Макроэкономикалық тұрақтылық пен дағдарыстан кейінгі дамуға жағдай жасау – Қазақстанның 2010 жылғы экономикалық саясатының негізгі бағыттары | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Макроэкономикалық тұрақтылық пен дағдарыстан кейінгі дамуға жағдай жасау – Қазақстанның 2010 жылғы экономикалық саясатының негізгі бағыттары

Жәрдемші


Астана. 4 наурыз. ҚазТАГ– Қазақстан үкіметі, Ұлттық банк пен ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігі (ҚҚА), макроэкономикалық тұрақтылық пен дағдарыстан кейінгі дамуға жағдай жасау – Қазақстанның 2010 жылғы экономикалық саясатының негізгі бағыттары деп мәлімдеді. Бұл туралы үкіметтің, Ұлттық банк пен ҚҚА-ның 2010 жылғы экономикалық дамудың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемесінде айтылады. Құжат үкімет қаулысымен 26-шы қаңтарда мақұлданған және бейсенбі күні ресми басылымдарда жарияланып отыр.

Құжат қол қойылған күнен бастап күшіне енеді.

«2010 жылғы экономикалық дамудың негізгі бағыттары: 1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау мен экономикадағы оң үрдісті бекіту; 2. Елдің дағдарыстан кейінгі дамуына қолайлы жағдай жасап, одан ары да тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету», - деп атап көрсетілген бірлескен мәлімдемеде. 

Құжатта 2010 жылы ІЖӨ 1,5-2% деңгейінде болады деп болжанғаны айтылады (үкімет жобасын парламентке тапсырған 2010 жылғы нақтыланған бюджетте 2010 жылғы базалық сценариге енгізілген бірқатар макроэкономикалық болжамдар қарастырылған, оның ішінде ІЖӨ қазіргі бюджеттегі 2,4% емес, оның орнына 2% деп көрсетілген – ҚазТАГ).

«Ағымдағы жылы тұтыну сұранысы ақырындап қалпына келе бастайды, ауыл шаруашылығында өсу қарқыны төмендейді (былтырғы рекордтық астық өнімінен кейін), еңбек нарығында «жол картасы» шараларын жалғастыру мен Қазақстанның инудриаландыру Картасы аясындағы инвестициялық жобалар есебінен тұрақтылық болады», - делінген мәлімдемеде.  

Ұзақ мерзімдік келешекте экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экспортқа бағытталған және бәсекеге қабілетті секторларды дамытуды ынталандыруға қосымша шаралар қолданылады.

Мәлімдемеде ел экономикасына инвестиция тарту, оның ішінде шетелден де тарту жалғасатыны ерекше атап өтілген. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің тетіктеріне ерекше назар аударылады.  

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мемлекеттік қолдау ретінде 2010 жылы зейнетақылық жинақ қорының қаражатын мемлекеттік кепілмен тарту тетіктері қарастырылады.

2010 жылы үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі - кәсіпкерлікті, оның ішінде бірінші кезекте, шағын және орта бизнесті дамыту болады, - деп көрсетілген мәлімдемеде.


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
6 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>