ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ, ҚАДІРМЕНДІ ХАЛАЙЫҚ! | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ, ҚАДІРМЕНДІ ХАЛАЙЫҚ!

Жәрдемші


ЕГЕР СІЗДЕР:

- ҚАНДАЙ ЖЕЛЕУМЕН БОЛСА ДА ҚАЗАҚ ЖЕРІ ЖАТ ЖҰРТҚА БЕРІЛМЕСІН;

- ЖЕР - «ШАҢЫРАҚ ҚАСІРЕТІНДЕЙ» ӘЛЕУМЕТТІК ШИЕЛЕНІС ОШАҒЫНА  АЙНАЛМАСЫН;

- КЕДЕЙШІЛІК ПЕН ЖОҚШЫЛЫҚ, ӘДІЛЕТСІЗДІК ПЕН ОЗБЫРЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАБЫЛСЫН;

- ӨЗ ЖЕРІМІЗ ӨЗ ЕЛІМІЗДІҢ ШЫНАЙЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТҰҒЫРЫ БОЛСЫН!- ДЕСЕҢІЗДЕР, ОНДА:

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖЕРІ - ХАЛЫҚҚА ҒАНА!» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ МИТИНГІСІНЕ КЕЛІҢІЗДЕР!

БИЛІКТІҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰЙТЫРҚЫ САЯСАТЫ БҮТІН ЕЛІМІЗДІҢ ДЕ, ӘРБІРІМІЗДІҢ ДЕ БОЛАШАҒЫМЫЗҒА ЗОР ҚАТЕР ТӨНДІРУДЕ. ЕНДІГІ ҮМІТ ХАЛЫҚТЫҢ АҚЫЛ-ПАРАСАТЫ МЕН ЖІГЕРІНДЕ ҒАНА! АТА ЖҰРТЫМЫЗДЫ ҚОРҒАУ ҮШІН БАС КӨТЕРЕР СӘТ ТУДЫ!

МИТИНГ 2010 ЖЫЛЫ 30 ҚАҢТАРДА, 11.00-де «САРЫАРҚА» КИНОТЕАТРЫНЫҢ  ЖАНЫНДА ӨТЕДІ.

  1. Болат ӘБІЛЕВ
  2. Серікболсын ӘБДІЛДИН
  3. Тоқтар ӘУБӘКІРОВ
  4. Маржан АСПАНДИЯРОВА
  5. Болат АТАБАЕВ
  6. Ермұрат БАПИ
  7. Сергей ДУВАНОВ
  8. Гүлжан ЕРҒАЛИЕВА
  9. Ораз ЖАНДОСОВ
  10. Төлеген ЖҮКЕЕВ
  11. Дулат ИСАБЕКОВ
  12. Владимир КОЗЛОВ
  13. Әміржан ҚОСАНОВ
  14. Николай КРЕМЕНИШ
  15. Дияр ҚОНАЕВ
  16. Aйнұр ҚҰРМАНОВ
  17. Серғазы МҰҚТАРБЕК
  18. Ирина САВОСТИНА
  19. Рысбек СӘРСЕНБАЙУЛЫ
  20. Әмірбек ТӨГІСЕВ
  21. Балташ ТҰРСЫMБАЕВ
  22. Жармахан ТҰЯҚБАЙ
  23. Мұхтар ШАХАНОВ

 


 




Қалай бірінші болып пікір білдірсем,солай бірнші болып төбе көрсетем!
Елім-жерім үшін жаным құрбан!
Сонау қытайдан елім деп,жерім деп жеткем!
Жаса алаш ұрпағы!!!
Жаса қазақ!!!
Жаса ел ағалары!!!



Елбасы да Үкімет басшысы да жер сатылмайды деп айтқан жоқ па? Заңнан хабары жоқ немелер десе, не болды сонша жау шауып. Жерді сылтау етіп халықты дүрліктіріп жүргендерді жауапқа тарту керек!



Жер сатылмайды деп олар айта береді сене берсең.Заңнан сенің өзіңнің хабарың жоқ.Ешкім халықты дүрліктіріп жатқан жоқ,сен өзің дүрліктіріп отырған надан.Сені халық алдында жауапқа тарту керек!Мұхтар Шаханов жасасын!!!



Жер сатылмайды деп айтқанмен жалға берілмейді деп айтқан жоқ қой. Жалға берілген Байқоңыр Ресейге қарап, Ресей заңымен жүретіні секілді, Қытайға жер жалға берілсе жеріңе қош-қош айта бер. Қытай сатып алмайды, тартып алады керек болса. Сондықтан жалға бердім дегенше басы бүтін бердім дей бер! Заңнан хабары бар адам заңның орындалмайтынынан да хабары болуы керек. Алланың заңын орындамағандар, адамның заңын не қылсын?



Мен қалайда барам!



Оп-позицимызда ояныпты ғой. Ши сындырып қоялық



Шырағым қалай сөйлейсің! Әдеби тілде ши дегеніміз- қалын қамыстың бір түрі! Шырпы десең болады! Ши сындыру қайда южандарға!Өз басым қолдаймын ағаларды!



Халайық, қолдайық!Мен өзім, әрине, барамын.



Барамыз ғой. Бірақ, нәтижесі қалай болар екен...



Жерді жер алпауыттарынан Терещенкодан, Кулагиннен, Мадиновтардан да қайтарып алу керек шығар... Қалай ойлайсыдар?

Еркөкше



бармаймын десем ол болмайд!
барайын десем жер шалгай!

Астанада болса барар едым

Сериккерей



4-оқырманға:
Нәтижесі саған байланысты. Егер "Барамыз ғой. Бірақ, нәтижесі қалай болар екен..." деген күмәнмен аяқ бассаң нәтиже де сәйкес болады. Істі бітірмей жатып нәтижені уайымдау кімнің әдеті екенін айтпай-ақ қойайын



Қазақстан Республикасының Жер кодексін 34-бабы, 2-тармағында "Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі болмайды". делінген.



Қазақтың жері сатылмайды да, жалға да берілмейді. Бұл не шу?



Пікір алынып тасталды!



Ана "Алаш" деген қасиетті атауды бүркеншік есіміңнен алып таста. Сосын ойыңа келгенді жаза бер.

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Оралман дегізгені ойран қылған,таңбасы ғой тас бауыр тар заманның дегендей...ораламандар біреуге кесірін тигізгелі келіп жатқан жоқ.Олар нағыз отанның қадыр-қасиеті қандай екенін әбден түсінеді.Олардың жүрегінде қазақ деген намыстың оты күшті.Оларды қашқын деп атайтындар қазақ емес...Мұхтар ағамызша айтқанда "Түрі қазақ,жүрегі Орыстар"...Назекеңе наразылық емес бұл ұлт үшін,жер үшін азда болса қасық қанын арнайтын жігер күші,екіленген ерлігі ғана түсінген адамаға...біздің оянатын кезіміз келді,ата-бабамыздың аруағы үшін болсада қарыздармыз...



Оларды қашқын деп атайтындар қазақ емес...Мұхтар ағамызша айтқанда "Түрі қазақ,жүрегі Орыстар"...
_________________________
Дәл айттың. Ал, Алаш, миы жоқ қасқа, тайыз ойлы болмай, жалпы көлемде кеңдеу ойлау қабілетің бар болса, қазағың қандай кезеңдерде, не себептермен жаппай қырылып, өз отанынан безіп жер бетіне тарыдай шашылып кеткенін тарихтан шолып шық.
Иә, ресейдің жүргізген колониялдық саясаты нәтіжесін берді. Жақсы нәтіжелерін берді емеспе? Мына Алаш ұқсағандар соның дәлелі. Өз халқының жаппай қырғынға ұшырағанын, ал қырылмағандары жер асып дүние жүзін аралап кеткенін, солай қазақты совет дәуірі өз жерінен бездіріп, қаңғытып жібергенінен олар бейхабар. Өз халқының тарихынан бейхабар. Хабардар болғысы да келмейді. Себебі олардың миын орыстардың колониалдық саясаты шәйіп тастаған, түрі қазақ, жүрегі орыстар. Осыдан, кім сатқын деген сұрақ тұады? Әріне,орыстардың ассимиляцияландыруының нәтіжесі, осындай бүгінгі күнде өз қазағын жек көріп отырған Алаш атты жарыместер сатқын.
Қонақ, Ақтау



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!



Бұл бір асығыс шаруа болды ғой, Кішкене ойластырып барып жасаса, бәріміз баратын едік. Уақыт тым тығыз. Әйтпесе мен міндетті түрде барар едім. Міндетті түрде. Және өзіммен бірге кем дегенде бес адамды ерте барар едім.
ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ.



Жер сатылмайды деп ашып айтты ғой Ақпатшамыз. Несіне даурығасыңдар. Есеп жинап жүрген Оппозициясымақтарға ермеңдер. Олар очко жинап жүр, ертең очкосы ойнап /о/қысып қалады, ал сендер қаңғып далада қаласыңдар. Олар оппозиция емес оппортунистер.Ал шеттен келген қазақтар елді бүлдірмей тыныш жүріңдер. Жүре алмасаңдар, қазақстандағы тыныштық ұнамаса шпана ретінде /шпион-жансыз/айдап салып отырған қытайларыңа кете беріңдер. Беймарал өмір сүруге үйренген халқымыздың тыныштығын бұзбаңдар.



Біріншіден Алла сенің надандығыңды кешіріп, тура жолға салсын. Екіншіден, жерді қорғау - патшаға қарсы шығу емес. Үшіншіден, Оралмандар деп айдар таққан қандастарымыз шпион да, қашқын да емес, нағыз патриоттар! Төртіншіден, білмей тұрып адамдардың сыртынан ғайбаттау ауыр күнә! Бесіншіден, сен оппортунистер деген адамдардың арасында ұлттың мақтанышына айналған тұлғалар бар екенін ұмытпа! Алтыншыдан, Абайдың атындағы порталда әдеп сақтап, "біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос" деген сөзді есіңнен шығарма! Жетіншіден, Аллаһ тағала сені надан қылса да, ұрпағыңды иманды, білімді, парасатты, салихалы етсін!



Ей халайық, бір-біріңді күңдеп,бір-біріміздің аяқтан шалуды қоймасақ елдігімізден, егемендігімізен айырылып қалармыз. Сол себепті митінгі өткізуге рұқсат беріп тұрғанда, Мұқтардай,Дулат,Тоқтар ағаларымыз бас көтеріп жатқанда әрбір елім, жерім, атамекенім деген азаматтар қолдау көрсетіп, патриоттығымызды көрсетіп таныс-тамырларға, көрші көлемдерді жинап апару керек."Алатау" ауданы әкімі Б.Мәнізоров сияты беті жылтыр, екі сөйлейтін қазақ азаматтарын көргенде, өзін қолдаған 5-6 үйді жинап алып халық алдында есеп бердім деп өтірік ақпарат берген азаматымыздан сақтасын!



Анау "Алаш" атын жамылған ақымақ тексізге айтарым: Алтайдың күнгейі мен теріскейі мыңжылдықтар бойы Ата қазақтың мекені. онда тұратын Қазақтар Қазақстанды тастап қашып барғандар емес, ол жерді арам қытайлар басып алғасын Қазақстанға келген өз бауырларымыз! сен сияқты қара жыланды аруақ атады, сөз киесінен сақтан!!!

Көкжал Барақ.



Пікір алынып тасталды!



Барақ деген жақсы есім емес, Жоңғарды жойған Әбілхайыр болса, сол ханымыздың ту сыртынан жасырын келіп оқ атқан зымиянның өзі. Сенде сондай Барақтың бірі шығарсың.



Бұл оралмандарға арналған мәселе емес.Жалпы ұлттық мәселе.Оралмандар шппион деген сөзді қайтарып алыңыз! Шпионның нағыз кімдер екенін тарих дәлелдейтін болады. сонда елім деп,жерім деп,тілім деп зарлап жүрген ағаларымыздың бәрі шпион қатарында болды ғой.ел ішін бұлдіргелі жүріпті.недеген көрсоқыр пікір.недеген топас қазақ баласы деші мына бейшара. Әркім Өз еліне деген ашық пікірін ғана білдірсін тақырыптан ауытқымай бөліне берсек бөріге жем болармыз күндердед бір күн. Беймарал өмір сүріп жатырмын дептпті,ол өзіңнің ғана қара басыңның қамы.солай өмір сүре берсек сол қара қытайдың құлына айналасың ертең.
-АЛМАТЫ



Ет асса нан қалмайды демекші, бір дау шықса қақ ортасында Мұхтар аға сіз жүресіз. Жүрегіңіздің ауыратыны қайда.Ал анау қол қойғандардың ішіндегі дұрысы Тоқтар әға мен өзіңізсіз. Қалғандары қазақша білмейтін, қазаққа жаны ашымайтын билікқұмарлар ғана.Олар осылай ел алдында жоғалқан жалған беделдерін жинауға тырысып жүргендер. Егер Тоқтар аға мен Мұхтар аға екеуіңіз ғана бас болып ел жинасаңыз күллі қазақтың еретіні ақиқат. Мынадай болып "келген қазақ"- "жергелікті қазақ" болып екіге бөлініп жатқандарының себебі араларыңызда Жармахан мен Әбловтердің жүргендігі. Оларға қаны қазақ деп ойнайтын Алаш баласы ешқашан ермейді. Сондықтан жіктеріңізді бөліп, бағыттарыңызды айқындап алыңыздар.Жайсаң Жайықтан.



Кешіріңіздер мен білетін азаматтың бірі Балташ Тұрсынбаев. Жайсаң Жайықтың сөзіне құлақ түрсеңіздер Мұхтар аға Балташ ағаны да қосып алыңыздар қатарларыңызға. Ал қалғандары қасыңызда болатын болса мен оларға сенбегендіктен ешкімді ертіп апармаймын, және кері үгіттеймін, өзім де бармаймын.Кімнің кім екенін ажырататын уақыт болды ғой. Кеттік дегенге ере беретін ешкінің соңындағы қой емеспіз. Ойланыңыздар қара халық сауатты қазір. Бізге шынайы сөз бен істің көсемі керек.



ана алаш деген аттан садага кеткыр сорлы сол алаш косемдерынын урпактарынын кейбыры кайда екенын былемеекен!китаймен орыстын отаршылдарынын шапкыншылыгынан казактын байтак жеры китайда ,россияда калганын былмейтын,казакты казакка жаугып корсететын ана мангурт менын Абай атам атындагы порталда не ыздеп жур!"шеттегы казактардын бары казахстаннан кеткен "деп ойлайтын тарихтан макурым санасыздар ел ышын ала тайдай булдыреды!оралмандар туралы хабар болса болды "жер бетыне тарыдай шашылган,заманнын кыйындыгынан босып кеткен"деп каксайтын журналистер осы сауатсыз тыркестерын айтпау керек!шеттегы казактардын кобы оз ата мекенынде отыр!маселен озбекстан,китай,россияда отырган казактар!олар кашканда жок!сол жердын жергылыкты казактары!журналистер "отанымыздын шегараларндагы жерлерымызды отаршылдар басып алганы себепты баурларымыз сыртта калды деу керек!

ал шеттегы казакты Нурсултаннын орнына Койшыбай деген баска быреу отырсада шакру керек!казак саны алдымен оралмандарга емес,озымызге керек!жане ол казак мемлекеты ушын керек!улттык кауыпсызыдк ушын керек!

Сериккерей



Жер мәселесі көретіліп жатқанда оралмандар жайын тықпаламаңдаршы. Мұндайда қазақ "таяғыңды тықпаламаш" немесе "орынсыз жерге пышақ ұрма" дейді. Оралмандардың проблемасын басқа тақырыпқа арнаңдар.Ата қоныстарың болса керемет болсаңдар Монғолиядан немесе қытайдан неге мемлекет құрып алмадыңдар. Елге келіп жік салмаңдар. Ал мына тақырып қазақтың ата қонысы, ата мекенінің мәселесі. Сондықтан мен де Күлтөбенің басына Мұхтар,Тоқтар, Балташ ағаларымыз бастап барса ғана барам.Ал сол жерде Жармахан сияқтылар жүретін болса жинаған жұртымды ертіп кері кетем.Жердің жыртығын Жармахандар жоқтамай-ақ қойсын.



Битке өкпелеп тонымыздан айрыламыз деп қорықпайсың ба?
Қабыл



елге келып жык салма деп алып,енды неге Балташка ерем,Жармаханга ермеймын дейсын!жармахан саган не степ койып еды!ол да казактын азаматы!елы ушын озындык курес жолын тандаган!"Жармахан барса жыйнаган журтымдыертып кайтып кетем"деп балысынетын сен сонша кым едын!артында канша журт бар деп ойлайсын сорлы!кашпандар!"деп кашатын сорлынын быреуы бармай калса казак жерсыз ,каран калама сорлы!!бармасан барма!алайда казакты жыкке болме!!

Сериккерей



Бұл арада оралмандар емес, жер мәселесі талқылануы керек еді. Не айтып кеткенсіңдер өзі?

Ерғали



Мен Астанада турымын бірак калайда Алматыга барамын. Митингке қолдау көрсетемін!!!



Пікір алынып тасталды!



Оралмандар тұралы қосып отырған ана алаш атын жамылған мыырза,Оралмандар тақырып бұзып отырған жоқ.

Осы біз неткен бақытты халықпыз,
Біреуге иек артпаса жүре алмайтын.
Өз үйін өз қолымен құра алмайтын,
Белі тақым сағынып бұраңдайтын.
Қит етсе қырым деп ұрандаймын.
Өзінене басқа ешкімді ұра алмайтын.

Неткен бақытты халық едік,
Табыла алмай ту қасынан.
Елкуішпен су тасыған.
Алтын шықса құм астынан,
оның өзі у сасыған.
Неткен бақытты халық едік,
Құйрық-жалы күдіре болып,
Жүгіретін сүріне келіп.
Үй дейтуғын үйіде жоқ,
Шығатұғын үні де жоқ.
Бостандықтан басқа түгі жоқ,
Неткен бақытты халықпыз.

Ұлқпек Естаулеттің өлеңінен....

Алматы



Алаш деген қасиетті ұғымды әлде бір санасыз малғұнға қалай қиясыңдар? оттай берсін де, көңіл аудармай жөнді әңгімеге кезек берейік. Ондай провакаторлар көп қой. Оларға "Алаш" деп деп сөйлеу күнә емес пе! Жалпы тағы бір қайталайын, кім көрінгенді порталға жіберуге болмайды. Далада жүрген БОМЖды мәжіліске кім жіберер еді? Елдің тағдыры дүдамал кезде, өзара ырылдасқанды қойсақ қайтеді?
Ал митингіге бәріміз шығуымыз керек. Жерді сатты ма, жалға берді ме, бәрібір, айрыламыз. Ал жалға бермейміз деген ешкім болған жоқ. Демек береміз дегені. Беріп қоймаса. Қасиетті "Хан тәңірін" - Хан Тенгри шыңын - Қытайға беріп жібергенін білесіңдер ме? Сол сияқты болып жүрмесін.
Қабыл



Айтпақшы, жаңа ғана радиодан Қазақстан мектептерінде Ресей оқулықтары бойынша сабақ жүргізуге рұқсат берілді деп айтты.
Құлдыққа қарай қайта зымырап барамыз. Әлдебіреудің Ақпатша деп дәріптейтін ібілісінің арқасында.
Қабыл



Енді оралман, орыс деп бөлінейік... Сол ғана қалып еді. Бес саусақ бірдей емес. Бөлінгенді бөрі жейді. Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бір ауыздан қолдап, қостамайсыңдар ма!



Дұрыс. Соны ұғар құлақ болса ғой шіркін.



Пікір алынып тасталды!



Неғып желтоқсан алаңында өткізбейді.Сарыарқаның артынан түк шықпайтыны бұрыннан дәлелденген.шықсақ желтоқсан алаңына шығайық! ол жер-бүкіл халықты жинайтын,қасиетті орын.



"Ауыл иті ала болса да бөрі келгенде бірегеді". Құдай-ау, сол ит құрлы жоқпыз ба? "Қазақстандық Қазақ", "Оралман Қазақ" дегенді қайдан шығарғансыңдар? Қаны бір, ары бір, мүддесі ортақ ұлт емеспіз бе?
Жерің саудаға түсіп, намысың тапталып жатса бұл не қылған айқай-шу?!
әй, сендерден ештеме шықпас...



Пікір алынып тасталды!



Пікір алынып тасталды!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>