Мүмкін екен... «Саламатсыздар» дегеніне сақал сипап жүргенде, сыпыра байлық жиған, Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов аузын айға білеп, Күнге қаратқан алпауыттар елі - Швейцарияны да шулата кетті. Шулатқанда, «Bilan» экономикалық журналына сілтеме жасай отырып, «Новая газета» басылымы таратқан «атымтай жаңалыққа» сенсек, «жиеніміз» осы елдегі ең қалталы деген 300 азаматтың ішіне кіріпті. Шотқа салсақ, оның байлығы 400 млн швейцария франкіне тең. Күлеміз бе, қайтеміз...




Мына еліміздегі жүйе осылай жалғаса бере болса, әлі талай елімізден шетелге қашып шығатын байларға елімізден енші алып шығартар.
Байдың байлығын байғұс қызғанады дейді. Дегенмен:
...Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар,
Қайтейін өзге десе көнгішіңді.
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!
Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Өзімізше мықты болып жүргенімізде, оңайдағы жемісімізді Храпунов сияқтылардың талайының иеленері хақ.
бүл халеқтең ақшасы ғой!алып кетіп жатқан талайы вар!!!!!!!!!!
Пікір алынып тасталды!
Бұл заман жемқорлардың заманы болып тұрғой,халықтың қанын сорған жасырын миллиардерлердың талайы жүр тайраңдап.
Ашық болсын,алашымның аспаны!
Осындайларды тайраңдатып қойған кім?
айкүн
Билик басындагылардын бари де сол жолда тур! Аркайсысынын оз уакыты мен билети кутип тур.
Суйек- саякка маз болып ,малталарынды езип отыра берин! Бари тоналып,сатылып кетуине Халыктын ози тикелей к!нали! Барине козди жумып карап осылай болуына мумкиндик берип отыр! Елдигин корсетип ,дауысын шыгарып КАРГА мен КУЗГЫНДЫ уркитип куа алмай отыр! Кандай дарменсиздик! Мына багыт кулдык пен боскындыкка тоте жол!
Храпуновты жазага тартсан акшанын есебин сурасан Назардын шындыктары шыгып калады.Сол ушин жаксылап шыгарып салдык
Азаматтар, ағайындар, таусылмандар, Храпуновтарды қылкеңірдектен алатын күн келе жатыр. Билік осылай қазақтың қанын қарайтын жатыр. Сол қара қанға бір күні биліктің өздерінің басы тұншығатын болады. Кирдің басын қанға малған Сақ патшасы Томиристей біз де зар күйімізге жетеміз. Судың да сұауы бар деген. Бәріне жауап алам ыз әлі.
Храпунов сияқтылыр көзапара ұрлайды, талай жыл әкім екен деп аузына қараймыз, соңында еп - еркін қашып кетеді... Халайық бұларға кім жауап береді?
Кім-көрінгеннің қалтасында кеткен еліміздің қайран байлығы... қара халық соның бір пайдасын көрмеді ғой...
Жылайсың ба...қайтесің...???
Несіне мәз болып жатырмыз бауырлар Жоғарыдағы ағаларымыздың, үкіметтің кінәсі деп білуіміз керек.Себебі халық сеніп дауыс берген.Болмасаакшасы бар азаматтар неге елімізден кетеді. Отанын сатканды еш кашан кешірмеу керек. Қазақ халқы үшін ұят болды
Таңданатын түк жоқ, бүгінгі ҚАЗАҚ отан, елім-жерім ұлтым деген сөздерді түйсінбейінше қарға-құзғындар қаптай бермек.
Т.Т
Пікір қосу