Қызылорда полициясы парақор жол полицейлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Қызылорда полициясы парақор жол полицейлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

Жәрдемші


Қызылорда. 1 наурыз. ҚазТАГ– Облыстық ІІД пара алу кезінде қолға түскен екі жол полициясына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады полиция департаментінен.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Дүйсенованың айтуынша, жол полициясы басқармасының (ЖПБ) екі қызметкері бір жүргізушіден жол жүру ережесін бұздың деген желеумен 3 мың теңге пара алу кезінде қолға түсті.

«Жол полициясы басқармасының инспекторлары - старшина мен сержанты Шымкент-Самара тас жолының 628 және 1622 шақырым аралығындағы учаскеде Ақтөбеге бара жатқан Skania автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында полицейлер оған «уақытша жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткендігінен» деп автокөлікті айып тұрағына қоюға мәжбүр екенін айтқан», - дейді Г. Дүйсенова.

Жүргізуші куәлігінде «Ақтөбе қаласына жеткенше» деген белгінің барлығына қарамастан, жол инспекторлары оны ары қарай жүргізбей, әкімшілік санкциялармен қорқытқан.

Инспекторлар қызмет көлігінің ішінде жүргізушіні 3 мың теңге параға көндірген соң ғана ымыраға келген.

Ақшаны беру барысында екі полицей де ІІД ішкі қауіпсіздік қызметімен қолға түскен, дейді департаменттегілер.

Ұсталғандардан алынған банкноттар қазір ҚР ҚК 311 бабы, 4-ші бөлініде қарастырған – «алдын ала келісім бойынша пара алу» бабымен қозғалған қылмыстық істегі заттай айғақ ретінде қылмыстық іс құжаттарына тіркелген, дейді ІІД қызметкерлері.

Полициядағылар бұл бап бойынша 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылғанын айтады.


 




Сонда қалай жүргізуші ІІД ішкі қауіпсіздік қызыметкерлерімен қалай қабарласқан. Егер алдын ала дайындалған болса бұл тапсырыс арқылы ұстауға жатады емеспе.Сорлы старшина мен сержант. Кімнің жолын кесті екен.



Старшина мен сержант маладетс

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
12 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>