Жаңа жыл деген мереке бар. Оны бәріңіз білесіз. Осы бір мереке желтоқсан тақала бере қала мен далада "шыт көйлегін киініп" шыршаланып шыға келеді. Қазақ билігі де жаңа жыл дейтін мерекенің тарихына үңілуді бір сәтке ойлаған емес. Ойлағаны былай тұрсын, қаперіне де кіріп шықпайды. Керісінше, тойдан құр қалардай әкім-қаралар білек сыбанып кірісіп кетеді. Ал, Алаш жұрты үшін екі дүниеде теңдесі жоқ, атаның қаны, ананың көз-жасымен келген Тәуелсіздік күні шыршаның шалғайында қалып келеді. Билігі былқ етпесе де, қазақ үшін қасиетті ай саналатын желтоқсандағы аса мәртебелі ұлттық мерекеміздің алдын жаңа жылдың орап кете беретініне қазақ қоғамының іштей қарсылығы күшейіп келеді. Қоғамның талабы - басты талап.
Міне, биыл да үлкенді-кішілі ұлықтар шыршалардың шамын жағып мәз болып жатыр.
Құрметті, асылтекті Алаштың мәңгі жасар ұрпағы! Ұлы даламыздағы ең ұлы мерекеміз -алдағы Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! «Abai.kz» порталы арқылы ел-жұртты, ағайын-туысты, барша қазағыңызға құтты болсын айтыңыз!
«Абай-ақпарат»



Құтты болсын Алаш жұрты!
Ал мен жаңа жылды күтіп жүрмін))))
NE KUTSEN DE OZIN BILESIN BAUIRUM BUL JERDE ANGIME BASKA.BAS DESE KULAK DEITININ JAMAN EKEN.AMAN BOL.
Намысын жок па? Жана жылың не? Тәуелсіздік күні құр қалды деп жар салып жатсак!
Барлықтарыңзды құтықтаймын!
Өкіметтен Жаңа жыл туралы Тәуелсіздік меркесін атап өткеннен кейін ғана сөйлеу рұқсат деп айтуымыз керек. Совет өкіметі тұсында Жаңа Жыл деген тек жаңа жыл күні, яғни 31 Желтоқсанда тоайланатын еді ғой!
Жаңа жыл жарнамасы
Жаңа жылды қарсы алуға,
Жалпақ әлем жар салуда.
Жайнап тұрған жарнамаға
Бала біткен тамсануда.
Ажар беріп түн сұлуға,
Аппақ қарлы күн сууда.
Аяз Ата келеді – деп
Қазақтар да құлшынуда.
Қонып сол күн басыма бақ,
От шашулар шашырамақ.
Дайындықты бастап кеттік
Желтоқсанның басынан – ақ.
Қарғып мініп қарагерді,
Бір сойқанын сала келді.
Жаңа жылға тәуелді боп
ТӘУЕЛСІЗДІК қала берді.
Сырланғанын, жырланғанын,
Көрдік өмір нұрланғанын.
Еске алуға ес қалмады
ЖЕЛТОҚСАННЫҢ құрбандарын.
Амалың не..,
Басасың да,
Басқа қалай..,
Қашасың ба?
Қалып тұр ғой қос «датамыз»
Жаңа жылдың тасасында.
Таппай елдің жанашырын,
Ақын жазар жаңа жырын...
...Шампан толы қолда бокал,
Құтты болсын жаңа жылың!
Әлібек Шегебай
Жазған өлең жолдарынызға бас идім! Ащы болса да, шындық!!!
Әлгі Желтоқсан көтерілісін, ондағы боздақ болған жастарды қазақтан алыстатар, оны ұмыттырар әлгі бір "заңсымақ" шығып еді ғой. 20 -жылға дейін сол "желтоқсан көтерілісін айтуға болмайды" деген....Егер Назарбаевтың ары таза болар болса, сол көтерілісті неге жауып тастап отыр? Көңілде бір күмән бер....Енді сол көтерілісті, аспаннан жауған шұғадай болған тәуелсіздікті (әлгі Ельцин;- "бар да бар" деп қумағанда Назарбаевтың ойы осы күнге дейін Ресейдің қолтығында жүре бермекші де еді ғой) ұмыттыру үшін мына бір шырша деген пәле болды. Әй-әй, былайынша елді алдап Президент болмай-ақ қоймай ма?
Армысыздар Алаш жұрты!!!!!барлықтарынызды келе жатқан қуанышты ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!Бұл күн біздің халық үшін ең маңызды мерейлі күн!!!!бірақ та жаңа жылға алі табандатқан 1 ай бар...ал қазір барлық жерлерге шыршаларды қойып,безендіріп қойыпты..ал оның алдындағы ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ қайда қалды..????ЖАНА ЖЫЛ сияқты біздің мерекелер сондай дәрежеде тойланбайды???тіл тіл дейсіздер...ал көбі тілдер меркесі қашан өтіп кеткенінде білмейді....соган неге ешкім коңіл аудармайды????
Елі үшін жанын қиған боздақтардың асыл РУХЫ пейіштің төрінде шалқысын! Қазақ халқы, Тәелсіздік, ең ұлы мерекең құтты болсын! Қазақты жер бетінен түгел жойып жіберуді өсиет еткен Петр-1-дің туылған күніне 2 ай бұрын дайындықты бастаған Көзқаман қала әкімдері мен оларға сондай тапсырма берген Қазақтың жауларын қара жер жұтсын! О, Алла тағала, осы шын тілегімді қабыл ал.
Қазақ елі, христандардың жаңа жылын мерекелеп-тойлаудан саналы түрде бас тартайықшы. Құрбан айт пен Тәуелсіздік күнін елеусіз қалдырып, Петр-1-дің туылған күніне дайындықты бар күш-жігерін жұмсап дайындалып жатқан Иманғали Тасмағанбетовпен оған ерген комсомолдар - маскүнемдер мейрамына айналған күнді өздері тойлай берсін!
Қайдағы Тәуелсіздік! Тәуелсіздік күн мерекесі, Желтоқсанмен бірге жетім баланың кебін кигендей болып отыр ғой! Қазір халықтың нағыз мерекесі (өкінішке орай)рождество болып кеткені анық! Айналаларыңызға қараңыздар Тәуелсіздік күнімізді Шыршалар,Дед мороз,снегурочкалармен басып-басып-басып-басып тастап жатыр! Жаңа жылдың алдында, жаңа жылда сағ.12.00-де жастарымыз бір рухтанып қалар! "Дед мороз! Дед мороз! Покажи нам красный нос!"-деп!
Желтоқсан айы басталмай жатып жана жыл деп жар салганына болайын, Наурызга осылай 2 ай бурын дайындалса қанекей!!! Шыршаны да, каланы да безендіру Тәуелсіздік мерекесінен кейін басталса игі еді... Жана жылдын камымен Тәуелсіздік мейрамы оз деңгейінде аталмайды...
Құтты болсын Мерекеміз, арта түссін берекеміз!
Биліктегі арсыз мәңгүрттерге бірдеңе айтқанша итке бірдеңе айтсаң тәп-тәуір ұғады. Олар жаңа жыл не, Тәуелсіздік деген не қайдан білсін, өңкей бір шошқа текті иттің күшіктері! Азбандар ғой олар! Онан да шәйлеріңді ішіңдер де, жұмыстарыңа барыңдар, қазақтар!
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
Меніңше қазақ үшін тойланатын басты тойлар- Желтоқсан мен Наурыз мерекесі және Құрбан Айт,ал қалғанының дәрежесі одан төмен деп ойлаймын.Қазақ халқы той десе "құр бас" домалататын халық қой,амал не?
Мен, өз басым, 31-желтоқсанда үйіме шырша тікпеймін және ол күнді мерекелемеймін. Менімен бірге, маған қатысты 100-ге жуық жақын-жұрағатым да маскүнемдер мейрамын атап өтпейтінін айтамын. Момын мұсылмандар, арақ ішуге үндеп, үгіттейтін мерекеден бас тартуларыңызды сұраймын. Өтініш.
Ю-Тубтан "Казахстан Абай ат гуманитарлық колледж Тараз.wmv" деген, көк байрақты – қоқыс таситын зембіл ретінде қолданған студенттердің видеосын қараңыздар! МАСҚАРА!
31-желтоқсанды үлттық нақышта тойласақ қайтеді? Әрине, сары ауыз сақалдыдан қалған арақсыз. Менікі тек ұсыныс қана, сөкпеңіздер! Үш жүз рет қайнаса да сорпасы қосылмайтын халықтың мерекесін тойлауға мен де қарсымын.
mende minanday uaj bar.bizder nege tauelsizdik kunin tek kana auil akimderimen mektep balalar bakshasigana toylaui kerek? nege bukil kazakhstandiktar toylamaydi ? sol bir attasina min nalet kurip kana ketkir jana jilga degen istik ikilas oysanamiz juregimizdin dursili sogadida turadi???bizde jana jil degen nauriz ayinda toylanbayma bul ne degen sumdik oristanudan kashan kutilamiz? bugan ulkender ne deydi kishilr ne deydi?jauap berseniz basimdi yemin agayin
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні құтты болсын
Қуан, қазақ! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
------------------------------------------
Иә, барша қазақты осы мерекемен құттықтағым келеді ,тәуелсіздік күнімен қуанғым келеді. Бірақ-та билік халықпен санаспай, дүниеде басқа елдер жоқтай тек қана Ресей мен Белоруссиямен қайдағы жоқ бір кеден, бірыңғай экономикалық одақтарға кіріп жатқанына онша көңілім толмайды.
Пікір алынып тасталды!
jasai ber KAZAGUM menin ali biz talai biukterdi bagunduramuz.KAZAKH JURTU ALGA.
Тәуелсіз Қазақстанның көк туы мәңгі желбіресін!Қазақ елінің аброй артып,ел аман жұрт тыныш болсын!ҚОЙ ҮСТІНДЕ БОЗТОРҒАЙ ЖҰМЫРТҚАЛАЙТЫН ЗАМАН БОЛСЫН!ТӘУЕЛСІЗДІК БАЯНДЫ БОЛСЫН!ЕЛІМ ДЕП ЕҢІРЕЙТІН,ҚАЗАҒЫМ ДЕП ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЙЫСАТЫН ҰРПАҚ КӨБЕЙСІН!ЖАСАСЫН ҚАЗАҚСТАН!УРА-ААА! Н.М.М.
Қазақтар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Тәуелсіздік ең алдымен ұлтымыздың мерекесі емес пе?! Ендеше, билік дұрыс мерекелемеді деп байбалам салмай, өзіміз тойлай берейік те. Мемлекет құрушы ұлтқа тән мінез көрсетпей, үйде отырып алып, қатын ойбайдың қажеті не.
Оянып болдык та енди куануымыз калды,Тауелсиз "ЕЭП "азаматтары.
15желтоксан Хабар мен Казакстан арнасынан, Тауелсыздык куныне арналган мерекелык концерт берды. Соңын ала көрген екем, бір топ әншілер Шәмшіден поппури айтты. Арасында "жетістіктеріміз туралы" (яғни төбе басында отырған шекпенділерімізге арналған) бейнероликтер орыс тілінде көрсетілді. (Оған әрине, менің санам қайдан жетсін. қай тілде көрсетілсе де, біздің елііздің мақтанышы ғой, соған мақтанып бізде міне, мынадай заттар шығарылады, әр қайсысының құны кемінде 200 мың доллар болатын зауыт-фабрикалар бар деп мақтанып отыра беруді, мен сияқты ауылан шққан сорлы қазақ қайдан білсін). сонымен, бір уақытта Алатау әнімен Нұрғали Нүсіпжанов сахнаға шықты. ән айтуға жетпіске таяған үлкен кісі емес, жас жігіт шыққандай. аяғын нық бсып, рухтанып шығып, Алатауды да, сол ән арналған жанды (Қонаевты да) дәл осы сәтте, жарияға рухтана жариялау кезегі бұйырғандай, шабытпен орындап шықты. астанадан 1000 шақырым алыс отырсам, да Нұрғалидің жанды дауыспен, ең бастысы рухтана, жігермен айтқан әнінен кейін, шынында да серпіліп қалдым. концерт одан кейін, тағы орыс тілді бейне баянмен және Астана туралы бір топ әншілердің әнімен жалғасты. Мәдина, Алмас, Қайрат, 101, Арна, бір иықтарын жалаңаштаған бір топ қыз, өз әндерінің кереметтігін көөрсету үшін, қанша майысып, күлімдеп, қылық көрсетсе де, жасандылықтан жиіркеніп кеттім. ана әнді не тыңдарымды не тыңдамасымды білмей отырып қаппын. "Нұрғалидан кейін, мына әнді несіне тыңдап отырсыз?" жиенімнің осы сөзі, собақталған ойымды түйіндеп тастады. Қайран Алатау! Қайран Ән! Тіпті жаның ашиды... концерт соңында Бекболаттың орындаған Назарбаевтың Қазақстанға арналған әні де, Алатау мен Нұрғалидай әсер ете алған жоқ....осы арада тек Нұрғалидың жалындай айтқан әні мен, сахнаға жігерлене шыққан көңіліне жаным ашыды....Қайран Тәуелсіздік...
Ассаләмүъалейкүм халқым!Барша Қазағымды Мерекелеріңізбен дегім келеді!Бірақ осы Тәуелсіздік күні және Желтоқсанымыз кәпірлердің жаңа жылының,елка,арақ және винегрет салатының тасасында әлдеқашан қалып қойды ғой деймін.Қазірдің өзінде жанталасып жаңа жылға дайындалған қазақ, сондағысы өлдім-өлдім деп күпті болып қарнын істеп тойдыру,одан соң жынды суға сылқия тою,түнімен секендеген жын-ойнақ,ертесінде ыңқылдап ауыруы.Міне,Қазақтың көбі қазір осыны асыға күтуде,әсіресе орысты құдайым деген мәңгүрт қандастарымыз.Бұлар Тәуелсіздігіңізге пысқырып қарамайды,әйтпесе орысқа жек көрінішті болып қалады ғой.Қазақи жастарымыз да қазір алаңға ыңырсып-ыңылдаған "жұлдыздарды" көруге асығады,бұдан кейінгі есіл-дерттері орыстың жаңа жылы,"старый новый год",ар жағында Валентин күні тағы бар.Кеше "Алматы"арнасында қазақ жастарының арасында жүргізген сауалың көргем,Желтоқсан туралы,сондағы берген жауаптары кейбіреуінің...Бір жігітіміз "Бұл жерде жай төбелес болған"- деп мыңқылдағаннан ары аса алмады...Біздің орыстың артын жалаған билікке де бұл мерекеміздің қажеті шамалы ма деймін, әйтеуір формально ғана атап өткендей болады халықты ән және бимен ғана алдаусыратып.Наурызың да сол,оншақты киіз үйді тігіп қойып, оған әкімсымақтарды ғана кіргізіп,бір-екі жерге алтыбақан тұрғызып қойып...Шынайылық жоқ,фальшиво дейтіндей.Ұллтық идеология жағынан көрші Өзбек,Түркімендерге жету бізге қайдам мына түрімізбен.
көз жасы деген сөзді дұрыстап жазсаңдаршы жігіттер. Содан соң жөн айтасыңдар.
Армысындар замандастар! Аттен, ангімелесуден кешігіп калыппын... Өскеменде екі тілді "Өскемен" атты басылым бар,соның орысша жағында қаймана бір Элеанора деген біреу сұхбат беріп, "бұл қайғылы күн, өйткені совет одағының құлаған күні. Қазақстан оө Тәуелсіздігін совет одағы құлаған соң, елдің ең соңы болып алған" депті. Масқара! Ит жоқта шошқа үріп, Біздің Тәуелсіздік туралы неге қайдағы біреу "аналыз" жасауы керек а?Апта өткен соң 16-сы күні орталық алаңда өздерінің ашылуына 1 жылдық құрметіне газеттің жана саны таратылғанда қазақша жағынла Тәуелсіздікке айқарма бет арналыпты, керемет толғау да бар. Бірақ, әлгі қатынның берген сұхбатындағы "дойдала манырау" жүректе қалып қойғаны. Жалпы екі тілді газетте бастары бір қазанға сыймайтыны көрініп-ақ тур.
Пікір алынып тасталды!
Армысыңдар,Бауырларым! "Ештен кеш жақсы"деген,Өздеріңіздей Ұлы Даланың текті Ұрпағын биылғы Тәуелсіздік күнімен құттықтап,"баршаңызға Аллаһ өзі жар болсын!"демекпін.
Және айтпағым:алдағы Тәуесіздіктің 20 жылдық мерекесіне- әрбір Қазақ осы күннен әзірлік жасап,өз үлесін қосуға талпынса ғой:тәуір оқуымен,берік иманымен,адал еңбегімен,ізгі жетістігімен,тт.дегендей. Тәуелсіздік тұғырының биіктеп,беки түсуіне ізгі бір істермен қолдан келген жақсылығымызды жасайық! Қалай ойлайсыздар? АқСұңқар.
құттықтаймын сендерді көп ұлтты қазақтар жынды нурсылтан назарбаев көп ұлтты не істеісін қазақтар сыймайды ғой
barwa alaw jurti tauelsizdik kuni kutti bolsin
Армысыздар арда қазақ! Бармысыздар Алаш жұрты! Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойы құтты болсын! Ел аман, жұрт тыныш, халқымыз бейбіт болғай! Тәуелсіздік біздер, қазақтар үшін оңай келмегені баршамызға аян. Сондықтан азаттығымыз баянды болғай деп тілейік. Билік, Елбасы деп босқа айқалай берудің қажеті қанша? Тәуелсіздікті мерекелеймін десеңдер қолдарыңды кім қағады? "Болар бала бірін бірі батыр дер, болмас бала бірін бірі қатын дер" деген атам қазақ. Бұлай анау жаман, мынау нашар деп, бірімізді біріміз аяқтан шала беруге бола ма? Неге жамандықты бастайсыздар? Оның орнына Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде жеткен жетістіктеріміз, елімізде болып жатқан игі бастамаларды неге айтпайсыздар. Бұл сайтты еліміздегі 7 жастағы баладан 70 жастағы қарияға дейін оқиды-ау, теріс пікір мен балағат сөз жазсақ оны оқыған ұрпағымыз өскенде қандай болады деген ой болмады ма? Біріңді қазақ бірің дос көрмесең істің бәрі бос деп Алаш деп еңіреген алдыңғы буын ағаларымыз өсиет еткен жоқпа еді. Сондықтан да қадірлі жерлестер! сын керек әрине, дегенмен ананы жаман, мынаны жаман деп байбалам сала бергенмен ешкім саған жақсысын әкеліп бермейді. Назарбаевтың орнына өздеріңді қойып көріңіздер Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, жер байлығы мол(сол үшін өзге алпауыт мемлекеттер көздерін алартып отыр), 140-қа жуық әр ұлттың өкілдері тұратын, жан-жағында Қытай, Ресей сияқты алып, дамыған мемлекеттер мен Өзбекстан сияқты тек өзбектен тұратын мемлекеттер орналасқан, о.. баста бірін бірі аяқтан тартып отыратын қазақтардан құралған мемлекетті қалай басқарар едің. Ақыл айту оңай, оны орындау өте қиын. Сол себепті Тәуелсіздік ата-бабаның қанымен келеген, бабаларымыздың бізге аманаттап берген сыйы. Аманатқа қиянат жасалмайды. Сондықтан елімізді көркейту, Тәуелсіздігімізді мерекелеу сіз бен біздің міндетіміз, әрі біздің қолымызда, мереке құтты болсын, ағайын!
Сіздер секілді "Елім" деп еңірейтін, "Қазағым" деп елжірейтін жастар барда ҚАЗАҚ ешқашан жоғалмайды! Бір болайық ағайын
айтқа неге демалыс бермейт
тәуелсіздік күні құтты болсын АЛАШ ЖҰРТЫ!!!!!
НЕШЕ КҮН ДЕМАЛЫС БЕРЕДІ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!!! XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін! Бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Сіздердің жоғырада айтылған пікірлеріңізге толық келісемін.Рас, біз тәуелсіздік мерекесін дүркіретіп тойламаймыз. Тіпті кейбір қазақтар 16 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ екенін де білмейді. Онымыз ұят . Бұл мереке жаңа жылдан да қымбаттырақ.
Осы жазылған пікірлерді оқып, жоғарыда отырғандар ойланса деймін. Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Біз емеспе бала құстарың, Өзіңнен самғап ұшқаның. Жасайбер мәңгі өркендеп. Тәуелсіз Қазақстаным
Ал халайық мерекелерін құтты болсын!
Алла берген тәуелсіздіктің қадірін білейік. Бірігейік! Бір болайық!
______________________ Бірлік ТОҚАЙ.
О, қазағым құтты болсын мерекең!!!
несине куанып отырсын, максатына жеттин бе мухиттын аргы жагынан?
Пікір қосу