«Жақында жайлы орнынан кетеді екен» деген сыбыс мазалап жүр ме кім білсін, Үкіметтің кешегі жайма-шуақ отырысына Премьер-министр Кәрім Мәсімов тым көңілсіз кірді. Бір қызығы мұртты мырзаның аман-саулығынан кейін отырыс бастан-аяқ қазақ тілінде жалғасып кеткен. Алайда отырыс аяқталуға аз қалғанда «қос мұрттың» яғни, Ванкуверден оралған Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов пен Премьердің «премьерасы» отырыстың ауанын ресми тілге түсіріп жіберді.
2010 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған заң жобасын қолтықтап келген Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов бір ауыз орысша сөз қоспастан бастан-аяқ мемлекеттік тілде баяндама жасады. Оның айтуынша, 2010 жылы Қазақстан экономикасының өсуі 2 пайыз деңгейінде болады екен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі де жаман болмайтын сияқты. «Осы жылы болжам бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,3 пайызға өседі деп жоспарланып отыр. Мұнай өңдеу көлемі бұрын жоспарланғандай 80 млн тоннадан кем болмайды», - деген Бақыт Тұрлыханұлы жылдық инфляция деңгейі 6-8 пайыз төңірегінде тұрақтайтынын айтты. Бұл шек бұрынғы болжанған көрсеткіштермен салыстырғанда 1,5 пайызға аз екенін айта кеткен жөн. Министрдің мәлімдеуінше, бұған әлемдік тауар нарығындағы оң баға серпіні мен мұнай бағасының (бір баррелі) 50 доллардан 65 АҚШ долларына дейін көтерілуі себеп болған-мыс. Министр сөз соңында ел ішінде экономикалық маңызы жоғары жеті бағытты қаржыландыруға 295,5 млрд теңге бөлінгенін сүйіншілеп жатты.
Бас аяғы жеті минутқа созылған баяндамадан кейін министр ұсынған республикалық бюджеттің нақтыланған заң жобасы қабылданып тынды. Қабағы түсіңкі Премьер-министр қолдаған соң жан бар ма, Үкімет мүшелері бірауыздан мақұлдап дауыстарын беріп жіберді. «Заң жобасы қабылданды, енді оны «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қарауына беріп, содан кейін Парламентке енгізуді тапсырамын», - деді Кәрім Мәсімов.
Айтпақшы, Үкімет мүшелеріне жақында Мәскеуде өткен Кеден одағы комиссиясының кезекті отырысының нәтижесін баяндап беруге сөз алған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев те Сұлтановтың «соқпағын» жалғастырып әкетті. Мемлекеттік тілдің меселін жыққысы келмеген болар Шөкеев Мәскеуден ойға түйгендерін қазақ тілінде баяндап берді. Оның айтуынша, Кеден одағы аясында баж салығынан Қазақстан бюджеті ешқандай ұтылмайды. «Аталған отырыста баж салығын бөлу мәселесі ерекше қаралды. Біздің үлесіміз осы бір салық табысынан түскен пайданың 7,36 пайызын құрайтын болады. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп баж салығы түседі деген сөз. Сондықтан бюджет ешқандай ұтылысқа ұшырамайды», - деді ол.
Таза мемлекеттік тілде өтіп жатқан отырысты Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов бұзды. Содан кейін-ақ, отырыс ресми тілге ауып кете барды. «Біз осы жолғы байрақты бәсекеден күміс медальмен оралдық. Бұл араға 12 жыл салып барып қол жеткізген жетістік», - деп орысша бұрқырата бастаған Темірхан Досмұхамбетов көп ұзамай тосылып қалды. Оны қорқытқан Ванкувердегі Азиялық ойыншылардың екпіні болып шықты. «Ванкувердегі олимпиада ойындары Азиядағы спорттың шын мәнінде күшейгенін көрсетіп отыр. Азия құрлығының өзге мемлекетінен келген спортшылар Азулы АҚШ, Ресей, Корея, Қытай спортшыларының алдын орап кетіп отырды. Алдағы қысқы Азия ойындарында біздер үшін олармен бәсекелесу қиынға түседі. Дейтұрғанмен біз жүлделі орындар үшін таласатын боламыз», - деді Темірхан Досмұхамбетов
Нұратайдың баласы




Темірханды да, Кәрімді де отставкаға айдау керек. Бұл екеуі еш нәрсені оқсатпайды! Қазақ тілінде бұларға сөйле деп жалынудың қажеті жоқ. Екеуі де бостекі, қолдарынан түк келмейтін кездейсоқ адамдар.
Мұрат
Дұп-дұрыс. Жалғыз медальге мақтанған ел біз-ақ шығармыз.
Бізге ондай министр мен премьер керегі жоқ.
Келесі жылы өтетін қысқы Азия ойындарында масқарамыз шығып жүрмесе болды, әйтеуір. Темірханды қойшы, мұндай мұрт қазақта аз ғой дейсің бе? Ұятқа ел болып біз қаламыз ғой. Сондықтан мұрт, қазірден бастап көзіңді құрт!
Жалғыз медальдің өзі шетте өсіп, тәрбиеленген, шетелде қалыптасқан спортшының табысы. ал Қазақстанда туып, өскен спортшыларымыз қайда? Жалпы бізге спорт министрлігі не керек осы, миллиардтап ақша бөліп, қазіргі бастық,бұрынғы бандиттердің қалтасын толтыру үшін бе? Одан да ақшаны құраманың бас бапкерінің қолына ұстатайық, олар шетелге шығып келісіп келсін, кімді қанша ақшаға әкелуге болады. бітті шаруа. кез келген олимпиадада алтын күмісті бұрқыратып аламыз. Бәрібір өзімізден спортшы шықпайды екен.
Булар 11 сауирди есте сала,халыкты жубатып отырган коринеди арасына казакшаны кыстырып.Жума куни анау,президенттин шагын касипкерлерге "хат коржынын ашып беремин,сол жерге арыздарынды тусире бериндер,озим окып шыгамга" келтирип.
Ягни мине,осындай кадам жасасак кана оларды ауыздыктай аламыз.Бирак,сайттардын кобисин де жабамыз деген сыбыс бар.Абай,абай бол!
Абайды жауып тынады-ау, малғұндар. Алдын ала запасной вариант жасап қою керек шығар. Мүмкін, шетелдік қазақтар сайтының біреуін таңдау керек шығар.
ресейден Лена келмесе қайдан сол медаль. одан сол спортшыларды үлттық спорт түрлеріне ауыстыру керек
Орыс тілі тек қазақтарға керек шығар. Басқа елдер тым болмаса өз елінде өз тілінде сөйлейді. Орыспен бірге туған қалықтарда орысшалары бізден жақсы болсада, еліндегі әжелер орыс тілін біздің әжелерден жақсы білседе, солар үшін өз тілінде сөйлеп жатады. Әлде біздің басшылар қазақ әжелер, оралмандар орыс тілін тез үйренсін дейтін шығар. Қазақша сөйлесе орысша үйренбей қалып Ресейге қыдыра алмай қалар дейтін шығар!!!
Каримов қытайшылш, ұйғырлығы тағы бар, оның жөні бөлек. Ал ана қара қазақ Темірханға не жорық? Ол да өзін қалалық етіп көрсеткісі келе ме екен әлде? Алматыда жүргеніне әрі кетсе бір он-он бес жыл болған шығар, ана тілін ұмытып үлгеріп пе?
қос мұртты, толтырып ұртты, алдады жұртты. орысша сайрап бәрін де құртты.
Жалпы, қазақтың ақшасына сырттан спортшылдарды шақыру тәжірибесін мүлде тоқтату керек. Бұл қазақ спортының келешегіне балта шабу. Соны әдейі істеп жатқандары тағы анық. Ана дағыстан ба, басқа ма, Қапқаздық палуандардың ешқашан қазақ үшін жаны ауырмайды, өзара келісіп жеңісті бір біріне сыйлап жүргенін көр соқырлар ғана көрмейді. Сөйтіп жүріп, үріп ішіп, шайқап төгіп,өзара қазақтың дарақылығын мазақ етіп, байлыққа белден кенеліп жүр. Ал біздер, намыссыз бейшаралар, соларға тағы болеть етеміз. Досмұхамбетовтің қарасын өшіру керек. Қазақ спортына не пайда әкелді? Ұртын майлап, қарнын қампитқаннан басқа? Мұрты да, өзі де құрысын.
Қабыл
Пікір алынып тасталды!
Пікір алынып тасталды!
біздікілер олимпиада болсын, жарысы болсын медаль аламыз деп барган емес. "үздік ондық, жирмалық, отыздыққа кірсек болды", "олар мықты, біздікі жас, бул жиырмалыққа енуі болашагының керемет екендігін көрсетеді, алар асу алдымызды" деп барады. ылги да айтатындары осы. ойбай-ау, кылшылдаган шагында алмаса, кашан алады енді?
жалпы, медаль аламын алдырамын деп алдына меже қоймайтын халтурщик бапкерлер мен ерік-жігері жок спортшыларды аластату керек. сосын спортшылардың бәрі біздегі орыстар. Қазақтар қайда, ұлты басқа болғасын, жаны ашымас олардың Қазақ еліне.
1-ші комментке қосыламын, және Ертісбаев, Сүлейменов сияқты жоғары мемлекеттік қызметте отырса да қазақ тілін менсінбейтін, қазақ ұлтының мүддесіне қарсы шығып жүрген мәңгүрт, космополиттерді де отставкаға жіберу керек
Елдің жағдайын ойлайтын басшы түрінен көрініп тұрады. Ал мыналардың түрлерін шарбақтағы арсылдағыма да қимаспын. Менің итіме шейін әдемі!
Сарказммен жазылған мақалаларды ұнатамын...мынауыңыз күшті шығыпты! :)
«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».
Мәсімов Қазақстанның байлығын Қытайға сату үшін үкімет басына келген! Мақсатын орындады да, 60 пайыз мұнай, оны аз десеніз жерді де сатып жібере жаздады! Сатқанда шығар! Ұйғырға бір жақсылық болып қалама деген шығар! Қазақтың жерін сатқансып ұйғырға жер алып бергісі келген шығар! Содан кейін өзі ұйғырды бөліп алып қазақтын жерінде тайраңдайын деген шывғар! Большой Мәсімовке шамамыз келмей Шымкенттік қазақтарды маңыратып қойдық емес пе? Назарбаев сенгіш, Кәлетаевша айтқанда көңілшек, сеніп қалған шығар! Мәсімовтың кететін кезі келді... Әлде ұйғырлардан қорқамыз ба? Үкімет басына келетін есі дұрыс адам жоқ па? (Мұңдақ)
Құдай ау! Үкімет басына бұдан он есе артық жасайтын 10 қазақты табуға болады емеспе? Мен түсінбеймін осы, өз өзімізге жамандықты қолдан жасаймыз. тіпті келген үкімет басшысынан халық алдында ант су ішкізейік, президенттікке таласпаймын деген.
Темірхан министр болып отырғанда, оның басқарып отырған министрлігінде мемлекеттік тілде құжат айналымының үлесі аз болады да тұрады, себебі басшы шала қазақ болса, барлық құжаттарды орыс тілінде жазылған нұсқада сұратады. Мұны айтып отырғаным - мемлекеттік тілдің дамуын осындайлар кері тартады.
Пікір алынып тасталды!
Бүркіт Нұрасылдың мақаласы керемет екен! Самға, Бүркіт!
біздін жогарыдағылардын барлығына қазақша сойлемесендер жұмыстан кетесіндер деген сиақты сөзі өтетін адамның болмай тұр емес пе.
Ебропаны енесіндей көріп отырған Қазақстан, бұдан былай Азияны қайта емуіне тура келеді, әлі! Сонда биліктегілер *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* саясатын тағы шығысқа бұратын болады.Сергек
Қазақ тілін білметін сауатсыздар бйліктен кету керек.
Қазақ спорты ақшалылардың ордасына айналды. Барлығы сатылады. Өзінен оңбай таяқ жеген боксшының олимтиядаға жолдау алғанын көріп, бүйткен спортыңның әкесін ұрып, бизнеске кеткен талай саңлақты көрдік. Жемқорлықтың қазақ ішінде мұрты майланып тұр ғой, қайтейік. Бізге тек қытайдың тәртібі керек ақ, әл қазір.
Әдеттің Қасқыры. Семей
1-Бастығымыздың өзі орыс тілін білмейтін Кореяға барып орысша сөйлегенде басқалары не демейді!
takirip jindi eken
Пікір қосу