ҚР премьер-министрі Иркутскіде VI Байкал экономикалық форумына қатысып жатыр | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

ҚР премьер-министрі Иркутскіде VI Байкал экономикалық форумына қатысып жатыр

Жәрдемші


Астана. 7 қырқүйек. ҚазТАГ - Премьер-министр Кәрім Мәсімов Иркутскіде өтіп жатқан VI Байкал экономикалық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды сейсенбі күні Қазақстан үкіметі жетекшісінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі форумның күн тәртібінен, премьердің оның барысында қандай мәселелерді талқылауды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат бермей отыр.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, форум тақырыптарының бірі - Росатомның уран өндіруші кәсіпорнының акцияларын сатып алу мүмкіндігі.

«Біз сейсенбі күні Росатом басшысы Сергей Кириенкомен осындай мүмкіндікті талқылаймыз. Бұл қандай кәсіпорын болатынын әзірге айта алмаймын. Бірақ ол анықталды. Келіссөз аяқталып қалды», - деп мәлім еткен К. Мәсімовтың сөздерін ресейлік БАҚ келтіріп отыр.

VI Байкал халықаралық экономикалық форумы сейсенбі күні ашылды.

БЭФ-тың пікірталас алаңдарында биыл Сібір мен Қиыр Шығыс аймақтарын игеру жобалары, қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экономиканы жаңарту және инновациялық даму тақырыптары талқыланбақ.

Форум өз жұмысын 9 қырқүйекте аяқтайды.

 


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 4 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>