Қытай Үкіметі Бішкекте қытай тілінде оқытатын мектептің ашылуына 50 млн юань бөлетін болды
2- ақпан күні Қырғыз Парламентінің Ғылым, білім, мәдениет және спорт жөніндегі Комитеті Қырғызстан мен Қытай Үкіметтерінің Бішкектегі Қытай тілі мектебін ашу жөніндегі келісімін мақұлдап бекітті. Қырғыздың Білім және ғылым министрі Абдулда Мұсаевтың айтуынша, 2004 жылы Қытай үкіметімен арада техникалық экономикалық салада селбестік орнату үшін 50 млн қытай юанін бөліу жөнінде келісім жасалыпты. Енді әлгі қаржы Бішкекте жалпыға білім беретін қытай тілінде оқытатын мектептің құрылысына жұмсалатын болды. Бішкек қаласының әкімдігі осы құрылыс мақсатына қаланың №29 Джал ықшамауданынан 2,44 гектар жер бөлді.
Депутаттар сауалына жауап берген А.Мұсаев «мектеп мемлекеттік меншікте, оқу ақысыз түрде бюджет қаражатынан болады. Оқу бағдарламасын Қырғызстан бекітеді» деді.
Хабар Синьхуа агенттігінен алынды.
«Абай-ақпарат»



Қазақ-неміс,қазақ-түрік, қазақ-бритиш, қазақ-американ,қазақ-ресей, қазақ-өзбек, қазақ-араб (соңғы екеуі Шымқалада) тағы қаншама халықаралық Университеттеріміз бар, Құдайға шүкір..Һе енді қырғыз бауырларымызға көмек қолын созғаны тәрізді жақында Қытайлар біздің Атқамінерлерге де осындай ұсыныс жасаса, не дер екен деп ойлайсыз? Жалпы сонда бізбен - Халықпен ақылдасар ма екен?
Бішкекте өзі не болып жатыр? Қытайларға қырғыз азаматтығын беруді де оңайлатып қойыпты, шекарасы да ашық-шашық. Қырғызстанның азаматтығын алғандар айдап отырып Қазақстанның азаматтығын алып жатыр. Енді міне мектеп ашып беріп жатыр. Қытай тілін арнайы дайындығы бар жастардың оқып білгені дұрыс та шығар. Бірақ жалпы мектеп қытай тіліне көшіп кетсе, ертең қырғызың хансушылап кетер. Содан кейін бізде «қатардан» қалмаспыз...
Ердене
Осы бейшара қырғыздарға жаным ашиды. Өйткені біздің басымыздағы күй оларда да бар. Солардың бізге жаны аши ма екен? Қырғыз-қазақ бір туысқан бауырлармыз ғой. Ееееееһ қайран заман-ай! Орыс пен қытайға, одан қалса батыс пен арабтарға жұтылып кетерміз-ау! Тіліміз де, дініміз де, діліміз де бейшара қалыпқа түсіп, өлместің күйін кешуде. Ол бүгін... Ертеңгі күн қалай болмақ?...
Қытайлардың жымысқылығына ештеңе тең келмейді. Олар бір ғасыр бұрын алдыңғысын ойлап отыратын қу халық қой. Әрі тарихи сабақтастығы керемет дамыған. Қырғызға келгені, енді қазақты да қармаққа түсіремін дегені.
Ілені келіп алғаны іргеге қолды салғаны,
Шуды келіп алғаны шуылдақ Қытай болғаның - дейміз бе!
Еділді келіп алған етекке қолды салғаны,Жайықты келіп алғаны жағаға қолды салғаны.
Осы билік басындағылардың басында қасықтай ми барма деші,неге қытайға иіліп төсек бола береді...Қытай тілі мектебін ашу-қытайластыру...Қазақстанда сондай болып жатса халық өре түрегеліп қарсылық білдіру керек,Бұлар жымысқыланып кіріп алып үлкен жоспарлар жасап жүрген шпиондар...бірнші жағы сауда-саттық,техника болғанымен екеінші астары арыда,біз аңқау ел аңырайып жүре береміз...Қытайларды қай жерден кезкседе кеңірдектен қысып қойса болады үрейледіріп,тәубесін келтіріп,олардың ақшасына қызығып жеке мүдеміз үшін жалбырақтаудан ұлытқа еш пайда жоқ!
Орыс болғың келсе,қазақ бол.Қытай болғың келсе,қырғыз бол.
mumkin 3 sorttin oris kol ayagiboludarin mumkin
ТҮбі бір түркі елдері бірікпей қытай мен орысқа төтеп бере алмаймыз! Әрине бірлік еуродақ секілді біртұтас шешім шығаратын тәуелсіз елдерден құралуы керек. Қытай мен орыстың ең қорқатыны түркі халықтарының бірлігі! Өйткені олардың ата жауымыз ғой!
Пікір алынып тасталды!
Қытай мектебінің қажеті жоқ. Тілі өшкен халық өзі де өшеді емес пе? Қытай тілі қырғыз тілін екі шайнап бір жұтады ғой
Пікір қосу