«Құрметтіміз» Кемеровада кемдік көріп жүр | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

«Құрметтіміз» Кемеровада кемдік көріп жүр

Жәрдемші


Ауыр атлетикадан аяқталған Кореяның Гоянг қаласындағы әлем біріншілігінде құрамамыз бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. Бірақ, дені Қытай мен Ресейден көшіп келген спортшылар еді жүлдені жиып берген. Ал, осыдан 5 жыл бұрынғы Афины Олимпиадасында ел қоржынына тұңғыш күміс медальды салған өз тумамыз, зілтемірші Сергей Филимонов нәпақасын  Ресейдің  Кемерово қаласында көлік айдап тауып жүр.

Эллиндер елінің астанасындағы додада 77 келі салмақта бағын сынаған Сергей ойынның алтыншы күнінде күмісті жеңіп алды. Өз өміріндегі үшінші Олимпиадасында биіктен көрінген қазақ елінің атлеті - 1994 жылдан бері құрама тізгінін уысынан шығармаған Алексей Ни үкілеп қосқандардың ішіндегі үмітті ақтаған жалғыз спортшы еді. Атлантада 6-орын алып, Сиднейде қолаға сынық сүйем жетпеген Сергей Афиныда  тек түріктің жас жұлдызы Тагир Санерден асып түсе алмады. Елге келген соң Әлем рекордшысы Олег Перепеченовты артқа тастап, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Джан Хуганға да шаң қаптырған Филимоновқа көрсетілген құрметте шек болмап еді.. Елбасының жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанып, сый-сияпаттан бас көтере алмады. Әрине, өте орынды! Олимпте жүлде жеңіп алу кез-келгеннің еншісіне бұйырмайтын бақыт. Әлем көз тіккен бәсекеде байрағымызды желбіреткен жанға қандай құрмет те лайық! ...Кенет, күміс жүлдегердің өмірінде қайғылы оқиға орын алды. 2005 жылдың жазында «Мерседес» автокөлігінің тізгінінде болған Сергей Филимонов абайсызда адам қағып кетті. Оның үстіне, ішімдік ішкені де анықталды. Қарсы машинадан түскен жарыққа көзі шағылысқан ол алдындағы жаяу жүргіншіні байқамағанын айтады. Қайтыс болған жігіттің отбасы Сергейге кешірім берген, тиісінше ол да бүкіл шығынды мойнымен көтерді. Осыдан соң ұлттық құрамаға қабылданудың қиын екені айдан анық.. Ал, Алексей Ни азаматтық жасап, дайындығын жалғастыруға рұқсат бергенмен, Энвер Түркелери шамадан тыс салмақты көтеруді міндеттеп, онсыз да істі болған жанды әуреге салған көрінеді. Отбасының да шырқы бұзылып, өмірден баз кешкен Филимонов ақыры Ресейге кетіп қалған. Мұнда ол біраз түзелгенге ұқсайды, шаруасы шатқаяқтап кеткен отбасын қалпына келтірмек ниетте екен. Ішімдіктен  бой тартқанына да бірталай уақыт болыпты. Мұның бәріне сонау жаздағы оқиға сабақ болғанын мойындаған алет туған жерінің туын әлі де болса көтеруге дайын екенін айтады. Тек мүмкіндік берсе болғаны...

Біз адам өліміне себепкер болған Сергей Филимоновты ақтап алуды мақсат тұтып отырған жоқпыз. Бар болғаны бір кездері батырдан кем құрметтелмеген спортшының қазіргі халін жеткіздік.  «Сүрінбейтін тұяқ жоқ». Алда кімді не күтіп тұрғанын болжау біз бітіретін  іс емес. Ал, Сергейдің басындағы жағдай күні ертең кез-келгенге кездесуі мүмкін. Бірақ, кез-келген адам Олимпиадада топ жара алмайды ғой... Кешірім мен құрметке жерлестерімізідің арасында, міне, осындай адамдар ғана лайық болса керек деп түйіндегім келеді ойымды.

 

Айна Керім, «Абай-ақпарат»

 

 


 




Осындайларға абай болу керек. Қит етсе сатып кетуі ғажап емес.



Сергей сатып кеткен жоқ. Ол Қазақстанды шын жақсы көретін жігіт. Кемеровада таксист болып жүрген тағдыры аянышты екен азаматтың



Филимонов сол сый-сияпаттан бас көтере алмай қалған сияқты. Сөйтіп жүргенде адам қағып, сотталып кеткен. Бапкерлер қайта дайындалуға рұқсат бергенмен, бұрынғы деңгейіне келе алмаған, онысын Түркелериге аударып отыр. Негізі, жарақат алып, спорттан қол үзген. Психологиялық тұрғыдан әлсіз болғанға ұқсайды, отбасы бұзылғаны да содан болар. Қазір 34-ке келген адамның енді өз деңгейіне келуі неғайбыл. Неге бапкерлікке ауыспағаны түсініксіз болып тұр. Камаз айдау Қазақстанда да табылатын еді ғой.



Айналайын, Айна Керім, өте дұрыс жазыпсың! Қазақ өз еліндегі ұлт өкілдеріне осылайша үлкендік көрсетіп, жанашырлық жасап отырса, бәрі қазақтың айнласына топтасатын болады. Биліктің "Ел бірлігі" деп жүргені былжырақ. Ел бірлігі қазақ бәріне еге болған кезде ғана болады.



Қазақтар штаңгыге жоқ әттең. Темірдің орнына екы жылқының етін іліп қойса ғой қазақтан артық чемпион болмас еді



седов тамаша жигит!!! филимонов жулдыз ауруына шалдыгып Арак ишип бар жиганын ози токкен болатын!!!



Жулдыз Ильиннин еркелигин котерип журмиз. Филлимонов токалдан туган жок кой) Шын манине келсек6 окиништи ак. Кайтару керек деп ойлаймын. Алла ози кеширсин. Бир адам емес бирнеше аламнын жанын киган байлардын балалары жур гой! Талантын есрекип, кеширим жасауга болатын сиякты.
Ал Кемеровада жургенин орыстилди басылымдар баягыда жазган. Бирак Айнанын корытындылары дурыс! Жаксы жазылган!



Айна керім, тілің шұрайлы екен, ой түюің де. Атыңызғы қарасақ, спорт жазатынға ұқсамайсын. Біздің журналистикаға сендей жанашыр қыздар керек. Жарайсың, АЙНА КЕРІМ! Қаламың үшкір болсын, бірақ, ешкімге тиіп кетпесін!



ой қазақ темір көтере алмаиды деп кім аитты!!!
қазақтың тілін тауып мықты жатықтыратын жатықтырушы жоқ қой!!! сол темрің құрысын залыңды көтеріп лақтырып жіберетін!!!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>