|
Абұйыр, атақ сол жанда – Кімді көп жұрт мақтаса. Ол мақтаудан не пайда, Көп мақтауын таппаса? Абай Құнанбайұлы |
Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған. (Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі) |
Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма? - Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ... |
Жұрт хиджаб деген сөзді түсініңкіремейді. Сондықтан осы мәндегі сөздердің түсіндірмесін жасау керек. Хиджаб деген арнайы киім түрі жоқ. Жамылу деген етістіктен шыққан. Яғни, Құранда парыз болып, жабылуы тиіс жерлердің жабылуы. Оның бір арнайы түрі, түсі, формасы жоқ. Құранның бұйрығын орындау үшін екі қол білезікке дейін, бет, екі аяқ тобыққа дейін, көрінетіндей, өзге жерлер көрінбей тұратындай киінсе болды. Яғни ұзын көйлек, орамал. Болды. Яғни, хиджаб деген бетті жабатып паранжа емес. Никаб емес. Түсінің қара болуы шарт емес. Демек, хиджабдеп қолданғаннан гөрі, орамал тағуға немесе жаулық салуға деген пікірді сұрған жөн. Сонда "қарсымын" деген дауыстың аз болатыны анық. Бұл ең біріншіден Конституциялық құқық.Құндыз бөрік кием бе, шашымды тықырлатып алып тастаймын ба, кимешек кием бе, шляпа кием бе, өзім білем. Ал үкіметтің оған қарсы болуға тіпті құқығы жоқ.