Құс қанаты талатын даламыздың «құжатталғанына» 90 жыл толды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Құс қанаты талатын даламыздың «құжатталғанына» 90 жыл толды

Жәрдемші


1920 жыл балы мен уын қатар ұсынды. Дәл осы жылы 26 тамызда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Және автономияның территориясы белгіленді. Жан алысып, жан беріскен осынау тарихи кезеңде мәңгілік маңызға ие территориялық аумақ яғни шекара мәселесінде Алаш зиялылары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Уәлитхан Танашев, Мұхтар Әуезов сынды ұлт қорғаны болған қайраткерлер құс қанаты талатын қазақ жерінің тұтастығын құжатпен бекіттірді.

Тарихтың сарғайған парақтарының бұлтартпас айғағы - жоғарыда аталған Алаш зиялылары 1920 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін Мәскеуде қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалуға және оны құжатпен бекіттіру үшін бел жазбай жұмыс істеген. Мәңгілік маңызға ие мәселенің негізгі шаруасымен Әлімхан Ермеков айналысқан.

Автономия құру және оның территориясын белгілеу жөніндегі комиссияның отырысында Әлімхан Ермеков қазақ жері және автономия туралы баяндама жасайды. Әлімхан Ермеков жасаған баяндама бойынша, қазақ жерінің аумағы 3 млн. 467 мың 922 шаршы шақырымды қамтыған.

Автономия құру және оның территориясын белгілеу жөніндегі комиссиясының соңғы отырысы 20 тамыз күні өтіп, «Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Орынбор қаласы астанасы болып бекіген автономияның территориясына - Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі енді.

Қазақтың территориялық аумағын бекіткен бұл құжатқа биыл тоқсан жыл толып отыр. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның территориялық аумағының негізінде дәл осы тарихи құжат жатыр.

1920 жылдың уы туралы бір сөз. Осы жылы құрылған Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасы тұсында және кейінгі Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы дәуірлеп тұрған кезде 1921-22 жылдардағы ашаршылық. қазақ байларын кәмпескелеу, 1931-1933 жылғы жаппай ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы саяси репрессия, 1941-1945 жылдардағы екінші дүнижүзілік соғыс, 1947-1951 жылдардағы ғылым саласындағы қудалау, тың игеру, 1986 жылғы желтоқсан ұлт-азатық көтерілісі қолдан жасалды. Бірақ әлі күнге дейін аталған тарихи қырғындар мен қасіреттерді ешкім мойнына алған емес...

Біз алдағы уақытта қазақ жерінің тұтастығы, мемлекеттік шекарасының қалыптасуы туралы індете жазатын боламыз және бұл тақырыпқа байланысты тарихышыларымыздың, қалам ұстаған зиялы қауымның тартынып қалмағанын қалаймыз!

 

«Абай-ақпарат»


 




Қазақта осы күнге дейін мемлекеттік шекара болмаған деп жүргендер енді не дер екен?!



Дұрыс, осы тақырыпты тереңірек аша түсіңдерші. Әйтпесе, тап бір 1991 жылы ғана пайда бола қалған мелекет сияқтымыз баз біреулер үшін.

Жұмажан



Сонда Назарбаев қайда қалады?



Қазіргі қалыптасқан саясатқа қарамастан шынайы тарихты төрге шығарғанымыз жөн.



Әй, айналайындар, шындықты мойындасаңдаршы. Қазақтың қазіргі мемлекеттік шекарасын айдай әлемге паш етіп тұрып бекіткен ол НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ. Қазақстанның бұрынғы шекарасы КСРО-ның шеңберінеде ғана танылды. КСРО құрамында болған елдердің бәрі шартты шекараның шегінде отырды. Сондықтан қазақтың шекара тарихын бүгіннен бастағаннымыздың еш артықтығы жоқ.
САТЫЛҒАН АҒАЛАРЫҢ



Сатылған аға, сатылған-ақ екенсің!..



Қазағымның көк байрағы көк аспанында мәңгі желбіреп тұрсын!



Әлімхан Ермеков жасаған баяндама бойынша, қазақ жерінің аумағы 3 млн. 467 мың 922 шаршы шақырымды қамтыған. Бұл осыдан 90 жыл уақыт бұрынғы, 1920 жылғы Қазақ АССРі.
Ал қазір ше ???
Қазір Тәуелсіз Мемлекет Қазақстан Республикасы.
Ал қазір.......
Ресми дерек бойынша,Еуразия құрылығының қақ ортасында орналасқан мемлекетіміздің Жер көлемі — 2 млн.717,3 мың шаршы километр.
Сонда 800 мыңнан астам шаршы шақырым кімнің үлесінде кетті????
Жауабын кімнен сұраймыз ?
Уақыттан ба ? Заманнан ба ? Адамнан ба ???



Атаңа нәлет орыстар мен қытайдан сұраймыз. Алла қолдап Қазақты ұлтшыл басшы басқаратын болса кеткен жерлерді алдағы жылдарда қайтарып аламыз. Тек ұлттық саясат жүргізілсек болды. 800 мыңнан астам шаршы жерден айырылып қалғанымыз қандай өкінішті. Құдайберген Қожегелді



Әттең, қазақтың асыл ұл-қыздары ай! Есіл еңбектерің еш кетті ғой! Қайдағы бір Кеңес Одағы үшін, кезінде Сәдуақас Сейфуллин, Жангелдин тәрізді қәзір не әрі, не бері түсініксіз соғыстың құрбаны болып. Сол Отан соғысы деген Кеңестік құлдықта болған Қазақстан, бұратана Қазақ Елі үшін не жақсылық әкелді?
Қаншама ұлы, "Қос шынар" аталған қыздары,оның ішінде Хиуаз Оспанова апайымызда бар қуаты тасыған жастық шағын сол қазаққа еш қажеті болмаған соғыс үшін сарп етілгендігі аянышты! Сонда да болса Біз Бұл кісілердің ерлігін ұмытпасымыз анық!!!
Жылт ете қалатын бір ой, тура қәзір бізге, Қазаққа қажеті сол Ұлы Отан соғысы деп аталатын соғысты бастаған Неміс ұлтшылдарынан үлгі боларлық, жұқа боларлық Ұлтымызды сүйер қасиет Үкіметте отырғандарға жұқса екен! Ия, жаратушы ием Ұлтын сүюді сол Немістерден, Гитлерден жұрнақ қылып менің халқыма бере гөр! Аумин! Тегімізді таныр Көк Бөрінің ұрпағын Елдің алды қыла гөр Жаратушы ием!!!



Мына жерде сол кездегі Қазақ АССР-ның картасы бар.

http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B0%D0%B9%D0%BB:%D0%9A%D0%B0%D1%80...

Ол кезде Қарақалпақстан және Орынбор Қазақстанға қарайтын. Сондай-ақ, одан бері Өзбекстанға төрт аудан кетті, Түркменстанға Қарабұғазгөл мен Қазақлышор кетті.



Тарих әлі жасалып жатыр, қорытатын келешек.



Откенде Жас алашта Менін косемім Алхан Бокейхан деген макала шыкты. Шындыгында да бар алаштын, кара казахтын косемі Алихан Бокейхан!!! Біз елміз десек, кеудеде намыс калса, тек осылай гана айтуымыз керек!



Окиништи!!!
Казактын жери кимге кетпеди екен!!!Ен болмаса озбекке шамамыз келеди гой.соларга кеткен жерди алып алсак болушы еди



Өткенде Нұрсұлтан Әбішұлы: "Мен болмасам қазақтың шекарасы тоқтамайтын еді, бұған дейін іргеміз ашық-шашық жатыпты. Әрең жаптым" дегені қайда. Әй, аңқау басым-ай саған сеніп, той істейін деп жүрсем. Қате болғаны ма, сонда...

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
10 + 9 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>