың тәжірибесі кеңестік модернизацияның басқалардан принципті түрде ерекшеленгенін көрсетеді.

Басқа елдердегі модернизация, қазір Қазақстанда өткізіліп жатқандай, жеке адамның, индивидтің экономикалық талабындағы жаңа мотивтерге, оның жеке басының ынталануына негізделген. Кеңестік модернизация болса, адамдардың экономикалық ынталануы бойынша емес қатаң күштеуімен жүзеге асты.

Басқа елдерде табысты жүргізілген модернизацияның нәтижесінде өзін-өзі реттестіріп отыратын қуатты тұтқалары  бар икемді де, сан-салалы нарықтық инфрақұрылым жасалды. Кеңестік модернизацияның нәтижесінде шектен тыс орталықтандырылған, қайтымы аз, икемсіз экономикалық жүйе құрылды. Түптің түбінде дәл осы жағдай тоталитарлық режимді құлатып тынды. Кеңестік модернизацияның қажеттілігі өз жерлерінде шаруларды тап ретінде жоюды да жүзеге асырды. Олар ең арзан жұмыс күшін құрады. Бұған қоса жаппай репрессиялар нәтижесінде ашылған сан мың концлагерлер шын мәнінде құлдық еңбекті пайдаланудың нағыз үлгісі болған еді. Саяси репрессиялардың неге керек болғанының бір себебі де осында. Ол ашса алақанда, жұмса жұдырықта болатын әрі тегін, әрі қыруар жұмыс күшін жасақтау мақсатын көздеген-ді.

***

Сөйтсе де тоталитаризмді төңкеріп тастаған басты себептердің бірі - ұлттық мәселе еді. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы бұл мәселені «жапқысы» келген қаншама құйтырқы саясат жүргізілсе де, оның жанартауы ақыры атылмай қоймады. Бұрынғы жүйе құрылымында ұлттық мәселені принципті шешудің мүмкін еместігінің себебі неде еді? Жауап беру оңай шаруа емес. Әйтсе де нақтылы тарихи қоғамның аясынан қарай отырып, бірнеше себептерді бөліп атауға болады.

Біріншіден, қазіргі күнге дейін айтылып жүрген КСРО аумағындағы халықтардың мәдени өркениеттілік біртұтастығы деген таптаурын әңгімеде әсірелеушілік басым. Дін, тіл, мәдениеттегі қиыспайтын тұстар барлық уақытта болып келді және соңғы жылдары ол айқын байқала да бастаған-ды...

Екіншіден, кеңестік тоталитаризмнің теориялық құрылымдарында принципті кемістік бар. Бұл кемістік әлеуметтік фактор роліне этникалықпен салыстырғанда қалыптан тыс мән берілетіндігі. Ал, шын мәнінде жеке адам үшін этникалық топтар әлеуметтік топтарға қарағанда едәуір тұрақты да мәнді әсер етеді. Тоталитарлық режимнің ауық-ауық ұлттарды қудалап, жер аударып, кейде тіпті, этникалық геноцид жасауының өзі де ұлттардың өзара топтасу механизмін үздіксіз бұзып тұру мақсатын көздеді.

Үшіншіден, тоталитаризм кезіндегі билік технологиясының өзі ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға қарама-қайшы келіп жатады. Өйткені, ұлттық дамудың табиғи процесін көпе-көрнеу бұзып генефондты жою, қалыпты әлеуметтік құрылымды бұрмалау үстінде, тоталитаризм ұлт серкелерінің қарсылықтарына ұшырамай қоймады...

Сондай-ақ, кеңестік тоталитаризм ерекшеліктерінің бірі, ұлттық тарихқа шектен тыс күдікпен және ұлт мекендеген территорияға жүрдім-бардым қарағаны еді. Тоталитаризм этникалық территорияны далиып «бос жатқан әлеуметтік кеңістік» деп ұқты. Оның айқын айғағы - әрбір қазақ үшін қасиетті болып саналатын рухани орта Семей жерінде ядролық сынақ айлағының жасалуы. Кез келген халық өзінің этногенетикалық территориясында төл мәртебесін, мәдениетін, тілін сақтауға ұмтылады. Ал, Қазақстан тоталитарлық режим тарапынан ұлттық мүдделерге менсінбей қарау пиғылы ерекше жүзеге асқан мекен болды. Қазақ халқының жиырмасыншы ғасыр өтіндегі көпғасырлық тарихында бірінші рет төл ата мекенінде азшылыққа ұшырауының өзі кеңес билігінің әлеуметтік утопиясы қазақтардың ұлттық мүдделерімен үйлесе ме деген сауалға даусыз жауап.

Ұлттық жадтың іздерін өшіру, этностың мәдени-тарихи қатпарларын жою мен территориялық тұтастығын бұзудан танбаған тоталитаризм ақыры экономикалық және сыртқы факторлармен қатар өзі тойтарыс беретін күштерге тап келіп күйреп түсті. Бұл реттегі мәселенің төркіні, тоталитарлық режимнің өз қимыл әрекеттері мен ұлттық «мекен мәнісін» өзгертуге ұмтылуына байланысты еді. Халықтарды жер аударудың, күшпен енгізілген отырықшылықтың, әскери өнеркәсіптік комплекстің экологиялық жұтауымен бірге жүретін дамуының бәрі, осынау жаңа отаршылдық дүниенің ұлттық болмыс бітімін бұзады-ау деген қарапайым жағдайды ескермегені болды. Ал ол ұлттық болмыс бітім белгілі бір мәдени мән-мағынасы айқындалған территорияда ғана ғұмырлы еді. Шынын айтқанда, әлдебір кремльдік бюрократ үшін Жидебай, Бурабай, немесе Ұлытау деген сөздер ештеңені аңдатпайтыны анық. Ол үшін бұл әншейін ғана бос жатқан әлеуметтік кеңістік. Тоталитаризм ешуақытта да мұндай нәзік қылдарға ой жіберіп көрген емес, ал ол нәзік сәттер қорланған ұлттық зердеде саналы да, санасыз да түрде жинақтала берді. 74 жыл ішінде режим басындағылардың бірде-бір өндіргіш күштерді орналастыру кезінде осы ұялы «мекен мәнісін» ескеруді ойлаған да жоқ.

Түйіп айтқанда, тоталитарлық пен ұлттық бір бірімен еш сиыспайтын ұғымдар.

***

Тоталитарлық кешегіміз туралы ой байыптағаным реті келіп тұрған соң айтыла салған сөз емес. Өкінішке қарай кеңестік режимді бірқатар себептерге байланысты дәріптеушілік, өткенді ғана емес, бүгінді де түсінуді шынымен бұрмалап жіберуі әбден мүмкін. Әрине толық күйінде әлеуметтік қарымта қайтару іс жүзінде мүмкін емес. Алайда тоталитаризмнің белгілі бір ушығулары қайталануы да кәдік. Сондай ушығуларға қарсы ең жақсы кепілдік - өтіп бара жатқан жүзжылдықта бәріміз бастан кешкен індет нышандарын уақытынан оздырмай анық та қанық ұғына білу болса керек.

 

«Қазақ альманағы» №6 , 2010 жыл

 


 




Бұны шынымен Марат Тажин жазды ма? Таң қалып отырмын...



Өзіңіз айтқандай, "Тоталитаризм - ұлттың қас жауы" екені рас. Кеңестік тоталитаризм жайлы айта келіп: "Алайда тоталитаризмнің белгілі бір ушығулары қайталануы да кәдік" деп түйіндепсіз ғой. Сол сөйлемді өзгертіңкіреп: "Тоталитаризм кейін тіпті ушыға қайталануы мүмкін" десеңіз, дұрысырақ болар еді. Сонда бұл қазіргі кезеңге берген әділ бағаңыз болар еді. Өткен жай өтті ғой. Сонда деймін-ау, солай етіп аяқтасаңыз, енді қазіргі кездегі "ұлтымыздың қас жауы" кім екенін де оңай түсінер едік.

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



Марат Тәжин-Ұлттың қас жауы десең ә



Алайда ұлттық тарихымызға, мәдениетімізге, мемлекетімізге деген сүйіспеншілігін мәлімдейтін кей адамдардың осы ғасырда бір емес, бірнеше рет қазақ жеріне оқпен де, аштықпен де зұлмат әкелгендердің мұрагерлерімен кенеттен ауыз жаласып кеткенін көргенде қараптан-қарап шақшадай басың шарадай болады екен. (М.Тажин) Осы макала сиякты макаланы Саудабаев, парламенттеги маубас, уйкыбастар окыса жаксы болар еди...



Улттын кас жауы ол кимдер? Оз тилине орыс тилин кисандатып киргизетин кос басты жыландар? Олар кимдер? Олар 90 пайыз Казак тилин билмейтин Укимет басындагылар, содан кейн еки паспорты бар, айтыстын унин оширген Саудабаев, орыстан катыны бар Токаев (айели ана жакта...)...



Хрущевтің егер біз неғұрлым орысша тезірек сөйлесек, соғұрлым коммунизмге тез жетеміз... Пай-пай ширкин казыр биздин Укимет басындагы 90 пайыз Казак тилин билмейтин, Казак тилин Калбиттер тили атаган шендилер коммунизмге жетти ме?



Жасасын Тажин! Нагыз Казактын Президентi болатын еркек!



Muni kayda jazgan. kashan kanday jerde jaryalangan makal bul, shirkinin jazaad eken goy kosilip. Keremet Tajinge tangalip otrmin



Марат макала жазса, жаксы жазады. Досы Алтынбектен уйренген гой. Улттык маселеге катысты ой тую керек болса, оган да шебер. Бул да - Алтынбектiн мектебi. Мараттын озi де «тобесiнде тесiгi бар» жiгiт. Акылсыз емес. Кош, улттын кас жауы тоталитаризм делiк. Мунымен келiсемiн, Маке. Бiрак, сол тоталитаризмге кайтадан келе жатканымызды озiнiз катты курметтейтiн елбасынызга неге тусiндiрмейсiз? Кауiпсiздiк кенесi деген атынан ат уркетiн мекеменi баскарып отырган жоксыз ба? Кейiн «мен оны айтканмын, тындамады» дерсiз, ол сылтау емес. Тоталитаризмнiн заманы карай екпiндеп бара жаткан казах кошiнiн бетiн буру керек. Ол ушiн нактылы арекеттер жасау кажет. Егер шынымен де улттын жогын жоктаушы болсаныз, Колтыгы сасыган сары орыстын кушагына кiрмей-ак казахты калай аман алып калуды ойланыз. Сiздi стратег, идеолог деп жур гой журт. Егер досыныз Алтынбектен корген-туйгендерiнiз алi жадынызда болса, солай iстенiз.
Айтпакшы, Маке, «Улттын кас жауы - саткындык» деген кезектi макаланызды кутемiз. Ол макаланыздын бестселлер болатынына еш куманiм жок.
сiзге деген курметпен озiнiздi жаксы танитын азамат.



Қазір ақшаң болса академиктер де саған әдемлеп мақала жазып береді! бірлі жарымды арлы ойшыл-жазушыларды айтпағанда, шығармашылық-мәдениет саласындағылар тегіс мақала сатып ақша табады. Бұл Қазақстандағы ерекше сауда түрі! Алыңыз бір док. диссертация 10000$, бір кан. диссертация 5000$! cонсдықтан Қазақстанда шынайы шығармашылық там-тұм. Ал, президенттік сайлау жақындаған сайын биліктегі қазақ тіліне қырын қарайтын, қазақылықтан жұрдай, адамгершілігін ақша мен билікке сатқан екіжүзділер түрлі тәсілдермен өздерін осылай "жақсы" жағынан жарнамалай бастайтыны бар! күлкілі! Тек ақымақтарға арналған құрық секілді! хахахахаххахаххахааххахаххаахахахха!
- Жойқын



Елдің ортасына мәлім жайлар көп қой. 20 жыл бойы бір жоғарғы оқу орынын оқып шаққа оқып бітіріп, білім саласына жетекшілік ететін әкім орынбасары боп жатқан сауатсыз жандардың оқуды да, қызметті де жылқыға сатып алып жатқандары талтаң басып жүр. Қазақша, орысша баяндамаларын жазатын жазатын біреу. көптің алдына шығып оқитын солар. Қатындары үйінде 30 жыл отырып, бүгінде өзі туған балаларымен жағаласып оқу бітіріп жатыр. олардың оқуын да оқыған мектеп мұғәлімдері. Сөйте тұра халықтың көзін бақырайтып қойып білім бөліміне әдіскер етіп отырығызып, ұсақ - түйек саланы басқартып жатырмыз. Болыстық заман-ай. Сөйтіп отырып 50 елдің қатарына қосылмақпыз. Осыларды кім талдап, нақты тексеріп жатыр. Үйінді *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*пен қай елдің қатарына қосылмақпыз. Бізден осы монғолдар жоғары болса кетті. Малы бардың бәрі қызметті сатып ала беретін болса, деңгейімізді малмен күн көріп отырған елдің қатарынан іздеу қажет шығар. Ақшаға сатылып жатқан қызметтің маңайында жүргендердің сауаты малшыдан төмен. Себебі олар тіршіліктен мүлде алшақ жандар. Біздің феодалдық қоғамнан алшақ кетек алмай жүргеніміздің айғағын жасыру мүмкін емес.



Кешіріңіздер! Мен бұл мақаланы "Марат Тажин - Ұлттың қас жауы" деп қате оқып қалып ашқан едім. Әйтпесе, бәлкім ашпас та едім



дөп тиді! гооооол!



Қазақтың құрыған жері, қазіргі кезде өздерін қазақтың зиялысымын деп сезініп, елге ұлт мәселесі бойынша ақыл айтып жүрген зиялыларымыз, өздернің балдарын орысша оқытып, орысша тәрбиелеп жүр. Бұл ұлт үшін ауыр қасірет. Сонда жұртты ақымақ қылғандары ма екен?! Жақында бір зиялы көкеміздің (қазақ деп жаны шығып, қазақ тілінің мұңын жоқтап жүрген ақын-жазушы ағамыз)мерейтойында сөз кезегін баласына бергенімізде, тойда бұтына жіберіп қойған баладай жан-жағына түкті түсіне алмай мүсәпір халде отырған әлгі көкеміздің баласы әкеінің қуанышына ортақтасатындай сөз айтпақ түгілі, не айтарын білмей сасқалақтады. Орысща айтайын десе елден қаймығып отыр. Сонда зиялы ағамыздың екі-жүзділігіне таң қалғаым бар. Мен ешқашан ойламаппын оның балдарын орысша тәрбиелеп, елге ақыл айтып өтірік көлгірсіп жүргенін.Мұндайлар өте көп. Сенбесеңіздер кез-келген зиялысымақтардың үйлеріне барып балдарының қай тілде сөйлесіп жүргендерн көруге болады.

ШОҢ



Бұл ойлардың түпнұсқасы (оригиналы) мына аудармаға мүлдем қарама - қарсы болып шықса, таңқалмаңыз, құрметті оқырман! Бұл бәтшағар да "көпвекторлы" ғо...



Жасасын Тажин! Нагыз Казактын Президентi болатын еркек!
_______________________________________________________
Келесі Қазақстанның Президенті қазақша оқыған, қазақша ойлайтын,ұлтшыл адам болуы керек. Әйтпесе,орысша оқып санасы уланғандардан қазақ халқы үшін пайда жоқ.Ондай адам Президент болса Қазақстан тәуесіз мемлекет болудан қалады.



test



Мен де мақала атын "Марат Тәжин-Ұлттың қас жауы" екен деп ашып едим. Қандай жүрегінің түгі бар азамат жазды екен десем.



Мақаланыі өзі де "Марат Тәжин-Ұлттың қас жауы" оқылады емес пе?

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
19 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>