Әрине, бұл сұрақты үкімет мүшелеріне қойсақ, өте оптимистік жауап алатынымызға еш шүбә жоқ. Бидай бітік шықты, жылу станциялары қыс маусымына дайын, мал семірді, мұнайдың бағасы әлемдік нарықта өсті, теңге тұрақтанды т.с.с. Бәлкім, бұл біздің өнім өндірмейтіндігімізге, тек тұтынушы болып қалғандығымызға немесе қор биржаларының, құнды қағаздар нарығының дамымағандығына байланысты да шығар. Әлқисса, әңгіменің негізгі төркіні былай...
Жалпы, біз секілді дамушы елдердің бір қатарында айналымға түспеген қаражат көп мөлшерде бар көрінеді. Бұл туралы әлемге әйгілі ірі экономистердің бірегейі саналатын Эрнардо дэ Сото ала жаздай жар салды. Ол бірнеше постсоциалистік елдердің ішкі экономикасымен танысқаннан кейін кәдімгідей дабыл қаққан көрінеді. Айналымға түспеген болса, оның өлі қаражат екендігіне еш шүбә жоқ. Қаржы-қаражатты айналымға енгізудің негізгі тетігі - есепке алу жүйесі екендігін әркім біледі. Сіз қымбат әрі аса құнды ғимаратты қыруар қаржы жұмсап салып қойдыңыз. Салған зәулім сарайыңыз көздің жауын алады, тіпті кірсе шыққысыз тамаша. Алайда, оныңыз есепке алынбаған, яғни, оны мемлекеттік, қоғамдық, банк қаржы, сақтандыру ұйымдары мойындамаған болса онда қанша жерден жайнап тұрса да өлі капитал.
Капитализм жүйесіндегі нарықтық экономикада материалдық және рухани барлық қаржы-қаражат, дүние атаулы айналымға түсіп, иелері оның игілігін көріп, жемісін жейді. Ал, дамушы елдер олай жасай алмайды екен. Біршама өлі капиталды жинап алып, сақтап қана отырғандықтан онда капиталистік қатынас дамымай жатыр - дейді, әлгі экономика саласының білгірі Эрнандо дэ Сото.
Сото мырзаның бұл тұжырымын ғылыми жаңалық деуге тұрарлықтай. Себебі, әлемнің әр тарабындағы оншақты елге жүргізген зерттеулері арқылы ол өзара өте ұқсас нәтижеге қол жеткізіп отыр. Айталық, Мысыр, Филиппин, Гаити үшеуі діни сенім, салт-дәстүр, тарихи болмыстары мен халқының менталитеттері мүлде басқаша бола тұра олардың құрып жатқан «капитализмдері» өте ұқсас көрінеді. Ұқсас болғанда да, баяғы сол тау-төбе етіп үйіп қойылған өлі капитал. Сотоның зерттеуін Ұлан-Батырда жүргізгенде Перумен ұқсас қорытынды шыққан. Ел астанасының шетінде салынған ықшам аудандардың өзінен айналымға түспеген жеті миллиард доллардың мүлкі шыға келген. Ал, біздің Астана мен Алматыда сол зерттеуді жүргізіп көрсек қандай нәтиже көрсетерін, қай елмен «мұңдас» екендігімізді болжауға болатын да сияқты. Бірақ, бұның өзі жеке бір әңгімеге арқау болатын мәселе.
Есепке алынып, мойындалған айналымдағы қаражат пен ешкімге беймәлім иегері де танылмаған өлі капиталдың арасында қандай айырмашылық бар дегенге бір қарапайым мысалды алайық. Сізде тайдың тұяғындай алтыныңыз болсын делік. Оны сіз кепілдікке қойып, ақша аласыз да сол қаражатыңызды тағы бір биржаға ма, құнды қағаздар нарығына ма айналымға саласыз. Егер жоғалып кетсе, сақтандыру компаниялары шығыныңызды өтеп беретіндіктен ештеңеден қорықпайсыз. Қысқасы, сол жұдырықтай алтыннан күнде сауын сиырыңыз сияқты ақша сауасыз да отырасыз. Ал, сол алтынды үйіңізге тығып қойсаңыз ол бір тас қана. Сізде ондай алтын барын кім біледі, білсе де алтын екендігіне сенуінің өзі екіталай. Өзіңіздің тайтұяқ алтыны бар әжептәуір бай екендігіңізді кімге барып қалай дәлелдейсіз.
Сото дамушы елдердің біразының үкіметіне өз зерттеуінің нәтижесін осылай түсіндірмек болғанда көп шенеунік адам санағымен шатастырып аса мән бермегенге ұқсайды. Сөйтіп жүргенде, Испанияда тағы бір Сото дейтін атақты экономист пайда болды. Жэсүс Хуэрта дэ Сото деген есім 2008 жылғы экономикалық дағдарысты алдын ала болжаған азғана ғалымдардың бірі ретінде әлемге танылған. Сол дағдарысты Қытай, Үндістан, Бразилия экономикасы еңсерген болса, таяу келіп, енді есік қаққалы тұрған дағдарысқа ешкім төтеп бере алмайды деген болжамды ол бүгін жасап отыр. Грек, Португаль, Испания елдері алдымен Еуропа одағын таратып құлатпақ көрінеді. Тумысынан молшылық көрмеген гректер Еуропа одағына еніп, еуромен сауда жасай бастағанда жұмақтың төріне шыққандай масайраған дейді. Ал, шын мәнінде жұмысты немістер істеп, игілігін гректер көретін әділетсіздік қайдан орнай қалсын. Жатып ішетін тегін тамақ ешкімнің пешенесіне жазылмаса керек. «Гректерше жұмыс істеп, скандинавша өмір сүру мүмкін емес» деп батыстықтар айтқандай алмақтың да салмағы бар болып шықты. Ақыры міне, үш жыл болды, әлі ереуілдеумен күн батырып келеді.
Жэсүс Сото соңғы зерттеуінің арқасында дағдарыстың жалпы болмысын тауып таныдым деп отырған көрінеді. 1928 жылы Америкадан басталып күллі әлемді шарпып өткен дағдарыстың түпкілікті себебін зерттеген оның тұжырымы бүгінде өте нанымдылығымен экономист ғалымдардың назарын аударып отыр. Оны әлемге аты мәшһүр экономист Милтон Фридман көп жыл зерттей келе ақыры Американың орталық банкісі мен федералдық ресурс ұйымын кінәлі деп тапқан. Олардың ақша саясатын теріс жүргізгендігін нақты дәлелдеген. Ал, Сото болса оны жай ғана салдар ретінде көрсетеді де себептің тым арыда жатқандығын айтады.
Американдықтар тұрақты дамудың арқасында дүниежүзінде ХХ ғасырда ең ірі экономикалық жетістікке жеткені белгілі. Дүниежүзілік бірінші соғыс Еуропаны тұралатып тастаған соң біздің ғаламшардағы саяси, әскери, мәдени орталық атаулы мұхит асып жаңа құрлыққа жетсе керек. Фордтың автокөлік өндіру қозғалысы екі аяқты пендені төрт дөңгелектің үстіне шығарды. Тоңазытқыш, радио, автокөлік секілді заттар әр отбасының күнделікті құралына айналып, әлемдегі ең жоғары жалақы алатын американдықтар үлде мен бүлдеге оранып шалқи бастады. Олар тап бір пейіштің төріне шыққандай-ақ ертеңін ұмытты. Артық ақшаларын биржаға апарып қоя салады, онысы өзінен өзі өсе береді. Ал, бағы жанған біреулерінікі неше еселеп өсіп, ақша иесін тіпті ұшпаққа шығарады. Кино индустрия деген тіпті шегіне жеткенше дамып, адамдар шынайы өмірден қол үзе бастаған.
Ақшаны өнім жасайтын өндіріске енгізіп еселеуге көбісі бас қатырмады. Ішкені алдында, ішпегені артында ақшаны оңды-солды шашып, шайқап жүрді. Биржаны бейне бір ақша көбейткіш машина іспетті түсінді. Сонда апарып бірнеше жасыл қағазды лақтыра салсаң болды, рахат өміріңді сүре бересің. Алайда, тосыннан пайда болған дағдарыс биржадағы ақшаны бір-ақ күнде тып-типыл етті. Ақша қорын жасамаған, инвестиция атаулыны ойламаған жұрт сол сәтте-ақ пейіштен сырғып түсіп тозаққа тап болды. Олардың хан сарайындай әсем ордалары мен жалт-жұлт етіп көздің жауын алған темір тұлпарлары ақша таппады, оны қайтадан тиын-тебенге айналдырудың өзі мүмкін болмай қалды. Нағыз «алтын-күміс тас екен, арпа-бидай ас екеннің» кері келді. Әсем ордалары мен әдемі машиналарын ет пен нан орнына жеуге келмейді ғой. Осылайша, ұлы Абайдың айтып кеткен «еріншек жалқау мал шашпақ» тірлік тек өздерін ғана емес, бүкіл дүниені құрбандыққа шалды.
Ақша табу оңай, ал, оны жұмсай білу үшін зор ақылдың қажет екендігі осылайша алға шықты. Қайыршыға балық берме, керісінше, оны аулайтын қармақ бер деген тәмсіл осыдан шықса керек.
Әлемде бізді табиғи шикі затқа бай ел деп біледі. Forbes-тің «алтын тізімінде» жарияланған мәліметтерге сүйенсек, қазақстандық миллиардерлердің жиған-тергені тұтас алғанда 16,9 млрд АҚШ долларына бағаланыпты. Бұл қаржы елдің жалпы ішкі өнімінің 13 %-дан астамын құрайды екен. Forbes тізіміндегі 7 миллиардердің қазақстандық екені бүгінде ес жиып, етек жапқан бала-шағаға да мәлім. Ал, елге келген қандай пайда бар?!
ТМД Статистикалық комитетінің хабарламасында Қазақстан биылғы жартыжылдықта жалпы ішкі өнімнің өсуі бойынша 8,3 пайызды құрап, бұрынғы одастарының арасында көш бастаған көрінеді. Еліміз бюджетінің елу пайызға жуығы мұнай өндіру мен оны экспорттаудан толығады. Бірақ, қаржы жылдам түсетін мұнай секторы жұмыспен қамтамасыз етудің басты көзі болмаса керек. Себебі, мұнай бағасының құбылуы үкіметтің жалпы бюджеттік шығындар туралы жоспарына қалай әсер ететіндігі қазан айының басындағы Парламент отырыстарында-ақ байқалды.
Қазақстандағы бюджетті жоспарлауда шикіліктер көп. Неге? Елде қаржының өзге мақсатқа жұмсалуы немесе игерілмей кері қайтуы ойнамалы індетке айналған. Обалы нешік оны заң жобасын талқылау кезінде депутаттар айтуындай-ақ айтты. Ал, оған үкімет мүшесі Қайрат Келімбетовтің берген жауабы шындықтан алыс кетпегендей болды. Министрдің мәлімдеуінше, бюджет көрсеткіштері мұнай бағасына тәуелді болғандықтан өзгертіп отыруға мәжбүр көрінеді. Бір қорап сіріңке өндірмейтін, тек қана шетел тауарларының тұтынушысы болып отырған елде ондай болмасқа қандай шара бар.
Халықаралық валюта қорының есебі бойынша Қазақстан бизнес ашу мен меншік құқығын тіркеу жөнінен қамшы салдырмай тұр. Сөйте тұра Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу индексінде халықаралық сауда көрсеткіштері бойынша зерттеу жүргізілген елдердің ішінде Қазақстан 1 пайыздан төмен көрсеткішке зорға жеткен. Оның себебі елде теңізге шығатын жолдың болмауынан ғана емес шығар. Қаржы секторындағы мәселелерге байланысты несиеге қолжетімділік көрсеткіші бойынша да Қазақстан үш сатыға төмендеп кеткен. Еліміздегі жан басына шаққандағы табыс 8 мың АҚШ долларынан асты деп бөркімізді аспанға атсақ та, мемлекеттің медицина мен білім беру салаларына салыстырмалы түрде аз қаржы бөлінетіндігін халықаралық сарапшылар дәлелдеп отыр.
Ал, енді жағдайымыз осындай қарама-қайшылықтарға толы болып тұрғанда Жэсүс дэ Сотоның айтқаны дәл келіп, 2008 жылдағыдай әлемдік дағдарыс қайта келсе ше?! Шетелден алған және алатын қарыз қанша жыртыққа жамау болады деген ой еріксіз мазалайды. Бәлкім, кез-келген дағдарыс біздің елді айналып өте беретін шығар деп тағы арасында көңілге медеу тапқандай боласың. Себебі, бізде жоғарыда айтқандай қор биржасына салған ақшамыз да жоқ және оның не екенін білмейтіндігіміздің де пайдасы тиетін шығар.
«Абай-ақпарат»




тыңда деректі, өте сауатты жазылған мақала..тартымды екен..жарайсыз Қуандық аға..қаламыңызға қуат өзіңізге денсаулық, отбасыңызға береке берсін..сіз талайының көзін ашасыз әлі.сіз халқыңызға керексіз жан аға..рахмет сізге..
Кәрiм Мәсiмовке қойылар баға – «екi»
ОЛ ОТСТАВКIГЕ ЖIБЕРIЛСIН, «ТАҚ МҰРАГЕРЛIГIНЕН” ЕШКIМ ДӘМЕТПЕСIН!
Қазақстан Республикасының халқына және Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа
Бүгiндерi елде күрделi жағдай қалыптасып, қоғам тығырыққа тiрелудiң аз-ақ алдында тұр. “Елiмiз аман, жұртымыз тыныш, бiзде бейбiтшiлiк пен тұрақтылық!” деп кеуде қағып, бүкiл әлемнiң алдында көсiлiп мақтанатын едiк. Бiрақ, қазiргi жағдай, жұмсақтап айтқанда, “тұрақтылықтан” әлдеқайда алыс екенi әркiмге де түсiнiктi бола бастады.
Елдiң батысында дiни алауыздықтың күшеюi, оның арты қарулы қақтығыстарға ұласуы, Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуiлiнiң бiрнеше айға созылып, әлем тарихындағы ең ұзақ бас көтерудiң бiрiне айналуы, Кедендiк одаққа енгелi берi азық-түлiк бағасының қымбаттауы мен жанар-жағармайдың тапшылыққа ұшырауы және халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайының нашарлауы – бүгiнгi билiкке үлкен сын болғаны айқын. Қоғамдағы осындай оқиғаларға бiрден-бiр жауапты орган және тұлға – үкiмет және оның басшысы екенi белгiлi. Бiрақ, үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмов осындай қиын-қыстау кезеңде қоғамды тығырықтан шығара алды ма? Жоқ! Қайта оны дағдарыстың шыңырауына одан да тереңiрек батырды.
Бiрiншiден, Кәрiм Мәсiмов Қазақстан үкiметiн басқарған 5 жылдың iшiнде елдегi әлеуметтiк-экономикалық жағдай ушықты. Азық-түлiк пен жанар-жағармайдың бағасы күрт қымбаттады. Елде жанар-жағармай тапшылығы айқын сезiлуде. Оның себебi неде екенiн Кәрiм Мәсiмов неге түсiндiрмедi? Мұнай мен газдың үстiнде отырып, Қазақстан жанар-жағармайдан неге тапшылық көруi тиiс?
Тәуелсiз экономистер дерегiне сенсек, 90-жылдары Қазақстан жылына 26 миллион тонна мұнай өндiрген. Ол кезде халық қажеттiлiгiн өтеуге 7-8 миллион тонна мұнай қажет болған. Мұнай өндiрiсiнiң осы көлемiнiң өзi-ақ жанар-жағармай тапшылығын сезiнбеуге толық мүмкiндiк жасаған-ды. Ал қазiр мұнай өндiру 80 миллион тоннаға жеттi. Халық қажеттiлiгi 10-11 миллион тоннаға өстi. Сонда мұнай өндiру үш есеге өстi деген сөз. Бiрақ, 90-жылдармен салыстырғанда, жанар-жағармай тапшылығы айқын сезiлiп, оның бағасы күрт көтерiлдi. Неге? 26 миллион тонна мұнай өндiргенде сезiлмеген жанармай тапшылығы оның өндiрiсi 80 миллион тоннаға жеткенде неге айқын байқалды? Осы мәселенi Кәрiм Мәсiмов үкiметi мен мұнай-газ саласын “ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын” “Самұрық-Қазына” ұлттық қоры неге шешпейдi? Олар қайда қарап отыр?
Екiншiден, 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ресей, Беларусьпен бiрге Кедендiк одаққа ресми түрде ендi. Бұл да Мәсiмов бастаған үкiметтiң үлкен қателiгi деп санаймыз. Ресей саясаткерлерi “2017 жылы Кедендiк одақтың негiзiнде КСРО-ны қайта жаңғыртамыз!” деп ұран көтерiп жүр қазiр. Президент Путин “Кедендiк одақ Еуразиялық экономикалық одақтың алғашқы баспалдағы, мұны ары қарай жалғастырамыз, осы арқылы Батыс елдерiне терезесi тең бәсекелес боламыз” деп ашық мәлiмдедi. Бiр сөзбен айтқанда, Кедендiк одақ бiзге экономикалық жағынан ғана тиiмсiз емес, бұл – тәуелсiздiгiмiзге нұқсан келтiретiн қатерлi құрылым. Осыны бiле әрi көре тұра, Қазақстан билiгi, оның iшiнде Кәрiм Мәсiмов үкiметi бұған неге жол бердi?! Әлде көршi елдiң қас-қабағы мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiзден де қымбат па бiзге?
Үшiншiден, Кәрiм Мәсiмов үкiметтi басқарған жылдары ел экономикасындағы Қытай ықпалы едәуiр күшейдi. Қазiрдiң өзiнде Қытай Қазақстан мұнай-газ саласының 22 пайызын өз бақылауында ұстап отыр! Қазақстанның сыртқы елдерге қарызы 120 миллиард долларға жетсе, соның 20 миллиарды Қытайға тиесiлi. Осы ақша қайда және неге жұмсалды? Оның есебi қайда? Ұлттық қорда 40 миллиард доллардан астам қаржы бола тұра, Қытайдан неге 20 миллиард доллар қарыз алдық? Қажыгелдин, Балғымбаев, Тоқаев, Тасмағамбетов, Ахметовтер премьер-министр болған кезде Қытай компанияларының үлесi неге артпады? Кәрiм Мәсiмов үкiмет басына келгелi берi Бейжiңнiң ықпалы неге күшейдi?! Осының өзi-ақ бiздi күмәндi ойларға жетелейдi.
Соңғы кездерi ел арасында “тақ мұрагерi” туралы әңгiме жиi айтылып жүр. Оның iшiнде мүмкiндiгi жоғары деп екi тұлғаның аты аталады: Кәрiм Мәсiмов пен Тимур Құлыбаев. Ашығын айтқанда, бiз бұған түбегейлi қарсымыз. Жастарға да, қарапайым халыққа да нұсқаумен тағайындалған “мұрагер” емес, демократиялық жолмен, жалпыұлттық сайлауда әдiл жеңiп шыққан басшы керек!
Қорыта айтқанда, бiз, Алматы жастары, бүгiнгi үкiметтiң жұмысына төмен баға бере отырып, қоғамдағы көптеген проблеманың түйткiлiн шеше алмаған премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтi отставкаға жiберiп, “тақ мұрагерi” деген әңгiменi “әдiл әрi ашық сайлау” тәрiздi ұғымға алмастыруды талап етемiз.
Құрметпен,
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет студенттерi;
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет студенттерi;
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет студенттерi;
Қазақ Ұлттық аграрлық университетi студенттерi;
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университет студенттерi;
Алматы экономикалық колледжi студенттерi.
Барлығы: 8396 студент қол қойған. Қол жинау әлi жалғасуда. Студент жастар саяси партиялар мен қоғамдық ұйым жетекшiлерiн, белгiлi қоғам қайраткерлерi мен тәуелсiз азаматтарды осы үндеудi қолдауға шақырады. Елдiң келешегi мен ертеңiне қатты алаңдаған. Жас ұрпақтың қоғамдық-саяси маңызы зор мәлiмдеме жасауы құптарлық iс.
Қуандық! Жарадың. Тек осындай мақала жазып,... бірыңғай шығармашылықпен жүре беруіңе тілектеспіз.
Қ.Б.
Экономика тақырыбындағы қазақ тілінде жазылған мақаланы іздеп жүріп оқимын. Баяғыда Форекс клубында неге қазақ жоқ, үйде, интернетте отырып неге ақша жасамаймыз деген тақырыптағы хабарды эфирге әрең өткізіп едім. Себебі, оны қазақ басшыларыма түсіндіру қиын болды.
Қуандық аға тағы мақала күтеміз :)
с/н: ініңіз Айдос Жұқанұлы
Жақсы. Баабардан аздап үлгі алғансыз ба, қалай?
Қазақстандағы бюджетті жоспарлауда шикіліктер көп. Неге? Елде қаржының өзге мақсатқа жұмсалуы немесе игерілмей кері қайтуы ойнамалы індетке айналған.
-----------------------------------------------------------------------------------
сол ақша қайтадан бөліне ме, қайда кетеді дегенді нақтыласаңыз, тіпті қатып кетер еді.
Барлықтарыңды алда келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Құдайға шүкір, биыл жаңа жылға әзірлік ерте басталатын түрі бар. Қазақтар, алға, Жаңа жыл келеді, 12/31 келе жатыр. тоя ішіңдер. сосын кекіріп жүріңдер, қарды күрд, күрд басып. Жаңа жылда мемлекет те 3 күн демалыс бермекші. Сосын мемлекеттік қызыметкерлерге сыйақы беріледі. Ендеше жаңа жыл нағыз құт-береке сәті. Жаңа жыл, шырша, ақшақар, аяз аталарды біздің мекеме ерте тапсырыс берді. құрметпен, айтпақшы бүгін айдың нешесі еді, 05/11/2011, еш мәні жоқ күндер ғой. Айтсаң жаңа жылды айсаңшы, қандай керемет күн. достар жаңа жылға дейін өлмей жетейікші. одан ары өліп кетсек те, түгел қырылып қалсақ та мейлі. 2012 заманақыр болады дейді. болса болсын. соңғы жаңа жылды жақсылап өткізейікші. Досым, айтпақшы жаңа жылда беретін ақшаға не сатып алғалы жатырсыңдар? Жаңа жылда киіп шығар киімдерің жаңа ма? Жаңа жыл қыста келгені қанадй жақссы. Араққа тойып алып, ағаңның үйіне барып Қарта ойнайсың. Таяудан ауылға барғанда біреудің үйінің қасында өсіп тұрған шыршаны көрдік. Құдай қаласа сол шыршаны түнделетіп ұрдап әкеліп, жаңа жылды нағыз шыршалы өткізу жоспарымыз бар. Жаңа жылда жаңа қыздармен танысасың, оларды қонақ етесің, сосын бүкіл жыл бойы соларды есек етіп мініп, тағы да бір жылды өткересің. Керемет еммес пе? Анау наурыз деген ұнамайды, ол кезде қолтығың терлейді де, демалысың жақсы болмайды. Сыйақы да бермейді. әйтеу протоказактардың еске алынуы ғой. Ал мына жаңа жыл нағыз осызамандық, ең ғажайып, ең керемет. ОНда ғайса тіріледі, егер ол кісі өліп қалғаны рас болса, сосын ғайсамен бірге тоя арақ ішіп, кекіресің. Кекіру туралы көп айтып кеттім ғой, кекірткен өмір жаман ба? жаңажыл жаман ба? Сендер өзі менің не айтып тұрғанымды құлақтарыңа ілгілерің келмей ме? Мәссаған! Жаңа жылға не жетсін. Жаңа жылға дейін. Жаңа жылға әзірленіңдер. ТӘуелсіздік деген мереке тым жасанды. Жаңа жыл, біз сені күтіп жүрміз. жаңа жыл болсын. Егер жаңа жыл болмағанда қайтер едік. Егер жаңа жылды тойламай қойсақ, екінші жақсы жаңа жыл келмей қоюы мүмкін! жаңа жылда.....
7-қонақ! сен ішіп алғансың ба? не айтып кеткенсің?
Ия ол да бар аздап қызыңқырап отырмын айып етпе 8 қонақ
Балапан бағдарламасын қытай қаржыландыруда. Көптеген мультиктер қытайдікі. Сосын балапан қайталаудан жазбайды. Бір Алдарды қанша рет қайталайды деші. Мемлекет ақша бөле ме сол қазақ балаларына. Сосын Балапанның бағдарламаларын Қазақстан мен Мәдениет телеарналары қайталап беретіні бар. Бұл біздегі Қазақ тілді БАҚ қа Мемлекет тым аз көңіл бөлетінін, тым аз қаржыландыратынын көрсетпей ме? ӘЛде бұл арналар бөлінген көп ақшаны жеп қоя ма? Игермей тастай ма? Жаңа нәрсе неге аз, көне нәрсе неге қайталана беріп жалықтырады? Қытайды неге жолатады, біздің жастардың рухына?
Пікір қосу