Мақала сайты | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Мақала сайты

Жәрдемші


Тақырыптық номинация: ұлттық, танымдық, мәдени, ағарту;

Ресурстық тіл: қазақша;

Ашылған уақыт: 2011 жылы;

Бас редакторы: ;

http://makala.kz/

Қазнет тағы ана тіліміздегі тағы жаңа - makala.kz сайтымен толықты. Сайтты жасаушылар беташар сөзде: «Кез-кел­ген елдің ерекшелігін айшықтайтын сал­ты мен мәдениеті, ғұрпы мен дәстүрі бо­ла­ды. Өзін ұлт ретінде ерек­ше­леп тұратын да осы құндылықтары. Сондықтан әрбір адам ке­мел ке­ле­шек­ке қадам басқысы кел­се жоғарыда айтылған құндылықтарды ескеріп қана қоймай, оның өзгеріске ұшырап, жоғалып кетпесіне амал қылуы міндет.

Осы тұрғыда халыққа қалтқысыз қызмет ету үшін ашы­лып отырған «www.Makala.kz» сай­ты тыңнан түрен сал­ма­са­да, сон­дай ни­ет пен ұрпақ ал­дын­да ай­ып­ты бо­лып қалмай, теңізге қосылған там­шы­дай бол­са­да мемлекеттік мәртебеміздің ар­ту­ы­на үлес қосады де­ген ой­да­мыз. Өмірімізде орын алып жатқан қоғамдық, әлеуметтік проблемалардың да шешілу жол­да­рын қарастыруды көздейтін бұл сайт, тәлім мен бірге тәрбие беруді де мақсат тұтады. Ен­де­ше, халық қамын ой­лай­тын отан­дас­та­ры­мыз­ды қаламдары арқылы да ойымызға ой қосады де­ген үмітпен емес, сеніммен қараймыз», депті. Бізде жаңа сайт оқырмандарының ойын өсіретін мәнді де мағыналы мақалаларымен өрге озар деп білеміз.


 




Пікір алынып тасталды!



уаххаптардың сайты екен



Тамаша сайт екен!



Бұл сайттың құрылтайшысы, тіпті болмаса редакторы кім? Неге толық мәліметтер жоқ?



Бұл сайтта ешқандайда толық мәлімет жоқ!!!



Жақсылықтың Жаршылары
Тұрсынқан Әлқан ұлы ( ҚХР )
Шүйінші

Біздың сан-саланы қамтып жататын ұлттық әдет-дәстүрімізде ертеден келе жатқан белгілі адамның басына келген бірер жақсылыққа бола , сол басына жақсылық қонақтаған адамнан қуана отырып , «шүйінші» сұрайтын біртүрлі тамаша әдет бар еді . Бұл әдет осы күндері барған сайын сиреп , құрдымға кетіп бара жатса да , оның қалдықтарын бүгінгі қоғамдық өмірімізде де ауыл-қыстақтар мен малшаруашылық райондарынан анда-санда болсада кездестіріп қалуға болады . Бұл сөз әдетте халық арасындағы жалпақ тілде осындай «шүйінші» деп аталсада , оның түп-төркіні адам баласы басына қонақтағалы тұрған бірер жақсылыққа « сүйіну » , « сүйініш ету » деген мағынадан келіп шыққанда , осы күні баспа сөз беттерінде кей-кездері «сүйінші» деп те жазылады . Міне бұдан осы бір тамаша ұлттық дәстүріміздің пенде өміріндегі бірер жақсылыққа « сүйніу » , оған қуанышты көңіл-күйді силау мақсатында жұмсалатындығын аңғаруға болады .
Әдетте « шүйінші сұрау » әлде кімнің басына келген жақсылық пен қуанышты іске сүйіну , сол жақсылық иесін қуандыру мағынасында жұмсалатындықтан да ол көбінде адамның қуанышқа толы жандүниесі мен рухани әлемін айпаралап , пенде атаулының рухани жандүниесін меңзеп жатады . Адам баласына рухани жұбаныш силау , жақсылық иесін қуандыру және оған шаттық бағыштау мақсатында айтылады әрі ол адамдар арасындағы береке мен бірлікті , татулық пен ынтымақты , өзара сүйіспеншілік пен мейірімділікті , « жақсылыққа да жамандыққа да ортақ бола білетін » аса тығыз қатынасты көрсетеді .
Жақсылық иесі осындай жақсылықты жаршылап , екі өкпесін қолына ала «шүйіншілеп» келген адамға қашанда «Ал ! Ал !» деп , қолында барды аямай , шүйіншісін атап отырады . Қолында бар бардам адамдар шүйінші сұрап келген адамға ат мінгізіп , атан жетектетсе , ал , қолы қысқа адамдар өз шамасына қарай шүйіншісін атайды . Бұндайда бір тал түйме мен бір тал сөлкебай да шүйінші орнына жүре беретін болған . Міне бұның өзінен ұлттық өміріміздегі осындай «шүйінші сұрау» дағдысының көп жағдайда заттық дүниені меңземей , көбінде адамдардың рухани әлемі мен көңіл дүниелерін көрсетіп жататындығын айғақтай қояды . Ал , адам баласының рухани әлемі мен көңіл көкжиегі деген соншалықты шалхар , шегіне жетуге болмайтын шексіздікке ие ғой ! Оның үстіне адам баласында бірер жақсылыққа қол жеткізсем дейтін арман таусылған ба ? Сондықтан да ерте кезде Алладан бірер жақсылықты зарыға күтіп жүрген адамдар сол жақсылықтың таяп келе жатқандығын сезген кезде , « шүйінші үнін естігенде қуанғанымнан жүрегім жарылып кетіп жүрмесін » деп , жан ұясынан аттанып , иен далаға барып , сол шүйіншіні асыға күтетін болған . Бұның өзінен де ұлттық өміріміздегі «шүйінші сұрау» дағдысының бір қыры ап-айқын болып көрініп тұрған жоқ па ?
Өкінішке орай , кезекте ішінара адамдар ұлттық өміріміздегі осындай тамаша салтымызды жақсылық иелерінен « бірдеме дәмету» деп ұғады да , оны « бірер пайда түсіру » мағынасында жұмсағылары келеді . Мұның өзі мына нарық екөномикасы заманында адамдардың ниеттері барған сайын заттық жаққа ауып , олардың рухани әлемдері мен көңіл дүниелерінің барған сайын жұтап , күн өткен сайын тарайып келе жатқандықтарын ұғындыра қоя ма деп қорқа беремін .
Шәшу

Шәшу – біздің ұлттық дәстүріміздегі ұзақтан бері жалғасып келе жатқан жақсылықтың жаршыларының бірі . Жақсы тілеу мен жақсы көңілдің символы . Бұл ырым көбінде ақ түйенің қарны жарылған ақ жарылқап күндерде істетіледі . Той және қуаныш үстінде төбе көрсетеді . Қыз ұзатып , келін түсіргенде , құда келіп , құйрық бауыр жегенде , келін бала оң аяғымен ақ босағаны аттағанда, алыстан көп жыл көрмеген жанашыр-жақындары келгенде , сардарлар мен сарбаздар соғысқа кетіп , шайқастан олжалы оралғанда ... Осылайша , әйтеуір , жақсы бір іс орындалып , тындым болғанда шәшылады . Ал , осы шәшуды сол қуаныштың басы-қасында болғандар «біздің басымызға да осындай қуанышты күндер келсе екен » деген ниетпен таласа-тармаса теріп жейді . Әйелдер мен кариялар сол шәшудан қалталарына салып , немесе орамал-шыттарына түйіп алып , « балаларым да осындай шәшуға кез болса екен » , дейтін ізгі тілекпен үйлерінде қалған балаларына сол шәшудан ауыз тигізіп жатады . Міне бұдан ұлтымыз өміріндегі «шәшу шәшу» атты ырымның әрқашан да жақсылық ортасында шәшіліп , жақсылықтың жаршысы ретінде жұмсалатындығын өте айқын көріп алуға болады .
Расында , шәшу – жақсылықтың жаршысы , ақ ниеттің айғағы , адам баласының жақсылыққа жаны құмар жандүниесінің куәсі , болашақ тірлік пен келешек өмірге болған үмітінің баламасы . Иә , адам пендесі бұл өмірге келгеннен кейін қашан болсада , жақсылықты аңсайды , басыма бақыт құсы қонып , бірер жақсылық келсе екен деп армандайды . Осындай ізгі арман артында тыртыңдап , бүкіл өмір тірлігін соның жолына атайды . Соның үшін адам баласы өмірін жақсылыққа талпыну мен арманға қол жеткізу жолында жанкешті арпалыспен өтетін ғұмыр дер болсақ , тым артық айтқан болмаймыз . Бұл өмірде кім жақсылықты жек көріп , оның келуін жаратпайды дейсіз ?! Ендеше , шәшу – осы жақсылық үшін ақтарылған адам баласының ақ ниеті , рухани жандүниесінің маржан болып шашылуы , көңіл көкжиегінің сіркіреп жауған ақ жауыны . Сондықтан да тарихтан бері қаншалаған ақын-жазушылар адам баласының ақжарылқап көңілін бейнелейтін осы шәшуға мадақ жырларын арнап , оны қалам ұштарынан түсірмей келе жатыр .
Тек бұл арада менің тілейтінім : адамдардың алдынан әрқашан да жақсылықтың куәсы болған шәшу шашыла берсе екен дейтін ізгі тілек болмақ!
Ақсарбас

Адам баласы белгілі бір жақсылыққа кездескенде өздерінің көңіл- күйлерін түрлі тәсілдермен бейнелеп , ішкі қуаныштарын алуан әдістермен жұртқа жария етіп жатады . Бұның біздің ұлтымыздағы көрнекті бір бейнесі «ақсарбас айтып сою» деп аталады .
Ерте кезде «малым жанымның садақасы , жаным арымның садақасы» деп есептейтін ата-бабаларымыз өз бастарына бірер жақсылық бұлты қонақтағанда , «жақсылығыма ақсарбас айтып сойдым» деп , өз көңілдеріндегі қуанышты жандүниелерін білдіріп отырған . Осыдан барып «ақсарбас айтып сою» дағдысы біздің басымызға келген бірер жақсылыққа қуаныш етуіміздің белгісі болып қалған . Ендеше , осындай бірер пенденің басына жақсылық ұялаған атаулы күндерде неліктен басқа « қара түсті » , «қоңыр түсті » , « қызыл түсті » қой сойылмай , тек ақсарбас қой ғана сойылады ? Бұған дәл қазір мына себептен деп , кесіп-піше жауап бере алмасақ та , бұны тек ерте кездегі ата-бабаларымыздың ақ түсті ерекше жақсы көргендіктерінен әрі оны жақсылықтың баламасына балағандықтарынан болар деп межелейміз . Бұл межемізге осы күндері де үзбей қолданылып келе жатқан « ақ дастарқан » , « ақ дәм » , « ақ ниет » , « ақ бата » , « ақ көңіл» ... деген сөздерді дәлелге әкелеміз . Расында , ерте заманда осы « ақ» сөзі біздің ұлттық тұрмысымызда кіршіксіздік пен қалтқысыздықтың куәсі ретінде , таза ниет пен пәк көңілді бейнелеу тұрғысында қолданылған . Сондықтан да ақ тілеуге ақ ниетпен ақсарбас атау қаншалықты қисынды десеңізші !
Жоғарыда біз бірер жақсы іске « шәшу шәшуды » адамдардың бірер қуанышқа ортақтасқан рухани дүниесін бейнелейді деген едік . Ал , енді «ақсарбас айтып сою» болса , сол собиектив көңілдің обиектив болмысқа айналуы , яғыни , жақсылық иесінің өз көңілі мен қуанышын заттық тұрғыда бейнелеуі болып табылады . Осылай болсада , осы бір дағдымызда тағы да қуаныш иесінің шарқ ұрып шарықтаған , мәз болып масаттанған көңілі мен ауыл-аймақ , ағайын-туғандардың берекесі әйгіленіп , ұлтымыздың «қуаныш көпке ортақ » дейтін тірлік философиясы жасырынып жатады . Қазақ өмірінің айрандай ұйыған татулығы мен жанға жәйлі рахат тірлігі көз алдыңа елестейді . Адам баласының жақсылық атаулыға асығатын , ол келгенде бір мәз бола марсиып қалатын рухани ішкі дүниесі пәш болады .
Бұл күндері де айналамыздағы адамдардың басына алуан мазмұндағы жақсылықтар әркез қонақтап жатады . Солай болсада кезекте сол жақсылықтарына « ақсарбас айтып соятын » адамдар барған сайын азайып барады да , олар қымс етсе болды маңайындағыларды асханалар мен рестурандарға қарай сүйрей жөнелетін , тіпті баласы « оқуға аттанып » , «некеленгендеріне 20-30 жыл болсада » , « бірер жаңа үйге кіріп» , « жоғары орындар жағынан мадақталып силанса да» ... Дабыралы той жасауға дайын бола қалады . Солайымен ұлтымыздың бірер жақсылық болғанда , « ақсарбас айтып сойу » дейтін салты барған сайын ұмытылып , естен шығып барады . Бәлкім , бұл да болса жаңа заманның өмірімізге әкелген тағы бір жаңалығы шығар , кім біледі !
Көрімдік

Жоғарыда тілге алып өткеніміздей , бұл өмірде адам баласының басына түрлі жақсылықтар мен алуан мағынадағы қуанышты істер қонақтап , оның соңы ұлы думан тойларға ұласып жатады . Бұндайда біздің «көрімдік сұрау» дейтін тағы бір әдетіміз төбе көрсетіп отырады . Қазақ тірлігінде осы бір «көрімдік сұрау» салты көбінде той мен қуаныш үстінде орындалып , ол көп жағдайда « келінге көрімдік сұрау » , « күйеу балаға көрімдік сұрау » , « отау үйге көрімдік сұрау » , « қыздың бетін ашқанда көрімдік сұрау » ... Деген мазмұнда майданға келеді . Тіпті ол ара-тұра болсада тұрмыстағы ұсақ- түйектерге дейін барып , жаңа көйлек пен жаңа шапанға « көрімдік сұрауға » тіреліп жатады .
Қарап отырсақ , ұлтымыздағы осы бір « көрімдік сұрау » салты адамдарға бұрын көрмеген жақындары мен заттарын көрсетіп , одан көз айдын ету формасында орындалады . Бұны осы заманның тіліне айналдырғанда әлде кімдерден « бұрын көрмеген адамдары мен заттарына көз ақы алу » десе де болады . Бірақ , былай айтар болсақ , онда ұлтымыз өмірінде ұзақтан бері жалғасып келе жатқан осы бір салттың құнын түсірген , немесе оның мағынасын теріс ұғынған боламыз . Нақасына келсек , қазақ салтындағы «көрімдік сұрау » ешқашан да бірер заттық пайданы қолға түсіруді көздемейді . Қайта ол адамдар арасындағы береке мен бірлікті әйгілеп , басқалардың қуанышы мен қызығына ортақ болу дейтін мағынада жұмсалады . Құдды алдыда айтып өткен « шүйінші сұрау » тәрізді адамдардың көңіл шалхары мен рухани жандүниелерінің куәсі ретінде қолданылады . Жақсылық иесінің басына келген қуаныш пен қызықты ортақ бөлісу , сол қызық пен қуанышта өзінің де бірге екенін әйгілеу мағынасын білдіреді .

Расында , адам аталатын екі аяқты адам пендесі бұл өмірде ешқашан да жалғыз жасамайды , жеке өзі ғана тірлік кешпейді . Қайта адамзат қоғамы аталатын әлеуметтік ортада басқалармен бірге жасап , бірлікте тұрмыс кешіреді . «Торқалы той , топырақты өлім » дегендей , қуанышты да жұбанышты да ел-жұрт , ағайын-туған , дос-жарандарымен бірге жолға салады . Ал , осындайда басқалардың жақсылығына бірге қуанып , олардың қуаныштарына ортақ болу , адам пендесі үшін өтемесе болмайтын біртүрлі адамдық парыз әрі қарапайым ғана адамгершілік саналады . Сондықтан да ата-бабаларымыз «той – көптің ісі » дейтін тұжырымдар айтады . Әдетте адамдар жақсылық пен бақытқа , қуаныш пен қызыққа ортақ екенін бейнелеу , сол қуанышты өзінің де бірге тойлап , бірге қуанып жүргенін көрсету үшін жақсылық иесінен көрмеген нәрсесіне көрімдік сұрап жатады . Бұндайда жақсылық иесі өзінің әл-аухаты мен шама-шарқына қарай көрімдік сұраушыға кей-кездері ат мінгізіп , атан жетелетсе , кей сәттері көйлек кигізіп , шапан жауып отырады . Кейде оның тиын-тебен арқылы орындалатын шақтары да болады . Бұның өзі бір жағынан сол жақсылық иесінің ақ түйенің қарны жарылғандай қуанышты көңілін бейнелесе , енді бір жағынан көрімдік сұраушының да сол бір қуанышқа өзінің жақсылық иесімен бірге қуанатын жан сезімін бейнелейді . « Жақсылық пен қуаныш ортақ » дейтін ұғымды әйгілей түседі . Соның үшін « көрімдік сұрауды » осындай мән мен маңызға ие ұлтымыз тірлігіндегі біртүрлі халықтық , бұқаралық сипатқа ие ізгі дәстүр , тамаша салт деп тұрақтандырып , оны жақсылық иесінен « бірдеме дәмету » деп кері жағынан түсінуге болмайды .
Алайда , кезектегі нарық шындығында ақшаның үстем орынға шығуына байланысты ұлтымыз өміріндегі « көрімдік сұрау » сынды ізгі дәстүр мен тамаша салтты « пайдаға кенелудің » орайы ретінде қарап , жақсылық иелерін жан алқымға алатын ішінара жәйттерді көргенде , төбе шашың тік тұрады . Бұны басқа ұлт адамдары қалай ұғып , қайтып түсінеді дегенді ойлағанда жаның шырқырап-ақ кетеді . Солай болсада , іләйім , бұл өмірде « көрімдік сұрайтын » істер көбейе берсе екен ?!
Байғазы

Біздің ұлттық салтымызда көңіл қуанышы мен алып ұшқан шаттық сезіммен басқалардан ықыласты пейіл тілеудің енді бір түрі «байғазы» деп аталады . «Байғазыны көбінде жас өспірім балалар , бойжеткен қыздар , бозбалалар жаңа киім кигенде , жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен , әпеке , әке-шеше , жанашыр-жақындарынан сұрайды .» ( «қазақ совет ентцклопедиясы» 2-том ,83-бет ) . Бұндайда жанашыр-жақындары мен туыс-туғандары қолда барларын сиға ұсынып , болмағанда бір тал түйме болсада оның киген жаңа киіміне тағып , «байғазы сұраушыға» өздерінің ыстық ықыластары мен жақсылыққа ортақ пейілдерін білдіріп отырады . «Бір тамшы судан да алып мұхиттың не екенін білуге болады» , «жақсы сөз жан семіртеді» дегендей , бұның өзі де «байғазы беру» сынды әдеттің адамдар арасындағы береке мен тату-тәтті қатынасты әйгілеп жатқан ұлағатты ұлттық дәстүрлеріміздің бірі екендігін айғақтайды .
«Адам көркі – шүперек» дегендей , жер шарына аяқ басқан адам сынды пенденің қайсысы үстіне бүтін киім киіп , жаңа киім ілуді армандамайды дейсіз ! Шындығында , адам баласы үстілеріне жаңа киім кигенде бір жасап , бір рет мәз бола қарқ болып қалады . Бұлда болса тұрмыстың бір қажеттілігі , күнделік тірліктің бір қызығы есептеледі . Осындайда періште көңіл балалар мен енді ғана бой дүзей бастаған балғын бойжеткендердің қуаныштарында шек болмайды . Осындай алып ұшқан сезімдермен жандарын жәй таптырмаған қуаныштың әсерінде , олар сол киімдерін асыға киіп , оны « басқалар көрсе екен » , « жақсы деп мақтаса екен » деп тұрады . Бұндайда туыс-туғандары мен жанашыр-жақындарының оларға байғазы ұсынып , өздерінің бала қуанышына ортақ екенін бейнелеулері , сол сезімі асып-тасқан бала үшін аса үлкен бақыт , өте зор мақтаныш болады . Өйткені адам қай-қашанда «көңілден азып , көңілден семіреді » емес пе ?! Міне осындай болғандықтан да жаңа киімге байғазы беру адамдар арасындағы татулық пен силастықтың , көңілі жақындық пен рухани ортақтастықтың бір белгісі болып , ақ көңіл мен ақ ниеттің бейнесі саналады .Сондықтан да біз ұлттық өміріміздегі « байғазы беру » сынды салтты адамдар арасындағы көңіл шаттығы мен оған ортақ болуды көрсететін , бұл күндері де онан ары жалғастырып , жаңғырта беруге тиісті тамаша да тартымды әдетеріміздің бірі дегіміз келеді .
Менің білуімше , біздің арамызда бүгінгі күнде де « байғазы » беріледі . Өкінішке орай , ол «байғазы » емес , «жуу» деп аталады . Мейлі үлкен , мейлі кіші болсын , әлде кім көшеге көрнекті киім киіп шыға қалса , болмаса мекемесіне жаңа киім киіп бара қалса , оған қызметтестері мен достары « по , бүгін бір өте әйбәт жаңа киім киген екенсің . Оны енді жуатын шығарсың » деп тіл қатысып жатады . Өздері « байғазы » бермек түгіл , киім иесінің өзінен дәметеді де , сонымен магазиндер мен асханаларға , рестурандар мен мейрамханаларға барып , жаңа киімді жуу басталады . Ал , оның арты неге апарып соғатындығын елдің бәрі де біледі . Бұл арада біздің айтпақ болып отырғанымыз «байғазы беру» сынды ұлағатты ұлттық дәстүріміз былайша керісіне қарай бет алмай , өзінің бұрынғы арнасында кете берсе екен деу болмақ !
Әйтпегенде балалардан ұят болып жүрмесін !
Бата

Ұлттық өміріміздегі «бата беру» салтын біз айтып жатпасақта , елдің бәрі біледі , елдің көбі түсінеді . Өйткені ұлттық тірлігімізде күні бүгінге дейін өзінің ізін жоғалтпай жалғасып келе жатқан ізгі дәстүрлеріміздің бірі осы «бата» және «бата беру» салты саналады .
Бата және бата беру салты көп жағдайда белгілі жақсылыққа бағышталып , мәлім үміт пен тілекті өз бойына сіңіріп , адамдардың алдағы күндерден бақыт пен қуаныш күту сынды көңіл әлемдерін әйгілейді . Ерте кезде адамдар белгілі істі бастарда , аңға шығып , жауға аттанарда , алыс сапарға жолаушы жүрерде ... Сол арадағы дуалы ауыз кариялардан бата алатын болған . Тіпті кейбір адамдар сол төңіректегі аты шыққан атақты адамдарды әдейі іздеп барып , олардың баталарын алып отырған . Кейде өздері үміт күткен сәбилерін де сондай аты шыққан батыр , би , шежіре-шешен , ақын-жыраулардың алдына апарып , олардың ақ батасын алуды дәстүр еткен . Бата мейлі қандай жағдайда айтылсада , ол адамдардың алдағы күндерден күтер армандарының куәсі болып , адал ниет , ізгі тілекті негізгі мазмұн етеді . Белгілі істердің сәтті де табысты орындалуына деген ықыласты бейнелейді . Көк өрім жастардың алдағы ғұмырларына бақыт және қуаныш тілейді . Отбасына молшылық пен баяшат тұрмыс әрі бақ-дәулет беруді тілек етеді . Осылайша бата қашанда бата алушыларға деген ізгі үміт пен игі тілекті бейнелеп отырады да , жақсылықтың біршама кең ауқымда қолданылатын жаршысына , келер келешекке болған жақсы үміт пен тамаша тілеудің баламасына айналады . Сондықтан да ата-бабаларымыз «баталы құл арымас , батасыз құл жарымас» деп ақылия айтады . Қазақ өмірінде осындай жақсылықтың біршама кең ауқымда қолданылатын жаршысының бұл күндері қолданылу аясының барған сайын тарайып , тек тойлар мен дастарқан үстінде ғана айтылатын болып бара жатқаны адамды ойландырмай қоймайды . Оның үстіне батагөй қарттарымыздың да қатарларының барған сайын сиреп келе жатуы жаныңа қатты батады .
Иә , бата – жақсылықтың жаршысы , үміт пен тілектің , арман мен мұраттың куасы , адамдар көңілінен шыққан ақ ниеттің айғағы . Сондықтан да ол қашанда халық арасында қатты қастерленіп , күні бүгінге дейін жетіп отыр . « Ақ бата» аталып , ақ ниеттің , ақ көңілдің , ақ дастарқанның , ақ дәмнің тілеушісі болу сынды маңызын жоймай сақталып келеді . Біз де осы бір ақ ниеттің айғайшысы болған ақ батаның бұдан былай да үзбей жалғаса беруіне тілеулеспіз !
Ауыл арасындағы дуалы ауыз қадірменді ақсақалдарымыздың бірі , бір баланың сүндет тойында ол балаға былай деп бата берген екен :

Әуелі құдай оңдасын ,
Қызыр ата қолдасын .
Қыдырың қияласын ,
Бақытың ұяласын !
О , жаратушы тәңірім , мына алдымда отырған жас ұрпақ , келешекте :
Абылайдай айлалы болсын ,
Қабанбайдай қайратты болсын .
Бөгенбайдай айбатты болсын ,
Жәнібектей жаужүрек болсын !
Алла тағала ғұмыр жасын ұзақ қылып ,
Шоқанның ғылымын берсін ,
Ыбырайдың білімін берсін ,
Жамбылдың жасын берсін .
Абайдың басын берсін !
Аллаәкбар !

Соңы











 

 









 

 





   

 

 

 



car insurence >:[ cialis 8-PPP accutane %-OO



Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 2 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>